107
мұғалім портфолиосы псифизикалық дамуында ерекшеліктері бар
оқушының белгілі бір оқыту мерзімі барысында жеке жетістіктерін тіркеу,
жинақтау және бағалау әдісі ретінде қарастырылады. Соңғы нәтижелердің
негізіндегі бағалау. Инклюзия жағдайында тестілеу. Инклюзивті оқытуда
бағалау өткізу барысында сәйкес құралдарды таңдау мәселесі туындайды.
Мақсаттарға байланысты әртүрлі әдістер таңдалып алынады. Инклюзивті
оқыту тәжірибесінде оқу бағдарламасын талдау, жұмыс үлгілерін талдау,
сыныпта бақылау және сұхбат жүргізу, тестілеуді қолданады. Оқу
бағдарламасын талдау оқушы игеруге тиіс білім көлемін анықтаудан тұрады.
Талдаудың нәтижелері оқушының жеке оқу жоспарына енгізілетін оқу,
түзете-дамыту және тәрбиелік мақсаттарды анықтауда есепке алынады.
Мұндай талдау біздің жағдайларда жалпы білім беретін орта мектептер мен
жалпы білім беретін арнайы мектептердің оқу бағдарламаларына жүргізіледі.
Дегенмен, зерде дамуының бұзылыстары, сөйлеу тілінің күрделі
бұзылыстары, сенсорлы бұзылыстары (есту қабілеті бұзылған), күрделі
ауытқулары бар балаларға арналған оқу бағдарламаларында пәнді (саланы)
оқытуда білім сабақтастығын қамтамасыз ететін материалдың минималды
көлемі белгіленеді.
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДА
ҚОЛДАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Абдуалиева Д.Г.
Ақтөбе облыстық білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған
арнайы (түзетім) балабақшасының тәрбиешісі
Күнделікті өмірдегі көптеген мәселелер, нақты өмір тауқыметі,
қоғамдағы өзгеру деңгейлерінің жылдам алмасуы адамдардан жоғары
белсенділікпен қатар алға ұмтылуды, ізденімпаздықты және де үлкен
жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан болар, заманауи әлеуметтік жағдай
өмір мен тұрмыстың бітпейтін мәселелерін, әрбір жаңа буынның, әрбір жеке
адамның алдында тұрған және жалпы адамзатта қалыптасқан мәдени-
тұрмыстық түсініктер мен шешімдерге тәуелсіз түрде, жаңаша тұрғыда
қайтадан ой елегінен өткізуді алдыңғы орындардың біріне қойып отыр.
Қазіргі уақытта қоғамда заманауи әлеуметтік-экономикалық ахуалда өсіп
келе жатырған жас ұрпақ, нақты да сенімді әлеуметтік бағыттарды жоғалтып
ала бастағанын байқаймыз.Әлеуметтендірудің қалыптасқан дәстүрлі
формаларының қазіргі заманға лайықталмағандығы, олардың бір жолды
таңдауын, яғни жастардың өз болашағы үшін өздерінің жауапкершілігі
жоғары болуын талап етеді. Бұл жағдайда жастар мен жасөспірімдердің
заманауи қоғамдық қатынастарға бейімделмегендігі мен дайын еместігінен
көптеген маңызды мәселелердің туындауы себеп болады. Бұл мәселелерге