Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет4/126
Дата01.01.2020
өлшемі11,77 Mb.
#25670
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126

10
1-кесте. Шульман ілімі
Мұғалімнің 
көмекшілері
(Shulman, 2007)
Табысты мұғалімге тән белгілер
Бас
Кәсіби түсінік
Оқыту мен оқу, сондай-ақ жеке тұлға ретінде оқушылар туралы тұғырлы теориялық 
базаға негізделген, жеткілікті білімнің болуын талап етеді. Сондай-ақ тәжірибені 
түсіну,  дамыту/жетілдіру  үшін  дәлелдер/зерттеулер  нәтижелерін  қалай  қолдану 
керектігін білуді көздейді.
Қол
Оқытудың тәжірибелік дағдылары
Бұл  мамандық  техникалық  және  тәжірибелік  дағдыларды,  әртүрлі  әдістер  мен 
тәсілдерді білуді, яғни білім алу жолдарын көрсету, түзету және бағамдау сияқты 
түрлі  әдіс-тәсілдерді  қолдана  отырып,  идеяларды  түсіндіре  білуді  талап  етеді. 
Сонымен  қатар  мұғалім  ынталандыру,  көтермелеу,  шектеу  жолдарын,  жекелеген 
сабақтар мен тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау және оларды бағамдау 
әдістемелерін меңгеру қажет.
жоғарыда аталған білімдер мен дағдылар болған жағдайда, мұғалім сабақ үстінде 
оқушылардың оқуға ынтасын арттырып, тиісті және одан да жоғары деңгейлерге 
қол жеткізуге ұмтылатындай қолайлы орта қалыптастырып, оның тұрақтылығын 
қамтамасыз етері анық.
Жүрек
Кәсіби-адамгершілік тұтастық 
Мұғалімдер  ұстаз  мамандығының  этикалық  және  моральдық  құндылықтарын 
ұстанады. Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға аяушылық, мейірім 
және құрмет көрсете білетін әділ адамдар. 
Мұғалімдер – өз мамандығын сүйетін, оқуға қатысты тұжырымды пікірлері мен 
ұстанымдары  қалыптасқан  жандар,  олардың  бұл  бағыттағы  ойлары  бір  жерден 
шығап жатады.
Сапалы  оқыту  білім  алуға  мүмкіндік  беретін  нақты  жағдайларды  жасаумен  қатар,  сол 
жағдайлардың  өзімен  тығыз  байланыста  болады.  Табысты  мұғалім  оқушыларға,  ортаға 
және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп» 
отырады. Шындығында, оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің 
қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына да тығыз байланысты.
Сапалы  оқыту  –  мұғалім  бейнесімен  танылатын  сан  алуан  элементтер  арасындағы 
байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде 
жүзеге асырылады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім 
алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.
Сапалы және таысты оқыту жайында қорытынды қалыптастыру
Оқытудың сапасын 
екі тәсіл арқылы анықтауға болады. 
Біріншісі, бағалау оқу қызметінің нәтижесіне байланысты болмай, мұғалім іс-әрекетінің 
тәжірибе  талаптарына  сәйкестігін,  яғни  –  мұғалім  жұмысының  тиімділігін,  оқушылармен 
өзара байланысының сипаты мен жиілігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл жағдайда баға 
мұғалім  жұмыс  істейтін  оқушыларға  байланысты  қарастырылады,  оқыту  үдерісіне  тәуелді 
болмайды. 
Оқыту сапасын бағалаудағы 
екінші тәсіл жай ғана кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен 
орындағаннан  гөрі,  көбірек  күш-жігерді  талап  ететін  сапалы  әрі  табысты  оқытуға  ерекше 
көңіл  бөледі.  Табысты  оқыту  білім  беру  үдерісіне  тәуелді  болғандықтан,  оқытудың  шын 
мәнінде жүзеге асырылуы мен құзіреттілік, шеберліктің деңгейі қаншалықты екенін де саралай 
білу  қажет.  Сонымен  қатар  оқушылардың  жай-күйі  мен  әлеуметтік  ортасының  сипатын, 
мүмкіндіктерінің дәрежесі мен қолжетімділік деңгейін білу қажет. Осыған байланысты сынып 
туралы мәнмәтіндік мәлімет қажет болады. 


11
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Бағдарлама:
1) оқыту мен зерттеуге ынта жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін және оқушыларға 
қамқорлық көрсете отырып,
 ықпал ететін және бағдар беретін мұғалімдерді;
2)  әрбір  оқушының  пәнді  түсінуді  қалай  құрылымдау
  қажеттігін  ойластыра  білетінін 
сезінетін, осы көзқарастар тұрғысынан білімі мен тәжірибесін қалыптастыратын; сондай-ақ 
оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері бойынша ілгері жылжуын дамыту мақсатында 
мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар 
мұғалімдерді;
3)  оқытудың  мақсаты  мен  сабақтың  нәтижелі  де  табысты  өту  өлшемдерін,  өзі  мен 
оқушыларының бұл өлшемдерге қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін білетін, оқушылардың 
игерген  білімі  мен  оқушылар  мойындаған  «Біз  қайда  бара  жатырмыз?»,  «Қандай  іс-әрекет 
жасау  керек?»,  «Одан  әрі  не  істеу  керек?»  деген  сияқты  табыс  критерийлері  арасындағы 
алшақтықты жою үшін не істеу керек екенін білетін 
мұғалімдерді;
4) бастапқы идеядан туынды идеяларды өрістете байланыстыратын және сол идеяларды 
оқушылардың  өздері  құрастырып,  жандандыра  алатындай  етіп  жинақтап,  толықтырып, 
тереңдетіп  бере  алатын,  дайын
  білім  мен  идеяларды  ұсынбай,  сол  білім  мен  идеяларды 
оқушылардың өздерінің
 құруына түрткі болатын мұғалімдерді даярлауға бағытталған. 
ПАйДАЛАНЫЛҒАН әДЕБИЕТ
Barber, M., & Mousahd, M. (2007). How the best schools systems came out on top [ең үздік мектеп 
жүйелері  бірінші  орынға  қалай  шығады]. Online at http://mckinseyonsociety.com/how-the-
worlds-best-performing-schools-come-out-on-top/ Accessed on 19
th
 November 2011.
Bolam, R., McMahon, A., Stoll, L., Thomas, S., Wallace, M., Greenwood, A., Hawkey, K., Ingram, 
M., Atkinson, A., & Smith, M. (2005). Creating and Sustaining Effective Professional Learning 
Communities  [Тиiмдi  кәсiби  оқу  қоғамдастығын  құру  және  қолдау].  The  Department  for 
Education and Skills.
Fenstermacher, G., & Richardson, V. (2005). Making Determinations of Quality in Teaching [Оқытуда 
сапаны анықтаудың туындысы]. Teachers College Record, 107 (1), 186-213.
Frost,  D.  (2011).  Supporting teacher leadership in 15 countries: the International Teacher 
Leadership project [15 елдегi мұғалiмнiң жетекшiлiгiнiң қолдауы: Мұғалiмнiң жетекшiлiгi 
Халықаралық  жобасы].  Phase  1, A  report,  Cambridge:  LfL  at  the  University  of  Cambridge 
Faculty of Education.
Frost, D., & Durrant, J. (2003). Teacher Leadership: Rationale, Strategy and Impact [Мұғалiмнiң 
көшбасшылығы: Мақсаттылық, Стратегия және әсері]. School Leadership & Management, 
23 (2), 173-186.
Hattie, J. (2009). Visible Learning [Көзге көрінетін оқыту]. London: Routledge.
Pаjares,  M.  F.  (1992).  Teachers’  beliefs  and  educational  research:  Cleaning  up  a  messy  construct 
[Мұғалімдердің  пікірлері  және  білім  беру  зерттеулері:  ретсіз  тұжырымдаманы  тәртіпке 
келтіру]. Review of Educational Research, 62 (3), 307-332.
Shulman, L. S. (2007). Good teaching [жақсы оқыту]. Box content in S. Loeb, C. Rouse & A. Shorri 
(Eds.), Introducing the Issue, in The Future of Children17 (1), 6-7.
Stronge, J., Ward, T., & Grant, L. (2011). What Makes Good Teachers Good? A cross-case analysis of the 
connection between teacher effectiveness and pupil achievement [Үздік мұғалімдердің жақсы 
болуы неден? Мұғалімнің тиімділігі мен оқушының жетістігі арасындағы байланыстың 
көлденең талдауы]. Journal of Teacher Education, 62, 339. doi: 10.1177/0022487111404241.


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау