21
қайта жаңарту және 12 ғимаратты қайтару іске асырылды. Осылайша, балаларды
мектепке дейінгі біліммен қамту 2016 жылдың басына 64,5 % құрайды.
Қаладағы 7 жасқа дейінгі балалар саны 20%-ға немесе 2012 жылғы 110,8
мың баладан 2015 жылғы 133 мың балаға дейін 32 мың балаға өсті.
Нәтижесінде мектепке дейінгі білім беру саласындағы негізгі проблема
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығы болып табылады,
ол 2012 жылғы 16 мың орыннан 2015 жылғы 17,3 мың орынға дейін 8%-ға
ұлғайды.
Мемлекеттік жалпы орта білім беру жүйесі 8 бірлікке, 2012 жылғы 69
мектептен 2014 жылы 77 мектепке дейін ұлғайды. Оқуында және дамуында
мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін 1 арнайы түзету мектеп – интернаты, 1
кешкі (ауысымдық) мектеп, 1 бала бақша және 11 мемлекеттік емес мектеп жұмыс
істейді.
53 мектептің (2013 жылы – 47 мектеп, 2014 жылы – 49 мектеп) дамуында
мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін инклюзивті оқыту қамтамасыз етіледі.
Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесі
олардың жалпы санының 63,8% құрады. Жалпы алғанда инклюзивті білім беру
қызметтерін 205 бала пайдаланады.
Жалпы білім беру мектептерінде 7154 педагог жұмыс істейді, оның ішінде
54% немесе 3861 адам жоғары және бірінші біліктілік санатына ие. 2013 жылмен
салыстырғанда (5873 педагог) оқытушылар құрамы 21,8%-ға, 2012 жылмен
салыстырғанда (5609 педагог) 27,5%-ға ұлғайды.
Білім беру сапасы деңгейінің көрсеткіштерін талдай отыра, Бірыңғай ұлттық
тестілеу нәтижелері бойынша оқушылардың орта балының 2013 жылғы 81,3
балдан 2015 жылы 86,8 балға дейін ұлғаюының оң серпіні байқалады. «Алтын
белгі» белгісін растаған түлектер үлесі 52,5%-дан 60%-ға дейін ұлғайды.
Жалпы білімдерінің «жақсы» және «өте жақсыға» баға деңгейі бар
оқушылардың саны 2013 жылғы 47,8 мың адамнан 2015 жылы 69,8 мың адамға
дейін ұлғайды. Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың
жеңіскерлерінің саны 114 адамнан 238 адамға дейін өсті. Астана қаласының
командасы жыл сайын 2012 жылдан бері республкиалық олимпиадаларда және
ғылыми жобаларда 1 орынға ие болуда.
6-кесте
Білім сапасының негізгі көрсеткіштері
Индикатор атауы
Өлшем
бірлігі
2013 жыл
2014 жыл
2015 жыл
Бірыңғай ұлттық тестілеу орташа баллы
балл
81,3
87,6
86,8
«Алтын белгі» белгісін растаған түлектер
үлесі
%
52,5
71,2
60
Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми
байқаулар жеңіскерлерінің саны
адам
144
237
238
«Жақсы» және «өте жақсыға» оқығандар
саны
адам
47 800
52 126
69 790
22
Астана қаласының техникалық және кәсіби білім (бұдан әрі - ТжКБ) оқу
орындарының желісі 34 колледжді құрайды, оның ішінде 12 мемлекеттік және 22
жеке меншік колледж. ТжКБ ұйымдарында 1774 педагог жұмыс істейді (2013
жылы – 1903 педагог, 2014 жылы – 1809 педагог).
2012-2014 жылдар бойы өнеркәсіп саласында дайындалған мамандар саны
құрылған жұмыс орындары санынан 1,9 есеге немесе 4104 бос орында
7917 түлекке артық. Осындай ұқсас жағдай көлік және байланыс салаларында да
байқалады, ұсыныстың артықтығы 40% (2965 бос орын болған жағдайда 4250
түлек) құрады.
Қарама – қайшы жағдай білім беруде және денсаулық сақтауда қалыптасты,
бұнда кадрлар шығару мамандарға деген тапшылықты тек қана 72,2% немесе
11821 бос орын болған жағдайда 8538 түлектің орнын толтырды. Құрылыс және
коммуналдық шаруашылық саласында теңгерімсіздік байқалады, онда 3 есепті
жыл кезеңінде (2012-2014 жылдар) 11478 жаңа жұмыс орындары құрылды, ал
кадрлар шығару 1 мың адамды құрады.
Осылайша, ТжКБ мекемелерінің жұмысқа орналастырылған кадрларының
үлесі 80%-дан артық емес, яғни, әрбір бесінші түлек жұмыссыздар нарығын
толықтырады.
Жастар саясаты. 2015 жылдың 1 қаңтарына жастар саны 213,4 мың адамды
құрады, немесе халықтың жалпы санының 25,0%. Елорданың жоғары оқу
орындарында оқитын студенттер саны 2015 жылы шамамен 52,7 мың адамды
құрады, бұл 2013 жылыдң деңгейінен 8,4%-ға (48,6 мың адам) жоғары.
2016 жылдың басына қалада 80-нен астам жастар ұйымдары тіркелген,
алайда, олардың 20-30 ұйымы ғана белсенді түрде жұмыс істейді. NEET жастар
үлесі 2015 жылдың қорытындысы бойынша 6,8% құрайды, бұл 2013 жылдың
деңгейінен 2,5 есеге (17%) төмен және 2014 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға
төмендеді.
Балалар мен жасөспірімдерді толық түрдегі демалыспен және ойын-
сауықпен қамтамасыз ету мақсатында салауатты өмір салты оқуларына тарту
үшін қалада 15 аулалық мектеп ашылды және жақсы жұмыс істеуде, бұнда 5 мың
бала мен жасөспірімдерді тартумен 72 үйірме және спорт секциялары белсенді
түрде жұмыс істейді.
Қаланың жоғары оқу орындарының жанында 20 мыңнан астам адамды
қамтыған 348 демалыс ортылығы жұмыс істейді. Оқу мекемелерінің базасында
жастардың өзін-өзі басқару орындары, яғни Жастар істері жөніндегі комитеттер
өз қызметін атқаруда.
2014 жылы «Астана жастары» КММ ашылды, оның құрамында елордадағы
еңбек нарығын дамытудың ағымдық жағдайлары және негізгі тенденциялары
және болашақ мамандық таңдауда консультативтік көмек көрсету бойынша
15 жастан 17 жас аралығындағы балалардың ата – аналарымен кәсіби бағдарлық
жұмыстар ұйымдастырылды.
Денсаулық сақтау. Астана бойынша негізгі медициналық – демографиялық
көрсеткіштер соңғы жылдары оң тенденцияға ие және орташа республикалықтан
жақсы жағына өзгерумен ерекшеленеді.
Халықтың туылуы 2013 жылғы 27,5-тен 2014 жылғы 28,96-ға дейін және