Тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



жүктеу 3,23 Mb.
Pdf просмотр
бет41/73
Дата16.01.2020
өлшемі3,23 Mb.
#26904
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   73

104 
 
Шалқар ауданы №1 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі 
 
ҚР  заңдылықтар  мен    Білім  және  ғылым  министрлігінің  әдістемелік 
ұсынымдамалары  мен  нұсқаулықтарын  басшылыққа  алып,  инклюзивті   
оқыту барысында  оқу-әдістемелік құралдар мен дидактикалық материалдар 
қорын  жинақтап  жұмыс  барысында  қолдану  қажет.  Инклюзивті  оқыту 
кезінде  ПМПК  қорытындысы  негізінде  ұсынылған,  білім  беру 
бағдарламаларына  сәйкес  оқушының  білім  деңгейіне  талдау  жұмыстарын 
жүргізе  отырып,  жеке    оқыту  бағдарламалары  құрылып,  бекітілуі  тиіс 
екендігін ескеру керек. Мектептердегі мұғалімдер ерекше бала класқа келген 
кезде  оны  қандай  оқулықтармен  оқытып,  қандай  әдістемелік  құралдарды 
пайдалану керектігін білу бүгінгі күннің сұранымы. Бұл мәселенің артынан 
туындайтын мәселе кадр жеткіліксіздігі.  Ерекше оқытуды қажет ететін (әрі 
қарай  ЕОҚЕ)  балаларға  сабақ  беретін  мұғалім  бүгінгі  заман  талабына  сай  
білікті,  терең  білімді,    ашық  жарқын  мінезді,  қажыр-қайратты,  жаңашыл 
еңбекқор  мұғалім  болғаны  дұрыс.  Қарым-қатынас  кезінде  әр  баланың  жан-
дүниесін  сезініп  кемшіліктерін  түзетіп,  жетістіктерін  дамытатындай  болуы 
қажет. Дегенмен  оқыту оңай емес, бірақ жанында ізгілік пен жанашырлық, 
өз  ісіне  деген  сүйіспеншілікті  бойына  сіңіре  білген  ұстазға  ерекше 
балалармен жұмыс жасау игі іс екені белгілі. Жалпы класта оқушы саны көп 
болғандықтан,  әр  балаға  жеке  көңіл  бөліп,  назардан  тыс  қалдырмай 
жұмыстану қажет, дегенмен өкінішке орай осы жайт ескерусіз қалып жатады. 
Осыған орай мен әлі де  мүмкіндік болса курстан өтпеген педагогтарымызды 
арнайы  курстан  өткізуге  ықпал  ету  керек  деп  ойлаймын.  Сонымен, 
инклюзивті  білім  беру  жағдайында  жұмыс  жүргізетін  мектептерде  білім 
мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеледі.  Атап айтқанда:  
1. Жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары;   
2. ЕОҚЕ балалардың  жеңіл ақыл ой кемістігі бар балаларға арналған  І типті 
оқу бағдарламалары және орташа ақыл ой кемістігі  бар балаларға арналған ІІ 
типті оқу бағдарламалары;  
3.
ЕОҚЕ  балалардың  психофизикалық  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып 
әзірленетін оқытудың жеке (арнайы) бағдарламасы. ЕОҚЕ оқушыларға білім 
беру  бағдарламасы  негізінде,  типтік  оқу  жоспарларына  сәйкес  мектеп 
директорының  орынбасары  жеке  сабақ  кестесін  жасайды.  Оны  ата-аналары 
мен  және  жүктемелері  оқу  жоспары  бойынша  бөлінген  мүғалімдермен 
келіседі.  Ата-аналармен  келісілген  кестені  мектеп  директоры  бекітеді. 
Оқытудың  ұсынылған  бағдарламасына  сәйкес  күнтізбелік-тақырыптық 
жоспар  жалпы  тәртіп  бойынша  бекітіледі.  Тоқсан  қорытындысы  бойынша 
педконсилиум отырысында ЕОҚЕ оқушыларды бағдарламаны меңгергендігі 
немесе білім деңгейі, психологиялық, әлеуметтік жай-күйі туралы мәселелер 
талданып,  педконсилиум  төрағасының  талдау  есебі  тыңдалады.  Пән 
мұғалімдері  әр  оқушының  үлгермеу  себебін  анықтап,  мүгедек  баланың 
диагнозына  қарай  жұмыс  жүргізсе,  оқушының  білімге  деген  құлшынысы 
артып,  өзіндік  дарындылығы  айқындалады  деп  ойлаймын.  Жаңаша  білім 


105 
 
берудің  негізгі  тәжірибелік  міндеттерін  шешуде  мектептегі  жаңалықтармен 
дамуды, қолданылған әрекеттер мен құралдардың тиімділігін диагностикалау 
негізінде  анықтауға  болады.  Осыған  байланысты  педагогтар  өз  қызметінің 
обьектісіне әлеуметтік психологиялық және педагогикалық мінездеме беріп, 
танып,  білумен  зерттеу  әдістерін  меңгерулері  керек.  Әр  оқушыға  арналған 
жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып, өмірдегі өз 
орнын,  өз  мамандығын  табуға  әсерін  тигізері  анық.      Интеллекті  бұзылған 
оқушыларды  соның  ішінде  ақыл  ой  кемісті  бар  оқушыларды  оқыту 
барысында  пән  мұғалімдері  зейіні  тұрақсыз,  тіл  мүкістігі  бар  баланы  қалай 
оқытып,  сауаттандыратынын  білмейді.  Өз  жұмысына,  баланың  болашағына 
жауапкершілік  танытқан  педагог  ізденіп,  қалайда  алдына  келген  оқушыны 
деңгейіне  қарай  қатарына  қосуға  тырысуы  қажет.      Жоғарыда  интелекті 
бұзылған  ЕОҚЕ  балалар  3  түрлі  бағдарламамен  оқытылатын  айтқан 
болатынмын, соның бірі  орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған 
«Санау»  пәні  туралы  айта  кетсек.  Ақыл-ойы    кешеуілдеген  балаларда 
танымдық  әрекеттерінің  терең  жетіспеушілігі  байқалып,  есептеу  әрекетін 
игеруге күрделі қиындықтар келтіреді. Сондықтан оқушыларды оқыту едәуір 
дайындық  кезеңінен  басталып,  ұзақтығы  2  жылға  дейін  созылуы  мүмкін. 
Дайындық  кезеңінде  оқу  үрдісі  пәнсіз  оқыту  негізінде  ұйымдастырылады. 
Барлық сабақтар кіріктендіре оқылып оқушылардың жалпы дамуына (қарым-
қатынас, қимыл-қозғалыс, сөйлеу, сезімдік) бағытталған. Оқушылардың жеке 
дара  дамуына  қарай,  оқу  үрдісіндегі  жағымды  өзгеріс  байқалған  жағдайда 
пәндік  оқытуға  ауысады.    «Санау»  оқу  пәнінің  мақсаты  –  оқушылардың 
тұрмыста  бейімделуге  және  қолжетімді  шаруашылық-еңбекті  меңгеруге 
қажетті  қарапайым  математикалық  түсініктерді,  икем  және  дағдыларды 
қалыптастыру болып табылады. Бұл дегеніміз оқушыға көбейту кестесін т.б. 
есептерді  үйретіп  оқушыны  жалықтырмай,  қиындығы  және  көлемі 
қолжетімді деңгейдегі материалмен жұмыс жүргізу керек.  
Санау пәнінің негізгі міндеттері:   
1) қарапайым есептеу әрекетін меңгерген икем-дағдыларын күнделікті өмірде 
қолдануды үйрету;  
2)  танымдық  аймағын,  жағымды  сезімдік-еріктік  қасиеттерін,  қозғалыс 
ептілігін,  заттық  тәжірибелік  әрекеттерін  дамытып,  қалыптастыруға 
ықпалдасу;  
3)  сабаққа  қызығушылығын  арттыру,  басқа  балалармен  және  ересектермен 
қарым-қатынас  орната  білуін  дамыту.    Аталған  бағдарламаның  дайындық 
кезеңінде (пәнсіз оқыту кезеңі) және «Санау» пәні бойынша мұғалімнің жеке 
оқыту  бағдарламасын  құрастырғанда  қолданатын  оқу  материалының  үлгілі 
тізімі  берілген.  Бағдарлама  мазмұны  ұсыныс  ретінде  беріледі,  сондықтан 
мұғалім  әр  оқушының  мүмкіндігін  және  ерекше  қажеттіліктерін  ескере 
отырып оқыту мазмұнына өзгерістер енгізуге құқылы.  Бағдарламадағы оқу 
материалдары  оқу  кезеңдеріне  сәйкес  бөлінген.  Әр  кезеңнің  материалы 
аяқталған  және  жүйеленген,  алдыңғы  және  келесі  кезеңдегі  материалмен 
логикалық  байланыста  және  қиындығы  және  көлемі  біртіндеп  арта  береді.  


жүктеу 3,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау