97
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
инвестициясын ақтауы қиын.Қазақстанда франчайзингтің дамуы, тіпті Ресейдің өзінде
жоқ заңдармен реттелгенімен, ел аумағында бұл процестерді үйлестіріп отыратын
мемлекеттік орган жоқ. Франчайзинг Қазақстанға жаңа технологиялар әкеле алады.
Шағын және орта бизнес үшінтөмен пайыздық мөлшерлемемен ұзақ мерзімге берілетін
несиекерек.Бұларада
банктер
айрықша
рөл
атқаруы
мүмкін.
Кез келген франшизаны, әсіресе өндіріске қатысты франшизаны енгізу үшін белгілі бір
мерзім, кем дегенде, екі-төрт жыл керек. Кәсіпкерлердің франшизаға деген
қызығушылығын тудыру үшін оларға осы мерзімге салықтық жеңілдіктер мен басқа да
ынталандыруларқажет
. Ірі бизнес пен кіші кәсіпкерліктің арасында байланыс жоқ. Ірі
компаниялар басқа аудандарда франчайзинг жүйесін емес, филиалдарын ашуды дұрыс
көреді. әлемде ұжымдық және мемлекеттік фрачайзинг те бірдей дамыған. Ірі мемлекеттік
және жеке меншік компаниялар фрачайзинг жүйесі арқылы ірі және кіші кәсіпкерлерге
технологиялар мен бизнеске кіру әдістерін береді. Бірақ Қазақстанда әлі де ірі
компаниялар мен кіші кәсіпкерлердің арасында қатынас аз
[5].
Даму қоры Қазақстан Республикасы халқының бизнес бастау ынтасы мен шағын
және орта кәсіпкерліктің франчайзинг жүйесін пайдалана отырып жаңа бағытта кәсіп ашу
бастамаларын қолдау мақсатында екінші деңгейлі банктерге шарттасып қаржы салу
бағдарламасын жасады. Бұл қаржы одан әрі франчайзингтік жобаларды қаржыландыруға
бағытталуы тиіс. Яғни аталған бағдарлама жасалғанға дейін қандай да бір белгілі брендті
пайдаланып жұмыс істегісі келген кәсіпкерлерде мұндай жеңілдік болған жоқ.
Жоғарыда аталғандай, франчайзинг нарығын дамытуда мемлекет тарапынан
қолдаудың жүзеге асуы өте маңызды.Отандық франчайзингті дамыту үшін аса маңызды
болып «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы (әрі қарай БЖК-2020) табылады.
Бұл бағдарламада франчайзингті дамыту шаралары жазылмаса да, онда көрсетілген
сапалы кәсіпкерлік нарық франчайзингтің дамуына қолайлы болары сөзсіз. Бүгінгі таңда,
бұл бағдарлама ауқымы өте кең және жан-жақты болып табылады.
Кәсіпкерлікті қолдау шаралары жинақталған БЖК 3 негізгі бағыттары бар :
1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;
2) кәсіпкерлік секторды сауықтыру;
3) экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау;
Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты экономиканың шикізат емес
секторының кәсіпорындарын сауықтыруға бағытталуы барысы кәсіпкерлікті қаржылық
қолдау арқылы кәсіпкерлік ортаны сауықтырудың тиімді құралы болып табылады.
Франчайзингтің әлемдік тәжірибесіне талдау жасасақ, онда халықаралық нарықта ұлттық
брендтарды экспорттау үрдісін дамытуға франчайзингтік мәмілені қаржыландырулар
ықпал етті. Ресейдің экспортты қаржыландыруы арқылы ірі американдық
компаниялардың франчайзингтік брендтары әлемнің әр елінде өз фирмалық нүктелерін
ашқанын мысал ретінде келтіруге болады. Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау
франчайзингтің дамуы үшін өте маңызды, Қазақстандық өнімді, яғни Қазақстандық сауда
маркасын экспортқа шығару ұлттық франшизаның экспортталуына әсер етеді.
БЖК-2020 бағдарламасы франчайзингті дамыту үшін қолайлы орта құру үшін
маңызды. Франчайзинг кәсіпкерліктің нысаны ретінде тек қаржылық қолдау арқылы
дамымайды, сонымен қатар, білім, яғни «менеджменттегі ноу-хау» арқылы да даму
үрдісін өткереді. Өйткені, қаржыны дұрыс қолдану туралы білімге негізделген
менеджментті бойына сіңіру арқылы келешегі мол франчайзингтік жүйе құруға ықпал
етеді.
Брендинг – франчайзингтің құрамдас бөлімі, онсыз франчайзингтік жүйелердің
тиімділігі жоғалады. Әлемдік франчайзингтің бар тарихы – бұл брендтар тарихы.
Өкінішке орай, отандық кәсіпкерлер брендинг туралы айтпастан бұрын, тауар таңбаларын
қарапайым тіркеуге көңіл аудармайды. Егер, БЖК бағдарламасының мамандары
кәсіпорынның тауар таңбасының брендингіне назар аударса, кәсіпорын брендты жалдау
мәмілелер санының көбеюі арқылы франчайзинг нарығының дамуына тиімді болатын өз
компаниясының брендын дамытуға мүдделі болады.Бағдарламаның қаржы агенті болып
98
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
«Даму» қоры табылады. «Даму» қоры жоғарыда айтылып өткендей, қазақстандық
франчайзингті дамыту бойынша бастамалардың демеушісі болып табылады. Қор өткізген
шаралар көптеген франчайзерлар мен франчайзиларға, сонымен қатар, франчайзинг
туралы ақпарат іздеуші кәсіпкерлерге көмектесіп отыр. Бірақ, БЖК - 2020 секілді ауқымы
кең мұндай бағдарламаның қаржы агентінің ролінен қордың орны франчайзингті дамыту
институты ретінде ұлғайып келеді[6].
Қорытындылай келе ,әлем негізгі құралы франчайзингтің мегабрендтері болып
табылатын жаһандандыруға жылжып барады. Франчайзинг – болашақтың бизнесі.
Сарапшылар болжамы бойынша 21 ғасырда әлем бизнесінің 50% франчайзинг жүйесімен
жұмыс істейтін болса, екінші жартысы оның жеткізушісі болады. Қазірдің өзінде елдегі
франчайзинг күйі осы елдегі экономиканың даму деңгейі көрсеткіштерінің бірі болып
табылады. Сондықтан да көптеген елдер франчайзингті дамытуға осы қарым-
қатынастарды реттейтін арнайы заңдар қабылдау арқылы көп көңіл бөледі, дамыту және
қолдау бағдарламаларын жүзеге асырады, нарық қатысушыларына арнайы жеңілдіктер
ұсынады. Біздің еліміздеде мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалар құрылып жүзеге
асырылуда.Франчайзинг адал кәсіпкерлікті дамытудың, халықты жұмыспен қамтудың,
әлеуметтік мәселелерді шешудің, бизнестің айқындылыған жоғарылатып, салық
салынатын негізді ұлғайтудың тиімді құралы болып табылады. Сондықтан да
франчайзингті компанияны дамытудың мінсіз түрі ретінде мемлекеттік және мемлекеттік
емес деңгейлерде дәріптеу әр түрлі бастамаларда орын алады. Қазақстанда, сондай-ақ
франчайзингті қолдау және дамыту бойынша белгілі мемлекеттік саясат жүргізіледі.
Сонымен заңнамалық реттеуден басқа ҚР Үкіметі негізгі бағыттарының бірі –
франчайзингті дамыту болып табылатын, ҚР индустриялық-иновациялық дамуының
стратегиясын қабылдады және бірте-бірте іске асыруға кірісті.
Қолданылған дереккөздер тізімі
1. Сейдахметова Ф «Нарықтық экономикадағы кешенді кәсіпкерлік лицензия
(франчайзинг) шартының дамуы» 2013ж
2. Бекнұр Сейітжанұлы «Қазақстандағы франчайзинг» Монография ,. А., 2005
3.
https://business.gov.kz/kz/franchising/kazakhstan-franchising-statistics.php
4.
https://business.gov.kz/kz/franchising/franchising-development-prospects.php
5.
http://malimetter.kz/kazakstan-ekonomikasyndagy-franchajzingtin-orny/
6. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ, Қазақстан
Республикасының Президенті - елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халқына Жолдауы, Астана қ.,
18.01.2014.
Инновационное развитие в Республике Казахстан
Базилбекова М. О.
КазУЭФМТ, г.
Астана
Развитие новых инновационных секторов и создание наукоёмких отраслей
невозможно решить без развития отечественной науки.
Инновационные сектора представляют собой все сектора так называемой «новой
экономики», развитие которых во многом определяется результатами научных
исследований и разработок, в том числе: отрасли мобильных и мультимедийных
технологий, нано- и космических технологий, робототехники, генной инженерии, поиска
и открытия энергии будущего.
Для сохранения высоких темпов экономического роста Республике Казахстан
потребуется реализовать структурные изменения в экономике, необходимые для перехода
на новую стадию развития. Эти изменения включают активное создание новых