Халықаралық «Мирас» мектебі, Алматы қ.
Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012
27
«
Мирас» мектебі MYP бағдарламасы бойынша авторизациялаудан өтті және де енді
бағдарламаның 10-шы сынып студенттерін IB ұйымы MYP бағдарламасы бойынша
бағалауға сәйкестігі бойынша аттестациялайды. Студенттер сертификаттау талаптарына
сәйкес болуы тиіс.
Модерацияның негізгі ұстанымдары
IB
ұйымы өткізетін модерация процесі халықаралық көзқараспен алғанда жетістіктер
деңгейін стандарттауға бағытталған. Бұл процестен соң студенттер халықаралық деңгейде
мойындалатын сертификаттар мен бағалар алады. Бұлар - әрбір студент үшін өте маңызды
құжаттар.
Модерация процесі
Орыс және қазақ тіліндегі бағдарлама бойынша оқып білім алатын, IB ұйымы сертификатын
алуға үміткер студенттері IB ұйымында 10-шы сыныпта қазан айының ортасынан бастап
тіркеледі (өздері оқып үйреніп жатқан барлық пәндер бойынша).
1.
Жыл барысында студенттерді әр пән бойынша ұстанымдарға сәйкес бағалайды.
2.
Наурыз айына қарай әр пән бойынша жұмыс үлгілері студент портфолиосына
жинақталады да, IB ұйымына модерациялауға жіберіледі. Модерация - нәтижесінде
барлық пәндер бойынша бекітілген ұстанымдар бойынша қойылатын бағамен мектеп
мұғалімдерінің қойған бағасын салыстыру процесі. IB ұйымы модераторлары MYP
бағдарламасымен оқытатын мектептің әрбір жұмысын студенттің алған бағасымен
сәйкестігін салыстыра отырып тексереді (Бәрінен бұрын олар әр мұғалімнің ұпай санын
арттыру немесе кеміту жағына қарай отырып, бағалау жүйесін тексереді (IB ұйымы
бекітілген ортақ ұстанымдарға сәйкес). Егер бағалар дұрыс қойылмаса модераторлар
ары қарай студенттердің үлгерімі деңгейін төмендету немесе көтеру туралы сұрақты
шешеді.
3.
IB ұйымы жұмысты модерациялап жатқан кезде, студенттер әдеттегі режимде жұмыс
істейді. Оқу жылының соңына қарай мұғалімдер пән бойынша студенттің тегеуріні мен
табыстар деңгейін көбірек көрсететін ұстанымдар бойынша бағалайды. Ұстанымдар
бойынша қорытындылаушы бағалар есептелінеді және IB ұйымына қарастыруға
беріледі.
4.
IB
модерациясы нәтижесі бойынша әр студент үшін пәндер бойынша жалпы
қорытындылаушы ұстанымдарды анықтайды/белгілейді. Тек осыдан кейін ғана әр пән
бойынша 1-ден 7-ге дейінгі меже бойынша қорытындылаушы бағасы қойылады. Бұл
бағалар әр студентке берілетін MYP сертификатына түседі.
MYP бағдарламасы бойынша үлгерім табелі
IB ұйымында тіркелген және пән бойынша қойылған қортындылаушы бағалар көрсетіледі.
Студенттердің көпшілігі MYP бағдарламасы курсын толық өтеді, және олар бұл жағдайда
үлгерім тәбіліне белгіленетін 8 пән бойынша, Жеке Жоба бойынша бағаларын алады.
Халықаралық «Мирас» мектебі, Алматы қ.
Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012
28
Үлгерім тәбілінде тағы да «Қызмет ету және Қоғам» пәні бойынша аттестациясы қойылады.
Үлгерім табелін MYP бағдарламасы бойынша курсты аяқтаған, IB-ге тіркелген әрбір студент
алады. Мектеп студенттің тіркелгені жайлы, олардың талапты орындағаны немесе
орындамағанына қарамастан IBCA-ны хабарландыруға міндетті.
MYP
сертификаты
MYP-
дің ең жоғары марапаты болып табылатын MYP
сертификатын алу үшін студент
келесі шарттарды орындауы тиіс:
•
MYP бағдарламасы бойынша курс аяқталғанға дейінгі соңғы екі жылда оқуы тиіс;
•
MYP бағдарламасы бойынша 8 пәннің ең болмағанда біріне тіркеліп, одан кем
дегенде 2 бағалау деңгейін алуы тиіс;
•
Жеке Жобасы үшін 3 бағалау деңгейін алуы тиіс;
•
8 пән тобынан және Жеке Жобасы бойынша қосып алғанда, кем дегенде (минимум)
жалпы 36 ұпай (мүмкін болатын 63-тен) алуы тиіс;
•
Мектепте бекітілген «Қызмет ету және Қоғам» бағдарламасын орындауы тиіс.
MYP бағдарламасы бойынша соңғы 2 жыл оқыған, бірақ MYP
сертификатын алмаған
студенттер MYP бағдарламасы бойынша үлгерім тәбілін алады.
Мектеп IB үлгерім тәбілі мен MYP сертификатын модерациялау процесі кезінде қазан айы
немесе қараша айында алады және студенттердің қолдарына тапсырады.
IB
тіркелу жарнасы
Мектеп әр студенттің барлық тіркелу жарнасын төлейді.
Емтихандар
MYP бағдарламасы аясында ешқандай да сырттан болатын бағалау қарастырылмаған, бұдан
шығатыны ешқандай да формалды түрде болатын емтихан қарастылмаған. Дегенмен, осыған
қарамастан, біз келесі мақсаттарды басшылыққа аламыз:
•
Студенттердің ҰБТ немесе IB Дипломдық бағдарлама емтихандарын тапсырған кезде
қажет болатын емтихан тапсыру дағдысын қалыптастыру.
•
Студенттердің оқу жылы барысында орындайтын жұмысына деген қарым-қатынасын
бақылау.
•
MYP бағдарламасының формалды бағалауының негізгі элементтерін әрбір жеке пән
бойынша алу мүмкіндігін ұсыну.
•
Студенттерді барынша егжей-тегжей бағалау үшін пән мұғалімдеріне уақыт беру.
Емтихандар MYP бағдарламасы қарастыратын пәндік ұстанымдар бойынша бағаланатын
тапсырмаларды қамтиды.