303
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
талдауына қажетті тиімді тәсілдер шығаруға, қолда бар қорларды алуға қосымша
мүмкіндіктер ашуға және сүт өнімі кәсіпорындары үшін әр деңгейдегі бәсекеге
қабілеттілікті жоғарылатудың стратегиялық бағытын анықтауға көмек көрсетеді.
Экономикалық әдебиетте бәсекені оның әдістері бойынша бағалық (баға
негізіндегі бәсеке) және бағадан тыс бәсеке (тұтынушылық құнның сапасы негізіндегі
бәсеке) бөлуге болады. Қазіргі әлемде бағалық бәсеке бағадан тыс әдістердің бәсеке
сайысына қарай мәнсіз болып келеді. Бұл қазіргі нарықта «бағалар кақтығысы» жоқ
дегенді білдірмейді, олар бар, бірақ соншалықты анықемес. Бағадан тыс бәсеке алдыңғы
қатарлы бәсекелестерге қарағанда тауардың тұтынушылық құнын арттырады. Бағадан тыс
әдістердің санына фирманы басқарудың бүкіл маркетингтік әдістері жатады. Олардың
негізгілері: тауардың жаңартылуы, сапа, жарнама, халықаралық стандарттарға сәйкес
келу, т.с.с.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауы, оның жақсаруы көбінде іске
асырылатын өнімнің сапасы мен өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейіне
тәуелді.
Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту үшін әлемдік
нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптары, тұтынушылық сұраныстың
дифференциялануы, инновациялық айналымдардың азаю қажеттілігі және өндіріске
ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу мәселелерімен бетпе-бет кездесуде.
Қазақстанның әлемдегі дамыған елу елдің қатарынан лайықты орын алу үшін, ең
алдымен, еліміздегі отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, олардың
әлемдік нарықтада бәсекеге түсе алатындай жоғары сапалы өнімдер өндіруіне жағдай
жасауға, озық технологияларды енгізуге және қызмет тиімділігін арттыруға мән беруіміз
қажет. Яғни, бұл мақсатта отандық кәсіпорындардың мемлекет тарапынан белгілі бір
дәрежеде қолдау көрсету бағыттарын әзірлеуді қажет етеді. Ол бағыт еліміздің аймақтары
мен салалары бойынша нақты іс-шараларды қамтығаны жөн.
Өнім өндірушілерді мемлекеттік қолдау мемлекетіміздің алға қойған басты
мақсаттарының бірі болып саналады. Бұл мәселе мемлекетіміздің басты «Қазақстан-2050»
стратегиясында айқындалған: «тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін біз
жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен
мұнай химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін
түпкілікті өндірістерді, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да ілгері дамытуға
тиіспіз».
Отандық нарықта ішкі өндірушілердің үлесін арттыру, оларды сыртқы
бәсекелестердің теріс пиғылды бәсекеге әрекеттрінен қорғау, әлемдік нарықта өз орнын
табуға бағытталған ынталарын жан-жақты қолдау сынды әрекеттер мемлекетіміздің осы
сала кәсіпорындарына жасайтын қамқорлығына өзек болуы тиіс.
Нақты сала кәсіпорындарына, яғни өнімді өңдеу секторына қатысты мемлекеттік
инвестициялық саясат ұстану. Қазіргі кезде зейнетақы қорлары, ұлттық қор, даму
институттары, әлеуметтіккәсіпкерлік корпорациялар, мемлекеттік холдингтік
компаниялар, сақтандыру қорларының жинақтаан қаржыларын тиімді несиелеу тетіктері
арқылы аталған саланы қолдауға болады.
Жалпы өнеркәсіптік саясат шеңберінде экономикалық қолдау шараларын
енгізу.Бұл бағыт кәсіпорынның қолайлы дамуы мен өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін
арттыруға мүмкіндік береді.Қазіргі талап өнім өндірушілерді экономикалық қолдаудың
тетіктерін жетілдіруге бағытталуы тиіс.Салықтық, кедендік, қаржы-кредиттік,
ұйымдастырушылық, құқықтық, монополияға қарсы шаралар арқылы өнеркәсіптің
өркендеуін қамтамасыз ету мемлекеттік қолдаудың негізі болуы қажет.
Мемлекеттік саясаттың негізгі түйіні өндірістік және ғылыми-техникалық
кешендерді жиынтық түрде ішкі және сыртқы факторларды, сауда жүйесіндегі әлемдік
талаптардың негізгі қағидаларын сақтай отырып икемді, бәсекеге қабілетті өнімді
шығаруға негізделуі тиіс. Осы арқылы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге болады.
304
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Мемлекеттік саясаттыңтағы бір ерекшелігі өндірісті тікелей қолдау ғана емес,
бәсекелі ортаны дұрыс реттеу арқылы өндірушілерді кәсіпорынға соңғы ғылыми-
техникалық жетістіктерді енгізуге, өнімді дайындау технологиясын жетілдіруге,
қаржыларды тиімді пайдалануға, өндірісті жүйелі дамыту мен нәтижелі басқаруға, яғни ,
ең бастысы бәсекеге қабілетті өнім шығаруға ынталандыру арқылы бейнеленуі мүмкін [5].
Сонымен қазіргі кезде экономикалық даму стратегиясына сәйкес кәсіпорынның
бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму
жағдайын арттыруға тікелей әсер етеді.
Болашақта алға қойған мақсаттарымыз бен міндеттерімізді жүзеге асырсақ,
еліміздің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіріп, әлемніңалдыңғы қатарлы
мемлекеттерінің арасында болатынына кәміл сенемін.
Бәсекеге қабілеттілік арттыру механизмі – кәсіпорынның нәтижелі жетістікке жету
жолында атқаратын іс-әрекеттері арқылы сипатталады.Дұрыс таңдап алынған механизм
осы кәсіпорынның нарықтық бәсекелестерімен салыстырғанда ұзақ уақытқа ұтымды
жағдай жасауына негіз болады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру іс-әрекеттерінің жиынтық көрінісі ретінде
оларды жүзеге асыратын бірнеше тетіктерге тәуелді. Бұл тетіктер өзіндік сипаттары
бойынша төрт топқа бөліп қарастырылады:
−
бірінші топ – өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның
сапажүйесін жетілдіру;
−
екінші топ – өнімнің бағасын қалыптастыру немесе кәсіпорынның баға саясатын
реттеу;
−
үшінші топ – өнімнің тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорынның
маркетингтік жүйесін жетілдіру;
−
төртінші топ – өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету немесе өндірісті
мемлекеттік қолдау.
Әлемдік нарықтың қатаң талаптары мен бәсекелік шарты отандық нан өнімін
өндіруші кәсіпорындардың сол талаптар мен шарттарды ұстануын қалайды. Өйтпеген
жағдайда әлемдік нарықта осы өнім түрлері бойынша негізгі өндірушілер саналатын
АҚШ, Израиль, Голландия, Ресей және Дания сынды мемлекеттер өздерінің бәсекелік
ықпалымен еліміздің ішкі нарығын және енуге мүмкін болатын көршілес мемлекеттердің
нарықтарын игеріп алуы қиын емес.
Қазіргі экономиканың әлемдік бәсекелестікке шаруашылықтардың тәжірибесінде
жалпы мемлекеттік жоспарлау бюджеттік, стратегиялық, индикативті, директивті
түрлерге бөлінуде. Соның ішінде экономикасы дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін,
бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін, Қазақстанға стратегиялық және индикативті
жоспарлаудың маңызы айтарлықтай болып отыр.
Стратегиялық жоспарлаудың мәні, шектеулі қор көлемі бойынша дамудың
магистралды бағытын тауып, экономиканың қолайлы тұстарын тиімді пайдаланып
жағымсыз жақтарының әсерлерін бейтараптандыру.
Республикадағы өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге
қабілетті және экспортқа төтеп беретін, бейімделген тауарлар, жұмыстар мен қызметтер
өндірісі мемлекеттік индустриалды-инновациялық саясаттың басты бағыттары болып
қала.
Қолданылған дереккөздер тізімі
1 Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік–
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауы // ,2017, 31
қаңтар.
2 Жилқайдарова Г.Б. «Кәсіпорынның нәтижелі жетістігі – бәсеке қабілеттілігі» //
ҚазЭУ хабаршысы – 2013. – №5.– 117-121 б.
3 Көпешева А. «Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға стратегиялық
жоспарлаудың маңыздылығы» // ҚазЭУ хабаршысы – 2012. – №5. – 131-138 б.