22
оқушылардың жеке пәндерден алатын білім, ептілік, дағдылары жай қалыптасады. Оқу
проблемасының ұзаққа созылып өтілуінен, оқушылардың сабаққа болған қызығушылығы
кемиді. Бір дәрістің екіншісінен алшақты болуынан бір сабақта қабылданған ақпарат келесіге
дейін көбіне ұмытылады. Пәндердің тұрақты ауысып баруынан оқушы олардың бірде-біріне
тереңдеп ене алмайды. Бір пәннен екіншісіне өтуде бала қиыншылық көреді, көп уақыт сарп
етеді, ендігі сабақ өткендегіні көлеңкелейді, сонымен әр өткен сабақ өз құндылықтарын
жойып барады. Әр дәріс оқушы үшін – жаңа жүктеме, мұғалімдердің жаңа талаптары, жаңа
мазмұнды материал, жаңа көңіл-күй ықпалдары, т.с.с. осылардың баршасына сәйкес бала
икемделіп, оқу іс-әрекеттерін орындауы шарт. Ал бұл енді қалыптасып жатқан жас буынға
оңай шаруа емес.
Шомдыру оқуында сабақтар топқа (блокқа) келтіріледі, бір күнге не аптаға
межеленіп, қатар өтілетін пәндер саны кемітіледі. Мұндай технология оқу-оқыту процесін
адам қабылдауының табиғи психологиялық ерекшеліктеріне жақындастыра түседі. Сабақта
игерілген материалды ұмытудың алдын алу үшін оны бекіту жұмыстары сол күні жүргізілуі
тиіс, яғни қандай да уақыт аралығында оқушы басқаларына алаңдамай, тек сол пәнмен ғана
шұғылданып, толық шомуы қажет.
Қашықтан оқу технологиясы –бұл осы заманғы телебайланыс, электронды почта,
теледидар және интернет жәрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену қызметтерін
пайдалану. Қашықтан оқу қандай да себептермен білім иеленуге қол жеткізе алмай
жүргендердің бәріне бірдей үйде отырып оқу мүмкіндіктерін ашады (әсіресе мүгедектерге,
зағиптар мен есітуден қалғандарға, т.с.с.).
Оқу технологияларының басқа да түрлері баршылық: әр деңгейлі оқу, толық меңгеру,
ұжымдық ықпалдаса оқу, икемдесе оқу, жобалап оқу, авторлық оқу технологиясы (мысалы,
В.Ф.Шаталов технологиясы) және т.б.
Педагогикалық технология – ғылыми жобаланған және педагогикалық үдерістің
жетістігін қамтамасыз ететін іс – әрекет.
Жаңа педагогикалық технологиялар - білімнің, тәрбиенің оқу-тәрбие үдерісін
ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының,
формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда іс-әрекет оқушының
дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. Ақпараттық технолгияға компютерлік
оқыту технологиясы жатады. Қарым - қатынас технологиясы-педагогикалық процесті жүзеге
асыру үшін педагогикалық міндетті шешуге екі субьект (педагог пен тәрбиеленуші)
қатысады.
Педагогикалық технология ұғымы, арнаулы технологиялық бағыт XXғ. 60 – шы
жылдарында АҚШ және Англияда пайда болды және қазіргі уақытта практика жүзінде
барлық дүниежүзі елдеріне тарады.
Қазіргі педагогикалық технологияны жүйелеумен шұғылданған – Т.К.Селевко.
Тәрбиелеу үрдісіне технологиялық әдіс - тәсілдерді пайдалану.
Білім беру мақсатын жүзеге асыру жағдайында педагогикалық тәрбиелеу үдерісі -
педагогтар мен тәрбиеленушілердің арнайы ұйымдастырылған іс - әрекетін қарастыратын
күрделі үдеріс. Тәрбиелеуде белгілі бір жетістікке жетуде тәрбиенушілер мен педагогтардың
арасындағы қатынас маңызды рөл атқарады және оған көптеген факторлардың да әсері бар.
Соған сәйкес тәрбиелеу технологиясы, нақты тәрбиелеу мақсатына тиімді жолмен жететін
тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің арасындағы қатынасты белгілейтін, ғылыми
негізделген тәсілдер мен әдістерінің жүйесін қамтитын, біріккен іс – әрекет моделінің
барлық бөліктерінде ойластырылған технология деп анықтама беруге болады. Тәрбиелеу
технологиясының тиімділігі көп жағдайда олар жүзеге асыратын педагогикалық жағдайға
тәуелді. Н.Е. Щуркованың пікірі бойынша, ол тәрбиелеу технологиясының жетістіктерін
анықтайды.Тәрбиелеу технологиясының жетістігін анықтайтын педагогикалық амалдарға,
алдымен, педагогтардың жеке ерекшеліктерін жатқызуға болады. Олар: педагог тұлғасының
ерекшелігі – білімдарлық, оның мәдениеті, ізденімпаздығы және ынтасы. Сонымен бірге
23
оның тәрбие үрдісінің заңдылықтарын, балалар психологиясы жөніндегі терең білімінің
болуы диагностикалау әдістерін және т.б. білуі тиіс.
Материалдық жағдай тәрбиелеу технологиясының табыстылығын қамтамасыз ету
тұрғысында аз рөл атқармайды.
Тәрбиелеу технологиясының сипаты оның балаға деген қатынастарына тәуелді. Олар
технологияның ынтымақтастық, еркін тәрбиелеу, авторитарлық немесе бағдарлы типтерін
анықтайды (Г.К.Селевко). Тәрбиелеу технологиясын құру да оқыту технологиясындағыдай
болады, нақты және соңғы күтілетін нәтижелер, тұжырымдалатын мақсаттар қойылады.
Тәрбие технологиясын құруға қойылатын мақсаттар нақты, тұлғаға бағдарланған және
тәрбиелеу үдерісінің заңдылықтарын барынша бейнелегенде ғана, күтілетін нәтижелер оң
көрініс бере алады.
Педагог тәрбиелеу технологиясын құру үдерсінде, диагностикаланатын мақсатты
қоюда бірқатар маңызды мәселелерге жауап беруі тиіс. Оқушыға қандай құндылықтарды,
мағыналы нәрселерді беру қажеттілігін нақты қарастыру қажет. Берілген технологияны
жүзеге асыруда қандай нақты біліктер, дағдылар немесе тұлғалық қасиеттер
қалыптастырылуы тиіс т.с.с.
Тәрбиелеу технологиясының мазмұндық компоненті оның ақпараттықтылығына,
дамытушылығына, дәстүрлілігі немесе тұлғаға бағдарланғандығына, өнімділігіне немесе
өнімсіздігіне байланысты болады.
Н.Е. Щуркованың пікірі бойынша, технология талаптары - тәрбиеленушінің өзіне
қажетті дамытушы іс-әрекеттермен айналысуын, балалар мен тәрбиеленушілердің
арасындағы қарым-қатынастың өз деңгейінде қалыптасуын қамтамасыз етеді. Педагогтың
талаптарын орындау оқушылар үшін жеңілдей түседі, олар бұл талаптарды педагогтың өзі
ойластырғандай етіп емес, қоғам қажеттіліктері мен құндылықтарынан туындаған жалпы
адами не қоғамдық нормалар сипатында қабылдайды.
Технология тәрбиеленушілерге сыйластықпен қарауды жүзеге асыратын құрал
ретінде қабылданады, тиімді жағдайларды қамтамасыз ететін арнайы формада жүзеге
асырылады.
1 – кесте
Этикет
Мажор
Педагогикалық
такт
Адамдардың
бойындағы
оңды қасиеттерге
сүйену
Қызықты
танымдық іс -
әрекеттер
Балаларға
сыйластықпен
қарау
принципін іске асыратын ережелер
Балаларға сыйластықпен қарау принципін
талқылау түрінде де жүзеге асыру (дискуссия)
1. Педагогикалық талап жүйелі түрде
аяғына дейін жеткізілуі тиіс.
2. Педагогикалық талап позитивті
сипатта болуы тиіс.
3.
Педагогикалық
талап
нұсқау
сипатында да болуы мүмкін.
4. Педагогикалық талап баланың даму
кезеңіне қарай ыңғайлы болуы тиіс.
Әрбір баланың дамуы үшін үнемі қамқорлық
жасау.
Балалардың
тәжірибесіздігі
мен
жеке
ерекшеліктерін ескеру.
Педагогикалық технологияны жүзеге асыру шарттары
Тәрбиелеу технологиясын түзу барысында тұлғаның өз әрекеттері мен оның жеке
басының қасиет – сапаларын жан – жақты талдау басты назарда болады. Талдау барысында,
педагогикалық іс-әрекетте кестеде көрсетілген жағдайлардың барлығы көрініс беретіндігі
айқындалады. Егер технология іс - жүзінде толық атқарылмаса немесе оның тиімділігі
төмендесе, қандай компонент жеткіліксіз деңгейде іске асырылғаны талдау барысында