307
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
отырған өнімдерінің түрлерін таңдау және оларды тұтынушыларға жеткізу бойынша
көптеген түпкілікті жұмыстарды талап етеді.
Агроөнеркәсіп кешенінің жұйесінде тамақ өнеркәсібі ауыл шаруашылығымен
тығыз байланысты.
Тамақ өнеркәсібінің салалары: ұн, жарма, макарон өнімдері, нан-тоқаш,
кондитерлік өнімдер, қант, минералды су, өсімдік майы, ет, сүт өнімдері, консервілер,
балық, темекі өнімдері.
Қазақстан Республикасының тамақ өнеркәсібі ет өнімдерін өндіруде, нан және нан
бәліштерін өндіруде, ұн-жарма өндірісінде, кондитерлік өнімдерін өндіруде, алкоголсіз
сусындар өнімдерін өндіруде және тағы басқа өнімдерін өндіруде жоғары сапалы
деңгейде шығарады.
Бірақта қазақстанның тұрақты дамуына, аймақтарды азық-түлік өнімдерімен
қамтамассыз ету мақсатында көптеген бағдарламалар мен шаралар қолданылады.
Әлемде әр бір елдің тамақ өнеркәсібінің дамуында бірнеше алшақтықтарға тән.
Дамыған елдерде халықының тамақ өнімдерімен қажеттіліктерімен қамтамассыз етілген.
Статистикалық мәліметтер бойынша бірнеше елдің тамақ өнімдерін тұтынуда
айырмашылықтың бар екенін көрсетеді.
Сонымен біз тамақ өнеркәсібі салаларының дамуына жергілікті жерлердің
ерекшеліктері әсер ететіндігі және олар:
-
жергілікті жерлердің шикізат көздері;
-
әр елдің, аймақтың даму деңгейіне байланысты азық-түлік өнімдеріне
сұраныстың өзгеруі;
-
жергілікті жерлердің ұлттық әдет-ғұрыптарға байланысты өрбитіндігін айта
аламыз.
Қазақстанның өнеркәсібінде шағын кәсіпорындар көп. Өнеркәсіптермен бірге
халық шаруашылығының өнімдерін бір бөлігін шағын бизнес өндіреді. Өңірлерде шағын
бизнесті дамыту әлеуметтік-экономикалық мәселелер көлемін азайтады және шағын
бизнес жаңа өнім шығаруға тез әрі икемді түрде қайта құрыла алады.
Тұрақты даму парадигма шеңберінде экономикалық қана емес, сонымен қатар
әлеуметтік пен экологиялық тиімділікті жоғарылату мәселесі тамақ өнеркәсібі үшін
айрықша өзекті. Оның шешімі тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының инновациялық
белсенділігінің жылдам ұлғаюы кезінде ғана мүмкін.
Адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз ету проблемасы болашақта бастапқы
маңызын жоғалтпай, одан сайын өткірленеді. Халық шаруашылығының тағам саласының
дамуы бірнеше факторларға байланысты. Бірінші ретте тағам саласы халық
шаруашылығының басқа салаларымен тығыз байланысты.
Тұрақты даму мен тәуелсіздікті сақтап қалуды көздейтін кез келген тәуелсіз
мемлекеттің мақсаты - азық-түлік қауіпсіздігі. Әлемдегі дағдарыс тамақ өнекәсібі
нарығында азық-түлікпен қамтамассыз ету сұрағына және осы мәселелерді шешуге
мақсатты бағыттайды. Сонымен, барлық елде азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамассыз ету
мәселесі жылдан жылға өзекті.
Осы элементтер орындалған жағдайда халықтың әл-ауқат жағдайы өседі және
экономикалық тәуелсіздік жоғарлайды. Сонымен, азық-түлік өнімдерін өндіретін тамақ
өнеркәсіптер өндірісінің бәсекелі және сапалы тиімді дамуы әр елдің әлеуметтік-
экономикалық тәуелсіздігіне әкеледі.
Ұлттық деңгейдегі бәсекеге қабілеттіліктің табиғи ақылды тұжырымдамасы – бұл
өнімділік. Кез-келген мемлекеттің негізгі мақсаты өз азаматтарының өмір сүру деңгейінің
тұрақты және жоғары жетістікте өсуінен тұрады. Бұл мақсатты жүзеге асыру қабілеттілігі,
өз кезегінде, әрекет етуші еңбек ресурстарын және елдің капиталын қамтамасыз ететін
өнімділікке байланысты. Өнімділік – бұл жұмсалған еңбектің немесе капиталдың (күрделі
қаржының) өндірілген бірлігі өнімдернің көлемі. Өнімділік өнімдердің (бағаны
анықтайтын, оған орнықтыруға болатын) сапасына және қасиеттеріне, сондай-ақ
өндірістің тиімділігіне байланысты. Өнімділік – бұл тұрғындардың жан басына
308
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
шаққандағы табысқа байланысты елдегі өмір сүрудің ұзақ мерзімді деңгейін анықтайтын
басты көрсеткіш. Адам ресурстарын қамтамасыз ететін, еңбек ақысы деңгейін
шарттастыратын өнімділік; капиталды пайдалану өнімділігі (тиімділігі) оны
иеленушілердің алған кірісін анықтайды.
Нақты елдегі өмір сүру деңгейі өнімділіктің жоғары деңгейіне қол жеткізген және
бұл жоғарылауды жалғастыратын ұлттық компаниялардың қабілеттіліктеріне
байланысты. Өнімділіктің ұдайы өсуі экономиканың үздіксіз дамуын талап етеді. Ұлттық
компаниялары бар салалардағы өнімнің сапасын арттыру, оған қажетті тұтынушылық
қасиеттерді беру, өнімдерді дайындау технологияларын жетілдіру, өндірістің тиімділігін
жоғарылату арқылы өндірісіті тұрақты жетілдіріп отыруы тиіс. Олар әдетте, өнімділігі
жоғары болатын барлық күрделілендірілген өнеркәсіп сегменттеріндегі бәсекелестік үшін
қажетті сапаны дамытуы тиіс. Және, ең ақырында, олар негізінде жаңа күрделі
салалардағы бәсекелестікке қабілеттілікті тарқатуы қажет [3].
Сонымен, бәсекеге қабілетті ел болу үшін өндірістің жеке салаларының
бәсекелестігін арттыру, сонымен қатар, өндірістің бәсекеге қабілетті деңгейіне шығу үшін
өндірісті жаңарту немесе технологиялық қайта жарақтандыруға ынталандыру керек,
басқару қызметінің маңызды бөлігін, жаңа мамандықтар мен кәсіптердің жұмысшы
кадрларын даярлау және қайта даярлау, өндірістік, әлеуметтік және нарықтық
инфрақұрылымдарды дамыту жөніндегі іс-шараларды қалыптастыру және жүзеге асыру
қажет.
Қазақстанның ғылыми-өндірістік әлеуетінінің бәсекелік артықшылықтарын бір
сөзбенен жүйелі импорттың орнын басу салалары мен индустрияның өңделген өнімдерін
экспорттауды кеңейту үшін барынша пайдалану керек. Мемлекеттің өнеркәсіп
саясатының маңызды аспектісің дамыту ең алдымен жалпы экономикалық жағдайға
ықпал ету үшін қажетті болатын өнеркәсіптік қызметтің, секторлардың немесе
салалардың басым бағыттарын айқындайтын құрылымдық саясат болып табылады.
Қазақстандағы құрылымдық саясаттың бүгінгі таңдағы мұндай бағытттары қатарына
мыналарды жатқызамыз:
− өнімдердің прогрессивтік түрлерін жасау және өндіру;
− өнеркәсіп кешенін құрайтын базасын және олардың реформалау процестерін
дамыту;
− мол ғылыми-өндірістік әлеуетті қайта профильдеуді және ғылым мен өндірістің
құрылымдық-депрессивтік және экологиялық қауіпті объектілерін саты бойынша
біртіндеп жоюды қамтамасыз ететін құрылымдық реформа процедураларын жүзеге асыру.
Осылайша, өнеркәсіп саясатының орталық міндеті қазіргі техникалар мен
материалдардың прогрессивтік базалық өндірісін сақтау және дамыту болуы тиіс. Бұл
өндірістер Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының және қазақстандық
экономиканың гүлденуінің негізін құрауы мүмкін.
Мемлекеттің өнеркәсіп саласын кезең кезеңмен дамыту мақсатындағы «Қазақстан
Республикасы Президентінің №874 Жарлығына сәйкес 2015-2019 жылдарға арналған
Мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарламасы» бекітілді.
Түркістан қаласында Индустриялды аймақ бойынша - 40 га жер бөлініп, оған
мемлекеттік акт алынып, толық құжаттандырылған. Индустиялды аймаққа
инфрақұрылым жүргізуге 847 млн теңге бюджет қаржысы бөлініп, жұмыстар атқарылып,
қаржы толық игерілген. Сонымен бірге индустриялды аймағының темір жол тұйығын
аяқтауға және газ құбырын жүргізу мақсатында жобалық құжаттары әзірленген. Жоба
құны -140,6 млн теңге, салалық басқармалардың қорытындылары алынған.
2015 жылы Индустрияландыру картасына енген жалпы сомасы 1600,0 млн.теңгелік
4 жобаны жүзеге асырылып, соның ішіндегі: "Нұр строй" ЖШС кірпіш шығарумен
айналысады, 160 жұмыс орындарымен қамтамассыз етіп, жоба құны 579,0 млн тенгені
құраған.
2015 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде іске қосылған жобалардың
өндірген өнім көлемі Кесте 1.