Тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



жүктеу 3,23 Mb.
Pdf просмотр
бет60/73
Дата16.01.2020
өлшемі3,23 Mb.
#26904
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73

142 
 
− 
оқыту  үрдісінде  оқушының  теориялық  және  өнімділік  ой  құрастыру 
әрекеттерін, танымдық қабілеттерін белсендіру; 
− 
оқушылардың танымдық қызығуларын, оқуға деген мотивациясын дамыту; 
− 
оқу  материалын  игеруде  және  оқу  іс-әрекеттерінде  жете  ұғынуға 
талпындыру; 
− 
белгілі бір мәселе шешуге оқушылардың ынтымақтастығын, серіктестігін 
ұйымдастыру; 
− 
көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану; 
− 
оқушылардың  өзіндік  жұмыстарының  ізденісті-зерттеу  түрлерін 
ұйымдастыру; 
− 
оқу үрдісінде комьютерлік технологияларды қолдану; 
− 
оқыту  барысында  әр  түрлі  шапшаңдықпен  және  әр  түрлі  көлемді  оқу 
материалын игерудің мүмкіншілігін ашу; 
− 
дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану; 
− 
жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру. 
Осы  міндеттерге  жүгіне  отырып,  дәстүрлі  білім  беру  жүйесінде  де  оқушы 
дамуына жәрдемдесетін кейбір қажетті қасиеттер бар. Олар: 
−   
оқу  орындарында  және  әр  топтарда,  оқу  топтарында  оқытушылар  мен 
оқушылардың  күш-жігерлерін  біріктіретін  оңтайлы  жағдай  тудыратын 
тілектестік жұмыс жағдайын қалыптастыру; 
− 
оқушы мен оқытушының қарым-қатынасы; 
− 
оқыту  үрдісінде  репродуктивтік  және  шығармашылық  іс-әрекеттер 
оқушылардың  жеке  бас  ерекшеліктерімен,  уақытша  жағдаймен,  оқыту 
материалының деңгейімен анықталуы; 
− 
оқыту деңгейінің анықталған бірізділікті-біртіндеушіліктің болуы; 
− 
оқу материалы бөлек-бөлек пәндерге бөлінуі және соған қоса кіріктірілген 
курстардың да болуы; 
− 
оқушылардың кәсіптік мүмкіншілігін тудырып, қабілеттерінің жан-жақты 
дамуына  ынталандыруды  көздеген  әр  түрлі  әдіс-тәсілдерінің  кең 
қолданылуы; 
− 
оқушылар  әжептәуір  уақыт  аралығында  мысалы,  белгіленген  бір  тұрақты 
топтарда сабақтасуы; 
− 
балалардың  эмоционалды-сезімділік  және  абстрактілі,  логикалық  ой 
құрастыруын дамытуға ықпал етілуі; 
− 
үкіметтің  білім  беру  саласындағы  стандарттары  бәріне  бірдей  екендігін 
естен  шығармай,  жалпы  білім  беруді  кемсітпей,  оқыту  үрдісінде  әрбір 
оқушының қажеттіліктері мен қызығуларының ескерілуі; 
− 
оқу  жоспарларында  міндеттелген  және  білім  алу  нәтижелерін  жүйелі 
талдаудан өткізіп, бағалау; 
− 
оқушылардың  өздерінің  жетістіктерін  өздеріне  талдатып,  өздік  бағалау 
әрекеттерінің ұйымдастырылуы. 
Осының  барлығын  іске  асыру  үшін  кәсіби  шеберлігін  шыңдауға 
шаршамайтын, ұстаздықтан жалықпайтын, жаңалықтан жаны шошымайтын, 


143 
 
танымгер,  өз  ісіне  құштар,  яғни  деонтологиялық  әлеуеті  жете  дамыған 
оқытушы қажет.  
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Қазақстан    Республикасының  «Білім  туралы»  заңын  жүзеге  асыруға 
қатысты құжаттар жинағы. – Алматы, 1999.-350 б. 
2.
Давыдов В.В. Принципы обучения в школе будущего – М., 1974.-295 с. 
3.
М. Шалғымбаева. Даму негізі – білімде. //Қазақстан мектебі, 2005. №3. 
 
 
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЕРЕКШЕ 
ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН 
БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ 
Кульмурзина Жаркын Сарсенбаевна 
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы  
Құмсай жалпы білім беретін орта мектебінің физика пәні мұғалімі 
 
Қазақстан қазір қарыштап дамып, дамыған 50 елдің қатарынан көрінуді 
мақсат  етіп,осы  жолда  жан-жақты  кемелденудің  өзіндік  үрдісін 
қалыптастыруда.  Өйткені  әлемдік  жаһандану  рухани  даму  мен  кемелденуді 
талап  етіп  отыр.  Сондықтан  еліміздің  жалпы  біртұтас  мемлекет  ретінде 
қалыптасуына  жастардың  маңызды    орын  алатыны  сөзсіз.  Бүгінгі  жастар 
қандай құндылықтармен тәрбиеленсе, болашақ та сондай болмақ, яғни, озық 
жетістіктерге негізделген білім нәрімен қатар, ұлттық тәрбие құндылықтарын 
барынша  бойына  сіңірген  жастарымыз  ұлт  тағдырын  тереңнен  таразылап, 
болашағын барынша болжайтын тұлға ретінде танылатыны анық. 
Білім  берудің  озық  технологияларын  меңгеру  қазіргі  заманның  басты 
талабы.  Үнемі  шығармашылықпен  жұмыс  істеу,  үздіксіз  іздену  арқылы 
мұғалім  өз  шеберлігін  арттырып  отыруы  қажет.  Білім  беруде  оқытудың  әр 
түрлі тәсілдерін пайдаланып, оқушылардың тақырыпты терең де жан жақты 
түсінуіне жағдай жасап, өз бетімен жұмыс істеуін қалыптастыра білу мұғалім 
міндеті.  Мұның  барлығы  білім  беру  мен  тәрбиелеудің  сапасын  көтеруді, 
әрбір пәнді оқытудың ғылыми деңгейін жоғарылатуды талап етеді. 
Оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді, сыни тұрғыдан ойлауды, бағалау түрлерін 
пайдалана  отырып  оқыту  қажет.  Сабақтың  басында  оқушылардың  сабақ 
алдындағы  көңіл-күйлерін  анықтап  алып,  тренингтер  арқылы  көңілдерін 
көтерулеріне  мүмкіндік  жасау–сабаққа  дайындық  кезеңі.  Оқушылар  бір-
біріне  күлімдеп  қарай  отырып,  күлкі  арқылы  өзінің  де,  өзгенің  де  көңілін 
көтеруге болатынын байқайды. 
Ынтымақтастық  қағидаты  оқушылардың  мұғалім  берген  білімге  сенім 
арту орнына жауапкершілік сезімін, өзара қолдау көрсету сынды қасиеттерді 
дамытуға  арналған  өз  қызығушылықтарына  сай  әр  түрлі  шараларды  өздері 
таңдай алуына негізделген. 
Оқушылар  әр  тапсырма  сайын  өзін  де,  өзгені  бағалауға  үйренеді.  Бір-
бірінің  дәптерлерін  тексеріп,  бағдаршамға  топқа  бөлінген  түстер  арқылы 


144 
 
бағалайды.  Осы  бағалауда  жекелеген  оқушылар  өздерінің  алған  бағасына 
көңілдері  толмады.  Оларға  неліктен  ондай  баға  қойылғаны  туралы 
түсініктеме берілді. 
Қазіргі 
замандағы 
жастарымыздың 
құндылық 
бағдарындағы 
дүниетанымы  өздерінің  әлеуметтік  тәжірибесі  барысында  әр  алуан 
көзқарастарын біріктірумен қалыптастырады.Біз құндылықтық бағдарлардың 
қайта  бағаланып,  жатқан  өзгерістер  дәуірінде  өмір  сүріп  отырмыз. 
Құндылықты бағыт-бағдар – бұл стратегиялық өмір мұраттары және жалпы 
дүниетанымдық  алғы  шарт  ретінде  танылған  құндылықтардың  адам 
санасында  бейнеленуі.  Құндылықты  бағыт-бағдарлардың  негізгі  мазмұны  – 
адамның  саяси,  философиялық  (дүниетанымдық),  адамгершілік  наным-
сенімдері,терең әрі тұрақты бейімділіктері, қылық-әрекет, мінез принциптері. 
Осыдан,  қай  қоғамда  да  тұлғаның  құндылықты  бағыт-бағдары  тәрбие  және 
мақсатты ықпал жасау нысаны ретінде қарастырылады. Олар арқылы еріктік 
күш салу, зейін, ой-өріс бағдарлары анықталады. 
Құндылықты  бағдардың  дамуы–тұлға  кемелінің  белгісі,  оның 
әлеуметтенуінің  көрсеткіші,  құндылықты  бағыттардың  тұрақты  бірлігі 
тұлғаның  келесідей  сапаларының  дамып,  орнығуына  себепші  болады: 
тұлғаның  тұтастығы  мен  сенімділігі,  белгілі  мұраттар  мен  принциптерге 
адалдық,  осы  мұраттар  мен  принциптерді  іске  асыру  жолында  ерік  күшін 
аямауға  қабілеттілік,  өмірлік  ұстанымдарға  орай  белсенділік,  мақсатқа 
жетуде табандылық пен өжеттік [1]. 
Құндылық  –  бұл  құнды  нәрсе.  Алайда,  адам  үшін  не  құнды  және  неге 
құнды? Кейде біреу үшін құнды нәрсе өзгелер үшін құнсыз болатын кездері 
де  кездеседі.  Бұл  мәселені  құндылықтар  теориясы  немесе  аксиология  (грек 
тілінде «ахіа»- құндылық және «logos» - ілім) шешуге ұмтылады. Аксиология 

құндылықтар  жаратылысы  туралы,  оның  нақтылықтағы  орны  мен 
құндылықтық  әлемдегі  құрылымы  туралы,  яғни  әлеуметтік  және  мәдени 
факторлар  мен  тұлға  құрылымы  арасындағы  әртүрлі  құндылықтар 
байланысы туралы ілім. 
Құндылықтар 
проблематикасы 
ежелгі 
Шығыс 
және 
антик 
философияларында  қарастырылғанымен, «аксиология» терминін тұңғыш рет 
Э.Гартман  қолданды.  Ойшылдар  үнемі  сұлулық,  береке,  қайырымдылық  
және  т.б.  түсініктердің  мәнін  ұғынуға  ұмтылды,  кейінірек  мұның  бәрі 
«құндылық» ұғымына біріктірілді. Философия тарихында «игілік деген не?» 
деген  сұрақты  алғаш  қойғандардың  бірі  Платон.  Ол  болмысты  «заттар 
әлеміне»  және  «идеялар  әлеміне»  бөле  отырып,  заттар  әлемінде  ақиқат, 
әсемдік,  әділеттілік  және  т.б.  сияқты  жоғары  игіліктерге  сәйкес  келетіндей 
ешнәрсе жоқ деп есептейді. 
Құндылықтар  мәселесі  ХІХ  ғасырдың  ортасына  дейін  философиялық 
талдаудың  дербес  объктісіне    айналмағанын  айта  кетуіміз  керек.  Антик 
философиясында  ғана  емес,  одан  кейінгі  орта  ғасырлар  мен  жаңа  заман 
философиясында  да  құндылықтық  сипаттамалар  нақтылық,  болмыс 
шынайылығы ұғымдарына енгізілді [3]. 


жүктеу 3,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау