КЕНЖЕ БАЛАЛАР. Мәдени және тарихи стереотип тұрғысынан
кенже бала – «қиялшыл қаһарман», «авантюрист», салт-дәстүрді
бұзушы, бәріне өз күшімен жетуге мәжбүр («Ер Төстік» немесе
«Алпамыс» ертегілерін есіңізге түсіріңізші). Бұрынғы заманда
оларға ата-анасының мұрасын иелену мүмкіндігі сирек берілген-
діктен, олар үй-жайын тастап, қызық қуып, байлық іздеп, жер
бетінің жаңа түкпірлерін игерумен күн кешкен. Ал қазір, жағдай
өзгерді.
Кенже бала жаңа туылған сәбидің пайда болуынан зардап
шекпейді. Ол отбасы үшін көп уақыт бойы «сүйікті балақай»
болып қала береді, әрі балалық шақты әлдеқашан артқа тастаса
да, оны әлпештеп, бағып-қағуды жалғастыра береді. Ата-ана-
сы кіші баласына көп үміт артпайды, көп қысым жасаймайды.
Сондықтан, оның жетістіктері де аз болады. Ол өзін-өзі тәртіпке
келтіре білмейді, сонымен қатар, оған шешім қабылдау да қиын.
Ол отбасының сүт кенжесі болуға үйреніп кеткендіктен, «басқын-
шыл» болу пайдасыз екенін біледі, сондықтан, қалауына қол
жеткізу үшін өзгелерді алдау-арбау жолдарын меңгереді: бәрі
көретіндей етіп, ренжіп қалады, немесе таңқалдыруға, жағынуға,
алдап-сулауға тырысады.
ОРТАНШЫ БАЛА. Ол - бір мезетте біреуге аға (әпке), ал біреуге
іні (қарындас/сіңілі). Сондықтан, бойына қос топтың да қасиет-
терін сіңіреді, көбінесе, өзін әлдебір топқа жатқызуғы қиналады.
Бірақ, ортаншы балалар бауырларымен тату-тәтті өмір сүруді
үйренуге мәжбүр болғандықтан, әртүрлі адамдармен жақсы
іс жүргізе алады. Сондықтан, олар айтарлықтай икемді және
мәмілегер болып шығады және әртүрлі жағдайларға бейімделе
алады.
ЖАЛҒЫЗ БАЛА көбінесе өзімен жынысы бір ата-анасының
қасиеттерін иеленеді. Әдетте, ол өзін жалғыз қалғанда жайлы
сезінеді, бірақ, қажет болғанда біреу көмек қолын созса, тартын-
бай қабыл алады. Ата-анасы жалғыз баласына үлкен үміт артуға
бейім келетіндіктен, ол әдетте мектепте де, өзі айналысатын
басқа салаларда да үздік болып шығады және қолына алғаны-
ның барлығында бірдей табысты бола алмаса, қатты қамығады.
Жалғыз бала күнделікті басқа балалармен етене араласуға
үйренбегендіктен, ол жақын қарым-қатынастарға әрең үйренеді.
Ол күнделікті өмірде шыңдар мен құздар болатынын қабыл-
дамайды, сондықтан, кәдімгі көңіл-күй құбылуын әрең түсінеді
және қабылдайды. Ол дәл қазір өзіне ашуланып тұрған адам сол
мезетте күліп, қалжыңдайтынына үйренісе алмайды.
169
БІР-БІРІНЕ БАУЫР БАЛАЛАРДЫ
ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
25
Егіздер балалық қызғанышқа мүлдем дерлік бейім емес.
Керісінше, олар бір-біріне көп ықпал етеді және көп жағдайда
бөлек шағын топ (кейде өздерін бір адамдай сезінеді) болады.
Адамдар оларды бір-бірінен ажырата алмаса, мәз-мейрам бо-
лады, емтихандарда немесе балалық тентектіктерде бір-біріне
көмектеседі. Бауырлары немесе сыныптастарының ықпалы өте
аз болады. Осылайша, оларда ұжымдасып әрекет етудің керемет
дағдылары дамиды, бірақ, олардың бір-бірінен айырылуы, жеке
өмірін реттеу үшін болса да, өте қиын тиеді.
БАЛАЛАРДЫҢ БІРЕУІН КӨБІРЕК ЖӘНЕ
ҚАТТЫРАҚ ЖАҚСЫ КӨРУ МҮМКІН БЕ?
Бұл жайтты түсіндіретін себептер айтарлықтай көп.
Біздің елде балалар тәрбиесінде аға буын, яғни, ата-
лар мен әжелер, үлкен рөл атқаратынынан бастайық.
Әдетте, олар жаңа туылған нәрестемен бір пәтерде бірге
тұрады немесе жас ата-анаға үнемі көмектесуді (ең
дұрысы – оларды қадағалауды) өз парызы деп санайды.
Бұл түсінікті де: жас ананың шаруасы бастан асады, ал
тәжірибесі аз, жүктілік пен босану да оңай емес. Сон-
дықтан, әжесі немересін бар махаббаты мен қамқор-
лығына бөлейді, ал сырттан қарағанда осы екі әйелдің
қайсысы баланың нағыз анасы екенін түсіну мүмкін бола
бермейді.
Екінші баламен жағдай мүлдем басқа болуы мүмкін.
Әжесі де қартаяды, анасы да тәжірибе жинап, сенімді,
білікті бола түседі – психологиялық тұрғыдан бірінші
рет нағыз анаға айналады. Айтпақшы, осы жайт балалық
қызғанышты өршіте түседі, анасы балаларына әркелкі
қарағаны үшін өзін кінәлі сезіне бастайды. Сондықтан,
осы желеумен көптеген ақымақтықтар жасалады (үл-
кен балаға көбірек рұқсат беріледі немесе неге оған
немқұрайдылау қарауға болатынына сылтау табылады).
Ұл бала дүниеге келгенде тәңірінің үлкен сыйы саналып,
бала отбасының піріне айналатын жайттар да кездеседі,
бұл ретте, қыз балаға ата-анасы салқын қарайтыны анық
көрінеді. Жалғызбасты аналар ұл балаларын көбірек
және ұзағырақ бағып-қағатыны да белгілі, себебі,
некедегі әйелдерге қарағанда олардың ер азаматтан
айырылу қорқынышы әуел бастан-ақ күштірек болады.
170
БІР-БІРІНЕ БАУЫР БАЛАЛАРДЫ
ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
25
Үйде екі бала болып, оның бірі әкесіне, ал екіншісі -
анасына көбірек ұқсаса (мінезі, стратегия, қабілеттері,
сыртқы келбеті), балаларға көзқарас ата-анасының өз-
өзін бағалауға айтарлықтай тәуелді болуы мүмкін. Егер
ата-ана өзін-өзі жоғары бағаласа, өзінің кішірейтілген
көшірмесіне де жақсы көзқараста болады, ал егер төмен
болса, балаға жани ашиды немесе өзін-өзі осындай
айнадан көргісі келмегендей, баланы жатсынады, сыртқа
тебеді. Егер ерлі-зайыптылар тату болса және бірін-бірін
ұнатса, балаларының бойынан тапқан өздеріне тән қаси-
еттерді жақсы көретін болады (немесе «сенен айнымай
қалыпты» деп, шошынады).
Сондықтан, ұлыңыз да, қызыңыз да бар болса, олардың
арасында басқаларынан артық көретін, бәрі рұқсат
етілетін «еркелер» немесе сіздің жаңсақ наным-сенім-
деріңізден құтылу үшін есеюін мойынсұнып күтіп жүрген
бейшара Күлшеқыздар бар-жоғына назар аударыңыз.
Психологиялық тұрғыдан екеуінің де жаны бәрібір жара-
лы. Біріншілері – ерке-тотай, шынайы және, ең бастысы,
өз бетінше өмір сүруге нашар дайындалған. Екіншілері
- ренжулі, бірақ, азат емес: олар өмір бойы кез-келген
жолмен махаббат пен құрмет дәлелдерін іздеп табуға
тырысады.
БАЛАЛЫҚ ҚЫЗҒАНЫШ
Өте ұзақ уақыт бойы бала – барып тұрған өзімшіл. Ол өзіне
көрсетілетін ата-ана қамқорлығын ешкіммен бөліскісі келмейді.
Сондықтан, әр кез жазаланғанда, оған ренжігенде, оның көзінше
көршінің баласын мақтағанда немесе өзіне артылған үмітті
ақтамағанын басқаша жеткізгенде, оның бойын үрей билейді.
Оған қоса, үйде екінші бала пайда болса, тұңғыш бала өзі жақсы,
тілалғыш, қабілетті және елгезек бола алмағандықтан, ата-анасы
бірінші балаларының дұрыс шықпағанына қынжылып, өздеріне
«қосалқы» бала табуды шешті деп ойлауы әбден мүмкін. Міне,
сондықтан, есейгенде де балалар түйсік деңгейінде бірін-бірі
бәсекелес деп қабылдауын жалғастыра береді және олардың
қарым-қатынастарында төзімділік сондай аз. Сонымен қатар,
бауырлар бір-бірінен қызғанып қана қоймай, бір-бірінен қорға-
нады да, себебі, түйсігінде жаны жай табатын өзінің жеке меншік
аймағын бауырының басып алуынан сескенеді.
Ата-аналар бауырлар арасындағы дау-жанжалдар немесе
бітіспес қызғаныш мәселелеріне қатысты психолог көмегіне
сирек жүгінеді. Әдетте, олар баласының біреуіне ғана, дөрекілеу
және тұйығырағына көмектесуді сұрайды, себебі, оның қоғамға
жат мінез-құлқын өзгертсе, жалпы отбасындағы жағдай жақсара-
ды деп ойлайды. Көбінесе, ата-ана алаңдаушылығын тудыратын-
дар – екінші балалар. Ол балалардың басты мәселесі – оларды
үлгілі-өнегелі етіп тәрбиелеуде.
171
БІР-БІРІНЕ БАУЫР БАЛАЛАРДЫ
ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
25
Достарыңызбен бөлісу: |