Ш.ЕСЕНОВ атындағы
КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Ғылыми кеңестің шешімімен
(21.09.2017 № 1 хаттама)
БЕКІТІЛГЕН
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТІ ӘЗІРЛЕУ ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ
АҚТАУ 2017
2
1. МАҚСАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
1.1 Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және
инжиниринг университетінде (әрі қарай – КМТИУ, университет) оқу-
әдістемелік әдебиет (әрі қарай – ОӘӘ) қолжазбаларын басылымға әзірлеудің
ортақ талаптарын белгілейді.
1.2 Оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу туралы ереже (ары қарай – Ереже)
университет ішінде пайдалануға арналған.
2. НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы Ережені әзірлеуде келесi нормативтік құжаттарға сiлтеме жасалған:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29
қарашадағы № 583 бұйрығымен бекітілген «Оқу-әдістемелік жұмысты
ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесі» (2016 жылғы 18 қаңтардағы №40
өзгерістер мен толықтырулар);
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 21
желтоқсандағы № 644 бұйрығымен бекітілген «Әдістемелік (оқу-әдістемелік,
ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі Ережесі»;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24
шілдедегі № 344 бұйрығымен бекітілген «Оқулықтарды, оқу-әдістемелік
кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, оларға сараптама, сынақ
өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты
ұйымдастыру Ережесі» (2017 жылғы 27 желтоқсандағы №651 өзгерістер мен
толықтырулар).
3. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТІ ӘЗІРЛЕУ ТАЛАПТАРЫ
1. Басылымға қабылданатын ОӘӘ қолжазбаларына оқулықтар, оқу
құралдары, әдістемелік нұсқаулықтар, анықтамалық құралдар мен оқу-
әдістемелік құжаттардың басқа да түрлері жатады.
2. ОӘӘ қолжазбаларын әзірлеуді бастамас бұрын бекітілген пән,
мамандық (мамандандыру) бойынша білім алушылардың әдебиетпен
қамтамасыз етілу деңгейін, бар басылымдардың қайталануын болдыртпау және
жоспарланып отырған басылымның орындылығын айқындау үшін нақты
авторлық библиографикалық ізденіс пен саралау өткізілуі қажет.
Оқулықтар, оқу құралдар ұқсас басылымдар жоқ немесе ескірген сәтте
әзірленуі қажет. Барлық жағдайларда оқу әдебиетінің түрлері пәннің үлгілік оқу
бағдарламаларына, пәннің жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкес болуы және
сол пәнді оқытуда үш жылдық тәжірибе негізінде жазылуы тиіс.
3. ОӘӘ қолжазбалар қолданылатын терминология, түсініктік-дәрежелік
аппараттың ерекшеліктерін аша отырып анық, дәлме-дәл, бейінделген, әсершіл
тілімен орындалуы тиіс. ОӘӘ-тің тілі мен стилі жалпы ғылыми лексика және
фразеологиямен келісілуі тиіс.
3
Пайдаланылатын
түсініктік
аппарат
ортақ
қабылданатын
терминологиялар мен бірегейлі болуы тисті. Басылым тілі студенттердің жалпы
және кәсіби тілінің жоғары мәдениеттілігін тәрбиелеуге жұмсалуы тиісті.
Мәлімет дәлелді (білімге қызығушылығын таныту, оның теориялық және
тәжірибелік маңыздылығын сезіндіру) және түсінікті (бірақ әдейі жеңілдеткен
емес) түрде, проблемалық сұрақтар мен құбылыстарды қамтып, осы ғылымның
даму болашағын ашып, баяндалуы тиісті.
4. ОӘӘ-те иллюстрацияларға арнайы көңілді аудару керек.
Иллюстрациялар әдістемелік мақсатталған, графикалық және көркем
безендірілген болуы қажет. Диаграммалар, графиктер, кестелер және карталар
көзге жеңіл, қарастырылып жатқан құбылыстардың байланысы мен сандық ара
қатынасын ашуы тиісті. Олар білімді игеруді жеңілдету мен кеңістіктік және
бейіндік ойлауды да дамытуға себеп болулары тиісті.
5. Оқулық – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарты (әрі қарай – ҚР МЖБС), үлгілік оқу жоспары және оқу
бағдарламасымен айқындалған пән (пәндер) бойынша білім мазмұнын жүйелі
баяндаудан тұратын және оқу үрдісін ұйымдастырудың негізі болып табылатын
кітап. Оқулық баспа немесе электронды түрде ұсынылады;
Оқулықта пәннің типтік оқу бағдарламасында көрсетілген сұрақтардың
барлығы қамтылуы тиісті. Оқулықтар Қазақстан Республикасының Білім және
ғылым министрлігінің (әрі қарай – ҚР БҒМ) ұсынысы бар болған жағдайда ғана
басылып шығарылады.
Оқулық пәннің үздіксіз білім беруін қамтамасыз етуі тиісті. Оқулық
мәтіні білімді игерудің педагогикалық, психологиялық заңдылықтарын ескеріп,
оқып білуге ыңғайлы түрде баяндалуы тиісті.
Оқулыққа материал жинақтау кезінде кездейсоқ деректерді қолданбай,
әдеттегі құбылыстарды қарау қажет. Материалдардың маңыздысын
қосалқыдан, жалпыны жеке-дарадан ажыратып, түбегейлі маңызы бар оқу
материалын қосып, оның ішінде өзектілігін белгілеп, соның жанында мазмұнын
құру басты талап болып табылады.
Оқулыққа
материалдарды
іріктеу
кезінде
жүйелеуден
басқа
дидактикалық ұстанымдар түрлерінің орындалысын қамтамасыз ету қажет,
олар – білімнің тереңділігі, дұрыстығы, инварианттығы, біртұтастығы мен
кәсібилігі.
Оқулық авторлары пәнаралық байланыстарды, оқыту тәжірибесінде
мамандықтың берілген пәнінен басқа фундаменталдық пәндер бойынша да
үздіксіз дайындық жүргізілуі мүмкін екенін ескергені жөн.
Оқулық мазмұнында әр параграфтың соңында білім алушының өзіндік
білімін тексеруге арналған сұрақтар, өзіндік жұмысына арналған үлгі
тақырыптары қамтылуы тиісті. Оқулықта отандық және шетел әдебиеттерінің
қазақ, орыс және ағылшын тілінде тізбегі берілуі тиісті.
Әдетте, оқулық жазу үшін сол пәннен сабақ беру тәжірибесі болуымен
бірге ұсынылып отырған жарияланымның сынамалы тараулары жеке оқу
құралы ретінде алдын-ала шығарылу керек. Жариялаудың мақсаты –
оқулықтың жоспарын мұқиятты түрде даярлау, басылымның «таяз жерлерін»
және сұранысын анықтау.
4
Оқулықта кітап өнімінің халықаралық стандарты ISBN белгісі және
сәйкес нөмірі болу керек. ISBN белгісі, авторлық құқық белгісі © (copyright),
кітапханалық жіктеу белгісі және басқа да баспа ісінде қабылданған белгілер,
титул бетшесінің екінші жағында қойылады.
Оқулықтың міндетті түрде «грифі» болу керек – ол басылымның пән
бойынша ресми түрде бекітілген көпшілікке танылған білімнің негізгі қайнар
көзі болып табылуын дәлелдейді.
6. Оқу-әдістемелік құрал – білім алушылардың жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру оқу бағдарламаларының мазмұнын меңгеруін
қамтамасыз ету үшін оқу пәнін, оның бөлігін немесе/және жекелеген
тақырыптарын (бөлімдерін) оқыту немесе оқып-үйрету әдістемелері бойынша
материалдардан тұратын оқу басылымы.
7. Оқу құралы – оқулықты толықтыратын немесе ішінара алмастыратын
оқу ақпаратынан тұратын, бағдарламалық материал авторлық түсіндірмеде
таңдалып баяндалатын, бірақ пән немесе оқу жұмысының түрлері бойынша
үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын көрсететін басылым.
Әдетте, оқу құралы пәннің теориялық материалын мазмұндауға
арналады. Оқу құралы ретінде пәннің оқу бағдарламасына үйлеспейтін және
оқу құралының мәртебесіне сай келмейтін монография, әңгімелер және басқа да
жұмыстарды жариялауға рұқсат етілмейді.
Құрал түпнұсқалық материалдар бойынша жазылуы мүмкін, сол себептен
авторлық болып саналады. Сондай-ақ, егер студенттер қолданатын материалдар
пайдалану үшін әдістемелік тиімді тұрде берілген болса, басқа авторлардың
жарияланымдары негізінде де құрастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда құралда
алғашқы әзірлеушілер, даярлаған кафедра (ұжым) және құрастырушылардың
аты-жөндері көрсетіледі.
8. Әдістемелік әзірленімдер (тәжірибелік жұмысқа, зертханалық
сабақтарға,
курстық
жобаларға,
дипломдық
жобаларға,
магистрлік
диссертацияларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар) университеттің
жекеменшік басылымдарына жатады.
Әдістемелік әзірлеме мәтіндерінде оқу, зерттеу немесе әдістемелік
жұмысының белгілі бір іс-әрекеттері (әдістемесі) ашылады. Қажетті болған
жағдайда түсіндіру үшін жеке тұжырымдар, сызбалар, үлгі есептер берілуі
мүмкін.
Әдістемелік әзірлемелерде оқулық, оқу құралдары мен ғылыми
басылымдардағыдай теориялық материалдар баяндалмайды. Әдістемелік
әдебиеттің мәртебесіне сай келмейтін шолулар, дәрістер мәтіндерін, басқа
материалдарды әдістемелік әзірлемелерге жатқызып жариялауға болмайды.
9. Әдістемелік нұсқаулар – тәжірибелік, зертханалық, курстық,
дипломдық және басқа да жұмыстардың әдістемелік орындау материалдарын
қамтитын көлемі 2 баспа беттен кем емес оқу басылымы.
Әдістемелік нұсқауларды әзірлеу кезінде оқу-әдістемелік басылым
жанрының әдістемелік ұсыныстардаң айырмашылығын ескеру керек. Бұл жерде
негізгі айырмашылық материалдың сипаттамасы – егер материал талапты
түрде болса, онда ұсынылған нормаларды, мөлшерлерді, алгоритм қимылдарын
5
және т.б. мүлтіксіз ұстануды талап етеді және әдістемелік нұсқаулық болып
табылады.
Егер материал пайдалануға ұсынылса, ал жолданым иесі (білім алушы
немесе оқытушы) талаптарды орындау немесе орындамауы мүмкін болса, бұл
берілген жанрды әдістемелік ұсыныс деп анықтауға болады.
Әдетте, әдістемелік нұсқауларды құрастыру білім алушыға тәжірибелік
сабаққа, зертханалық жұмыстарға, есептер мен сызбаларды орындауға қажет.
Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар келесі
элементтерді қамтиды:
а) тұспалдау аппараты (алғы сөз, мазмұны, әдебиет, қосымшалар,
қысқартылған және шартты белгілер тізбегі);
б) тәжірибелік іскерлік пен дағдыларды иеленуді ұйымдастыру аппараты
(тәжірибе сабақтарының мазмұны, проблемалық сұрақтардың жауаптары
немесе есептерді шығару мысалдары қарастырылатын сабақ тақырыптарына
сәйкестенуі, тапсырмалар тақырыптары және т.б.).
Зертханалық жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау білім
алушыға зертханалық жұмыстарды белгілі бір курста немесе оның тарауы
көлемінде орындауына көмек көрсетеді. Бұл әдістемелік нұсқаулар келесі
элементтерді қамтиды:
а) тұспалдау аппараты (алғы сөз, мазмұны, әдебиеті, қосымшалар);
б) зертханалық жұмыстарды өткізуінің ұйымдастыру аппараты
(зертханалық жұмыстарының тақырыптары, оларды өткізуінің мақсаты мен
міндеттері, қысқаша теориялық мәліметтері; зертханалық жұмыстарды орындау
реттілігі; зертханалық жұмыстардың тапсырмалары, орындау бойынша
әдістемелік ұсыныстар, тексеру сұрақтары, ұсынылған әдебиеттер).
Тәжірибелік сабақтарды, зертханалық жұмыстарды өткізу жөніндегі
әзірлемелер (лабораторлық практикумдар) берілген пән бойынша сабақ
басталуына бір семестр бұрын, одан кешікпей тапсырылуы қажет.
10. Тәжірибелік сабақтарды, зертханалық жұмыстарды жоспарлау кезінде
жетекші мақсатпен (теориялық жағдайды растау) бірге – тапсырмаларды
орындау кезінде білім алушыда түрлі құралдар, зертханалық жабдықтар,
аппаратуралар, кәсіби тәжірибелік дайындықтың негізін құрайтын қажетті
тәжірибелік іскерлік пен дағдылар, сондай-ақ зерттеу іскерлігі қалыптасатының
ескеру керек (бақылау, теңеу, талдау, тәуелділікті орнату, тұжырым мен
қорытынды шығару, өз бетінше зерттеу жүргізу, нәтижені бекіту).
Тапсырма мазмұнын жоспарлауда берілген уақытта білім алушылардың
көпшілігімен сапалы орындалуын қамту керек.
Курстық жоба, дипломдық жоба, магистрлік диссертацияны
орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар білім алушыға белгіленген
жұмыстарды орындауда көмек көрсетуге арналған және келесі мазмұндарды
қамту тиіс:
а) тұспалдау аппараты (алғы сөз, мазмұны, әдебиет, қосымшалар,
қысқартулар мен шартты белгілер);
б) тәжірибелік іскерлік пен дағдыларды меңгеруін ұйымдастыру
аппараты
(зерттеу
тақырыптарының
мазмұны;
көрсетілген
ғылыми
6
мәселелердің бүгінгі жағдайын талдау, алға қойылған міндеттерді шешу
жолдары, проблемалық сұрақтарға жауаптар беру).
11. Мамандықтардың оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу дәрежесін
анықтауда оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттер басылымдарының барлық
түрлерінің есепке алынады.
12. Барлық оқу пәндерінің мазмұны оқу бағдарламасымен анықталады.
Оқу бағдарламалары типтік, жұмыс бағдарлама және силлабустар болып
бөлінеді.
13. Типтік оқу бағдарламалар (әрі қарай – ТОБ) пәннің міндетті
компоненттері бойынша әзірленеді және оқу саласындағы уәкілетті орган
бекітеді.
14. Жұмыс оқу бағдарламасы (әрі қарай – ЖОБ), силлабустар
(студенттерге арналған пән бағдарламалары) және пәннің оқу-әдістемелік
кешені (әрі қарай – ПОӘК) оқу жоспарының барлық пәндеріне жасақталады
және КМТИУ-дың оқу жұмысы жөніндегі проректоры бекітеді.
Олар міндетті компоненттер пәндері бойынша типтік оқу бағдарламасы
негізінде әзірленеді, ал таңдау компоненттер пәндері бойынша КМТИУ өз
алдына әзірленеді.
15. Жұмыс оқу бағдарламасының және силлабустың түрлерін,
құрылымын, әзірлеу тәртібі мен бекітуін КМТИУ белгілейді.
4. ҚР БҒМ ГРИФІН ТАҒАЙЫНДАУ ҮШІН
ОҚУЛЫҚТАР МЕН ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫН САРАПТАМАДАН ӨТКІЗУГЕ
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
1. Оқу құралдары (автордың қалауы бойынша) ҚР БҒМ республикалық
оқу-әдістемелік кеңесінің оқу-әдістемелік секциясының (әрі қарай – РОӘК
ОӘС) және ҚР БҒМ грифіне, ал оқулықтар тек қана ҚР БҒМ грифіне ұсыныла
алынады.
ҚР БҒМ грифі оқу басылымының мазмұны мен атауы ҚР МЖМБС мен
пәннің міндетті компонентінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келген
жағдайда беріледі.
2. Оқулықтарға (оқу құралдарына) арнайы грифті тағайындау үшін
авторлар ҚР БҒМ РОӘК ОӘС келесі құжаттарды ұсынады:
1) оқу басылымы туралы қысқаша мағлұмат берілген университет
бланкісіндегі жолдама хат, автор немесе ұжым туралы деректер (аты-жөні,
тегі), қолжазбаның атауы, басылым нөмірі (бірінші басылымы немесе қайта
басылымы), көлемі (баспа беті), басылым қандай пән бойынша (ҚР МЖМБС,
ТОЖ-ға сәйкес мамандықтың шарт белгісі көрсетіледі) әзірленді, оқу
басылымы (оқулық, оқу құралы) қандай үлгіге жатады, жоспарланған таралым
мен жарық көретін жылы, оның оқырманға арналған міндеті.
Университет ректоры қол қойған жолдама хат оқу басылымға ҚР БҒМ-
нің грифі берілуін өтінумен аяқталады;
2) қолжазбаның данасы (жұмсақ мұқабада) немесе дайын басылымның
көлемі оқу құралы үшін 6 баспа беттен және оқулық үшін 20 баспа беттен
аспауы керек;
7
3) оқулық үшін пікір беруші қызмет ететін мекеме мөрімен расталған
төрт оң пікір: 1 ішкі, 3 сыртқы әр түрлі мекемелерден (кем дегенде төртеудің
үшеуіне сәйкес ғылым докторлары қол қоюға тиіс);
4) оқу құралы үшін үш оң пікір: біреуі ішкі, екеуі сыртқы (үшеудің
екеуіне әр турлі мекемелерде қызмет ететін ғылым докторлары қол қоюға тиіс);
5) грифті беруді өтінетін университет ғылыми кеңесі отырысының
хаттамасының дәйекті жазылған көшірмесі.
3. Егер оқулық (оқу құралы) оқу үдерісінде пайдалануға сынақтан өткізу
мақсатымен әзірленген болса, онда пәннің кафедрадағы жетекші
оқытушысының бір пікірін тапсыру жеткілікті.
4. Оқулық, оқу құралына ҚР БҒМ грифін тағайындауға ұсыныс беру үшін
университеттің ғылыми кеңесіне автор төмендегі құжаттарды ұсынуы керек:
1) ректордың атына өтініш;
2) кафедра отырысының құптаған шешімі;
3) оқулық пен оқу құралын басылымға ұсыну туралы (кафедраның
шешімі бойынша) факультеттің оқу-әдістемелік бюросының (әрі қарай –
ФОӘБ) шешімі;
4) оқулықты, оқу құралын басылымға ұсыну жөнінде университеттің оқу-
әдістемелік кеңесінің шешімі (әрі қарай – ОӘК);
5) мөрмен расталған оң пікірлер;
6) қазақ (орыс) тілдерінде қысқаша аңдатпа;
7) мемлекеттік стандартқа толықтай сәйкес келетін оқулық (оқу
құралының) үлгісі.
5. ОӘӘ РӘСІМДЕЛУІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Басылымға арналған қолжазбалар А4 пішімінде болуы тиіс және олар
үшін келесі параметрлердің ұсталымы қажет:
1) шет жақтары: үсті, асты, оң жағы, сол жағы – 2 см;
2) жолдардың аралығы – 1 аралық;
3) нөмірлеу үшінші беттің төменгі жағының ортасынан басталады;
4) беттерді нөмірлеу қолжазба терілген шрифпен жазылады;
5) абзац – 1,25 см;
6) негізгі шрифт 14 (Kz Tіmes New Roman – қазақ тілінде, Tіmes New
Roman – орыс тілінде), қосымша шрифт – қазақ және орыс тілдерінде – 12;
7) тараулар мен бөліктер бас әріппен, тармақшалар мен параграфтар кіші
әріппен жазылады;
8) тақырыптары қалың шрифтімен белгіленеді;
9) әрбір бөліктен кейн бақылау жасау үшін сұрақтардың тізімін (бестен
кем емес) қосу қажет;
10) ұсынылатын әдебиет оқулықтың (оқу құралының) соңында
рәсімделеді, онда негізгі 5 және қосымша 10 дереккөзден көп емес әдебиет
көрсетіледі;
11) оқулықтың (оқу құралының) атауы мен негізгі тараулары (бөлімдері)
монографиялық түрде берілмеуі тиіс.
8
6. ОҚУЛЫҚ ЖӘНЕ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ ПІКІРЛЕРІНІҢ
МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1. Пікір екі бөліктен тұрады: паспорттық және бағалау.
2. Паспорттық бөліміне келесілер жатады:
1) қолжазба авторы туралы дерек (автордың аты-жөні, тегі, ғылыми
дәрежесі, атағы, жұмыс орны, лауазымы);
2) пәннің атауы және қолжазба дайындалған мамандықтың шартбелгісі
көрсетілген ҚР МЖМБС, ТОЖ атауы;
3) қолжазба атауы, сериямен «грифі», баспа беттердегі қолжазба көлемі,
формулалар, кестелер, иллюстрациялар саны.
2. Оқу үдерісінде кітаптың жарамдылығы жөнінде дәйекті қорытынды
жасау үшін, пікір беруші бағалау бөлімінің келесі сұрақтарына жауап беру
тиіс:
1) қолжазбаның мөлшері, құрылымы және мазмұны пәннің пәндік
саласына сәйкес келеме (қолжазба құрылымы оның мазмұнына қолжазба
мазмұны МЖМБСпен ТОЖ және міндетті компонентің пәні бойынша типтік
оқу бағдарламасына немесе таңдау компонентің пәні бойынша оқу
бағдарламасына сәйкестігі)?
2) қолжазбалардың мазмұны бүгінгі күннің ғылыми деңгейіне сәйкес келе
ме?
3) қолжазба мәтіні білім алушыларға түсінікті ме, стилдік тәртіптері
сақталды ма, мәтін мазмұнының әдеби деңгейі қандай?
4) оқулық (оқу құралы) бойынша пәнді өз бетімен үйренуге мүмкін бе?
5) тәжірибелік сұрақтардың берілу деңгейі қандай, оның көкейтестілігі?
6) қолжазбада анықтамалық мәліметтер жеткілікті мөлшерде берілді ме?
7) мәтінде анықтаулар белгіленген бе, олар қаншалықты нақты, түсінікті
және стилистика жағынан дұрыс берілген?
8) баяндалған материалдың фундаменталды және аралас пәндермен
байланысы (қалай және неден көрініс алады)?
9) жүйесі мен өлшем бірлігі дұрыс таңдалған ба, стандарттар сақталды
ма?
10) қолжазбада ғылыми әдістемелік, тәжірибелік немесе басқа да
элементтер бар ма, немесе дәстүрлі стилде жазылды ма?
11) қолжазбада анықтамалық-ізденіс аппарат элементтері берілді ме
(сілтемелер, анықтамалық мәліметтер, библиографиялық тізімдер)?
12) қолжазбада тарихи шолу және пәндік саланың даму эволюциясы
қамтылды ма және оқытылатын пән төңірегіндегі негізгі мамандар жөнінде
библиографиялық материалдар берілді ме?
13) бұдан бұрын шығарылған авторлардың басылымдарына келе ме,
басқа басылыдардан алынған материалдарға сілтеме бар ма?
14) мазмұнның жаңалығы;
15) оқулықтың (оқу құралы) мазмұнына және рәсімдеуіне қойылған
психологиялық-педагогикалық талаптарының сақталу деңгейі;
16) гриф берілуінің орындылығы (орынсыздығы);
9
17) авторға қолжазбаны жөндеуге, толықтыруға, қателерін түзеуге
ұсыныстар.
3. Пікірдің соңында пікір берушінің аты-жөні, тегі, лауазымы, ғылыми
дәрежесі, ғылыми атағы, пікір берушінің атқаратын мекемесінің атауы мен
мекенжайы, жұмыс телефоны, электрондық поштасының мекенжайы
көрсетіледі.
Пікір берушінің қолы қызмет ететін жұмыс орнында расталады.
7. ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕЛЕРДІҢ ПІКІРІНІҢ
МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1. Әдістемелік әзірлемелерге бір оң пікір тапсырылуы қажет.
2. Пікірдің паспорттық бөлімі төмендегілерді қамтиды:
1) қолжазба авторы туралы мәлімет (автордың/авторлардың аты-жөні,
тегі, ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны, лауазымы);
2) пәннің атауы және қолжазба дайындалған мамандықтың шартбелгісі
көрсетілген ҚР МЖМБС, ТОЖ атауы;
3) қолжазба атауы, қолжазбаның баспа беттік көлемі, формулалар,
кестелер, иллюстрациялар саны.
3. Пікірдің бағалау бөлімі төмендегі сұрақтарға жауаптарды қамтиды:
1) қолжазбаның мөлшері, құрылымы және мазмұны пәннің пәндік
саласына сәйкес келе ме (қолжазба құрылымы оның мазмұнына қолжазба
мазмұны МЖМБСпен ТОЖ және міндетті компонентің пәні бойынша типтік
оқу бағдарламасына немесе таңдау компонентінің пәні бойынша оқу
бағдарламасына сәйкестігі)?
2) қолжазбалардың мазмұны бүгінгі күннің ғылыми деңгейіне сәйкес келе
ме?
3) қолжазба мәтіні білімалушыларға түсінікті ме, стилдік тәртіптері
сақталды ма, мәтін мазмұнының әдеби деңгейі қандай?
4) тәжірибелік сұрақтардың берілу деңгейі қандай, оның көкейтестілігі?
5) қолжазбада анықтамалық мәліметтер жеткілікті мөлшерде берілді ме?
6) мәтінде анықтаулар белгіленген бе, олар қаншалықты нақты, түсінікті
және стилистика жағынан дұрыс берілген?
7) жүйесі мен өлшем бірлігі дұрыс таңдалған ба, стандарттар сақталды
ма?
8) қолжазбада ғылыми әдістемелік, тәжірибелік немесе басқада
элементтер бар ма, немесе дәстүрлі стилде жазылды ма?
9) қолжазбада анықтамалық-ізденіс аппарат элементтері берілді ме
(сілтемелер, анықтамалық мәліметтер, библиографиялық тізімдер)?
10) бұдан бұрын шығарылған авторлардың басылымдарына келе ме,
басқа басылымдардан алынған материалдарға сілтеме бар ма?
11) мазмұнның жаңалығы;
12) авторға қолжазбаны жөндеуге, толықтыруға, қателерін түзеуге
ұсыныстар.
4. Пікірдің соңында пікір берушінің аты-жөні, тегі, лауазымы, ғылыми
дәрежесі, ғылыми атағы көрсетіледі.
10
Пікір берушінің қолы қызмет ететін жұмыс орнында расталады.
8. ОӘӘ БЕКІТУ ЖӘНЕ БАСЫЛЫМНАН ШЫҒАРУ ТӘРТІБІ
1. Автор ОӘӘ қолжазбасын кафедра отырысында қарауға келесідей
өтініш білдіреді: сынақтан өткізу мақсатымен оқу үдерісінде пайдалану үшін
басып шығару немесе ҚР БҒМ РОӘК ОӘС және ҚР БҒМ грифін алу
мақсатында ашық басылымда шығару.
2. Кафедра талқылау нәтижесінде оң шешім қабылдаған жағдайда,
қолжазбаға эксперттік қорытынды алу үшін ФОӘБ-ға жіберіледі (кезекті
отырысқа 2 аптадан кем емес уақыт қалғаннан кешіктірмей).
3. Қолжазбаға тіркелінеді:
1) кафедра отырысы хаттамасынан көшірме;
2) пікірлер.
4. ФОӘБ отырысында пікір берушінің тұжырымы жарияланады,
қарастырылады, нәтижесі бойынша ФОӘБ отырысының хаттамасы және
университеттің ОӘК отырысында қарауға ұсынылған ОӘӘ үшін хаттаманың
көшірмесі рәсімделеді.
5. Университеттің ОӘК отырысында қарауға ұсынылған ОӘӘ
талқыланған соң:
1) отырыстың хаттама көшірмесі рәсімделеді:
2) басып шығаруға ұсынылған әдістемелік әзірлемелерді оқу ісі жөніндегі
проректор бекітеді;
3) ОӘӘ-тің тиражы анықталып, редакциялық-баспа бөліміне басылымға
жіберіледі.
9. ОҚУЛЫҚТЫҢ (ОҚУ ҚҰРАЛЫНЫҢ) ҚҰРЫЛЫМЫ
1. Оқулықтың (оқу құралының) элементтері: мұқабасы, титулдық
беті, титулдық беттің келесі беті, негізгі мәтін, анықтамалық аппарат.
2. Оқулықтың (оқу құралының) мұқабасы төмендегілерден тұрады (1
қосымша):
1) автор (лар) туралы мәлімет: аты-жөнінің бірінші әріптері, тегі;
2) атауы;
3) орны (қала) және басылым жылы.
3. Оқулықтың (оқу құралының) титулдық беті төмендегілерді
қамтиды (1 қосымша):
1) автор (лар) туралы мәлімет: аты-жөнінің бірінші әріптері, тегі;
2) атауы;
3) ОӘӘ түрі (оқулық, оқу құралы)
4) орны (қала) және басылым жылы.
4. Оқулықтың (оқу құралының) титулдық келесі беті төмендегілерді
қамтиды (1 қосымша):
1) УДК;
2) пікір берушілер туралы мәліметтер;
3) библиографиялық сипаттама;
11
4) оқулыққа (оқу құралына) аңдатпа;
5) грифі, бұл басылымды оқулық (оқу құралы) ретінде белгіленген
мамандықтың (мамандықтардың) студенттеріне пайдалануға рұқсат етілуі.
6) ISBN.
5. Негізгі мазмұны.
6. Әдебиеті.
7. Қосымшалар.
8. Оқулықтың (оқу құралының) ең соңғы беті (қосымша 1):
1) автор (лар) туралы толық мәлімет;
2) ОӘӘ түрі;
3) шығу мәліметі.
10. ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1. Әдістемелік әзірлемелердің элементтері: мұқабасы, титулдық бет,
титулдық беттің келесі беті, негізгі мәтін.
2. Әдістемелік әзірлемелердің титулдық беті төмендегілерді қамтиды:
(қосымша 2):
1) министрліктің, ЖОО, кафедраның толық атауы;
2) автор (лар) туралы мәлімет: аты-жөні, тегі;
3) атауы, пәні, мамандықтың шифрі;
4) орны (қала) және басып шығарған жылы.
3. Әдістемелік әзірлемелердің титулдық келесі беті төмендегілерді
қамтиды (қосымша 2):
1) УДК;
2) әдістемелік әзірлеменің қарау және бекіту кезеңдері;
3) автор (лар) туралы мәлімет;
4) пікір берушілер туралы мәлімет;
5) әдістемелік әзірлемеге аңдатпа;
4. Негізгі мазмұны.
5. Әдебиет.
6. Қосымшалар.
7. Ең соңғы беті: шығу мәліметі.
12
Қосымша 1
Г.Д. Аманиязова
Г.У. Джолдасбаева
МҰНАЙ ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ
АҚТАУ 201_
13
Г.Д. Аманиязова
Г.У. Джолдасбаева
МҰНАЙ ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ
Оқу құралы
АҚТАУ 201_
14
УДК 665.6/7 (075.8)
Пікір берушілер: О.А Яновская, экономика ғылымдарының докторы,
профессор;
Г.Т. Шакуликова, экономика ғылымдарының докторы,
профессор;
Г.Т. Абдрахманова, экономика ғылымдарының докторы,
қауымдастырылған профессор;
Д 42. Г.Д. Аманиязова, Г.У. Джолдасбаева Мұнай өндіруші
кәсіпорындарының экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2014. -
302 б.
Мұнай
өндіруші
кәсіпорындарының
экономикасы
саласындағы
мәселелері толыққанды қамтылған. ҚР мұнай саласының бүгінгі ахуалы,
проблемалары, даму перспективалары, соның ішінде мұнай және газ
өнеркәсібі, кәсіпорынның негізгі қорының құрамы, айналым қаражаты,
қызметкерлер құрамының құрылымы, қызметшілердің төлем ақысы, өндіріс
шығының қалыптасуы, бағаның құрылуы, кірістің қалыптасуы және
табыстылығы, кәсіпорын қаражаты, инновациялық қызметтері, банкрот болу
және қалпына келуі бойынша сұрақтар қарастырылған.
Мұнайгаз кешені кәсіпорындарының экономикасын оқитын экономика
және техникалық мамандықтарының студенттеріне және оқытушыларға,
өндіріс басшыларына, мұнайгаз өнеркәсіп саласының мамандарына арналған.
Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің «Элеуметтік ғылымдар және
бизнес» мамандықтары топтары бойынша Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ оқу-
әдістемелік секциясы басылымға ұсынған.
ISBN 978-601-226-083-0 © Г.Д. Аманиязова, Г.У., Джолдасбаева, 2014.
© ЖШС ««Экономика баспасы», 2014.
15
Гүлімай Демегеновна АМАНИЯЗОВА,
Гүльсара Узбековна ДЖОЛДАСБАЕВА
МҰНАЙ ӨНДІРУШІ
КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ
Оқу құралы
Редакторы Л.Ф.Бондарцова
Компьютерлік терілім М.С. Нусупалиева
Мұхабасының суретшісі К.Т. Мышбаева
Баспаға қол қойылды 08.07.2014.
Формат 60х84 . Көлемі 18,8 п.л. Б.б. 17,5.
ОӘӘ 14,3. Таралымы 500 дана. Тапсырыс 3/70-11.
ЖШС «Экономика» баспасы»
050063, Алматы қаласы, Саин көшесі, 81.
16
Қосымша 2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
БЕКІТЕМІН
Оқу жұмысы жөніндегі проректор
____________
____________
«____________________________________________________________________» факультеті
(факультет атауы)
«____________________________________________________________________» кафедрасы
(кафедра атауы)
«______________________________________________________________________________»
(шифр-мамандық атауы)
мамандығының
«_____________________________________________________________________________»
(пәннің атауы)
пәні бойынша
ТӘЖІРИБЕЛІК (ЗЕРТХАНАЛЫҚ) САБАҚТАР ӨТКІЗУГЕ
АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
АҚТАУ 201_
17
УДК ...
«___________________________________________________________________________»
пәні бойынша тәжірибелік (зертханалық) сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулық
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесі бекіткен (______________ күнгі № _____ хаттама);
Факультеттің оқу-әдістемелік бюросы ұсынған (_______________ күнгі № _____ хаттама);
Бюро төрағасы (төрайымы)
(қолтаңбасы)
(аты-жөні, тегі)
Кафедра отырысында мақұлданған (_______________ күнгі № _______ хаттама);
Кафедра меңгерушісі
(қолтаңбасы)
(аты-жөні, тегі)
Құрастырған:
(лауазымы)
(қолтаңбасы)
(аты-жөні, тегі)
Пікір беруші:
(лауазымы)
(қолтаңбасы)
(аты-жөні, тегі)
Андатпа:
Достарыңызбен бөлісу: |