Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет113/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   363

233 

 

қобалжуларды бейне арқылы жеткізу болып табылады. Түс көрген адамның сөзі: мен мұны 



сезініп  тұрмын  бірақ  қалай  айтарымды  және  бейнелерімді  білмеймін.  Психоаналитикалық 

бағыттың  негізін  салушы  З.Фрейд  айтқандай  бұл  барлық  уақытта  оңай  емес.Яғни  бұдан 

шығатын қорытынды толығымен сезімдерді жеткізе білгенде ғана, сол кезде  арт-терапия өз 

мақсатына жетіп, эффективті болары сөзсіз. Осы  еңбекте арт-терапия жаттығуларының қазақ 

және  орыс  студент  топтарындағы  агрессия,  мазасыздану  көрсеткіштерін  төмендету  тәсілі 

ретінде қолдандым. 

Арт-терапия  сөзін  қазақшаға  тікелей  аударғанда  «өнермен  емдеу»  деген  мағананы 

білдіреді. Оны ғылымға, жалпы қолданысқа ең алғаш енгізген Адриан Хилл болды. 

Арт-терапияны жеке-дара шығармашылық жұмыс жасау үшін бөлме кең және ешқандай 

кедергілері жоқ, әрі жарық болуы қажет. Топ мүшелері өтіп жатқан арт-терапия жайлы білуіне 

құқы бар. Жұмыс жасау үшін әр түрлі құралдар қолданады: атап айтсақ, мысалы, соус, түрлі 

түсті қарандаштар, әр түрлі мөлшердегі щеткалар, губка, суы бар құты, политра, түрлі-түсті 

қағаздар,  қоржын,  желім,  скотч,  қайшы,  жіп  болмаса  арқан  және  т.б.  Кейбір  сабақтарда 

маталар, батпақ, ермексаз, қамыр, ағаш, үлкен композиция жасау үшін табиғи жане басқада 

химиялық заттарды да пайдалануға болады.  

Алғашқы кезде арт-терапияны ауруханалармен жүйке жүйесіндегі бұзылулары бар ауру 

емдеушілерді  емдейтін  эмоциялық  бұзылулардың  көрінісі  бар  адамдарға  ғана  қолданған. 

Қазіргі  кезде  арт-терапияның  қолданыс  аясы  едәуір  кеңейді  және  ол  өзінің  алғашқы 

психоаналитикалық  негізінен  алыстауда.  Негізінен  арт-терапияны  қолданғанда  ең  бастысы 

жұмыс  барысында  талантын  көрсету  емес,  спонтанды  пайда  болған  қобалжуларын, 

қиындықтарын, бұрынғыдан қалған елестерін суреттеу арқылы жеткізу. 

Сонымен қоса, психотерапевтің шығармашылық жұмыс кезінде топ мүшелеріне көмек 

беруді  және қажет  жағдайда қолдау да көрсетуі керек. Мұндай топтармен жұмыс жасаушы 

психолог  немесе  психотерапевт  көптеген  сапаларға  ие  болуы  керек.  Атап  айтатын  болсақ, 

олар, адамгершілік, басқаларға қандай жағдай болмасын көмек қолын соза білу, тұрақтылық, 

барлық  жағдайда  түсінушілікпен  қарау,  сабырлық,  кішіпейілділік,  төзімдік,  адалдық  және 

тағы осы тұлғалық қасиеттер сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болуы тиіс. [4, с.302]. 

Жүздеген  жылдар  бойы  өнер  адамдар  үшін  ләззат  алу  көзі  болып  келді,  ал  өнердің 

көмегімен емдеу салыстырмалы түрде жаңа феномен. Арт-терапия термині (art-terapy тікелей 

қазақша  баламасы  «өнермен  емдеу»  деген  мағананы  білдіреді)  қолданысқа  1938  жылы 

жоғарыда айтылған Адриан Хилл туберкулезбен ауырған санаториядағылар мен жұмысында 

алғаш  айтқан.  Көп  кешікпей  бұл  сөз  тіркесі  ауруханалармен  психикалық  денсаулық 

орталықтарында жүргізілген өнерге қатысты қызметтің барлық түріне қолдана бастады. Бірақ 

көбнесе  бұл  анықтаманы  өте  кең  мағынада  әрі  нақты  емес  деп  санайды.  Өнерді  сапалы 

терапиялық  мақсаттарда  қолданудағы  құндылығы,  символикалық  деңгейде  әр  түрлі 

сезімдермен  тәжірибе  жүргізу  арқылы  оларға  көрініс  беру  және  зерттеу  болып  табылады. 

Сиволдарды  іске  асыруын  алғашқы  қауымдық  адамдардың  үңгірдегі  суреттерінен  дейінгі 

және  кейінгілерден  байқауымызға  болады.  Біздің  ертедегі  ата-бабаларымыз  сиволикалық 

бейнелерді  өздерінің  әлемдегі  орны  мен  адамның  күнелтуін  айыру  үшін  қолданған.  Өнер 

қоғамдық  құрылыспен  пайда  болған  қоғамның  көрінісі  болып  табылады.  Біздің  дәуірімізде 

бұл  өнердің  жаңа  стилдерінің  пайда  болуы  моральдік,  мәдениеттік  құндылықтардың 

өзгеруінің дәлелдеуіне себеп болды.[5, с.218].  

Арт-терапиямен айналысатын мамандар тек  қана психологтармен және психиатрларға 

қойылған  диагнозды  нақтылауға  немесе  емдеу  тәсілін  таңдап  алуға  балалармен  немесе 

стационарлардағы емделіп жатқан үлкендермен жасалған жұмыстардың талдауларына сүйене 

отырып,көмектескен. 

Жоғарыда айтылғандай арт-терапияның дамуынан психодиагностикалық бағыттар көп 

әсер еткен. Ал дамуына үлес қосқан авторлар ең біріншіден арт-терапия терминін ғылымға 

енгізген: Адриан Хиллдан бастаған жөн болар. Сонымен бірге М.Наумбург, З.Фрейд, К.Юнг, 

Э.Крамер болып табылады.  [25, с.35-39]. 

Арт-терапияны қолдану арқылы қол жеткізуге болатын мақсаттар: 



234 

 



 

Агрессияға болмаса басқада негативті сезімдерге әлеуметтік  

шығар  жолды  табуға  мүмкіндік  береді.  Суреттермен,  мүсіндермен  жұмыс  жасау 

күштеуді бәсеңдетудің қауіпсіз түрі болып табылады. 

Емдеу процесін жеңілдету. Түсініксіз ішкі шиеленістер және қобалжулар көбінесе көру 

бейнелерінің  көмегімен  вербалды  психотерапия  кезінде  сөзбен  айтқанға  қарағанда  көрсету 

оңай. Вербалды емес қарым-қатынас санадан тез шығады. 

Интерпритацияға  және  диагностикалық  қорытындыларға  материалдар  алуға  болады. 

Көркем  шығарманың  өнімі  ұзақ  уақыттылық,  емделуші  оның  бар  екенін  жоққа  шығаруы. 

Терапевтке  емделушінің  көркем  жұмыстың  стилі  және  мазмұны  емделуші  туралы  ақпарат 

береді, сол арқылы терапевт өзінің еңбектеріне интерпритация жасауға болады және жақсы 

көмектеседі . 

Емделушінің басым болуына дағдыланып кеткен ойлары мен сезімдерімен жұмыс жасау. 

Кей  кездері  вербалды  емес  амал,  бірден-бір  күшті  қобалжулармен  сендірулерді 

анықтауға,көрсетуге мүмкіндік береді. 

Терапевт  пен  емделушініңарасындағы  қарым-қатынасты  жақсарту  үшін  көркем  іс-

әрекетке  бірлесіп  қатысу  ол  қабілетті  қарым-қатынас,  эмпатия  және  өзара  түсінушілік 

туындауына әкеледі. 

Ішкі қадағалау сезімін жоғарылату. Суреттермен картиналардан жұмыс болмаса мүсін 

соғу жұмыстарында түстерді және формаларды тәртіпке салу қарастырылмайды. 

Зейінді қабылдауға және сезімдерді шоғырландыру. Таңдамалы өнермен жұмыстар бай 

мүмкіндік  тәжірибе  жасауға  кинестетикалық  және  көру  түйсіктеріне,  қабылдау 

қабілеттіліктерінің дамуына жағдай жасайды.  

Көркемдік  қабілеттерді  дамыту  және  өзін-өзі  бағалауын  жоғарылату.  Арт-терапияның 

соңғы  өнімі  қанағаттану  рахат  алу  сезімі,  ол  жасырын  таланттың  көрінуінің  және  олардың 

дамуының нәтежесі. 

Жоғарыда аталған әсерлерден басқа көркем өнерді психокоррекционды топпен жұмыста 

қолданудың  қосымша  нәтежесі,  қиялға  түрткі  және  дау-дамайға  топ  мүшелерінің  қарым-

қатынасын  дұрыстауға  көмектеседі.  Өнер  қуаныш  әкеледі,  бұл  ешқандай  жағдайға  тәуелсіз 

(өзінен-өзі маңызды), бұл қуаныш біздің санамыздан тыс пайда болады ма, болмаса ол саналы 

әрекеттің нәтежесі ма ол әлі күнге дейін бізге белгісіз. [38,с.105].  

 

Арт-терапия  шектеусіз  және  психотерапияның  барлық  бағыттарында,  педагогикада, 



әлеуметтік жұмыста тағыда басқа салаларда қолданылады. Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің 

жағдайын  әуен,  дыбыс,  қимыл  және  сурет  арқылы  көрсете  алады.  Арт-терапияның 

ерекшеліктері төмендегі кесте 1 көрсетілген. 

 

 

 

 

 



 

 

 



Арт-терапия  

ерекшеліктері 

-Құм терапиясы 

-Күлкі терапиясы 

-Анимал терапиясы 

-Ертегі терапиясы 

-Гүл терапиясы 

-Су-Джок терапия 

-Гүл терапия 

-Музыка терапия 

-Ойын терапиясы 

-Қозғалмалы би терапиясы 

-Драма терапиясы 

-Киндер-сюрприз 

-Қуыршақ терапиясы 

-Саз-балшық терапиясы 




жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау