Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет218/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   363

446 

 

педагогикалық  немесе  медециналық  мамандықтары  жоқ  ата-аналар  кей  кездері 



қиыншылықтармен, түсініспеушіліктермен кездесіп қалуы әбден мүмкін. Осыған байланысты 

мұндай кеңестердің маңызы өте зор. 

Педагогтарды отбасымен жұмыс жүргізу шеберлігіне дайындаудың мақсаты  – оларды 

ата-аналармен  және  отбасы  мүшелерімен  мәдени  қарым-қатынас  жасауға  үйрету.  Аталған 

бағыт бойынша мекемеде төмендегідей жұмыс түрлері жүргізіледі: 

Топ ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жоспарын құру бойынша әдістемелік 

көмек көрсету және осы жұмыстарды қадағалау; 

Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың барлығын салауатты рәсімдеуді қамтамасыз ету; 

Отбасы  мүшелірімен  қарым-қатынас  жасау  мәдениеті  бойынша  психолог  тарапынан 

кеңестер беру және осы жұмыстың орындалуын қадағалау; 

Педагогтардың ата-аналар мен мекеме арасында жасалатын келісім-шарттың мазмұнын 

нақты білулерін қамтамасыз ету; 

Ата-аналармен болуы мүмкін келеңсіздіктердің алдын алу жұмыстары; 

Бала құқығын қорғау конвенциясының мазмұнын меңгерулерін қамтамасыз ету; 

Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың мониторингін жүргізу. 

Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жаңа бағыттарын игерудің мақсаты – отбасымен 

қарым-қатынасты  жақсартуға  мүмкіндік  беретін  тиімді  әдіс-тәсілдерді  ендіру,  тәжірибеде 

қолдану. 

Білім кеңістігінде пайда болған отбасымен қарым-қатынастың жаңа формаларын игеру, 

озық тәжірибелерді ендіру; 

Ата-аналардың  белсенділіктерін  арттыруға  мүмкіндік  беретін  дәстүрден  тыс  қарым-

қатынас  түрлерін  тәжірибеде  қолдану  (сайыстар,  рингтер,  дөңгелек  үстелдер,  диспуттар, 

пікірталастар т.с.с.); 

Отбасымен  жүргізілетін  жұмыстар  бойынша  өзінің  жаңа  авторлық  жобасын  ұсынған 

педагогтарға қолдау көрсету. 

Жоғарыда  аталған  жұмыстардың  барлығы  бүгінгі  күні  біздің  мекемемізде  кеңінен 

қолдануда. Әрине, бүгінгі таңда бұл жұмыстар өз нәтижелерін беруде. Дегенмен, отбасымен 

жүргізілетін жұмыстар үздіксіз өзгерістерді қажет  етеді.  Себебі, бүгінгі  күннің ата-аналары 

жаңа заманның, озық технологиялардың адамдары. Осыдан бірнеше жыл бұрыңғы ата-аналар 

үшін балаларының уақытылы тамақтанылуы, қаралуы ғана маңызды болса, бүгінгі ата-аналар 

үшін  аталған  шарттармен  қатар  баланың  сапалы  білім  мен  саналы  тәрбиемен  қамтамасыз 

етілуі  де  аса  маңызды.  Сондықтан  ата-аналар  қауымын  мекеме  жұмысымен  таныстырудың 

бірден бір жолы оларды мекеме жұмысына, яғни бала тәрбиесіне белсендіре араластыру болып 

табылады. Ал ол үшін ата-аналарды мекемеде жасалып жатқан жұмыстарға қызықтыра білу 

керек. 

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1.  Мектепке  дейінгі  кіші  жастағы  (жастан  бастап  жасқа  дейінгі)  балаларды  тәрбиелеу  мен 

оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы 

2. Сейтханова А., Масалимова Э. Балабақша мен отбасы ынтымақтығының бала тәрбиесіндегі 

маңызы // Бала мен балабаша. Ребенок в детском саду 2014-№11-С. 6-7 

3. Турабаева Д. Ата-ана бала арасындаы арым атынас. Бала мен балабаша. Ребенок в детском 

саду// 2014-№11-С. 7-8 

4. Балабақшадағы ата атаналарға арналған консультациялық пунктің жұмысын ұйымдастыру 

жолдары //Бала мен балабаша. Ребенок в детском саду 2014-№5-С. 3-4 

 

 



 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ  

ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ 


447 

 

Мейрманова Д.Б ,Оразалина   А.Р 



№42 « Тілек» балабақшасы 

 

 



Қазақстан  Республикасының  2050  жылға  дейінгі  стратегиялық  даму  бағдарламасында 

білім беруді инновацияландыруға сай қоғамымыздағы болып жатқан  өзгерістер мен еліміздің 

білім  беру  саласының  әлемдік  білім  кеңістігіне  өтуі  білім  беру  саласында,  соның  ішінде 

мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқытуға  уақыт  талабына  сай  өзгерістер  енгізуді  талап  етіп 

отыр.  

Қазақстан  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке халықаралық тәжірибе негізінде 



мектепке  дейінгі  білім  беруге  инновациялық  және    креативті    білім  беру  әдістерін  енгізуді 

тапсырған болатын. 

Қазіргі кезеңдегі білім ғылым  саласында инновациялық педагогикалық технологиялар 

қаншалықты    маңызды  болса,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеуде  де 

педагогикалық  технологиялар  ұғымы  кеңінен  қолданылатын  ұғымдардың  біріне  айналды.  

Бүгінде  мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас 

бөлігіне айналып отыр. Мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты 

– баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып табылады..  

Жаңа заман баласы - ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, 

дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Ол үшін 

мектепке    дейінгі  білім  беру  мекемелерінде  балалардың  жеке  басының  қалыптасуы  мен 

дамуында  педагогтар  педагогикалық  технологияларды  сауатты  да  орынды  қолдана  білуі 

керек.  Яғни,  педагогикалық  технологияны  қолдану  негізінде  келешек  ұрпақтың  еркін 

дамуына,  жан-жақты  білім  алуына,  белсенді,  шығармашыл  болуына  жағдай  жасау  -  қазіргі  

таңда  әрбір педагогтың міндеті. 

Қоғамның  қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі  білім беру жүйесінде 

оқыту,  тәрбие  беру  үрдісін  технологияландыру  -  басты  мәселелердің  бірі.  Осыған  орай 

мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары 

лайықталып енгізілуде. Мұндайда педагогикалық технологияға анықтама берген ғалымдарды 

атап  өтсек  те  болады.  Олар:  В.П.Беспалько,  В.М.Монахов,  В.М.Кларин,  П.И.Третьчков, 

И.П.Сенновский,  Г.А.Монахова    т.б.  ғалымдар    өз    еңбектерінде  осы  мәселені  қарастырып 

өткен. 


Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  дамыту  мәселесі  ұлттық  даму  стратегиясымен  де 

тығыз байланысты, мемлекеттік саясаттың ажырамас бір  бөлігі болып табылады. Бала – біздің 

болашағымыз  болғандықтан,  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқыту  баланың  ғана  емес, 

еліміздің  де  жарқын  болашағының  кепілі.  Қазақстандағы  мектепке  дейінгі  мекемелерде 

балаларды тәрбиелеу мен оқытудың теориялық мәселелерін қарастырған  отандық  ғалымдар 

да  аз  емес.  Олар:  Н.Құлжанова,  В.Н.Андросова,  Л.А.Давиденко,  Е.Б.Дайрабаева, 

Г.И.Исмагулова, 

А.Қаржаубаева, 

Т.Ж.Қалдыбаева, 

А.К.Меңжанова, 

Қ.Қойбағаров, 

К.Сейсенбаев,  Ж.Рысбекова,  Қ.Т.Шериазданова  және  М.Оспанбаева,    Ғ.З.Таубаева  және 

т.б.ғалымдардың еңбектерін атап көрсетуге болады.  

Қазақстандық  ғалымдар  Л.А.Линчевская,  Ш.Таубаева,  Р.Р.Масырова,  В.Я.Никитин, 

С.Улитко,  А.Амирова,  Л.Е.Румянцева,  Т.П.Кучер,  А.Искакованың  еңбектері  де 

республикамыздағы  мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесіне  инновацияның  белсенді  түрде 

ендіріліп отырғанын айқын көрсетеді.  

Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды тиімді қолдану арқылы келешек 

ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай 

жасау бүгінгі таңдағы әрбір педагогтың басты міндеті болып табылады.Білім беру жүйесінде  

ұдайы  қолданылып  жүрген  педагогикалық  технологиялар:ынтымақтастық  педагогикасы, 

білім  беруді  ізгілендіру,  ойын  арқылы  оқыту,  проблемалық  оқыту,  модульдік  оқыту,  тірек 

сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау