Зертханалық ЖҰмыс №1



жүктеу 1,1 Mb.
Pdf просмотр
бет28/43
Дата04.01.2020
өлшемі1,1 Mb.
#25851
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43

63 

 

арналған үлгіні бӛледі. 



Сараптауға  бағытталатын  орташа  үлгілерді  пломба  салады  немесе  мӛр 

қояды.  Талдау  басталғанға  дейін  сут  және  сүт  ӛнімдерінің  үлгілері  2-ден  8 

0

С 

температура  кезінде  сақталуы  қажет.  Сараптауға  жіберілетін орташа  үлгілерді 



этикеткамен  және  ілеспе  құжаттармен  (үлгі  алу  туралы  актісі)  жабдықтайды, 

оларда кӛрсетіледі:  

- үлгі алу орны; 

- дайындаушы кәсіпорын атауы; 

- ӛнімнің атауы, сорты және шығарылған күні; 

- партияның нӛмірі, кӛлемі; 

- үлгіні алу сәтіндегі ӛнім температурасы; 

- үлгіну алу сағаты мен күні; 

- үлгіні алған тұлғаның лауазымы мен қолы; 

- ӛнімде анықталуы тиіс кӛрсеткіштер; 

- тапсырушының атауы, қабылдаушының атауы, транспорттық құжаттың 

нӛмірі мен күні; 

- ӛнімге арналған техникалық шарттың немесе стандарттың белгіленуі. 

Сүттің сапасын сараптау тәртібі 

Микробиологиялық  кӛрсеткіштерді  анықтауды  МЕМСТ  9225-84 

бойынша,  органолептикалық  кӛрсеткіштерді  анықтауды  МЕМСТ  28283-89 

бойынша, температураны анықтауды МЕМСТ 26654-85 бойынша, тығыздықты 

анықтауды МЕМСТ 3625-84 бойынша, қышқылды анықтауды МЕМСТ 8218-89 

бойынша, тазалықты анықтауды МЕМСТ 8218-89 бойынша, майдың массалық 

үлесін  анықтауды  МЕМСТ  26654-85  бойынша,  ақуыздың  массалық  үлесін 

анықтауды МЕМСТ 25179-90 бойынша, ақуыз бен лактозаны МЕМСТ 23621-79 

бойынша жүргізеді.  

Сүтті 


органолептикалық 

талдауға 

түсін, 

дәмін, 


иісін 

және 


консистенциясынанықтау  кіреді.  Сүттің  әрбір  компонентті  оған  айрықша 

ерекшеліктер  береді:  май  –  ерекше  нәзіктікті,  сүтті  қант  –  тәттілікті,  ақыздар 

мен минералды тұздар – дәмнің толықтығын.  

Сүттің түсін шашыранды күндізгі түс кезінде мӛлдір шыныдан жасалған 

цилиндрде анықтайды. 

Сүттің  дәмін  оны  ауызға  толтырып  және  онымен  ауыз  қуысын  шаю 

арқылы  анықтайды.  Бұл  кезде  сүтті  жұтпаған  жӛн.  Оны  тілге  бӛлу  кезінде 

әртүрлі дәмдерді жақсы сезетін орындарды есепке алу қажет.  

Сүттің  иісін  бӛлмелік  температура  кезінде  анықтайды,  сондықтан 

салқындатылған сүтті жабық сауытта жылыту қажет. Сүттің иісі туралы дұрыс 

түсінік алу үшін мұрын қуысы арқылы қысқа дем алады.  

Сүттің  консистенциясын  бір  сауыттан  екінші  сауытқа  ақырын  құю 

кезінде  анықтайды.  Егер  де  сүт  тым  тәтті  немесе  тұзды  болса,  онда  бұл  онық 

құрамының ӛзгеруін кӛрсетеді.  

Органолептикалық 

кӛрсеткіштерді, 

температураны, 

тығыздықты, 

тазалықты,  қышқылдылықты,  майдың  массалық  үлесін  және  термиялық 

ӛңдеудің тиімділігін сүттің әрбір партиясында анықтайды.  




64 

 

Ақуыздың  массалық  үлесін  және  соматикалық  жасушалардың  құрамын 



декадасына  бір  реттен  жиі  емес  анықтайды.  Талдау  нәтижелері  аталған  және 

келесі талдау аралығында алынған сүтке таралады.  

Бактериалдық  тұқымдарды  және  ингибирлі  заттарды  біруақытта 

декадасына  бір  реттен  жиі  емес  анықтайды.  Бактериалдық  тұқымдарды  және 

ингибирлі  заттарды  қосымша  анықтау  шаруашылықтың  ӛтінші  бойынша 

жүргізілуі мүмкін. 

Талдау  күні  шаруашылықтардан  қабылданған  сүтте  ингибирлі  заттар 

табылған  кезде,  егер  де  сүт  қалған  кӛрсеткіштері  бойынша  стандарт 

талаптарына  жауап  берсе,  онда  оны  сортты  емеске  жатқызады.  Осы 

шаруашылықтан  келіп  түсетін  сүттің  келесі  партияларын  қабылдауды, 

ингибирлі  заттар  мен  бактериалдық  тұқымдардың  болуына  талдау  нәтижелері 

алынғанға дейін  тоқтата  тұрады.  Ингибирлі  заттардың  болуы  расталған  кезде, 

сүт қабылдауға жатпайды. 

Термотұрақтылықты  балалар  тамақтану  және  стерилденген  ӛнмдерді 

ӛңдеуге арналған сүттің әрбір партиясында анықтайды.  

 

7.2 Кілегей, қаймақ және сҥзбенің сапасын сараптау

 

Кілегейден үлгі алу. 

Үлгіні  алудан  бұрын  партияның  біртектілігін  орнатады.  Біртекті  партия 

деп  атауы,  түрі  және  сорты  бірдей,  бірдей  майлылықты,  яғни  бір  ыдыстан 

алынған ӛнім. Үлгіні алудан бұрын таңдамаға кіргізілген флягтағы кілегейлерді 

1  минут  бойы  жоғары  және  тӛмен  дӛңгелек  қозғалыспен  былғауышпен 

араластырады. Кілегейден 0,50 дм

3

 (л) кӛлемінде біріктірілген үлгіні құрастыру 



үшін  нүқтелік  үлгі  алады.  Нүктелік  үлгіні  алу  және  біріктірілген  үлгіні 

құрастыру  кезінде    металдды  түтікшеге  резеңкелі  сақинаны  кигізеді,  оның 

кӛмегімен  түтікшенің  сыртқы  бетінен  кілегей  қабатын  алып  тастайды. 

Аралатырғанан  кейін  кілегейдің  біріктірілген  үлгісінен  0,10  дм

3

  (л)  кӛлемінде 



талдауға арналған үлгіні бӛледі.  

Таңдамаға  кіргізілген  бӛтелке  мен  пакеттегі  келегейден  біріктірілген 

үлгіні  алудан  бұрын,  ӛнімді  бӛтелке  мен  пакетті  бесретті  аудары  жолымен 

араластырады,  ал  бӛтелке  немесе  пакеттерде  сүттегі  майдың  тұнбасы  болған 

кезде оны 38±2 

0

С температуралы су моншасында 32±2 



0

С температураға дейін 

қыздырады.  Содан  кейін  бӛтелке  мен  пакеттегі  ӛнімді  ыдысқа  құйып, 

бріктірілген  үлгіні  құрастырады.  Тұтынушылық  ыдыстағы  сүттің  біріктірілген 

үлгісінің кӛлемі таңдамаға кіргізілген сүт кӛлеміне тең. Кілегейдің біріктірілген 

үлгісінен 0,10 дм

3

 (л) кӛлемінде талдауға арналған үлгіні бӛледі. 



Сараптауға  бағытталатын  орташа  үлгіні  этикеткамен  және  ілеспе 

құжаттармен (үлгі алу туралы акті) жабдықтайды. Мұндай құжаттарды қаймақ 

пен сүзбенің сапасын сараптауда да жібереді. Оларда кӛрсетіледі: 

- үлгі алу орны; 

- дайындаушы кәсіпорынның атауы; 

- сортының атауы және ӛнімнің ӛндірілген күні; 

- партяиның кӛлемі, нӛмірі; 



жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау