Тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



жүктеу 3,23 Mb.
Pdf просмотр
бет10/73
Дата16.01.2020
өлшемі3,23 Mb.
#26904
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   73

24 
 
көрсеткен.Баланы  сенсомоторлық  дамытуда  доптың  маңызын  көрсете 
отырып  автор  былай  сипаттайды  «осы  допқа  өзінің  кішкене  саусақтарын 
дөңгеленте  қойып,  оның  домалақ  пішінін  түйсініп,  ұғынып,  оны  алып,  өз 
қолында  ұстап  тұра  алуды  үйренеді».  Осындай  әрекет  арқылы  балада  қол 
бұлшық  еттері  күшейеді,  епті  болады,  яғни  саусақтар  мен  қолдарының 
қажетті дамуы мен жетілуі қамтамасыз етіледі. 
Қазіргі  кезде  психомоторика  мен  сенсорлық  даму  проблемалары 
көмекші мектептің бастауыш және орта буын оқушыларын түзете  - дамыту 
үдерісінде  өте  өзекті.  Зерде  бұзылыстары  бар  балаларды  тәрбиелеу  және 
оқыту  үдерісін  гуманизациялау  және  жекелеу  үдерісінің  міндеттері,  ең 
алдымен  олардың  толыққанды  дамуына,  оқу  қызметінің  субьектісі  ретінде 
қалыптасуына  арналған  қажетті  жағдайды  құруды  талап етеді.  Соңғы  кезде 
психомотрика  және  оның  көрсеткіштері  психодиагностикада  тұлғаның 
психикалық  қасиеттері  мен  жағдайының  обьективті  индикаторы  сапасында 
белсенді түрде қолданыла бастады. 
«Психомоторикасы  мен  сенсорлық  процестерін  дамыту»  пәнінің 
мақсаты  –  орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар  білім  алушыларға  айналасындағы 
болмысты  сенсорлық  қасиеттерімен  бірге  қабылдауларына  қолайлы 
жағдайлар  жасау,  психикалық  дамуын  ынталандыру,  түрлі  заттар  және 
материалдармен мақсатты бағытта ерікті іс-әрекеттерін қалыптастыру.  
«Психомоторикасы  мен  сенсорлық  процестерін  дамыту»  пәнінің 
міндеттері:  
1)  түрлі  талдауыштарға  мақсатты  бағытта  жүйелі  әсер  ету  арқылы 
сезімталдық тәжірибесін байыту; 
2) көру, есту, тактильдік, кинестетикалық түйсігін дамыту; 
3) кеңістіктік-уақыттық бейімделуін қалыптастыру; 
4) моторлық дағдыларын дамыту.  
Психомоторикасы  мен  сенсорлық  процестерін  дамыту  сабақтарындағы 
мақсатты–бағытты жұмыс нәтижесінде білім алушылар мыналарды үйренеді: 
1) сенсорлық эталондарға бейімделуді; 
2) берілген белгілері бойынша заттарды тануды; 
3) заттарды сыртқы белгілері бойынша салыстыруды; 
4) заттарды формасы, көлемі, түр-түсі, функционалдық міндеттері бойынша 
топтастыруды; 
5)  түрлі  белгілері  бойынша  заттар  мен  олардың  бейнелерінің  нұсқалық 
қатарын құрастыруды; 
6)  объекттер  мен  құбылыстардың  белгілері  мен  қасиеттерін  практикалық 
тұрғыда бөлуді; 
7) қарама-қарсы іс-әрекеттер мен құбылыстарды ажыратуды; 
8) өз іс-әрекетінің уақыт шеңберін белгілеуді; 
9) оқиғалардың реттілігін белгілеуді; 
10) кеңістікте бейімделуді; 
11) нұсқаулық әрекеттерді мақсатты бағытта орындауды; 
12) өз қимылы мен іс-әрекеттерін өз-бетінше келістіруді; 
13) іс-әрекетін тілмен жалғауды. 


25 
 
«Психомоторикасы  мен  сенсорлық  процестерін  дамыту»  пәнін  оқыту 
кезінде  монтессори  элементтерін  (нумикон),  сенсорлық  бөлме,  эдуквест 
құралдарын  оқушылармен  түзету  жұмыстарын  жүргізу  кезінде 
пайдаланылады. М.Монтессори  әдістемесі қазіргі таңда баланың танымдық 
белсенділігін, сенсорлық эталондарды қалыптастыруда негізгі тиімді әдістері 
болып табылады. Баланың сенсорлық тәрбиесі–бұл заттардың сыртқы қасиеті 
туралы көзқарастарын қалыптастыру және қабылдау тәрбиесі, яғни олардың 
формасы пішіні, түсі, көлемі. Кеңістікте орналасуы, сонымен қатар иіс және 
дәм сезу т.б. 
Ерте  жас  сезім  мүшесінің  іс-әрекетін  жетілдірудің  сәтті  кезеңі. 
Қоршаған  ортаға  деген  көзқарасының  жиынтығы.  Cондықтан  сенсорлық 
тәрбие  бұл  мектеп  жасындағы  тәрбиенің  аса  маңызды  жағы.  Сенсорлық 
тәрбие жалпы ақыл-ой дамуының негізін қалайды, ол баланың сәтті оқуының 
қажеттілігі.  Заттарды  қабылдау  және  қоршаған  ортаға  деген  танымдық 
аймағы. 
Нумикон  –  бұл  1996-1998  жылдары  Англияда  математиканы  оқуда 
қандай  да  бір  қиындықтарға  кездесетін  балаларға  арнайы  әзірленген  оқыту 
бағдарламасы  мен  көрнекі  материалдар  жиынтығы.  Біздің  елімізде  бірінші 
болып  2013  жылы  іс-тәжірибеге  енгізген  ӘБЕҰ  орталығы.  Бұл  әдістемелік 
құралдың  ең  басты  қасиеті  –  білім  алу  барысында  есту,  көру,  ұстап  көру 
қабілеттері және қимыл-қозғалыс пен сөйлеу әрекеттері бір мезгілде жұмыс 
жасайды, себебі құралды түсіне қарай ажыратуға болады, сандық ерекшелігін 
көрсететін,  баланың  саусағы  сиятындай  тесіктері  бар,  тақ  сан  мен  жұп 
сандарды көру арқылы ғана ажыратуға болады, санның құрамын құрастыру 
арқылы  анықтауға  болады.Нумикон–мектепке  дейінгі  және  мектеп 
жасындағы  балалардың  математикалық  дағдыларын  қалыптастыру,  сан  мен 
пішіндердің  байланысын  көрсету  мақсатында  қолданылатын  жиынтық. 
Нумиконда  1-ден  10-ға  дейінгі  сандар  әр  түрлі  түсте  пластмасса  шаблонды 
кесінділермен  берілген,  сол  себепті  сандар  көру  арқылы  және  тактильді 
қабылдауына өте тиімді. 
Сондай  ақ,  дидактикалық  тасбақа,  мозаика  үстелі,  акустикалық 
тактильді қабырға панелі, тактильді жасушалар (6 жасуша модулі), тактильді-
дамытушы  «Көп  түсті  домино»  тақтасы,  тактикалық  қорап,  тактильді-
дамытушы  ойыншық  «Ілмекті»,  тактильді-дамытушы  ойыншық  «Палитра», 
құрғақ  душ,  «16  айналар»  тақтасы,  тактильді-дамытушы  панелі  
«Текстуралар»,  «түсті  шеңберлер»  тақтасы,  «лабиринт-гүл»  тактильді-
дамытушы  панелі,  «лабиринт  дөңгелегі»  тактильді-дамытушы  панель, 
тактильді-дамытушы  панельдер  «Кілттер»,  «магнитті  шар»  тактильді-
дамытушы панельді көруге болады. 
«Психомоторикасы  мен  сенсорлық  процестерін  дамыту»  пәнінің 
мазмұны 3 бөлімді қамтиды:  
1)1-
бөлім  «Сенсорлық  процестері  мен  кеңістіктік-уақыттық  бейімделуін 
дамыту»; 
2) 2- 
бөлім «Қимыл-қозғалыс саласын дамыту»; 
3) 3- 
бөлім «Зерделік саласын дамыту». 


жүктеу 3,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау