16
Бұл жаттығу оқудың өте күрделі және әр адамда әртүрлі жүретін үдеріс екенін көрсетеді.
Бұдан түйетін ой – бұл саладан бейхабар адамдарға
өзгелердің қалай білім алатынын нақты
білу ауыр екені. алайда
оқу үдерісі білім алушының жүріс-тұрысын, ойлау үдерісін, есте сақтау
және қабылдауын бақылау барысында зерттелген. Соңғы уақыттағы зерттеулер жеке тұлғаны
тұтастай қарастыра отырып, субъектілер өздерін оқушы ретінде қалай сезінетінін және оқу
үдерісінде бір-бірімен өзара қандай қарым-қатынаста болатынын зерделеді.
Қорытындысында, соңғы жылдардағы зерттеулерде оқу адамның білім алудағы
нақты мүмкіндіктерін пайдалану сипатын қалыптастыратын жиынтық, яғни бастан
кешкен тәжірибе, әлеуметтік қарым-қатынастар, құндылықтар, амал-тәсілдер мен
ұстанымдарының кешенді үйлесімі ретінде анықталған.
Адамдардың қалай оқитынын түсіну: «теориялық экспедициялар»
Оқу үдерісі туралы біздің жалпы түсінігімізге қарамастан, біз қалай білім алатынымызды
толық түсінеміз деп айта алмаймыз. Бірақ психология саласындағы арнайы әдебиетте осы
нысанды зерттеушілердің негізгі үш тобы анықталған: әлеуметтік психологтар, ынталандырушы,
аффекттік теоретиктер және когнитивті психологтар.
Осы зерттеуші топтарды бейнелеу үшін
«
тауға көтерілу» аналогиясын пайдалана отырып, бұларға жақын арада мидың оқуды қалай
бақылайтынын түсіну мақсатында инвазивті емес әдістерді қолданатын нейроғылым өкілдері
тобы қосылған деген болжам жасауға болады
(5-сурет). Біз ғылыми қордың мұраларын
қарастырып, әрбір экспедиция ұсынған, оқыту тәжірибесінде пайдалы бола алатын заманауи
идеялармен танысамыз.
5-сурет. Адамдардың қалай оқитынын түсінуге бағытталған психологиялық
«экспедициялардың» негізгі бағыттары
17
Бұл «теориялық экспедицияның» өн бойында ең ұзақ болған топ –
когнитивті теоретиктер.
Бұл теорияның өкілдері – когнитивті психологтер белгілі бір материалды қабылдауға қатысты
адамдардың санасында болып жатқан үдеріс мәселелерін зерттейді. Танымдық үдерістерді
(есте сақтау, қабылдау), зиятты және даму кезеңдерін анықтауға арналған қазіргі заманғы және
ертеде жарияланған зерттеу әдебиеттері жеткілікті. Қазіргі заманғы неврологиялық әдістерді
пайдалануға және жеке тұлғаның жалпы оқуына қатысты мәселелерге баса назар аударыла
бастауына байланысты, осы теориялардың кейбіреулерінің дамып, өрістеуіне жол ашылды.
Осы тарауда танымдық теориядағы өзгерістер есте сақтау және зияткерлікке қатысты соңғы
зерттеулер тұрғысынан қаралған.
Пиаже теориясына жүгіну
1960 жылдары когнитивті психология әлемінде ойлауды дамыту теориясы тұрғысынан жан
Пиаженің ғылыми идеялары басымдыққа ие болды. Сол кезең үшін бақылау мен эксперимент
жүргізудің тиімді әдістерін жасаған Пиаже мүлдем өзгермейтін және әмбебап кезеңдерде
жүзеге асырылатын жалпы танымдық операциялардың кешенді даму көрінісін нанымды
дәлелдеп шықты.
Пиаже кеңістік, уақыт және сандық аспектілерді қамтитын дамудың жалпы кезеңдерін
анықтады. алайда, қырық жылдан кейін қазіргі заман психологтары әрбір аспектіге
өзіндік
ережелер мен жүзеге асыру операциялары тән екенін анықтап,
жалпы сатылар мен құрылымдар
болатынына күмән тудырды.
Пиаже зияткерлікті барлық жеке тұлғаларда бірдей дамитын бірыңғай жалпы қабілет
деп есептеген. Қырық жылдан кейін ғалымдар адамдар ерекше түрде жұмыс істейтін және
өзара қарым-қатынаста бола алатын көптеген салыстырмалы түрде тәуелсіз «зияткерлік
қабілеттерге» ие деген пікірге келді.
Пиажені жеке айырмашылықтар қызықтырмаған, ол «
эпистемиялық субъектіні»
зерттеген. Бұл саладағы көптеген соңғы зерттеулер жеке ерекшеліктерге шоғырланған, мұның
өзінде айрықша таланттар мен кемшіліктер, қабілеттердің өзіндік құрылымына және шектеулі
мүмкіндіктердің өзіне тән айырмашылықтарына аса мән берілген.
Пиаже жаңа туған нәрестелердің «ана сүтімен қоректену», айналадағыны аңдау сияқты
шектеулі биологиялық қабілеттермен бірге, оқудың –
ассимиляция және
бейімделу деп атаған
басты екі үдерістеріне ие екені туралы да болжаған. Қазіргі психологтар адам біраз туа біткен
қасиеттерге немесе жеңіл түрде айқындалатын танымдық қабілеттерге ие және Пиаже осы туа
біткен танымдық құрылымның маңыздылығын жете бағаламаған деген қорытындыға келіп
отыр.
Пиаже танымдық дамуды өсіп келе жатқан баланың физикалық немесе азын-аулақ
дәрежеде әлеуметтік дүниемен өз бетінше эксперимент жасауы деп қабылдап, тарихи және
мәдени факторлардың маңыздылығын ескермеген. Қазіргі теорияларға сүйенсек, даму ерте
кезеңдерден-ақ
басталады, бұл жағдайда әлеуметтік ортаның дамуға әсері елеулі болмақ.
Сонымен бірге Пиаже біртұтас танымдық тетіктердің, моториканың көріністері ретінде тіл
және басқа да графикалық, музыкалық бейнелер сияқты таңбалардың жүйесін қарастырған.
Гарднердің зияттың қырлары туралы соңғы уақыттағы зерттеулері әр жүйенің өзіне тән шығу
тегі болатындығын және олардың мәдени, уақыттық мәнмәтіндер жүйесінде қолданылуы
елеулі ықпал ететінін болжайды.
Зияткерлік туралы қазіргі зерттеулер: зияттың қырлары
Зияткерлікті ақыл-ой қабілеттерінің тестілерімен өлшенетін құбылыс ретінде қарастыратын
ғалымдар мен зерттеушілер үшін зиятқа қатысты жаңа ой-пікірлер әрдайым проблема болатыны
шындық. Әртүрлі қабілеттер арасындағы өзара байланысқа негізделген зерттеу жүргізіп, ортақ
зият факторының бар екендігі туралы пікірді берік ұстанатын тұрақты дәстүрлер осы күнге
дейін сақталып отыр. алайда Говард Гарднер (2006) зияткерліктің өзара байланысын тап басып
көрсету мүмкін
емес деп, ондай дәлелдемелердің басым бөлігін жоққа шығарады.