Методический документ республики казахстан



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет16/33
Дата06.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25956
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33

 

29 


3) орындаушы сызбаларды; 

4) инженерлік  және  технологиялық  жабдықпен  жұмыс  істеуге  қатысты  жетекші 

құжаттар мен нұсқаулықтарды

5) пайдалануға  беру  және  жөндеу  материалдарын,  инженерлік  және  технологиялық 

жабдықтың қосалқы және арнайы аспаптарын

6) сақтандыру компаниясының тапсырыс берушіге соңғы төлем жүргізуге келісімін 

(егер ол мердігер шартында қарастырылған болса) береді. 

6.9.12  Тапсырыс  беруші  МСҚБ  бақылау-қадағалау  органдарынан  алынған 

қорытындылардың қосымшасы бар, қол қойылған объектіні пайдалануға беруге қабылдау-

өткізу актісін ұсынады. 

6.9.13  МСҚБ  тапсырыс  беруші  ұсынған    объектіні  пайдалануға  беруге  қабылдау-

өткізу  актісін  қарастырып,  оған  заңнамамен  белгіленген  тәртіп  бойынша  құрылыс 

объектісінің  мемлекеттік  нормативтер  мен  жобалау-сметалық  құжаттама  талаптарына 

сәйкестілігі туралы қорытындыны береді.  

6.9.14  Құрылыс  объектісінің  мемлекеттік  нормативтер  мен  жобалау-сметалық 

құжаттама  талаптарына  сәйкестілігі  туралы  қорытынды  тапсырыс  беруші  мен  мердігер 

арасындағы өзара есептесуді жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.  



 

30 


А

 

ҚОСЫМШАСЫ 

(акпараттык) 

 

СӘЙКЕСТІЛІКТІ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕРМИНДЕРІ 

 

А.1  Нормативтік  құжат  (Normative  document):  Қызметтің  әртүрлі  түрлеріне 



немесе  олардың  нәтижелеріне  қатысты  ережелерді,  жалпы  қағидаттарды  немесе 

сипаттамаларды белгілейтін құжат. 

 

Ескертпе – ИСО/МЭК-2-2004 басшылық құжатына сәйкес «нормативтік құжат» термині стандарттар, 



техникалық шарттардың  құжаттары, ережелер жинақтары  мен  регламенттер сияқты  түсініктерді  қамтитын 

тектік термин болып табылады



 

А.2  Мемлекеттік нормативтер (мемлекеттік нормативтік құжаттар):  Адамның 

мекендеуi  мен  тiршiлiк  етуiне  қолайлы,  қауiпсiз  және  басқа  да  қажеттi  жағдайларды 

қамтамасыз  ететiн  нормативтiк  құқықтық  актiлердiң,  нормативтiк-техникалық 

құжаттардың, өзге де мiндеттi талаптардың, шарттар мен шектеулердiң жүйесі.  

А.3  Сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  қызметінің  объектілері:  ҚР, 

облыстардың,  аудандардың,  елді  мекендердің  және  олардың  бөліктерінің  аумағы, 

функционалдық  аймақтар,  имараттардың  барлық  түрлері  мен  оларға  қарайтын 

технологиялық  және  инженерлік  жабдықтарды,  мәртебесі  ҚР  заңнамасымен  белгіленген 

арнайы экономикалық аймақтарды, тарих пен мәдениеттің жылжымайтын ескерткіштерін, 

табиғат және қалалық ландшафты қоса,  жылжымайтын объектілер.  

А.4  Техника-экономикалық  негіздеу  (ТЭН):  Инвестициялау  мақсаттарын 

сипаттау,  инвестициялау  тиімділігін,  оның  ішінде:  күтпелі  экономикалық  әлеуметтік, 

объектіні  функционерлеуден  болатын  коммерциялық  әсерді  негіздеу  арқылы  негізгі 

шығыс  деректерден,  сонымен  қатар  құрылыс  объектісінің  негізгі  техникалық  және 

технологиялық  параметрлері  мен  объектінің  техника-экономикалық  көрсеткіштері 

анықталған есептер туралы мәліметтерден тұратын жоба алдындағы құжаттама. 

А.5  Сәйкестілікті  бағалау:  Құрылыс  объектілері  мен  жобалау  құжаттамасын 

келесі ережелер бойынша сәйкестендіру:  

1)  жобалық  құжаттама  объекті  мен  құрылыс  мақсаттарына  байланысты  қала 

құрылысы  және  сәулет-құрылыс  құжаттамасының  түрлері  мен  құрамы  бойынша 

сәйкестендіріледі  және  тапсырыс  берушінің  жобалау  тапсырмасы  мен  сәулет,  қала 

құрылысы  және  құрылыс  қызметі  саласындағы  заңнамамен  белгіленген  тәртіп  бойынша 

құралатын, болжамды құрылыс ауданындағы инженерлік және коммуналдық қамтамасыз 

ету жөніндегі қызметтерді жеткізушінің техникалық шарттарына сәйкес әзірленеді;  

2) оларға жататын технологиялық және инженерлік жабдықты қоса, көлемдік, жазық 

және  сызықтық  күрделі  объектілердің  (ғимараттар,  имараттар  мен  олардың  кешендері, 

коммуникациялар)  барлық  түрін  құруға  арналған  құрылыс  процестері,  құрылыс-монтаж 

жұмыстарының  түрлері  бойынша  сәйкестендіріледі  және  Қазақстан  Республикасының 

«Қазақстан  Республикасындағы  сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  қызметі  туралы» 

заңымен белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады. 

А.6  Құрылыс өнімі немесе объектісі: Құрылыс қызметінің соңғы қызметі  болып 

табылатын  жасанды  ортаның  жылжымайтын  объектісі,  оның  ішінде  ғимарат,  басқа 

құрылыс имараты және оның өзіндік жеке бөлігі немесе имараттар кешені.  

А.7  Имарат:  Табиғи  немесе  жасанды  кеңiстiк  шекаралары  бар  және  өндiрiстiк 

процестердi  орындауға,  материалдық  құндылықтарды  орналастыруға  және  сақтауға 

немесе  адамдарды,  жүктердi  уақытша  орналастыруға  (орын  ауыстыруға),  сондай-ақ 

жабдықтарды  немесе  коммуникацияларды  орналастыруға  (төсеуге,  жүргiзуге)  арналған 

жасанды  жасалған  ауқымды,  тегiстiктi  немесе  желiлiк  объект  (жер  үстi,  су  бетi  және 



 

31 


(немесе)  жер  асты,  су  асты).  Имарат  көркемдiк-эстетикалық,  әшекей-қолданбалы  не 

мемориалдық мақсатта да болуы мүмкiн.  

А.8  Ғимарат:  Адамдардың  тұруына  немесе  iшiнде  болуына,  өндiрiстiк 

процестердi  орындауға,  сондай-ақ  материалдық  құндылықтарды  орналастыруға  және 

сақтауға  пайдаланылатын  функционалдық  мақсатына  қарай,  мiндеттi  түрде  жер  бетiне 

салынып,  тұйық  көлемдi  құрайтын,  тiреу  және  қоршау  конструкцияларынан  тұратын 

жасанды құрылғы.  

А.9  Сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  iстерi  жөнiндегi  уәкiлеттi  орган: 

Сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  қызметiн  мемлекеттiк  басқару  саласындағы 

басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган. 

А.10  Техникалық  регламент  (Technical  regulation):  Өнімге  және  (немесе)  оның 

өмірлік  цикл  үдерістеріне  қойылатын  міндетті  талаптарды  белгілейтін,  Қазақстан 

Республикасының  техникалық  реттеу  туралы  заңнамасына  сәйкес  әзірленетін  және 

қолданылатын нормативтік құқықтық акт. 

А.11  Стандарт  –  Бірнеше  рет  және  ерікті  қолдану  мақсатында  техникалық  реттеу 

объектілеріне  ережелерді,  жалпы  қағидаттар  мен  сипаттамаларды  белгілейтін  құжат,  ол 

техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган қарастырған тәртіпте бекітіледі. 

А.12  Қағида  (мемлекеттік  нормативтің  қағидасы)  (Provision):  Талап,  ереже, 

кепілдеме немесе комментарий формасындағы нормативтік құжат мазмұнының логикалық 

бірлігі.  

Құрылыстағы мемлекеттік нормативтердің қағидалары: 

1) ұсыну формасы бойынша – нормалар, ережелер мен хабарламалар

2) міндеттілік дәрежесі бойынша – міндетті, кепілдемелік және анықтамалық;  

3) мазмұны бойынша – пайдалануға беру, сипаттық және әдістемелік болып бөлінеді. 

А.13  Норма:  Қанағаттандырылуы  керек  сандық  немесе  сапалық  өлшемдерді 

белгілейтін қағида. 

А.14  Бақылау және қадағалау органдары: Заңнамаға сәйкес лицензиялауды және 

(немесе)  басқа  рұқсат  құжаттарын  беруді,  тіркеу  есебіне  қоюға,  сонымен  қатар 

тексерілетін  субъектілердің  қызметінің  Қазақстан  Республикасы  заңнамасымен 

белгіленген талаптарға сәйкестілігін бақылау мен тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік 

органдар және олардың аумақтық бөлімшелері. 

А.15  Тапсырыс  беруші  (құрылыс  салушы):  Ғимарат  пен  имараттың  күрделі 

құрылысы үшін мердігерлік ұйыммен (мердігермен) жобалау-іздеу және құрылыс-монтаж 

жұмыстарын  жүргізуге  шарт  жасау  арқылы  қаражат  бөлетін  жеке  немесе  заңды  тұлға 

(жеке тұлға, ұйым, кәсіпорын, мекеме). 

А.16  Тапсырыс  беруші:  Орындаушы  жұмыстарды  орындауына,  мердігерлік 

құрылыс қызметтерін көрсетуіне мүдделі жеке немесе заңды тұлға.  

А.17  Сәулет-жоспарлау тапсырмасы: Объектiнiң мақсатына, негiзгi өлшемдерiне 

және  оны  нақты  жер  учаскесiне  (алаңға,  трассаға)  орналастыруға  қойылатын  талаптар 

кешенi,  сондай-ақ  осы  елдi  мекен  үшiн  қала  құрылысының  регламенттерiне  сәйкес 

белгiленетiн,  жобалау  мен  құрылысқа  қойылатын  мiндеттi  талаптар,  шарттар  мен 

шектеулер. 

А.18  Құрылыс 

жобасы 

(құрылыстық 

жоба): 

Көлемдік-жоспарлық, 

конструктивтік,  технологиялық,  инженерлік,  табиғатты  қорғау,  экономикалық  және  өзге 

шешімдерден,  сонымен  қатар  құрылысты  ұйымдастыру  мен  жүргізуге,  аумақты 

инженерлік дайындау мен абаттандыруға арналған сметалық есептерден тұратын жобалық 

(жобалық-сметалық) құжаттама. 

А.19  Дербестендіру:  Құқық  субъектісін  сәйкестендіру  (тану),  сыртқы  экономика 

мүмкіндігімен қамтамасыз ету. 




жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау