Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет217/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   363

444 

 

елінің,  жерінің  тарихы  мен  мәдениеті  туралы  алғашқы  ұғымдарды  кішкентай  кезінен 



қалыптастырамыз. 

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын. Сондықтан оның мәні 

ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола 

ма?» — деп айтқандай баланың өмірінде ерекше орын алады. Ойын мектеп жасына дейінгі 

баланың  жеке  басының  дамуына  ықпал  ететін  тәрбие  құралы.  Ойын  баланың  барлық 

қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңеюіне, тілінің дамуына, 

құрбыларымен жақындасуына көмектеседі. Өйткені бала нәресте шағынан бастап адалдыққа, 

батылдыққа,  мейірімділікке,  еңбек  етуге  тәрбиелеудің  құралы  ойын.  Осыған  орай  бүгінгі 

күндері  тәрбиешілер  алдында  балаға  білім.,  білім  дағдыларын  игеріп  қана  қоймай, 

қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімін, ерік-жігерін жан-жақты етіп дамыту міндеттері тұр. 

Болашақ қоғамымыздың тағдыры да бала тәрбиесіне тікелей байланысты. Қоғамды дамытушы 

да, ілгері апарушы да осы жас жеткіншектер. Тәрбиенің сан қилы дағдыларын бала бойына 

дарытатын  алғашқы  білім  баспалдағы  –  балабақша,  жол  сілтеп,  жетелеп,  үйретуші  — 

тәрбиеші.  Балабақшадағы  тәрбие  –  қазақи  ұлттық  сана,  ұлттық  психология  қалыптасқан 

парасатты,  адамгершілік  қадір  –  қасиеті  мол,  физикалық  және  моральдық  жоғары  белсенді 

жеке адамды қалыптастырып шығару процесі болып табылады. Тәрбиелеу мен білім берудің 

әрекеті практикалық процесс үстінде қалыптастырылады. Тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері 

баланың  осы  іс-әрекет  түрлерін  қалыптастыру  және  оны  белгілі  бір  мақсатқа  бағыттап 

отыруды  көздейді.  Ойнау,  еңбек  ету,  және  білім  алу  барысында  ақыл-ой,  адамгшершілік, 

физикалық және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дәрежеде 

білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық 

өмірдің  әдет  дағыларын  игеруге  бейімделеді.Іс-әрекеттің  тап  осы  түрлерін  ғана  дамыту 

арқылы  тәрбиелеу  білім  беру  міндеттерін  шешуге,  бала  дамуын  дұрыс  жолмен  бағыттап 

отыруға мүмкіндік туады. Жақсы ойнап, еңбек ете білетін әрі оқуға қабілетті баланы ересек 

адамдар мен балалар қоғамында өмір сүруге қажетті қасиеттерді толық игерген тәрбиелі бала 

деп  аталуы  мүмкін.  Жоғарыда  аталып  өткен  іс-әрекеттің  әрқайсысы  бала  дамуына  өзіндік, 

өзіне  тән  үлесін  қосады.  Мысалы,  тәрбиенің  ең  маңызды  міндеті  саналатын  ақыл-ой 

тәрбиесінің өзі бала ойының: еңбегін және балалардың оқуын үнемі бағыттап отыру арқылы 

жүзеге асатыны бізге балаларды тәрбиелеу тәжірибесінен таныс. Адамгершілікке тәрбиелеу 

міндеттері  жөнінде де осыны айтуға болады. Бала өзін-өзі көрсете білсе, ендеше ойын, оқу 

еңбекте  адамгершілікке  тәрбиеленеді  деген  сөз.  Өйткені,  мұнда  олардың  өзара  ересек 

адамдармен  қарым-қатынасы  қалыптасады.  Іс-әрекеттің  әрбір  түрінде  осылайша  өзара 

ұштасып жататын педагогикалық мүмкіндіктерді ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда 

балалардың тіршілік әрекеттерін, тәрбиелік мақсатқа сай ұйымдастыра аламыз. Ойын, еңбек, 

оқу  арқылы  біз  балаларға  белгілі  бір  тұрғыдан  ықпал  жасай  аламыз.  Бірақ  біз  іс-әрекеттер 

ойын,  еңбек,  оқыту  өзара  ұштасқан  жағдайда  ғана  баланың  жеке  басын  дамытуда  толық 

нәтижеге  жете  аламыз.  Балабақшаның  негізгі  міндеті  –  баланың  жеке  басының  бастапқы 

қалыптасуын  қамтамасыз  ету.  Бұл  жас  баланың  ақыл-ойының  дамуы  мен  даярлығы  үшін 

қолайлы кезең. Осы кезеңде бала оқу мен тәрбиені қалыптастыруға, өз қызметін білуге, тілдік 

қатынастың қарапайым тәжірибесінде өзін-өзі таныта білуге, мінез-құлық мәдениетіне, жеке 

гигиеналық және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады. 

Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматық пен имандылыққа баулу – тәрбиенің 

басты  міндеттерінің  бірі.  Сонымен  қатар  ата-аналар  мен  мектепке  дейінгі  ұйымдар  ұлттық 

тәрбиеге де мән бергендері жөн. Бұл саладағы күш – жігер алдымен бүлдіршіндерді отандыққа 

тәрбиелеуге бағытталады. «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін ашқан үйі, ата-анасы, ағайын 

туыстары, туған жері, кең – байтақ гүлжазира даласы, тау – тасы, өзен – көлі, сылдырап аққан 

мөлдір бұлағы бейнесінде қабылданып, ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде үйретуге 

тиіспіз. 

Жас  ұрпақты  кішкентайынан  салт-дәстүрлер  рухында  баулу,  құлағына  сіңіру  әдет-

дағдысына айналдыру – парызды іс. Қазақ сөз өнерін қатты құрметтеген халық: «Жақсы сөз – 

жарым ырыс», «Жақсы сөз жан семіртер. Сонымен қатар балаға «сіз», «рақмет», «кешіріңіз», 



445 

 

«өтінемін» деген сияқты сыпайылықты білдіретін сөздерді үлкендерге айтып жүруге үйрету, 



оған дағдыландыру ата-аналар мен тәрбиешілердің міндеті. 

Халқымыздың дәстүрінде қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлген, жас баланы сәби 

кезінен үлкендермен қол алысып амандасуғы тәрбиелейді. «Көкеңе қолыңды беріп амандас», 

«Ағаңның  қолын  ал»,  «Атаңа  екі  қолыңды  бер»  деп  үйретеді.  Ондай  кезде  үлкендер  яғни 

аталар,  әжелер  «Ой  азамат  болыпты  ғой!»,  «Таудай  бол!»  деп  баланың  қолын  алып,  сәлем 

беруге  ынталандыратын  сөздер  айтып  ынтасын  тудырады.  Баланы  жастайынан  осындай 

инабаттылыққа баулу, ол есейгенде сыпайы, әрі жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болады. 

Болашақ  ұрпақ  тәрбиесін  іске  асырып  отырған  кезкелген  мекеме  үшін  отбасымен 

жұмысты  тиісті  дәрежеде  ұйымдастырудың  маңызы  өте  зор.  Себебі,  отбасы  баланың  түпкі 

тамыры,  болмысын  қалатын  мекен.  Отбасымен  жұмыс  мүмкін  педагогтардың  жүргізетін 

жұмыстарының ең қызықты бір бағыты шығар. Бір жағынан, бұл жұмыс аса бір шеберлікті, 

құпиялықты,  мәдениетті,  білімді,  тәжірибені  қажет  ететін  жұмыстардың  бірі.  Өйткені, 

отбасымен  жұмыс  жүргізген  кезде  түрлі  адамдармен,  түрлі  түсініктермен,  түрлі  мінез-

құлықтармен,  түрлі  қиыншылықтармен  қарама-қарсы  кездесесің.  Осының  барлығынан 

педагогтық абыройыңа кір келтірмей шығу үлкен өнерді қажет етеді. Сол себептен білім беру 

мекемесінде  отбасымен  жүргізілетін  жұмыстарды  әдістемелік  жағынан  орынды 

ұйымдастырудың  маңызы  өте  зор.  Отбасымен  жүргізілетін  жұмысты  әдістемелік  дұрыс 

ұйымдастыру  дегеніміз  не?  Бұл  -  мекеме  ішінде  отбасымен  жүргізілетін  жұмыстарды 

педагогикалық қағидаларға сәйкес, баланы жан-жақты дамытуға қорғауға бағдарланған түрде 

ұйымдастыру.  Отбасымен  жүргізілетін  жұмыстарды  әдістемелік  негізделген,  бала  құқығын 

сақтауға және жағынан белгілі бір ретпен, жүйелі түрде ұйымдастыру жүргізілген жұмыстың 

нәтижесіне әсер етеді.  

Балабақшамен таныстыру жұмысы – жылына 1 рет оқу жылының басында жүргізіледі. 

Бұл  жұмыстың  негізгі  мақсаты  ата-аналарды  балалардың  білім  алу  және  тәрбиелену 

ортасымен таныстыру болып табылады. Яғни, отбасын балалар өмір сүріп отырған ортаның 

материалдық-техникалық  базасымен  және  осы  ортаның  оқу-әдістемелік  қамтамасыздану 

дәрежесімен, педагогикалық ұжыммен, мамандармен таныстыру және осы арқылы олардың 

оң көзқарастарын қалыптастыру, достық қарым-қатынас құру. 

Ата-аналарға арналған ашық сабақтар – отбасына баланың белсенділігін, даму деңгейін 

ғана  көрсетіп  қоймайды,  сонымен  қатар  топ  ішінде  сабақтардың  ұйымдастырылу 

ерекшеліктерімен  де  таныстырады.  Сондай-ақ  балабақшада  балалар  тек  ойын  әрекетімен 

айналысады деген жансақ ойлардан сақтайды. 

Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестер – оқу жылында 1 рет болуы мүмкін. Бұл 

кеңесті  әсіресе  оқу  жылының  басында  өткізген  ыңғайлы.  Көбіне  бұл  бала  тәрбиесінде 

кездесетін өзекті мәселелерге арналады. 

Педагогикалық әңгімелер – отбасына баланы таңертең әкелгенде және кешке әкеткенде 

тәрбиешінің  ата-анамен  әңгімелесуінен  бастау  алады,  тәрбиеші  оларға  бала  тәрбиесіне 

қатысты бағдар көрсетеді, өз ойын айтып, ата-ана ойын тыңдайды. Бұл әңгімені жалпылай да 

өткізуге болады. 

Тақырыптық кеңестер – белгілі бір тақырыпқа байланысты болуы мүмкін. Бұл кеңестерді 

тәрбиеші,  дәрігер,  шектеулі  мамандар  бере  алады.  Тақырыптар  жиі  кездесетін  сұрақтар 

төңірегінде таңдалады. 

Жиналыстар  –  оқу  жылында  бірнеше  рет  ұйымдастырылады.  Баланың  жетістіктері 

жайында ата-аналарға ақпараттар беріліп, топтың түрлі мәселелері шешіледі. 

Дөңгелек  үстелдер  –  еркін  түрде  ұйымдастырылып,  еркін  ашық  әңгімелесуге 

бағытталған.  Бұл  ата-аналардың  ашылып  әңгімелесулеріне  мүмкіндік  береді.  Тақырыптар 

тәрбиешінің қалауымен немесе ата-аналардың сұранысымен таңдалуы мүмкін. 

Конференция  –  түрлі  жағдаяттарды  моделдеу  арқылы  ата-аналарға  балабақшаның 

тыныс-тіршілігін таныстыруға мүмкіндік туады. 

Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету – бұл 

ата-аналарға  бала  дамуындағы  ерекшеліктер  туралы  кәсіби  кеңестер  беру.  Арнайы 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау