Жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы



жүктеу 1,29 Mb.
Pdf просмотр
бет11/39
Дата16.01.2020
өлшемі1,29 Mb.
#26855
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39

23 

 

2015 жылы 30,25-ке дейін ұлғайды, ал өлім 2014 жылғы 4,28-ге, 2013 жылғы 4,44-



ке қарсы 2015 жылы 4,47-ға дейін төмендеді.  

Соңғы  бес  жыл  бойы  әлеуметтік  маңызды  аурулардан  өлім  саны 

көрсеткішінің  төмендеуі  және  тұрақталуы  орнықты  тенденцияға  ие.  Сонымен, 

туберкулезден өлім көрсеткіші 2012 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге төмендеді, 

100 мың адамға шаққанда 2015 жылы 2012 жылғы 6,7 қарсы 3,9 құрады. 

 

4-диаграмма 

Демографиялық коэффициенттер 

 

 



Қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім 2013 жылғы 153,83-ке қарсы 100 

мың  адамға  шаққанда  2015  жылы  157,6  адамды  құрды.  Ісік  ауруларынан  өлім 

2013 жылғы 76,75 адаммен салыстырғанда  2015 жылы 100 мың адамға шаққанда 

93,4 жағдайды құрады.  

Бала өлімінің 2012 жылы тірі туған 1000 балаға 10,5 баладан 2015 жылғы 

8,9 балаға дейінгі оң серпіні байқалады. Ана өлімінің көрсеткіші 2015 жылы 100 

мың  тірі  туғандарға  шаққанда  3,8  адамды  құрды,  бұл  Қазақстан  Республикасы 

бойынша көрсеткіштен төмен. 

Қатерлі  ісік  ауруларымен  жалпы  ауыру  деңгейі  (АҚІ)  қалада  төмендеуде 

және 2013 жылғы 172,3 қарсы 100 мың адамға шаққанда 2015 жылы 198,3 құрады.  

Соңғы үш  жыл  бойы  қалада  жүрек  –  тамыр патологиясы жоғары деңгейде 

қалып  отыр.  Жүйе  ауруларының  алғашқы  ауыруы  2015  жылы  100  мың  адамға 

шаққанда 2013 жылғы 1874,9 қарсы 2503,9 құрады. 

ВИЧ  –  инфекция  жағдайларының  саны  ұлғайып  отырғандығын  айтуға 

болады.  2015  жылы  2013  жылғы  117-ге  қарсы  ВИЧ-инфекцияның  145  жағдайы 

тіркелді. 

Медициналық ұйымдардың қызметін қамтамасыз етуде негізгі буын білікті 

кадрлар  болып  табылады,  бұл  қазіргі  уақытта  да  өзекті  проблема.  Осы  салада 

жұмыс  істейтіндер  саны  жыл  сайын  орта  есеппен  8-9%-ға  ұлғаяды.  Сонымен, 

2012  жылы  елордалық  денсаулық  сақтау  саласында  7446  медицина  қызметкері 

болған, оның ішінде дәрігерлер – 2725, орта медицина қызметкерлері – 4721 адам 

болды. 2013 жылы олардың саны 8165 адамға дейін өсті (дәрігерлер  – 2986, орта 

медицина қызметкерлері – 5179). 

Медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін жергілікті деңгейде, сондай-

ақ,  алыс  және  жақын  шетелдерде  көтеру  бойынша  жоспарлы  түрде  жұмыс 

жүргізілуде. Біліктілік санаты бар дәрігерлердің үлесті салмағы 45,1%, ал медбике 




24 

 

43,1% құрайды.  



Медицина  қызметкерлерінің  қолжетімділігін  жақсарту  және  оның  сапасын 

арттыру үшін денсаулық сақтау инфрақұрылымы белсенді түрде дамуда. Соңғы 7 

жылда  елордада  12  денсаулық  сақтау  объектісі  салынды,  оның  ішінде  әлемдік 

үздік өндірушілердің соңғы заманауи аппаратурасымен жарақтандырылған 4 жаңа 

стационар, ауысымда қуаттылығы 500 келушіге арналған 6 жаңа емхана салынды. 

Бұл  іс-шаралар  медициналық  қызмет  көрсету  кезінде  емделушілердің  болу 

жағдайын  жақсартуға,  артық  жүктемені  төмендетуге  мүмкіндік  тудырады. 

Емханалардың шамадан тыс жүктемесі 2013 жылғы 2,1 есені құраса, 2015 жылы 

1,2 есеге төмендеді. 

Жұмыспен қамту. Халықтың өнімді жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету 

жөніндегі  саясатты  іске  асыру  «Жұмыспен  қамтудың  жол  картасы  –  2020» 

бағдарламасының  (бұдан  әрі  –  ЖҚБ  2020)  шегінде  2  бағыт  бойынша  бөлінген 

қаржыландыруға сәйкес іске асырылды. 

Солай,  ЖҚБ  2020  «Инфрақұрылымды  және  тұрғын  үй  –  коммуналдық 

шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамту» атты бірінші бағыты шегінде 

2014  жылы  33  инфрақұрылымдық  жоба  іске  асырылды,  олардың  есебінен  1125 

жұмыс  орны  құрылды,  Астана  қаласы  әкімдігінің  «Жұмыспен  қамту  орталығы» 

КММ арқылы 230 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды. Осы бағытты іске асыру 

үшін 2 529,4 млн.  теңге бөлінді, оның ішінде  жергілікті  бюджеттен  – 300,6  млн. 

теңге,  оның  2 514,9  млн.  теңгесі  немесе  99,4%  және  тиісінше  297,3  млн.  теңгесі 

игерілді. 

ЖҚБ  2020  «Жұмыс  берушінің  қажеттілігі  шегінде  оқыту  және  көшіру 

арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу» атты екінші бағыты шегінде кәсіби 

даярлықтан  100  адам,  қайта  даярлаудан  -  164  адам,  біліктілікті  көтеруден  -  22, 

қайта  даярлау  және  біліктілікті  көтеруден  -  278  адам  өтті,  еңбекақыны  ішінара 

қаржыландыру  шартымен  әлеуметтік  жұмыс  орындарына  91,  Жастар  тәжірибесі 

шегінде  толық  субсидиялау  шартымен  –  ТжКБ  және  ЖОО  561  түлегі,  тұрақты 

жұмыс орындарына 3108 адам орналасты. Осы бағыттты іске асыруға 118,2 млн. 

теңге бөлінді, оның ішінде 117,5 млн. теңге немесе 99,4% игерілді. 

Жұмыспен  қамту  көрсеткіштерінің  оң  серпінін  атап  өткен  жөн.  Солай, 

жұмыспен қамтылғандардығң саны 16,7%-ға, 2012 жылғы 5,6 мың адамнан 2014 

жылы 6,5 мың адамға дейін ұлғайды, оның ішінде жастар саны 27,5%-ға, 3,1 мың 

адамнан 4 мың адамға дейін ұлғайды. Ал 2013 жылы жұмыспен қамтылғандардың 

саны 4,7 мың адамды құраған. 2014 жылы жұмыспен қамтылған адамдардың саны 

2013 жылғы 44,4% -ға қарсы 55% құрады. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


25 

 

 



5- диаграмма 

Жұмысқа орналастырудың негізгі көрсеткіштері, орын 

 

 



2015  жылдың  қорытындысы  бойынша  18389  жаңа  жұмыс  орны  құрылды, 

жұмыспен  қамтуға  белсенді  түрде  әрекет  ету  есебінен  7901  адам  жұмысқа 

орналастырылды,  бұл  2014  жылдың  деңгейінен  20,7%-ға  және  2013  жылдың 

деңгейінен  66%-ға  жоғары.  Жұмысқа  орналастырылған  жұмыссыздар  саны 

әлеуметтік қолдауға жүгінгендердің жалпы санының 66,8% құрады. 

2015  жылдың  қорытындысы  бойынша  негізгі  бағыттар  қимасында  жастар 

саясатын қолдауға 590 адам жіберілді, бұл 2014 жылдың деңгейінен 5,2%-ға және 

2013  жылдың  деңгейінен  57,8%-ға  жоғары,  әлеуметтік  жұмыс  орындарына  115 

адам орналастырылды, кәсіби оқытумен 82 адам қамтылды. 

Кәсіпкерлік  қызметті  ынталандыруға  және  қолдауға  бағытталған  шаралар 

2012-2014  жылдар  бойы  54  мың  жаңа  жұмыс  орындарын  құруға  мүмкіндік 

тудырды. 

Осылайша,  жұмыссыздықтың  жалпы  деңгейі  2012  жылғы  5,7%-дан  2013 

жылы 5,5% және 2014 жылдың қорытындылары бойынша 5,1% дейін төмендеді. 

Алайда,  жастар  жұмыссыздығының  (15-28  жастағы)  деңгейі  бұрыңғыша  жоғары 

деңгейде қалып, 2012 жылы – 6,8%, 2013 жылы – 4,9%, 2014 жылы – 6,3% құрады. 

Мемлекеттік және үкіметтік даму бағдарламалары шегінде іске асырылатын 

экономикалық қолдау шаралары жұмыссыздықтың жалпы деңгейін 2015 жылдың 

қорытындысы  бойынша  4,7%-ға  дейін  төмендетуге  мүмкіндік  берді,  бұл 

Қазақстанның өңірлері арасында ең төменгі көрсеткіш болып табылады. Тиісінше 

жастар жұмыссыздығының деңгейі де 0,5%-дан 5,8%-ға дейін төмендеді. 

Елордадағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі басқа облыстардан көші-қон 

есебінен  құрылатынын  айтып  өту  керек.  Осылайша,  шамамен  20  мың  адамды 

құрайтын  жыл  сайынғы  көші-қон  өсімінің  құрылымын  шамамен  60%  еңбекке 

жарамды  халық  құрайды.  Ақмола  облысының  маңындағы  аудандардан  белсенді 

маятниктік  көші-қон  байқалады,  ол  қала  инфрақұрылымы  мен  еңбек  нарығына 

жүктеме түрінде әсер етеді. 

2015  жылдың  1  қаңтарындағы  жағдай  бойынша  орын-жай  бойынша 

тіркелген келушілердің саны 218,2 мыңнан артық болып табылады, оның ішінде 

шетел  азаматтары  –  106,6  мың  адам.  Көптеген  азаматтар  ұзақ  уақыт  елордада 

тіркеусіз тұрады және статистика үшін «көрінбейді», «маятниктік көші-қон» жеке 

санатты құрайды (елорда маңындағы аудандардан). Алдын ала жасалған есептер 




жүктеу 1,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау