Әлеуметтік және экологиялық әсерді бағалау бойынша қосымша есеп
WSP
Проект № .: 70048319 | Our Ref No.: 2 нұсқа
Тамыз 2018
14
СУ ОРТАСЫ
14.1 ЗАҢНАМА
Қолданылатын заңдар және директивалар төмендегі кестеде көрсетілген.
33-
кесте –
Су ортасы бойынша заңнама, саясат және талаптар
Атауы
Жылы
Заң
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі № 212.
2007
Қазақстан Республикасының Су кодексі № 481.
2003
ЕО директивалары
Су бойынша негіздемелік директива
2000
Ыза сулар бойынша директива
2006
14.2 БАҒАЛАУ ӘДІСНАМАСЫ
Осы бағалауға қатысты жалпы тәсілдеме 4-тарауда жалпыланған.
Су ортасына тигізілетін потенциалдық әсерлерді бағалау HD 45/09 Автожолдарды және көпірлерді
жобалау бойынша нұсқаулықта (АКЖН) баяндалған ең үздік практика бойынша Ұлыбритания
ұсыныстарын тиісінше ескере отырып жүргізілді:
•
Белгі маңыздылығын бағалау;
•
Әсер шамасын бағалау; сонымен қатар
•
Белгі мен әсер шамасының маңыздылығында негізделген әсер маңыздылығын бағалау.
Белгі маңыздылығын бағалау, төменде кестеде көрсетілгендей, белгінің сапасы мен сиректігін ескереді.
34-
кесте – Белгілер критерийлері
Маңыздылығы
Критерийі
Мысалдар
Өте жоғары
Өңірлік және ұлттық
масштабтағы жоғары сапа және
сиректік белгісі.
Халықаралық/ұлттық биоалуандық
құндылығы бар маңызды түрлер мен
мекендеу орындарының кең ауқымын
қамтитын, қол тимеген қалыптағы / қол
тимегендей қалыптағы су сапасы бар үлкен
немесе орташа ағынсулар.
Өңірде сумен жабдықтау үшін
қолданылатын ағынсулар немесе ыза
сулар.
Жоғары
Жергілікті масштабтағы жоғары
сапа және сиректік белгісі.
Өңірлік биоалуандық құндылығы бар
экожүйелерді қамтитын, жақсы су сапасы
бар орташа немесе шағын ағынсулар.
Жергілікті көлемде ауыз сумен жабдықтау
үшін қолданылатын ағынсулар немесе ыза
сулар.
Орташа
Жергілікті масштабтағы орташа Аудандық/жергілікті биоалуандық құндылығы
Әлеуметтік және экологиялық әсерді бағалау бойынша қосымша есеп
WSP
Проект № .: 70048319 | Our Ref No.: 2 нұсқа
Тамыз 2018
Маңыздылығы
Критерийі
Мысалдар
сапа және сиректік белгісі.
бар экожүйелерді қамтитын, орташа су
сапасы бар шағын ағынсулар.
Ауыл шаруашылығы/өнеркәсіп мақсатында
тұтынылатын ағынсулар және ыза сулар.
Төмен
Жергілікті масштабтағы төмен
сапа және сиректік белгісі.
Нашар су сапасы бар немесе жергілікті
биоалуандық құндылығынан кем
экожүйелерді қамтитын шағын, қатты
өзгерген ағынсулар.
Су алу үшін пайдаланылмайтын ағынсулар.
Әсер шамасын бағалау төменде кестеде келтірілген.
35-
кесте – Шамалар критерийлері
Шама
Критерийі
Мысалдар
Үлкен
Белгінің және/немесе белгінің
сапасы мен тұтастығының
жоғалуына алып келеді.
Жай-күйдің тұрақты өзгеруіне алып келетін
су сапасының елеулі уақытша немесе ұзақ
өзгерісі.
Қалыптасқан мекендеу орындарының
жоғалуы немесе оларға зиянның келуі.
Сумен жабдықтаудың тұрақты/ұзақ жоғалуы.
Сулы қабаттың жоғалуы немесе экстенсивті
өзгеруі.
Орташа
жағымсыз
Белгі тұтастығына әсер етеді
немесе белгінің немесе оның
бір бөлігінің жоғалуына алып
келеді.
Су сапасының орташа уақытша өзгеруі, бұл
жай-күйдің уақытша өзгеруіне алып келеді.
Сулы қабатқа, жағалауларға және жағалау
сызығының өсімдіктеріне біршама
өзгерістердің және әсердің келтірілуі.
Сумен жабдықтаудың уақытша/қысқа
мерзімді жоғалуы. Сулы қабаттың ішінара
жоғалуы немесе өзгеруі.
Әлсіз
жағымсыз
Белгі сапасы мен осалдығының
кейбір өлшенетін өзгерістеріне
алып келеді.
Су сапасындағы салыстырмалы шағын
уақытша өзгерістер.
Сағаға, жағалауларға және жағалау
сызығының өсімдіктеріне шағын әсер етуі.
Сумен жабдықтау сапасының уақытша
төмендеуі.
Елеусіз
жағымсыз
Белгіге әсер етеді, бірақ әсер
дәрежесі елеусіз, яғни
тұтастыққа әсер етпейді.
Ағынсу немесе сумен жабдықтау
экологиясына елеулі әсер етусіз су
сапасының өте әлсіз уақытша өзгеруі.
Сулы қабатқа қатысты өлшенетін әсерсіз.
Өзгерістерсіз
Рецепторға әсер етпейді.
Рецепторға қатысты жағымсыз әсер
болжамданбайды.
Әлеуметтік және экологиялық әсерді бағалау бойынша қосымша есеп
WSP
Проект № .: 70048319 | Our Ref No.: 2 нұсқа
Тамыз 2018
Әсердің жалпы маңыздылығы рецептордың бағалау маңыздылығын, сонымен қатар, ертерек 9-кестеде
қосындыланғандай, болжамдалатын әсер шамасын ескереді.
14.3 БАСТАПҚЫ ЖАЙ-КҮЙІ
14.3.1 АҚПАРАТ ҚАЙНАРКӨЗДЕРІ
Бастапқы жай-күй туралы ақпарат негізінен жергілікті өкілдермен ұсынылған, және объектке бару
кезінде алынған ақпаратпен толықтырылған, 2011 жылы әзірленген ұлттық ҚОӘБ-дан, сонымен қатар
интернеттен алынған.
14.3.2 АУА РАЙЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Қапшағай метеорологиялық станциясында тіркелген жауын-шашындар туралы орташа деректер жауын-
шашындардың ең төменгі деңгейінің жаздың соңында бақыланатындығын куәландырады, 12 мм
құраған орташа минималды айлық жауын-шашын қыркүйекте тіркелген, ал ең жоғары жауын-шашын
деңгейі көктемде орын алған, сонымен қатар орташа максималды айлық нөсер 36 мм құрайды, ол
сәуірде, сонымен қатар мамырда тіркелген. Жалпы орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 267 мм
құрайды
41
.
Ең салқын температуралар әдетте қаңтарда бақыланады, орташа айлық температура - минус 12,4°C.
Қар жауу әдетте қыстың соңында және көктемде бақыланады, қардың еруі әдетте сәуірде орын
алады
41
.
14.3.3 БЕТКІ СУЛАР СИПАТТАМАЛАРЫ
Жоба бірқатар маусымдық ағынсуларды қиып өтеді, олар, хабарланғандай, жылдың ұзақ бөлігі
барысында құрғақ болып табылады, бірақ олар бойынша қардың еруі нәтижесінде және күшті жауын-
шашын кезінде судың ағуы орын алады. Су басудың ең жоғары тәуекелі бар шектік ағын әдетте наурыз
және сәуір арасында, жауын-шашын еріп жатқан қарға түскен кезде бақыланады
41
.
Ең үлкен маусымдық
ағынсулар келесілерді қамтиды:
•
Р.Шошқалы, ол жобаны үш рет қиып өтеді: км 3 + 670, км 13 + 203 және км 17 + 498;
•
Үлкен және Кіші Қызылеспе, олар жобаны км 59 + 292 шамасында қиып өтеді;
•
Аққарасай, ол жобаны км 62 + 026 шамасында қиып өтеді;
•
Керегетас, ол жобаны км 65 + 616 шамасында қиып өтеді; сонымен қатар
•
Қошқара, Тамшы және Қазанба
41
.
Курты с. жанында ағып өтетін өзен болжамдалатын P-18 және M-36 тас жолынан тікелей батысқа қарай
орналасқан. Ағын солтүстік бағытта ағады және ағыс бойынша Жобадан жоғары орналасқан, Курты с.
жанындағы бөгенге түседі. Бөген 1990-шы жылдары өзенге көлденең бөгет салу арқылы жасалған және
оның жуық қуаты 120 млн. м құрайды
342
. Жоба қиып өтетін басқа қосалқы ағынсуларға қарағанда, Курты
с. жанындағы өзен тұрақты базалық ағынға ие, ол, хабарланғандай, жауын-шашын, еріген қар суы және
ыза сулар қоспасымен толықтырылады. Өзен суы таяз және іргелес алқаптарды суару үшін
қолданылады. Өзен ұзындығы шамамен 125 км құрайды, сужинау алқабы - шамамен 12.500 км
241
. Өзен
Курты с. ағыс бойынша 60 км төмен жерде Іле өзеніне құйылады және нәтижесінде, төменде
талқыланатындай, Балқаш көліне құйылатын ағынға жәрдемдеседі.
Іле өзені Қытайда Тянь-Шань тау жотасында бастау алады және батысқа Қапшағайдан шығысқа қарай
Қапшағай бөгеніне ағады. Осы жерден Іле өзені солтүстікке Қапшағайдан шамамен 230 км төмен
Балқаш көліне ағады: бұл Қазақстандағы ең үлкен көл, ол 8.000 км
2
көлдер атырауынан, батпақтардан
және батпақтанған учаскелерден құралады
43
. Хабарланғандай, бұрын Іле өзені көлге 80-90% тұщы су
ағынын жеткізген, алайда, хабарланғандай, 1970-ші жылдары бұл көлем Қапшағай бөгенін салу
нәтижесінде үштен екі бөлікке азайған. Қапшағай бөгені Іле өзенінде тұрақты базалық ағынды
41
Ұзақтығы 67 км болатын, Қапшағай қ. – Курты с. автожолы учаскесіне арналған ҚОӘБ. ҚОӘБ автожолдарды жобалауға және
салуға арналған Қазақстан Республикасының ережелеріне, талаптарына және стандарттарына сәйкес дайындалған. Мемлекеттік
сараптаманың жағымды қорытындысы 2017 жылғы 13 наурызда алынған
.
42
CA Water (2018).
Су инфрақұрылымы: бөгендер, Қазақстан. Қол жетімділігі: http://www.cawater-info.net/bk/dam-
safety/infrastructure_e.htm [Accessed: 20/07/2018].
43
Википедия (2018). Іле өзені. Қол жетімділігі: https://en.wikipedia.org/wiki/Ili_River [Accessed: 20/07/2018].
Достарыңызбен бөлісу: |