Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы n 251 Кодексі


-бап. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын ҧйым деңгейінде



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет38/51
Дата16.01.2020
өлшемі0,64 Mb.
#26935
түріКодекс
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51

      
266-бап. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын ҧйым деңгейінде
 
                
реттеу
 
      1. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуді қамтамасыз ету, ұжымдық 
келіссӛздер жүргізу және ұжымдық шарттың жобасын дайындау және оны жасасу
осы Кодекске сәйкес қызметкерлер ӛкілдерінің пікірі ескеріліп немесе солардың 
келісімі бойынша шығарылуы жүзеге асырылатын жұмыс беруші актілерінің 
жобаларын талқылау үшін, сондай-ақ ұжымдық шарттың орындалуын бақылауды 
ұйымдастыру үшін тараптар шешімі бойынша тең құқықтылық негізде тараптардың 
қажетті ӛкілеттіктер берілген ӛкілдерінен тұратын комиссиялар құрылады. 
      2. Жұмыс беруші ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес ұйымда жұмыс 
істейтін кәсіптік одақтың қызметі үшін жағдай жасайды. 
      3. Тараптардың келісімі бойынша және кәсіптік одақ мүшелері болып 
табылатын қызметкерлердің жазбаша ӛтініштері болған кезде, жұмыс беруші 
кәсіптік одақтың есеп-шотына қызметкерлердің жалақысынан ұсталатын мүшелік 
кәсіподақ жарналарын ай сайын аудара алады. 
      
267-бап. Тҧрақты жҧмыс істейтін республикалық, салалық,
 
                
ӛңірлік комиссияларды қҧрудың принциптері мен
 
                
тәртібі
 
      1. Тұрақты жұмыс істейтін республикалық, салалық, ӛңірлік комиссиялар 
мынадай принциптер: 
      1) комиссиялардың қызметіне атқарушы билік органдары ӛкілдерінің, жұмыс 
берушілер мен қызметкерлер ӛкілдерінің қатысу міндеттілігі; 
      2) тараптардың ӛкілеттілігі; 
      3) тепе-тең ӛкілдік ету; 
      4) тараптардың тең құқықтылығы; 
      5) тараптардың ӛзара жауапкершілігі негізінде құрылады. 
      2. Комиссиялар қатысушыларының жеке құрамын әлеуметтік әріптестіктің 
әрбір тарапы дербес құрады. 
      
268-бап. Республикалық, салалық, ӛңірлік комиссиялардың
 
                
негізгі мақсаттары мен міндеттері
 
      1. Комиссиялардың негізгі мақсаттары әлеуметтік және еңбек қатынастарын 
реттеу және әлеуметтік әріптестік тараптарының мүдделерін келісу болып 
табылады. 
      2. Комиссиялардың негізгі міндеттері: 
      1) әлеуметтік және экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша 
әлеуметтік әріптестік тараптарының ұстанымдарын келісу; 
      2) келісімдерді әзірлеу мен жасасу; 
      3) келісімдерді іске асыру жӛніндегі іс-шараларды әзірлеу, келісу және 
бекіту; 
      4) халықаралық еңбек нормаларын ратификациялауға және қолдануға 
байланысты мәселелер бойынша консультациялар ӛткізу және ұсынымдар әзірлеу 
болып табылады. 
      3. Комиссиялар ӛздері бекіткен ережелерге және жұмыс жоспарларына 
сәйкес жұмыс істейді. Комиссия отырыстары жылына екі реттен сирек 
болмайтындай етіп ӛткізіледі. 
      
269-бап. Республикалық, салалық және ӛңірлік
 
                
комиссиялардың негізгі қҧқықтары
 
      Республикалық, салалық және ӛңірлік комиссиялар: 
      1) ӛз отырыстарында әлеуметтік және еңбек қатынастары саласында 
келісілген саясат жүргізу проблемаларын қарауға; 
      2) келісім жобасын әзірлеу, кӛрсетілген келісімді іске асыру, комиссия 
шешімдерін орындау кезінде атқарушы органдардың, жұмыс берушілер мен 
қызметкерлер бірлестіктерінің мүдделерін келісуге; 
      3) атқарушы органдардан, жұмыс берушілерден және (немесе) қызметкерлер 
ӛкілдерінен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттейтін, жасалатын және 


жасалған келісімдер туралы ақпарат сұратуға; 
      4) ӛз шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, ал жауапты 
тұлғалар оларды орындамаған жағдайда әлеуметтік әріптестіктің тиісті тарапына 
анықталған бұзушылықтарды жою және келісімнің талаптарын орындамағаны үшін 
кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту жӛніндегі ұсыныстары бар ақпарат жіберуге; 
      5) атқарушы органдардан ұжымдық келіссӛздер жүргізу және келісімнің 
жобасын әзірлеу, аталған келісімнің орындалуын бақылауды ұйымдастыру үшін 
қажетті әлеуметтік жағдай туралы ақпаратты сұратуға және алуға; 
      6) уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауына әлеуметтік және еңбек 
қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жӛнінде 
ұсыныстар енгізуге; 
      7) ғалымдар мен мамандарды тарта отырып, жұмыс топтарын құруға; 
      8) комиссия отырысына атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің 
қызметкерлерін, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды шақыруға; 
      9) атқарушы органдар, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің бірлестіктері 
комиссия белгіленген мерзімде қарауға және орындауға міндетті бірлескен 
келісімдер мен шешімдер қабылдауға
      10) әлеуметтік және еңбек қатынастары мен әлеуметтік әріптестік 
мәселелері бойынша халықаралық, республикалық, ӛңіраралық кеңестер, 
конференциялар, конгрестер, семинарлар ӛткізуге аталған іс-шараларды 
ұйымдастырушылармен келісілген тәртіппен қатысуға құқылы. 
      
270-бап. Қызметкерлер ӛкілдерінің ӛкілеттіктері
 
      1. Қызметкерлер ӛкілдерінің: 
      1) қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіруге 
және қорғауға; 
      2) жұмыс берушімен жобаларды әзірлеу және келісімдерді, ұжымдық 
шарттарды жасасу жӛніндегі ұжымдық келіссӛздер жүргізуге, осы мақсаттарда 
еңбек қатынастары мәселелері бойынша қажетті ақпарат алуға; 
      3) келісімдерде немесе ұжымдық шарттарда кӛзделген әлеуметтік-
экономикалық даму мәселелерін шешуге қатысуға; 
      4) осы Кодексте белгіленген тәртіппен қоғамдық бақылауды жүзеге 
асыруға; 
      5) еңбек заңнамасын бұзу мәселелері бойынша еңбек жӛніндегі уәкілетті 
мемлекеттік органның мемлекеттік инспекторларымен ӛзара іс-қимыл жасасуға; 
      6) келісімдерге және ұжымдық шарттарға сәйкес қалыпты еңбек жағдайларын 
қамтамасыз ету жӛніндегі шараларды зерделеу мен қолдану үшін жұмыс 
орындарында болуға; 
      7) еңбек қатынастарына және әлеуметтік-экономикалық мәселелерге 
байланысты заңнамалық актілердің, бағдарламалардың жобаларын әзірлеу мен 
қарау жӛніндегі консультациялық-кеңесші органдардың жұмысына қатысуға; 
      8) осы Кодексте белгіленген тәртіппен қызметкер мен жұмыс берушінің 
арасындағы еңбек дауларын реттеуге қатысуға; 
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында кӛзделген тәртіппен 
жиналыстар, шерулер, митингілер, пикеттер, ереуілдер ӛткізуге құқығы бар. 
      2. Жұмыс берушілердің қызметкерлер ӛкілдеріне ӛз ӛкілеттіктерін жүзеге 
асыруына кедергі жасауына жол берілмейді. 
 
30-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ТАРАПТАРЫ АРАСЫНДА
 
КЕЛІСІМДЕР ЖАСАСУ ТӘРТІБІ
 
      
271-бап. Келісімдерді дайындау жӛнінде келіссӛздер
 
                
жҥргізу қҧқығы
 
      1. Әлеуметтік әріптестіктің кез келген тарапы келісімді әзірлеу, оның 
мазмұны, оны жасасу, ӛзгерту, толықтыру жӛніндегі келіссӛздердің бастамашысы 
болуға құқылы. 
      2. Республикалық, салалық, ӛңірлік деңгейлерде қызметкерлер мен жұмыс 
берушілер уәкілеттік берген бірнеше ӛкіл бар болса, олардың әрқайсысына 
ӛздері ӛкілдік ететін қызметкерлер мен жұмыс берушілердің атынан келіссӛздер 
жүргізу құқығы беріледі. 


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау