Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы



жүктеу 1,66 Mb.
Pdf просмотр
бет12/45
Дата16.01.2020
өлшемі1,66 Mb.
#26857
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45

29 
 
саудада: 
осал дамыған көлік-логистикалық инфрақұрылым; 
жоғары көліктік шығын; 
білікті кадрлардың жетіспеушілігі. 
бюджеттік қатынастар саласында: 
конкурстық  үрдістердің  мерзімінде  өтпеуі,  орындалған  жұмыстар  актісінің 
ұсынылмауы, өнім берушілердің шарттарды орындамауы. 
 
2.2. Әлеуметтік сала 
 
Демография 
 
Елорда халқының саны 2015 жылғы 872,6 мың адаммен салыстырғанда   1 
млн. адамға дейін өсті. 
9-диаграмма 
Қала халқының өсу құрылымы, адам 
 
 
Табиғи  өсім  үлесі  2012  жылғы  45%-дан  2013  жылғы  50,7%-ға  дейін  және 
2014  жылы  53,5%-ға  өсті.  Бұл  туу  деңгейінің  қарқынды  өсуіне  байланысты,  ол 
13%-ға  2012  жылғы  25,6-ден  (өңірлер  арасында  6  орын,  ҚР  бойынша  орташа  – 
22,6) 2013 жылы 27,5-ға дейін (өңірлер арасында 4 орын, ҚР бойынша орташа  – 
22,7)  және  2014  жылы  29-ға  (өңірлер  арасында  3  орын,  ҚР  бойынша  орташа  – 
23,2)  ұлғайды.  Жаңа  туған  балалар  саны  2012  жылғы  19,4  мыңнан  2013  жылы      
21,9 мыңға дейін және 2014 жылы 24,2 мың балаға дейін ұлғайды.  
Өлім  көрсеткіші  2012  жылғы  6,7%-дан  (ҚР  бойынша  орташа  –  8,5)  2013 
жылы  4,44-ке  дейін  (ҚР  бойынша  орташа  -  8)  және  2014  жылы  4,3-ке  (ҚР 
бойынша  орташа  –  7,65)  азайды  және  Қазақстан  өңірлері  арасында  ең  төмен 
болып  табылады.  Өлім  себептері  құрылымында  қан  айналымы  жүйесі  аурулары 
үлесті  салмаққа ие,  оның  салдарынан 2014  жылы  1193  адам  немесе 33%  қайтыс 
болды.    
2016  жылдың  басына  елорда  халқының  саны  872,6  мың  адамды  құрады 
және  2014  жылмен  салыстырғанда  2,3%-ға  немесе  19,7  мың  адамға  және  
2013 жылға 7,1%-ға немесе 58,2 мың адамға ұлғайды. 2015 жылы халықтың өсуі 
табиғи  өсім  есебінен  қамтамасыз  етілді,  ол  22,2  мың  адамды  құрады,  бұл  2014 
жылдың деңгейінен 7,8% және 2013 жылға 20,7%-ға жоғары.  


30 
 
Туу коэффициенті 2015 жылы 30,23 құрады (РК бойынша өңірлер арасында 
2 орын) және 2014 жылға 4,2%-ға және 2013 жылға 9,8%-ға ұлғайды. Жаңа туған 
сәбилер саны 2013 жылғы 21,9 мыңнан 2013 жылғы 24,2 мыңға және 2015 жылы 
26 мыңға ұлғайды. Өсудің жыл сайынғы серпіні 8,9% құрады.  
Өлім  коэффициенті  4,47  құрады,  бұл  2014  жылдың  деңгейінен  5,2%-ға 
жоғары және 2013 жылдың деңгейіне сәйкес. 
Көші  –  қон  өсуінің  қарқыны  жыл  сайын  шамамен  17-19  мың  адамды 
құрайды.  Сонымен,  2014  жылы  көші  –  қон  сальдосы  17,9  мың  адамды  құрады 
(Алматы қаласынан кейін өңірлер арасында 2 орын – 22,1 мың адам), оның ішінде 
шамамен 70,8% еңбекке қабілетті халыққа және 23,5% еңбекке қабілетті жастарға 
тиесілі.  
Өңіраралық  алмасу  бойынша  Астана  қаласына  көбінесе  Ақмола,  Оңтүстік 
Қазақстан,  Қарағанды,  Шығыс  –  Қазақстан  облыстарынан  және  Алматы 
қаласынан келеді.  
2015 жылдың қорытындысы бойынша Астанада бірінші рет 2,4 мың адамға 
көші – қонның теріс сальдосы тіркелді, бұл 2014 жылғы 48,1 мың адамнан 2015 
жылғы 42,9 мың адамға дейін келгендер саны 10,2%-ға төмендеуімен негізделеді. 
Жыныстық жас құрылым қимасында Астана Қазақстанның жас өңірлерінің 
бірі  болып  табылады  –  тұрғындардың  орташа  жасы  30  жасты  құрайды,  ал 
күтілетін  өмір  сүру  ұзақтығы  елордада  ең  жоғары  және  Алматы  қаласындағы              
74,7  жасқа  қарсы  74,9  және  орта  есеппен  республика  бойынша  71,6  жасты 
құрайды.  
2012-2014  жылдар  бойы  халықтың  жалпы  санында  әйелдердің  аса  жоғары 
үлесі  тұрақты  түрде  байқалады,  ол  2012  жылы  51,6%  немесе  383,5  мың  адамды 
құрады, 2013 жылы – 51,7% немесе 402,5 мың адам, 2014 жылы – 51,87% немесе 
421,3 мың адам. Ұқсас қарқынмен еркектер саны 2012 жылғы 359,4 мың адамнан 
2013 жылғы 375,7 мың адамға дейін ұлғайды және 2014 жылы 393,2 мың адам.  
 
10-диаграмма 
 
Елорда халқы санының жыныстық жас құрылымы, мың адам 
 
 
2014  жылдың  нәтижесі  бойынша  елордада  ер  адамдар  саны  жастар  тобы 
қимасында 19 жасқа дейін (орта есеппен 6%) және 29 жастан 34 жасқа дейін (орта 
есеппен  2%),  сонда  әйелдер  саны  19  жастан  28  жасқа  дейінгі  аралықта  жоғары 


31 
 
(орта есеппен 10%). Гендерлік теңгерімсіздіктің сыни нүктесі 35 жас тобы болып 
табылады,  ол  кейіннен 19,5%-ға  ұлғаюмен  58  жаста 2%  деңгейінде  және  70 жас 
тобында 40%-ға артық.  
Ерлер  мен  әйелдерге  пайыздық  қатынас  2015  жылыдң  қорытындысы 
бойынша 2014 жылдың деңгейінде пропорциялы түрде 51,8% әйел және 48,2% ер 
адамдар  деңгейінде  сақталынды.  2014  жылмен  салыстырғанда  ерлер  саны  7% 
немесе  27  мың  адамға,  әйелдер  –  7,3%  немесе  30,6  мың  адамға,  2013  жылмен 
салыстырғанда  тиісінше  12%  немесе  45  мың  адамға  және  12,3%-ға  немесе  49,4 
мың адамға ұлғайды. 
15 жасқа дейінгі жастағы балалар үлесі 23%-бен жыл сайын тұрақты түрде 
дамыды немесе 2012 жылғы 171,1 мың адамнан 24%-ға дейін немесе 2013 жылы 
186,9 мың адам және 25,2% немесе 2014 жылғы 205,6 адам. Осы жас тобында ер 
адамдардың үлесі жоғары, ол 2012-2014 жылдар бойы 51,4% деңгейінде болды.   
Демографиялық өсудің ұзақ мерзімді трендіне кері әсерін тигізетін өзге де 
факторлар арасында ажырасудың жоғары деңгейін байқауға болады, ол елордада 
2014  жылдың  қорытындысы  бойынша  1000  бірлікке  шаққанда  4,25  немесе 
Қазақстан өңірлері арасында Павлодар облысынан кейін (4,34) 2 орынды құрады, 
бұл ОҚО аз көрсеткішінен 2,6 есеге (1,6) артық.  
Сонымен қатар, 2013 жылмен салыстырғанда (4,06 немесе өңірлер арасында 
2  орын)  бұл  коэффициент  4,7%-ға  ұлғайды,  2012  жылмен  (3,7  немесе  өңірлер 
арасында  5  орын)  –  14,8%.  Айырылысқандар  саны  абсолютті  есептеуде                        
2012  жылғы  2814  бірліктен  2013  жылғы  3236  бірлікке  дейін  (15%-ға)  және                     
2014 жылы 3541 бірлікке (25,8%-ға) ұлғайды. Осындай жолмен, Астананың үлесі 
республиканың ажырасуының жалпы көлемінде 2012-2013 жылдары 6%-ға қарсы 
7% құрайды.  
 
11-диаграмма  
 
Неке және айырылысу коэффициенті, бірлік 
 
 
2012-2014  жылдардағы  неке  коэффициенті  2012  жылғы  13,06-дан                       
2013  жылы  13,28-ға  дейін  (1,6%-ға)  және  2014  жылы  13,67-ға  (4,7%)  ұлғайды. 
Сонда неке саны 2012 жылғы 9934-бірліктен 2013 жылғы 10573-ке дейін (6,4%-ға) 
және  2014  жылы  11399-ға  дейін  (14,7%-ға)  өсті.  Елордада  қиылған  некенің  7% 


жүктеу 1,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау