Тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



жүктеу 3,23 Mb.
Pdf просмотр
бет38/73
Дата16.01.2020
өлшемі3,23 Mb.
#26904
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73

97 
 
ерекше  ақыл-ой  және  эмоциялық  ерік-жігерлі  қызметімен  үйлескен  тілдесу 
проблемасы  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаларды  мектеп 
жағдайына  бейімделуіне  кедергі  жасайды.  Осындай  сыныптарда  жұмыс 
жасайтын  мұғалімдер  мен  мамандар  алдында  өте  күрделі  міндет  тұр:  бала 
бойында өз мүмкіндіктеріне деген сенім тудыру, білім алу қызығушылығын 
ояту және қолдау.Тек жақсы көңіл-күйдегі жағдай, баламен тілдесудің белгілі 
бір  түрі  баланың  таным  іс-әрекетін  түзетуге,  үлкендер  және  өз 
құрдастарымен  тілдесуді  дамытуға,  тұлғаның  жақсы  қалыптасуына  септігін 
тигізеді.  
Әрбір  бала  өзін  қызығатындай,  үлкендерге  жағымды,  мейірімді 
ықыласқа  бөлену  сияқты  сезімде  болуы  керек.  Балалар  бақшасындағы 
арнайы топқа қатысқан психикалық дамуы тежелген оқушылар әдетте білім 
алуға құштар болады. Сабақта балаларға арнайы жағдай жасалса олар оқуды 
сапалы  меңгере  алады.  Балалық  шақтарында  психологиялық-педагогикалық 
және  медициналық  көмек  алмаған  оқушыларға  білім  алу  қиындау.  Кейбір 
балалар  өздері  ешнәрсені  жасай  алмайтындай  сезімде  болады,  алға 
ұмтылмайды.  Кейбір  психикалық  дамуы  тежелген  мектеп  жасына  дейінгі 
балаларда өзін-өзі бағалауы тым жоғары. Бұндай балаларда қалыпты өзін-өзі 
бағалау  қабілетін,  олардың  мәртебелерін  түсірмей,  түзете  отырып 
қалыптастыру  қажет.  Бағдарламаны  толық  меңгеруі  үшін  балалардың 
психикалық  іс-әрекеттерінің  көмек  арқылы  дамуын  ескере  отырып,  сабақта 
арнайы жағдайдың жасалуы керек.  
Сабақта ақыл-ой жүктемесі және демалуға өз уақытында үзілістер қатаң 
ретімен жүруі керек, қимыл-қозғалыс тәртібі сақталуы керек. Жаңа сабақты 
аз-аздан,  ашып  түсіндіру  керек.  Сөйлеу  тілі  мен  көрнекі  құрал  арасында 
байланыс болуы керек. Сөйлеу тілі көрнекі құралдар көмегімен жүреді, бірақ 
көрнекі  құралды  аса  көп  қолдана  беру  баланы  зейінді  тұрақтандыруға 
септігін тигізбейді. Оқу материалының шартты-графикалық кескіндерін және 
графикалық  кескіндерін  пайдалану.Оқу  материалын  құрылымдаса  оны 
меңгеру  де  жеңіл  болады  (әсіресе,егер  кескіндер  балалармен  бірлесіп 
жасалса). 
Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаларды  оқыту  –  адамдармен 
қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.  
Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаларды  білім  беру  –  барлық 
балаларды  жалпы  білім  үрдісіне  толық  енгізу  және  әлеуметтік  бейімдеуге, 
жынысына,  шығу  тегіне,  дініне,  жағдайына  қарамай,  балаларды  айыратын 
кедергілерді жоюға, ата - аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу - 
педагогикалық  және  әлеуметтік  қажеттіліктерін  арнайы  қолдау,  қоршаған 
ортаның  балаларды  жас  ерекшеліктеріне  және  білімдік  қажеттіліктеріне 
бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған 
тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.  
Психикалық  дамуының  негiзгi  бұзылыстары  интеллектуалды  даму 
деңгейi,  яғни,  зейiнi,  есте  сақтауы,  ойлауы,  кеңiстiктi  бағдарлауы  төмен 


98 
 
болып  келедi.  Осы  себептерге  байланысты  психикасы  дамуы  тежелген 
балалардың оқу үлгерiмi төмен болады.  
Инклюзивті оқыту – оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым 
іс-әрекетіне  қатысуға,  адамдармен  қарым-қатынасына  қажетті  қабілеттілікті 
дамытуға  мүмкіндік  береді.  Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаларды 
оқыту  арқылы  барлық  балалардың  мұқтаждықтарын  ескеріп,  ерекше 
қажеттіліктері  бар  балалардың  білім  алуын  қамтамасыз  ететін  жалпы  білім 
үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде 
дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, 
қайта  жақындатады.  Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаларды  бағыт 
беру арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал 
етіп,  жақсы  өмір  сүру  мүмкіншілігін  қалыптастырады.  Осы  бағытты  білім 
беру  жүйесіне  енгізу  арқылы  оқушыларды  адамгершілікке,  ізгілікке, 
қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі 
балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ.  
Е.И.  Казакова  психологиялық-педагогикалық  қолдау  «балаға,  оның 
отбасына  және  педагогтарға  көмек  көрсету,  оның  негізінде  өзекті 
проблеманың  шешу  жолын  таңдауда  дамыту  субъктінің  барынша 
бостандығы мен жауапкершілігін сақтау, педагогтар, психологтар, әлеуметтік 
және медициналық қызметкерлердің күшін біріктірумен қамтамасыз етілетін 
мультипәндік  әдіс,  проблеманың  диагностикасы  мен  оны  шешудің 
субъектілік  әлеуеті,  мүмкін  болатын  шешу  жолдарын  ақпараттық  іздеу, 
әрекеттер  жоспарын  құру  мен  оны  іске  асырудағы  алғашқы  көмек 
арасындағы үйлесімді бірлік, даму субъектінің өзі әрекеттері үшін жауапты 
болатын бағдарлық аумақты құруда көмек көрсету» деп түсінуіміз керек.  
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытудағы жалпы білім 
берумен  өзара  байланыстағы  мақсаты  –  әлеуметтендіру  және  өзін-өзі  іске 
асыруы,  тез  өзгеретін  әлемде  өмір  сүруге  үйрету,  өмір  бойы  оқу  болып 
табылады.  
ЕБҚББ қанағатандырудағы әлемдік САПА  

Оқу бағдарламасының өзгеруі  

Оқу жоспарының өзгеруі  

Оқыту нәтижесіне жетудегі даралық және бағалау  

Оқытуда арнайы мамандандырылған тиімді әдісті қолдану  

Оқулықты, оқу –әдістемелік құралды, дидактикалық тәсілді таңдау  

Оқытатын ортаға бейімделу және оқу ортасына кірігу  

Техникалық құралдардың жан-жақтылығы  

Арнайы педагогикалық қолдау  

Оқытушыға жан-жақты жағдай жасау  

Психологиялық көмек, кеңес  

Әлеуметтік-педагогикалық қолдау  
ҚР  БжҒМ  осы  сапаны  басшылыққа  ала  отырып  типтік  оқу 
бағдарламасын  бектіуі  осының  дәлелі.  Жалпы  білім  беретін  мекемелерде 
ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаға  мұндай  сыныптарда  жұмыс 


жүктеу 3,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау