Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары Том 1



жүктеу 4,81 Mb.
Pdf просмотр
бет151/228
Дата14.01.2020
өлшемі4,81 Mb.
#26556
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   228

305 

Open  access:

 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/



  

 

 



4  Өнімнің  бәсекеге  қабілеттілігі:  оқу  құралы  /  Е.  Әмірбекұлы.  –  Алматы: 

Экономика, 2009 – 120б. 

5  Габдулина А.С. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату 

// Евразийское сообщество – 2010.– №1. – С. 48-53. 

 

 

 



Өнеркәсіп саласын индустриялды –инновациялық дамытудың ерекшелігі 

 

Маханбетова Ұ.Р., Сапарова А.А. 



Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ. 

E-mail: 


Saynura_1977@mail.ru

 

 

Қазақстан  өз  дамуының  жаңа  сатысында  -  өзінің  жаңа  қоғамдық  құрылғысын 



қалыптастыру  сатысында  тұр.  Қазақстанның  бұл  сатыда  одан  әрі  дамуы  көбіне  оның 

экономикалық  әлеуетінің  ауқымдылығына  байланысты.  Қазақстан  экономикасы 

жүргізіліп жатқан қоғамдық қайта құрудың материалдық базасы ретінде күрделі салалар 

кешенін  құрайды,  оның  ішінде  ерекше  орынды  дәстүрлі  түрде  өнеркәсіпке  береміз. 

Өнеркәсіп – материалдық өндірістің ең басты және жетекші саласы. Ол өндірістік күштер 

мен өндірістік қарым-қатынастардың дамуына шешуші ықпал жасайды. 

 

Өнеркәсіп және әсіресе ауыр индустрия экономикадағы кеңейтілген ұдайы 



өндірістің  негізі  болып  табылады.  Ауыр  индустрия  бүкіл  халық  шаруашылығында 

техникалық  прогресті  қамтамасыз  ете  отырып,  өнеркәсіптік  өндірістің,  ауыл 

шаруашылығының,  көліктің,  байланыстың,  құрылыстың,  сауданың  барлық  салаларын 

озық  технологиялармен  қаруландырады.  Өнеркәсіпті,  ең  алдыменен  ауыр  индустрия 

салаларын одан әрі дамыту біздің еліміздегі экономикалық әлеуетті қайта өрлетудің және 

әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  дамуды  қамтамасыз  ету  міндеттерін  ойдағыдай 

шешудің маңызды алғышарттары болып табылады [1].  

Еліміздің  экономикасында  өнеркәсіптің  құрылымы  күрделі.  Өнеркәсіп  саласы 

бірнеше  кәсіпорындардан  және  өндіретін  өнімнің  түрлері  мен  технологиялық 

ерекшеліктерге байланысты бөлінеді. 

Соңғы  жылдары  ғылыми-техникалық  үрдіс,  әсіресе,  машина  жасау  өндірісінің 

салалық  құрылымына  үлкен  ықпал  етті,  бұл  электр-энергетика,  құралдар  жасау  секілді 

салалардың:  есептеу  техникалары  құралдары,  компьютерлер  өндірісі,  күрделі 

технологиялық  процестерді  бақылау  және  реттеу  құралдары,  роботтар  және  т.б.  ішкі 

салаларының  дамуына  қол  жеткізді.  Металлургия,  химия  және  өнеркәсіптің  басқа  да 

салаларының жаңа бөлімдері ашылды. Өнеркәсіптің жаңа саласы – микробиология пайда 

болды. 

Өнеркәсіп өндіретін және өңдейтін болып бөлінеді. Өндіретін өнеркәсіпке рудалық 



және  рудалық  емес  шикізаттарды  өндіру,  байытумен  байланысты,  сондай-ақ  теңіз 

жануарлары,  балық  аулау,  басқа  да  теңіз  өнімдерін  өндіру  сияқты  салалар  кіреді. 

Өңдейтін  өнеркәсіпке  өндірілген  өнеркәсіп  өнімдерін  қайта  өңдеу  кәсіпорындары, 

жартылай  дайын  өнімдер  және  ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  қайта  өңдейтін  салалар 

кіреді. 

Барлық  өнеркәсіп  экономикалық  мақсаты  бойынша  үлкен  екі  топқа  бөлінеді: 

өндіріс құралдарын өндіру (А тобы) және тұтыну заттары өндірісі (Б тобы). Өнеркәсіпті А 

және Б топтарына бөлу өнеркәсіп өндірісінің салалық құрылымдарына сәйкес келмейді, 

өйткені  өндірілген  өнімдердің  табиғи  формасы  оның  экономикалық  мақсатын 

айқындамайды 

Қазақстандағы жалпы өнім өндіру көлеміндегі  «А» тобының үлесі 80% -ға жетті. 

«Б»  тобы  одан  едәуір  артта.  Мұнымен  шет  елден  азық-түлік пен тұтыну заттарын ауыр 

өнеркәсіп тауарларына айырбастап, сатып алу байланысты. Елге ондай айырбастың баға 

«қайшысына»  байланысты  пайдасы  жоқ.  Көптеген  дамыған  елдерде  «А»  тобы 




306 

Open  access:

 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/



  

 

 



салаларының үлесі 50%, немесе одан да аз. Өнеркәсіп салаларын, сонымен бірге, өндіруші 

және  өңдеуші  салаларға  бөлу  қабылданған.  Біріншілері  жер  қойнауынан  (тау-кен 

өнеркәсібі),  судан  (балық  және  су  аңдарын  аулау),  орманнан  (ағаш  дайындау)  шикізат 

өндіреді, ал екіншілері оларды өңдейді (мысалы, металлургия және ағаш өңдеу). Электр 

энергиясы мен жылу өндіретін және су мен газ тарататын салалар жеке топты құрайды[2]. 

Республикада Республикасының өнеркәсібі кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді 

қазу,  өңдеу  өнеркәсібі,  электрмен  жабдықтау,  газ,  бу  беру  және  ауа  баптау  және  сумен 

жабдықтау;  кәріз  жүйесі,  қалдықтардың  жиналуын  және  таратылуын  бақылау 

салаларынан құралған.  

Жалпы  алғанда,  өндіруші  және  өңдеуші  өнеркәсіптен  тұратын  қазіргі  заманғы 

индустрия алуан түрлі өндірістердің жиынтығы болып табылады. Өнеркәсіп өндірісі мен 

салаларының  қаржыны,  ғылымды,  еңбекті,  шикізатты,  энергияны  және  суды  қажет  ету 

деңгейі  әртүрлі.  Өнеркәсіп  өнімінің  10%-ы  (өзіндік  құны  бойынша)  өндіруші  салаға 

тиесілі  болса,  қалған  өнімді  өңдеуші  кәсіпорындар  береді.  Қазіргі  заманғы  өңдеуші 

өнеркәсіп  байырғы  (таскөмір, қара  металлургия, кеме жасау және тоқыма),  жаңа 

(автомобиль  жасау,  алюминий  өндіру,  химиялық  талшықтар  мен  пластмасса  өндірісі) 

және  ең  жаңа  салаларды  (микроэлектроника,  робот  жасау,  есептеуіш  машиналар  жасау, 

атом және аэроғарыш өндірісі және т.б.) қамтиды.  

Сонымен  қатар,  өнеркәсіп  өндірісі  құрылымы  мен  орналасуы  және    ұйымдасуы 

жағынанда күрделі жүйе болып келеді. Өнеркәсіптердің орналасуына әсер ететін көптеген 

факторлар  да  ел  экономикасының  дамуына  сәйкес  әрдайым  өзгерісте  болады.  Бұл 

негізінен өңдеуші өнеркәсіптердің орналасуынан нақты көрінеді.  

Өнеркәсіптің  жаңа  салаларын  орналастыруда  еңбек  ресурстарының  сапалық 

көрсеткіштері (білім және кәсіби деңгейі), көлік, байланыс, экологиялық жағдай, ғылыми-

техникалық әлеует шешуші рөл атқарады. Өнеркәсіптің байырғы және жаңа салалары ірі 

өнеркәсіпті аудандардың қалыптасуына ықпал етті. Алғашқы өнеркәсіпті аудандар (Орта 

Англия,  Рур,  Силезия,  Орталық  Ресей,  Орал)  көмір  алаптары  мен  металлургия,  тоқыма 

өндірісі  негізінде  қалыптасты.  Жаңа  өнеркәсіпті  аудандар  өндірістің  күрделі  сипатымен 

және  оның  орналасуьша  ықпал  ететін  факторлардың  жан-жақтылығымен  ерекшеленеді. 

Дамыған  елдерде  ескі  өнеркәсіпті  аудандардың  еңбек  ресурстары  мен  дамыған 

инфрақұрылымы  негізінде  жаңа  аудандардың  қалыптасуы  байқалады.  Өнеркәсіптің 

орналасуына  «астаналық»  фактор  да  әсер  етеді.  Жаңа  индустриялық  аудандар 

өнеркәсіптің  ел  астанасы  мен  ірі  қалаларының  маңында  шоғырлануынан  пайда  болуда. 

Мұндай  аудандарда  ғылымды  көп  қажет  ететін  ең  жаңа  өндірісті  іске  қосуға  мүмкіндік 

бар, сонымен қатар өндірілетін өнім ірі тұтыну көзіне де бағдарланады. 

Қазіргі  танғы  кәсіпорындар  салық  жеңілдіктері  бар  еркін  экономикалық 

аймақтарда    көбірек  орналасады.  Өнеркәсіптердің  теңіз  жағалауларына  «ығысуы»  да 

көбірек.  Осының  нәтижесінде  кейбір  портты  аймақтар  айналасында  шеттен  әкелінетін 

шикізаттарды  бастапқы  өңдеуден  өткізетін  өнеркәсіптік  кешендердің  пайда  болуын 

көреміз. 

Сонымен,  өнеркәсіптердің  дамуы  мен  орналасуында  бір-біріне  қарама-қарсы  екі 

бағыт  бар.  Біріншісі,  технологиялық  жағынан  бірдеу  өндірістерді  біріктіру  арқылы 

аймақтық-өндірістік  кешендер  пайда  болса,  екіншісі,  экономикалық  тиімді  факторлары 

негізінде бір саладағы кәсіпорынды жан жаққа орналастыруды байқаймыз. 

Тамақ  өнеркәсібі  бір  қатар  өзгешеліктерге  ие.  Оларға  азық-түлік  тауарларының 

құрамындағы жоғары санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптары және оларды 

өндіру  технологиясы,  дайын  өнімнің  бірнеше  түрін  сақтау  мен  жеткізудің  шектеулі 

мерзімі, тұтынушылардың денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптардың жоғарлауы. 

Тамақ  өнеркәсібінің  өзгешелігі  азық-түлік  нарығының  ерекшеліктерімен 

байланысты.  Біріншіден,  өнімге  деген  сұраныс  тұрақты  болып  табылады,  бұл  тамақ 

саласы  инвестициялар  үшін  тартымды  және  қолайлы  болып  табылады.  Екіншіден, 

көптеген азық-түлік тауарларының түрлері халықтың төлемқабілеттілік деңгейіне тығыз 

байланысты  және  де  ол  жергілікті  нарықтарда  айтарлықтай  ауытқиды.  Бұл  өндіріліп 



жүктеу 4,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   228




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау