65
- үлгі алу сәтіндегі ӛнім температурасы;
- үлгіні алу уақыы мен күні;
- үлгі алған тұлғаның қолы мен қызметі;
- ӛнімде анықталуы тиіс кӛрсеткіштер;
- тапсырушының атауы, қабылдаушының атауы, нӛмірі және күні;
- транспорттық құжат;
- ӛнімге арналған стандарттың белгіленуі.
Қаймақтан үлгі алу.
Үлгіні алудан бұрын партияның біртектілігін орнатады. Біртекті партия
деп атауы, түрі және сорты бірдей, бірдей майлылықты, бір сүт кәсіпорынында
ӛндірілген, біртекті ыдысқа салынған және бір жұмыс ауысымында ӛндірілген
қаймақты түсінеді.
Таңдамаға кіргізілген флягтардан үлгіні алуды оның консистенциясына
байланысты түтіншемен немесе ожаумен жүргізеді. Нүктелік үлгіні алу және
біріктірілген үлгіні құрастыру кезінде металды түтікшеге резеңкелі сақинаны
кигізеді, оның кӛмегімен түтікшенің сыртқы бетінен қаймақ қабатын алып
тастайды. Қаймақтың біріктірілген үлгісінің массасы 500 мл, ал талдауға
арналған үлгінің массасы 100 г. Тұтынушылық ыдыстағы қаймақты ыдысты
ашқаннан кейін 1 минут бойы қалақшамен араластырады.
Қою консистенциялы қаймақты алдын ала 38±2
0
С температуралы су
моншасында 32±2
0
С температураға дейін қыздырады. Содан кейін ыдысқа
құйып, біріктірілген үлгіні құрастырады. Оның кӛлемі таңдамаға кіргізілген
қаймақтың кӛлеміне тең. Біріктірілген үлгіден массасы 100 г талдауға арналған
үлгіні бӛледі. Сараптауға бағытталатын орташа үлгілерге пломбы салады
немесе мӛр қояды. Сынау басталғанға дейін үлгілер 6-8
0
С температурада
сақталуы қажет.
Сүзбеден үлгі алу.
Үлгі алудан бұрын ӛнімнің біртектілігін орнатады. Біректі ӛнім деп түрі,
сорты бірдей, бірдей майлылықты, бір жұмыс ауысымында, бір ваннадан
біртекті ыдысқа буып-түйілген сүзбені түсінеді. Сүзбенің, сүзбелік массадан
нүктелік үлгіні алуды бұрғымен, оны ыдыстың түбіне дейін батырып жүргізеді.
Ӛнім салынған траснпорттық ыдыстың әрбір бірлігінен үш нүктелік үлгі алады:
біреуін – ортасынан,
қалған екеуін – ыдыстың бүйір қабырғасынан 3-5 см
қашықтықта алады. Алынған ӛнімнің массасын қалақша кӛмегімен ыдысқа
апарып, массасы 500 г біріктірілген үлгіні құрастыра отырып, әбден
араластырады. Бұрғының сыртқы жағындағы ӛнімді біріктірілген үлгіге
кіргізбейді. Біріктірілген үлгіден массасы 100 г, ал толықтырғыш заттар (цукат,
мейіз, жаңғақ) қосылған ӛнімнен 150 г талдауға арналған үлгіні бӛледі.
Кілегейдің, қаймақтың және сүзбенің сапасын сараптау тәртібі
Үлгіні алу мен оларды талдауға дайындау МЕМСТ 26809-86 бойынша,
сыртқы түрі мен консистенцияны, орамның түсі мен сапысын кӛзбен қарап
анықтайды, ал иісі мен дәмін органолептикалық анықтайды. Ӛнімнің
температурасы мен массасын МЕМСТ 3622-68 бойынша, фосфатазаны МЕМСТ
3623-73 бойынша, қышқылдылықты МЕМСТ 3624-92 бойынша, майдың
66
массалық үлесін МЕМСТ 5867-90 бойынша, сүзбенің ылғалдылығын МЕМСТ
23626 бойынша жүргізіледі. Микробиологиялық кӛрсеткіштерін МЕМСТ 9225-
84 бойынша анықтайды.
7.3 Сҧйық сҥтқышқылды ӛнімдердің сапасын сараптау
Сұйық сүтқышқылды өнімдерден үлгіні алу әдістері
Үлгіні алудан бұрын партияның біртектілігін орнатады. Біртекті партия
деп атауы бірдей, жабдықтың үздіксіз жұмыс уақытында бір ауысымда,
ӛндірудің үздіксіз тәсілі кезінде бір сүт кәсіпорынында ӛндірілген
сүтқышқылды ӛнімдерді түсінеді.
Тұтынушылық ыдыстағы сұйық сүтқышқылды ӛнімдерді ӛнімнің
консистенциясына байланысты бӛтелкені, пакетті бес рет аудару жолымен
немесе ыдысты ашқаннан кейін 1 минут бойы қалақшамен араластырады.
Айранды химиялық стақанға құйып, оны температурасы 32±2
0
С су моншасына
10 минутқа қойып, кӛмірқышқылын жою үшін араластырып, содан кейін ӛнімді
араластыра отырып біріктірілген үлгіні құрастырады. Араластырғаннан кейін
біріктірілген үлгіден талдауға арналған кӛлемі 0,10 дм
3
(л) үлгіні бӛледі.
Сараптауға бағытталатын орташа үлгілерді этикеткамен және ілеспе
құжаттармен (үлгі алу актісі) жабдықтайды, оларда кӛрсетіледі:
- үлгі алу орны;
- дайындаушы кәсіпорынның атауы;
- сортының атауы және ӛнімнің ӛндірілген күні;
- партяиның кӛлемі, нӛмірі;
- үлгі алу сәтіндегі ӛнім температурасы;
- үлгі алған тұлғаның қолы мен қызметі;
- ӛнімде анықталуы тиіс кӛрсеткіштер;
- тапсырушының атауы, қабылдаушының атауы, транспорттық құжаттың
нӛмірі және күні;
- ӛнімге арналған стандарттың белгіленуі.
Сараптауға бағытталатын орташа үлгілерге пломба салады немесе мӛр
қояды.
Сұйық сүтқышқылды өнімдердің сапасын сараптау тәртібі
Үлгі алу және оны талдауға дайындау әдістері МЕМСТ 26809-86
бойынша, кӛлемі мен температурасын анықтау МЕМСТ 3622-68 бойынша,
фосфотаза МЕМСТ 3623-73 бойынша, қышқылдылық МЕМСТ 3624-92
бойынша, майдың массалық үлесі МЕМСТ 5867-90 бойынша, құрғақ заттардың
массалық үлесі МЕМСТ 3626-73 бойынша және микробиологиялық
кӛрсеткішгтер МЕМСТ 9225-84 бойынша жүргізіледі.
Простокваша, варенец, ряженка. Аталған ӛнімдерді сиырдың
пастерленген, стерилденген немесе ерітілген сүтінен оны сүтқышқылды
бактериялармен ашыту жолымен ӛндіріледі. Бұл ӛнімдердің сапасы, ӛндіру
технологиясы, қабылдау ережелері мен талдау әдістері ССТ 10-02-02-2-86
«Простокваша» салалық стандартымен орнатылған.
Қолданылатын шикізатқа және бактериалды ашытқы құрамына