58
6. Сергеева В.П. Технология деятельности классного руководителя в воспитательной
системе школы. – М.: Изд.: Перспектива, 2008.
Отбасы баланың тұлғалық негізі қаланатын өмір сүру және даму ортасы. Отбасы
баланың жас кезеңінде шешуші рол атқарады:
- баланың физикалық және эмоционалдық дамуын ретке келтіру;
- баланың жыныстық дамуына психологиялық ықпал ету;
- баланың ақыл - ойының дамуына ықпал ету;
- баланы әлеуметтік нормалармен таныстыру;
- құндылық - бағдарды қалыптастыру;
- әлеуметтік қорғау.
Осы қызметтердің жүзеге асырылуына отбасы мүшелерінің әртүрлі ұрпақтарына тән
отбасылық қарым - қатынастың климат, отбасылық өмірдің реті (отбасындағы бір – біріне
деген талаптарының деңгейі), іс - әрекет мазмұны да мүмкіндік жасайды.
Қазіргі таңда бала психикасына жағымсыз әсер ететін көптеген отбасының
материалдық деңгейінің төмендеуі, толымсыз немесе бір ғана баласы бар отбасылардың
көбеюі көрініс беріп отыр. Соған байланысты қазіргі қиын жағдайда отбасына мектеп
тарапынан көмек талап етіледі. Тек педагогтар мен ата –аналар бірлесіп жұмыстар
жүргізгенде ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады.
Отбасы – тұтас қоғамдық организмнің бөлігі, әлеуметтік тәрбие беретін ұжым.
Отбасы тәрбиесінің мазмұны демократиялық қоғамның басты мақсатымен анықталады, яғни
жан – жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Оның құрамдас компоненттері –
денелік, адамгершілік, ақыл – ой, эстетикалық және еңбек тәрбиесі.
В.А.Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің маңызына ерекше
назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында
мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», дейді.
Отбасымен байланыс орнатудың бірқатар психологиялық – педагогикалық
ерекшеліктері бар.
Бірінші ереже: Мектеп пен сынып жетекшісінің отбасымен және жұртшылықпен
жүргізетін жұмысының негізі ата - аналардың беделін көтеру және нығайтуға бағытталуы
тиіс. Сынып жетекшісінің ақыл үйретушілік, көсемдік сөз саптауы өкпе, реніш,
ыңғайсыздыққа негіз болады. «Міндетті», «Қажетті» деген үзілді - кесілді сөздерден соң ата -
ананың ақыл кеңес сұрауға деген ынтасы жоғалады. Ата - аналардың көпшілігі өз
міндеттерін жақсы түсінеді, бірақ тәрбие практикасында өз білгенін көңілдегідей қолдана
алмауы мүмкін. Сондықтан оларға не істеу керек екендігімен бірге қалай істеу керектілігін
білу де маңызды. Осындай жағдайда бала тәрбиесін қадағалау, тәжірибе алмасу,ақыл кеңес,
бірлесе шешім қабылдау сияқты екі жақты да қанағаттандыратын формаға ауысады. Мұғалім
мен ата - ананың арасындағы бірден - бір дұрыс норма - ол бірін - бірі құрметтеу. Сынып
жетекшісі жұмыс әдістері мен түрлерін таңдағанда баланың көз алдында ата - аналардың
беделін көтеру және нығайтуды басшылыққа алуы тиіс.
Екінші ереже. Ата-ананың тәрбиелік мүмкіндіктеріне сенім арту, олардың
педагогикалық мәдениетінің деңгейін көтеру тәрбиелік белсенділігін арттыру.
Үшінші ереже. Отбасының өміріне орынсыз араласуға жол бермейтін педагогикалық
әдеп. Жақсы сынып жетекшісі отбасы үшін бөтен емес, қайта ата - аналар одан көмек күтіп
сеніп, сыр айтады, ақылдасады.Ол отбасы туралы барлық білімін ата - аналардың тәрбие
ісіне көмектесуге, ізгі ниетті орнықтыруға жұмсауы керек.
Төртінші ереже. Тәрбие мәселелерін шешуге өмірге құштар, көтеріңкі көңіл - күйді
басшылыққа алу, жеке тұлғаның табысты дамуына бағыт ұстау, баланың жағымды
қасиеттеріне, отбасы тәрбиесінің күшті жақтарына сүйену.
Оқушы отбасымен байланыс орнату мұғалімнің ең басты міндеті. Ондағы мақсат:
отбасының, оның мүшелерінің өзара қарым- қатынасы мәдениет деңгейін, отбасының жеке
59
басқа ықпалын, ата-ананың педагогикалық білім дәрежесінің жай - күйін анықтап, кеңес
беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.
Ата- аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:
1. Ата - аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат: отбасының, оның
мүшелерінің өзара қарым - қатынасы мәдениет деңгейін, отбасының жеке басқа
ықпалын, ата - ананың педагогикалық білім дәрежесінің жай - күйін анықтап,
кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.
2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз
ету.Ондағы мақсат: өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі - бір мінез - құлық
нормаларын балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын
қамтамасыз ету. Пән мұғалімдері мен ата - аналарды ортақ іске ұйымдастыру.
3. Ата-аналар ұжымын құру. Ата-аналар комитетін, оның жұмыс жоспарын жасау,
оларды мектептегі қоғамдық жұмысқа қатыстыру, атқарылатын істерге талдау
жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді.
4. Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып
отыру (баспасөз бетерінде, радио, көгілдір экран арқылы, педагогикалық білімдер
жетілдіру
университеттерінде,
лекторияларда,
семинарлардла,
ғылыми
практикалық конференцияларда, ата-аналар жиналыстарында педагогикалық
білімді насихаттау).
Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі:
1. Ата-аналарды сыныптағы оқу - тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен
таныстыру. Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге
қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын баяндайды. Тәрбие жоспарымен
таныстырады. Ата-аналармен бірлесіп оны жүзеге асырудың жолдарын қарастырады.Осы
отырысқа сол сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері шақырылады. Олар өздері жүргізетін
пәндердің ерекшеліктері, мазмұны мен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын
орындау жұмыстарына қатысты мәселелермен ата - аналарды таныстырады.
2. Ата-аналармен педагогикалық - психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.
3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру.
- сабақтан тыс әр түрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш,
спорттық жарыстар, т.с.с.)
- жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру (мектеп
бітірушілермен кездесу, соңғы қоңырау, жаңа жыл шыршасы, халықаралық әйелдер
мейрамы, наурыз т.б.
- балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге, апталықтарға, ата - аналардың ашық
есік күніне т.с.с.
- мектептің кәсіптік бағдар беру жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу,
өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары);
- өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын
ұйымдастыру.
- мектептің және сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыруға қатысу,
кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға, матералдық көмек беруге т.с.с.
4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата - аналарға педагогикалық – психологиялық кеңес
беру.
5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық
ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі.
Сынып жетекшісінің ата - аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістері
Сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің, ата-аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне
дәстүрге айналған. Оқушылардың отбасына бару, ата-аналарды мектепке шақыру арқылы
сынып жетекшілері олармен кездеседі. Ата-аналармен әңгімелесудің барысында баланың
мінез-құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі, отбасы мүшелерімен,
жолдастырымен қарым-қатынас жайлы түсінік алады.