Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы
32
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ
ҤЙЫМДАРЫНЫҢ ҤЛГІЛЕРІ БОЙЫНША
АУЫСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ
ҚАҒИДАЛАРЫ
Білім алушыларды білім беру ұйымдарының
үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау
қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленген және
меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім алушыларды
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру ұйымдарына ауыстырудың және қайта қабылдаудың тәртібін
айқындайды.
Білім алушыларды курстан курсқа, бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір оқу
нысанынан екінші нысанға, бір тілдік бӛлімнен екінші тілдік бӛлімге, бір мамандықтан
екінші мамандыққа, ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру гранты бойынша
оқуға ауыстыру жүзеге асырылады. Ескерту. Білім алушыны ақылы негізден
мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыру Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген Жоғары білім алуға
ақы тӛлеу үшін білім беру грантын беру ережесіне сәйкес білім алу процесінде босаған
білім беру гранттарын беру арқылы жүзеге асырылады.
Күндізгі және кешкі оқу нысанында білім алушылардың ауыстыру және қайта
қабылдау туралы ӛтініштерін қабылдаушы білім беру ұйымының басшысы жазғы және
қысқы демалыс кезеңінде, бірақ кезекті академиялық кезең басталғанға дейін бес жұмыс
күнінен кешіктірмей қарастырады. Сырттай оқу нысанында білім алушылардың
ауыстыру және қайта қабылдау туралы ӛтініштерін білім беру ұйымының басшысы бір
ай ішінде, бірақ қабылдаушы білім беру ұйымының кезекті емтихан сессиясы
басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей қарастырады.
Білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде олардың ӛткен
академиялық кезеңдерде оқыған жұмыс оқу жоспарларындағы пәндердің академиялық
айырмашылығы айқындалады.
Жұмыс оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылықты
қабылдаушы білім беру ұйымы транскриптте немесе білім алуды аяқтамаған тұлғаларға
берілетін анықтамада (бұдан әрі - анықтама) кӛрсетілген оқыған пәндерінің тізбесі,
олардың бағдарламалары мен академиялық сағаттардағы немесе кредиттердегі кӛлемі
негізінде айқындайды.
Білім алушы шетелдік білім беру ұйымынан ауыстырылған немесе қайта
қабылданған кезде меңгерілген оқу бағдарламалары туралы (академиялық анықтама,
транскрипт), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008
жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесінде белгіленген
тәртіппен Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен ӛтуі тиіс білім
берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат ұсынылады. Шетелдік ЖОО-дан
ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде Қазақстан Республикасында жалпы орта (орта
Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы
33
жалпы) немесе техникалық және кәсіптік білім алған тұлғалар да балы белгіленген ӛту
балынан тӛмен емес ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі - ҰБТ) немесе кешенді
тестілеудің ( бұдан әрі - КТ) сертификатын ұсынады. ҰБТ мен КТ-ға қатыспаған немесе
ӛту балын алмаған тұлғалар бұйрық шыққанға дейін КТ тапсырады.
Жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою үшін білім
алушы осы пәндерге жазылады, академиялық кезең ішінде оқу сабақтарының барлық
түріне қатысады, ағымдағы бақылаудың барлық түрін тапсырады, қорытынды
бақылауға жіберілгендігі туралы рұқсат алады. Егер академиялық айырмашылық
пәндері ағымдағы академиялық кезеңнің оқу сабақтарының кестесіне енгізілмеген
жағдайда, білім алушы оларға жазғы семестрге жазылады. 8. Жазғы семестрде
жойылмаған жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылық кейіннен
академиялық берешек ретінде ескеріледі.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ АУЫСТЫРУ
ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ
Егер жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) білім алушылары жеке оқу
жоспарына сәйкес меңгеріп жатқан бағдарламасының бірінші академиялық кезеңін
толық аяқтаса, олар оқудан шығарылғаннан кейін ауыса алады немесе қайта қабылдана
алады. Бұл ретте білім алушы оқудан шығарылған мерзіміне қарамастан кез келген
оқыту нысанына, кез келген мамандыққа және кез келген жоғары оқу орнына ауыса
немесе қайта қабылдана алады. Білім алушыны бір мамандықтан екіншісіне, бір оқыту
нысанынан екіншісіне ауыстыру ақылы негізде оқу үшін ғана жүзеге асырылады.
Білім алушыны ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде олардың әрі қарай оқу
курсы пререквизиттерді есепке ала отырып айқындалады. Білім алу кезеңінде Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштері қатарында әскери міндетін ӛтеуге шақырылған білім
алушылар тиісті курсқа қайта қабылданады. Бұл ретте жоғары оқу орындары ағымдағы
оқу жылы ішінде тапсыруға қажетті пререквизиттер тізбесін анықтайды.
Меңгерілген кредиттерді қайта есептеу білім беру бағдарламаларын, меңгерілген
пәндердің тізбесі мен мазмұнын, олардың кӛлемін, алынған білімді, білікті, дағдылар
мен құзыреттерді, сондай-ақ Дублин дескрипторларына сәйкес кӛрсеткен оқыту
нәтижелерін салыстыру негізінде жүргізіледі. Меңгерілген кредиттерді қайта тапсыру
кезінде қорытынды бақылау нысанындағы айырмашылық ескерілмейді. Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 152
бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген Оқытудың кредиттік
технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларына сәйкес сынақ ең
тӛменгі D (1,0; 50-54 %) және ең жоғарғы A (4,0; 95 -100 %) аралығындағы диапазонда
білім алушының оқу жетістігін бағалаудың әріптік жүйесіне теңестіріледі. Білім
алушыны курстан курсқа ауыстыру жазғы емтихан сессиясының қорытындысы (аралық
аттестаттау) бойынша жазғы семестрдің нәтижелерін және алынған орташа үлгерім
балдарын (GPA - Grade Point Average) ескере отырып жүзеге асырылады. Білім
алушының ЖОО-да белгіленген ауысу балынан тӛмен емес үлгерімнің орташа балына (
GPA - Grade Point Average) қол жеткізуі білім алушыны курстан курсқа ауыстырудың
міндетті шарты болып табылады. Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру ЖОО
басшысының бұйрығымен ресімделеді.
Белгіленген ауысу балына қол жеткізген және келесі курсқа ауыстырылған білім
беру гранты немесе мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі - мемлекеттік