Халықаралық «Мирас» мектебі, Алматы қ.
Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012
18
Негізгі мектептің Халықаралық Бакалавриат Бағдарламасы (MYP)
Жалпы мәліметтер
MYP
бағдарламасы 6-шы сыныптан бастап 10-шы сыныпқа дейін жүргізіледі. Бұл
бағдарлама студенттің өмірде өз орнын табатын, белсенді азамат болып қалыптасуы үшін
қажетті болатын білім, білік және дағдыны алуы үшін арнайы әзірленген. Оның мақсаты:
оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның мектептегі оқу мен күнделікті өмір арасындағы
байланыстарды көре білу қабілетін ояту, сондай-ақ өмірдің жаңа жағдайларына бейімделу,
адамдармен тиімді де етене жұмыс істеу, мәселелерді талқылау, мәселелерді қарастырғанда
түрлі шешім нұсқаларын қарастыру қабілетін ашу.
MYP бағдарламасы студенттерге оқу процесіне қатысты барынша жауапты болуға және
нәтижесінде оларды қоршаған ортаны түсінуге көмектесетін ақпараттарды тауып, оларды
күрделі түрде және сыни көзқараспен бағалауға көмектеседі.
Біз бағдарламада оның негізін құрайтын үш концепцияны ұстанамыз.
Оқытуға тұтас қарау қадамы - бағдарламаның негізі - пәндер арасындағы пәнаралық
байланыстар болып табылатын Кіріктіру екендігін білдіреді. Пән арасындағы байланысты
түсіну студенттерге өмірде ұшырасып қалуы мүмкін заттар мен жағдаяттарға кең көзқараста
қарауға көмектеседі, осы қадамның арқасында олар кез келген мәселені шешу кезінде
лайықты шешімдер жасайды, сәйкес қорытынды келтіреді.
Мәдениетаралық сана-сезімді өз елінің мәдениетін түсіну және басқа халықтардың
мәдениетіне құрметпен қарау арқылы дамыту. Қарым-қатынас дағдылары – бағдарламаның
шешуші аспектісі болып табылады. Студенттер өздерінің келешегіне жол ашатын сәйкес
білім мен білікті дамытады, төзімділік, басқа адамдардың мәдениетін құрметтеу,
жанашырлықты сезіну сияқты дағдыларды өз бойында дамытады.
«
Мирастағы» мектеп бағдарламасы мен
«Қоғамға қызмет ету» пәнінің әрекеті әлем
халықтарының алуан түрлі мәдениеті аясында шоғырландырылған. Бұл Алматы қаласының
оқушылары атсалысқан адам құқықтары бойынша халықаралық фестивальдар,
конференциялар, шаралар мен уақиғалар арқылы көрініс тауып отырады. Қазақстан
мәдениетінің ерекшелігін оқып үйренуді бағдарламаның көптеген аспектілерінен бақылауға
болады, мәселен, қала ішіндегі және сыртындағы тарихи орындар бойынша өткізілетін
саяхаттардан жинақтайтын білімдер, студенттердің қатысуымен бірлесе өткізілетін
Қазақстанның ұлттық мерекелері бойынша алатын білімдерін атап өтуге болады.
Біздің Тіл саясатымызды дамыту бағыты - бағдарламаның тікелей бір бөлігі болып
табылады, тиімді түрде тілдік қарым-қатынас жасау дағдыларымен қатар студенттерге
қарым-қатынас әдістемесін жан-жақты қолдануға көмектеседі. Олар өз ой-пікірлерін және
жинақтаған іс-тәжірибелерін сөз арқылы жеткізе алады.
Бағдарламада шет тілін оқып үйренуге айрықша көңіл бөлінеді, сондықтан студенттер өздері
үшін жаңа тіл болып табылатын «Екінші тіл ретіндегі шет тілі (Language B)» бағдарламасы
Халықаралық «Мирас» мектебі, Алматы қ.
Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012
19
бойынша тілді үйренуге тамаша мүмкіндіктерді пайдаланады (қазақ – мемлекеттік, ағылшын
немесе орыс тілі).
MYP
бағдарламасының құрылымы
MYP –
тұрақты түрде жақсарту процесінде болатын мұқият түрде әзірленген оқу моделі
болып табылады. Ол оқытылатын пәндерді пәнішілік және пәнаралық әрекет арқылы
біріктіреді, және үнемі студенттің жеке басының жауапкершілігі мен оның жеке дамуына
басты көңіл бөледі. Мектеп 2004 ж бағдарламасы бойынша авторизацияланды және ендігі
жерде аталған бағдарламаны жинақтаған іс-тәжірибеміз негізінде үнемі дамыту және
жақсарту өзімізге байланысты болады.
MYP
оқу жоспарының моделі
Мына сурет MYP бағдарламасының оқу
моделін көрсетіп отыр. MYP аясында
студенттер түрлі ұстанымдар (белгілер)
бойынша оқып үйрену және бағалау үшін IB
белгілеген 8 пәнді оқып үйренеді. Осы
пәндер арасындағы байланысты түсінуіне
көмектесу үшін барлық оқу пәндері өзара
әрекеттесу саласына шоғырландырылған,
бұл салалар: «Оқуға жасалатын қадамдар»,
«Қоғамға қызмет ету», «Денсаулық және
әлеуметтік білім беру», «Қоршаған орта»,
«Шығармашыл адам». Осылардың барлығы
бағдарламаның кіріктірілетін пәндік негізін
қалыптастырады.
8
пәннен тұратын топ сегіз қырлы денені
қалыптастырады, ол көптеген пәндерді қамтиды: А тілі – бұл мектепте сабақ жүргізілетін тіл
немесе студенттердің ана тілі (ағылшын/орыс тілі және 2009 ж – қазақ тілі), екінші тіл
ретіндегі шет тілі - Language В - (ағылшын/орыс/қазақ тілі), математика, ғылымдар
(биология, химия, физика), ақпараттық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары
(география және тарих), бейнелеу өнері (бейнелеу өнері, драма: ETS – 6-10 сыныптар),
музыка - 6-8 сыныптарға арналған) және дене тәрбиесі.
Өзара Әрекеттесу Саласы
Өзара Әрекеттесу Саласы – академиялық пәндерге жатқызылмайды, себебі олар MYP
бағдарламасының оқу моделінің ажырамас бөлігін құрайтын арнаулы пәндерді
таныстырады. Бұл - ортақ тақырыптар, олар бағдарламаны философиялық және
әлеуметтік мәнге толықтыра отырып кіріктіреді.
IB MYP анықтамалық басшылығы
Өзара Әрекеттесу Саласы – бұл әр пән бойынша жасалатын оқу жоспарының негізі.
Өзара Әрекеттесу Саласы әрбір жеке пән бойынша студенттердің әрекетінің
сипаттамасын көріп біле алатын контекстердің болуын білдіреді. Кейде кейбір