5В090100 Көлікті пайдалану және қозғалысы мен тасымалдауды



жүктеу 2,12 Mb.
Pdf просмотр
бет6/36
Дата12.01.2020
өлшемі2,12 Mb.
#26426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

16 
 
сонымен қатар, негізгі техникалық  құралдардың қажетті режимдерде қалыпты 
жұмыс  істеуін  қамтамасыз  ететін  көмекші  және  бақылау-өлшеу  құралдарды 
жатқызады. 
Ұйымдық-экономикалық  база  дегеніміз  экономикалық  принциптердің, 
өндіріс  пен басқаруды ұйымдастыру  әдістерінің,  құқықтық  құжаттар негізінде 
басқару міндеттерінің өзара әре кеттестігі схемаларының жиынтығы. 
Ұйымдық-экономикалық базаға кіретіндер: 
−  ұйымдық-экономикалық  құрам  мен  басқарылатын  нысанның 
техникалық-экономикалық көрсеткіштерін құру тәсілдері; 
−  көрсетілетін қызмет тиімділігін арттырудың негізгі принциптері; 
−  жалпы жоспарлау, есепке алу және реттеудегі АБЖ орны; 
−  нысанның  (цехтың,  бөлімнің  және  т.б.)  ұтымды  құрылы  мын 
анықтайтын  өндірісті,  еңбекті  және  басқаруды  ұйымдастыру,  технологиялық 
маршруттарды  жүзеге  асыру  тәртібі,  жұмысшылар  мен  қызметкерлердің 
жоғары еңбекке қабілеттілігін сақтайтын неғұрлым қолайлы еңбек жағдайлары, 
сонымен  қатар,  нысанды  ғылыми  негізделген  басқару  жүйесі,  барлық 
бөлімшелер,  олардың  бағыныңқылығы,  қызметкерлерлердің  міндеттері  мен 
жауапкершілігі туралы дәл ережелер; 
−  АБЖ  негізгі  міндеттерінің  өзара  әрекеттестігі  схемасын  құруды 
көздейтін  ұйымдық-экономикалық  модель,  ақпараттық  ағым  құрылымы, 
сонымен  қатар,  тапсырмаларды  жүзеге  асыру  тәртібін  әдістемелік қамтамасыз 
ету және оларды шешу нәтижелерін қолдану; 
-  ұйымдық-құқықтық  қамсыздандыру  (АБЖ  құру  мен  қолданудың 
құқықтық  негіздері  және  нормалары,  АБЖ-да  айналымға  түсетін  ақпараттың 
құқықтық  мәртебесі,  сонымен  қатар,  лауазымды  тұлғалардың  құқықтары  мен 
жауапкершілігі). 
Сонымен  қатар,  ұйымдық-экономикалық  базаға  АБЖ-ның  нысан 
қызметінің негізгі көрсеткіштеріне, тиімділік бағасына және АБЖ-ның одан әрі 
дамуы  жолдарына  ықпалын  анықтайтын  әдістемелік  және  нұсқаулық 
материалдар жатады. 
АБЖ  функционалды  бөлігі  басқарудың  нақты  функцияларын  (мысалы, 
қаржы-бухгалтерлік  қызмет  және  т.б.)  жүзеге  асыруға  арналған  өзара 
байланысты бағдарламалар жиынынан тұрады. Функционалды бөліктің барлық 
міндеттері  аталған  АБЖ  үшін  жалпы  ақпараттық  массивтерге  және  жалпы 
техникалық  құралдарға  негізделеді.  Жүйеге  жаңа  міндеттер  енгізу  негіздің 
құрылымына  ықпал  етпейді  және  АБЖ  үшін  типтік  болып  табылатын 
ақпараттық формат пен процедуралық схема арқылы жүзеге асырылады. АБЖ 
функционалды бөлігі нысанды басқарудың негізгі функцияларына сәйкес ішкі 
жүйелерге бөлінеді. Ішкі жүйелер өз кезегінде жүйенің жалпы концепциясына 
сәйкес  нақты  басқару  тапсырмаларын  шешуге  арналған  бағдарламалар 
жиындарын  қамтитын  кешендерге  бөлінеді.  АБЖ  функционалды  бөлігі 
тапсырмаларының құрамы басқарылатын нысан типі, оның күйімен және оның 


17 
 
орындайтын тапсырмаларының түрімен анықталады. Мысалы, КАБЖ-да келесі 
ішкі жүйелер бөлініп шығады: 
а) өндірістің техникалық дайындығы; 
б) өнім сапасын басқару; 
в) техникалық-экономикалық жоспарлау; 
г) оперативтік-өндірістік жоспарлау; 
д) материалдық-техникалық қамтамасыз ету; 
е) өнімді өткізу; 
ж) қаржы-бухгалтерлік қызмет; 
з) кадрларды жоспарлау және орналастыру; 
и) көлік басқару; 
к) көмекші қызметтерді басқару. 
АБЖ  функционалдық  бөлігін  ішкі  жүйелерге  бөлу  шартты  түрде 
жүргізіледі,  себебі  барлық  ішкі  жүйелердің  процедуралары  өзара  байланыста 
болады  және  бірқатар  жағдайларда  түрлі  басқару  функциялары  (мысалы, 
техникалық-экономикалық  жоспарлау,  оперативтік-өндірістік  жоспарлау  және 
материалдық-техникалық қамтамасыз ету) арасында дәл шек қою мүмкін емес. 
Ішкі  жүйелерді  бөліп  көрсету  жүйе  құру  жұмыстарын  үлестіру  ыңғайлылығы 
мен сәйкес ұйым звеноларына басқару нысандарын бекіту үшін қолданылады. 
АБЖ құрылымдық функционалдық бөлігі барлық басқару элементтерінің өзара 
байланысын 
анықтайтын 
және 
автоматтандырылған, 
ішінара 
механикаландырылған  және  қолмен  орындалатын  процедураларын  қамтитын 
басқару  процедураларының  схемасына  байланысты  болады.  Функционалды 
бөлік  негізге  қарағанда  анағұрлым  мобильді  болады  әрі  жүйенің  негізгі 
элементтерімен  стандартты  байланыс  тырылған  жағдайда  құрамы  мен 
міндеттердің қойылуының өзгеруіне жол береді. 
АБЖ  дамытудың  перспективті  бағыты  елдің  барлық  әкімшілік, 
өнеркәсіптік  және  басқа  нысандарының  өзара  байланысын  көздейтін  Жалпы 
мемлекеттік  автоматтандырылған  басқару  жүйесін  (ЖМАБЖ)  құру  болып 
табылады.  ЖМАБЖ  техникалық  базасы  ел  орталықтары  жұмысының 
ақпараттық  және  функционалды  координациясын  жүзеге  асыратын  Есептеу 
орталықтарының бірегей жүйесі болады. 
АБЖ  құрылымдық  талдауының  негізгі  міндеттерінің  бірі  жүйе  құрушы 
элементтер  мен  ішкі  жүйелердің  өзара  әрекеті  мен  олардың  сыртқы  ортадағы 
өзара  әрекеттестігі  процесін  көрсететін  көрнекі  формалды  үлгіні  құру  болып 
табылады. 
АБЖ  құру  кезінде  олардың  құрылымдық  үлгілері  түрлі  позициялар 
тұрғысынан  қарастырыла  алады:  ұйым,  басқару  функциясы,  қолданылатын 
алгоритмдер, қолданылатын техникалық құралдар және т.б. Осыған сәйкес бір 
жүйе  құрылымының  келесі  аспектілері,  нәтижесінде  келесі  үлгілер  бөлініп 
шығады: 
−  ұйымдық құрылым және оның үлгісі; 
−  функционалдық құрылым және оның үлгісі; 


18 
 
−  алгоритмдік құрылым және оның үлгісі; 
−  техникалық құрылым және оның үлгісі т.б. 
1.3АБЖ:  жұмыс  істеудің  мақсаттары,  принциптері  мен  критерийлері, 
ұйымдастырулы-техникалық және қызметтік құрылымы 
Ұйымдық  құрылым.  Əдетте,  ол  автоматтандыру  нысанында  (мысалы, 
кәсіпорында)  қалыптасқан  және  АБЖ  ендіру  кезінде  жетілдірілетін  басқару 
құрылымын  көрсетеді.  Бұл  құрылым  негізгі  болып  табылады  және  АБЖ-ны 
одан әрі талдау және синтездеу дәл осы құрылымнан басталады. 
Ұйымдық  құрылымның  негізгі  элементтері  басқару  аппаратының 
бөлімшелері  және  құжат  айналымын  талдау  мен  басқарушылық  шешімдер 
қабылдау  процедурасымен  айналысатын  жекелеген  тұлғалар  –  операторлар 
болып табылады. Ұйымдық құрылымды жетілдірудің негізгі бағыттары: 
−  артық бөлімшелер немесе операторларды қысқарту; 
−  осы жүйе элементтері (бөлімшелер мен операторлар) арасындағы 
байланысты барынша азайту; 
−  осы байланыстардың өткізу қабілетін арттыру; 
−  құжат айналымын ретке келтіру; 
−  құжат қозғалысындағы циклдарды жою және т.б. 
Ұйымдық құрылымды талдау кезінде келесі міндеттер шешіледі: 
−  ұйым құрамының сипаттамасы мен оның құрылымдық схемасын құру; 
−  жекелеген бөлімшелер мен операторлардың функцияларын 
анықтау; 
−  материалдық және ақпараттық байланыстар сипаттамасын көрсету; 
−  ұйымның жалпыландырылған құрылымдық ақпараттық үлгісін құру. 
Функционалдық  құрылым.  Ол  ұйымдық  құрылым  құрамындағы 
жекелеген  жүйе  элементтері  (бөлімшелер  мен  операторлар)  орындайтын 
функцияларды  көрсетеді.  Жалпы,  бір  ұйымдық  құрылымға  бірнеше  түрлі 
функционалдық құрылымдар сәйкес келе алады. 
Функционалдық құрылымдарды жетілдірудің негізгі бағыттары: 
−  басқару функцияларын орындаудағы параллелизмді жою; 
−  жүйе  элементтерін  сәйкес  лауазымдық  міндеттерде  көрсетілмеген 
функциялардан босату; 
−  басқару функцияларын оңтайландыру мақсатында қайта үлестіру; 
−  жауапкершіліктің барынша дәл контурларын құру. 
Функционалды  құрылымды  талдау  кезінде  келесі  негізгі  міндеттер 
шешіледі: 
−  жүйенің құрылымдық бөлімшелерде басқару функциялары зерттеледі; 
−  автоматтандыруға жатқызылатын функциялар құрамы таңдалады; 
− осы функциялардың өзара байланысы анықталады; 
-  басқару  міндеттерінің жалпыландырылған  функционалдық құрылымы 
жасалады. 


жүктеу 2,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау