Халықаралық «Мирас» мектебі, Алматы қ.
Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012
1
Студенттер мен ата-аналарға
арналған басшылық
ОРТА МЕКТЕП
Орта мектеп бағдарламасы
2012-2013
оқу жылы
Халықаралық «Мирас» мектебі, Алматы қ.
Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012
2
Мирас
Құрметті ата-аналар мен студенттер!
Студенттеріміз және олардың ата-аналарын жаңа оқу жылында мектебімізде қарсы алуға
шын жүректен қуаныштымыз. Мектебіміздің барлық жаңа студенттеріне, ата-аналарына
Алматы қ. «Мирас» мектебіне қош келіпсіздер дейміз!
Бұл анықтамалық басшылық Халықаралық «Мирас» мектебінде MYP бағдарламасы
бойынша оқып білім алу барысында Сіздерге және балаларыңызға ары қарай көмек беретін
ақпаратты қамтиды. MYP бағдарламасы бойынша MYP үйлестірушілері мен
басқарушыларына сұрақтарыңызды қойып, жауаптарын таба аласыздар. Біз Сіздерді
қызықтыратын сұрақтардың бәріне жауап беруге және ұсыныстарыңызды тыңдауға үнемі
дайынбыз.
Сіздердің назарларыңызға оқу бағдарламасының (Curriculum Outlines) жалпы құрылымы
беріледі, мұнда әр пән саласы бойынша күтілетін нәтижелер көрсетілген, сондай-ақ
қолыңыздағы басшылық сабақ беру әдістемесі, оқыту және бағалау жүйесіне қатысты да
ақпаратты құрайды.
Бәріңізге осы оқу жылында ең ізгі тілектер тілейміз!
Құрметпен,
Орта мектеп бойынша директорлың орынбасары
Нил Крик
Халықаралық «Мирас» мектебі, Алматы қ.
Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012
3
Халықаралық «Мирас» мектебінің мүддесі
Алматы қ. «Мирас» мектебі Халықаралық Бакалавриат Стандарттарын Қазақстан Білім беру
бағдарламасының ең озық элементтерімен кіріктіру негізінде үш тілде оқытудың бірінде
жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз етеді. Мектептің негізгі мақсаты – студенттерді
жасампаз өмір сүруге, басқа халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерін бағалауға және
құрметтеуге үйрету, сондай-ақ жауапкершілікті азамат болуға және әлемдік қауымдастық
тағдырына өзінің қатысы барлығын сезінуге дайындау.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАКАЛАВРИАТ (IB)
Халықаралық Бакалавриат Ұйымы басқа халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерін бағалауға
және құрметтеуге негізделген лайықты әлемді құруға қабілетті, үйренуге құштар, сауаты
жоғары және қағылез жастарды тәрбиелеуге үлес қосады.
Ұйым мектептермен, үкіметтермен, түрлі халықаралық ұйымдармен халықаралық білім
берудің жоғары стандарттарын және дұрыс бағалаудың жүйесін әзірлеу мақсатында
ынтымақтастықта жұмыс істейді.
Халықаралық Бакалавриат Ұйымы Бағдарламалары оқушылардың белсенді өмірлік орны бар
тұлға болуға, өмір бойы білім алуға ұмтылатын, өзінің көзқарасынан айырмашылығы бар
көзқарастарды сыйлай білетін, сүйіспеншілік пен төзімділік танытатын тұлға болып
қалыптасуына ықпал етеді.
Халықаралық «Мирас» мектебіне (
Алматы қ.)
қош келіпсіздер
!
Балалардың оқып білім алуы үшін жасалатын қолайлы жағдай ата-аналар және
студенттермен болатын ынтымақтастық арқылы жүзеге асырылады. Құрметті ата-аналар,
мектеп өміріне қатысты сіздердің тараптарыңыздан болатын ұмтылыстарыңызға ризашылық
білдіреміз. Қолдарыңыздағы Басшылық күнделікті мектеп өмірі туралы, Халықаралық
Бакалавриат Ұйымы және оның бағдарламалары туралы сіздерді қызықтыратын
сұрақтарға жауап тауып беруге көмектеседі. Осы құжат мәтініндегі RTS - орыс тілді
бағдарлама ретінде, KTS – қазақ
тілді бағдарлама ретінде, ал ETS – ағылшын тілді
бағдарлама ретінде оқылады.
Мазмұны
Кіріспе ................................................................................................ Error! Bookmark not defined.
Мектептің стратегиялық мақсаттары ............................................. Error! Bookmark not defined.
Студент келбеті ............................................................................... Error! Bookmark not defined.
Орта мектептің құрылымы .............................................................. Error! Bookmark not defined.
Орта мектептегі мектеп күнінің кестесі ......................................... Error! Bookmark not defined.
Сыныптан тыс жұмыс ...................................................................................................................... 13
Мерекелер, шаралар, семинарлар ................................................... Error! Bookmark not defined.
Ата-аналарды ақпараттандыру ........................................................ Error! Bookmark not defined.