Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет39/126
Дата01.01.2020
өлшемі11,77 Mb.
#25670
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   126

85
Орта мерзімді жоспарлау
Бағдарламаның  негізгі  мақсаты  мектеп  мұғалімдерінің  өздерінің  балаларды  белгілі  бір 
тәсілдермен оқытатынын біліп қана қоймай, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесіне 
қалай  ықпалдастыратынын  түсінуі  болып  табылады.  Тізбектелген  сабақтар  топтамасы  жеті 
модульді  ықпалдастыру  тәсілдері  мен  өзгеріс  енгізу  үдерісі  туралы  тәжірибеге  негізделген 
деректер алуға және өзгеріс енгізу барысында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік 
беретін құрылымды көздейді.
22-сурет. Ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара 
байланыс
Оқу  бағдарламасын  әдетте  білім  саласындағы  саясатты  қалыптастыратын  адамдар 
мен  мектеп  әкімшілігі  жоспарлайды  (22-сурет).  Бір  топ  адам  оқу  бағдарламасын  сыныпта 
сабақ беру тәжірибесін Бағдарламаның барлық жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген 
сабақтар топтамасына айналдырса, сол орта мерзімді жоспарлау болады. Өз кезегінде әрбір 
жеке  мұғалім  орта  мерзімді  жоспарды  әрбір  жеке  сынып  үшін  сабақтарды  егжей-тегжейлі 
жоспарлау үшін пайдаланады.
Орта  мерзімді  жоспарлау  немесе  тізбектелген  сабақтар  топтамасын  жоспарлаудың 
мақсаты:
•  жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы;
•  сыныпта оқыту тәжірибесіне жеті модульді ықпалдастыру;
•  әрбір сабақ үшін оқыту және оқу мақсаттарын белгілеу;
•  оқыту және оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау;
•  осы  нәтижелерге  қол  жеткізу  мақсатында  жоспарланған  оқыту  мен  оқу  міндеттерін 
көрсету;
•  оқудың  әрбір  кезеңінің  басынан  бастап  соңына  дейін  алға  ілгерілеудің  болуын 
қамтамасыз ету;
•  барлық оқушыларды қамту үшін асқан ептілікпен және ұқыптылықпен жоспарлау.
Оқу мақсаты мен оның нәтижелері
Мұғалім оқушыларға арнап жоспарлайтын іс-шаралар оқу мақсаты болып табылады. 
Осыған  байланысты, оқыту және оқу мақсаттарын  қалыптастыру шаралары төмендегілерді 
білуге бағытталған:
Сіздің ойыңызша, оқушылар нені білуге тиіс?
Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?
Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?
Оқу нәтижелері мұғалім сабақта қойған мақсаттарына қол жеткізе алды ма, жоқ 
па екенін білуге мүмкіндік береді.


86
Оқу нәтижелері:
оқушыға бағытталуы керек;
белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек;
оқушының оқу үлгеріміне сәйкес болуы қажет.
МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ОйЛАУ ЖОЛДАРЫ
Топтағы бірлескен және ұжымдық жұмыс
Бірлескен оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге 
немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.
Бірлескен оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады. 
адамдар топтарға бірлескен барлық жағдайларда топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен 
іске қосқан үлесі құрметтеліп, ескерілетін, адамдармен жұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады. 
Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді. 
Бірлескен оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ұжымдасу арқылы бітімге, келісімге қол 
жеткізуіне негізделген.
Бірлескен оқудың мәні
Бірлескен  оқу  –  бұл  оқыту  мен  оқу  тәсілі,  аталған  тәсіл  проблемаларды  шешу, 
тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс 
істеуін білдіреді. Бірлескен оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, 
оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі және осы әңгімелесу арқылы білім алады.
Педагогикада  бірлескен  оқу  тәсілдерінің  саны  жеткілікті,  ал  ұжымдық  оқу  үдерісінің 
негізгі сипаттамалары мынадай:
1.  Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген 
білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.
2.  Оқу  тапсырмаларды  орындау  үшін  механикалық  есте  сақтау  мен  қайталауды  емес, 
құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
3.  Қатысушылар әр адамның көзқарасымен танысудан пайда алады.
4.  Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы 
зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.
Бірлескен  оқу  ортасында  оқушылар  әлеуметтік  және  эмоционалдық  тұрғыдан  да  дами 
түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр 
болады.  Мұндайда  оқушылар  сарапшылардың  немесе  мәтін  аясында  шектеліп  қалмай, 
өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша бірлескен оқу 
жағдайында  оқушылар  құрбы-құрдастарымен  қарым-қатынас  жасауға,  идеяларды  ұсынуға 
және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға 
және талқылауға белсенді қатысуға мүмкіндік алады.
жалпы алғанда, топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге асырылады:


87
23-сурет. Топтағы бірлескен жұмысты жүзеге асыру мақсаты
ЖҰМЫС әДІСТЕРІ
Коучинг және тәлімгерлік
Білімінің дәрежесіне, кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижесін 
өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды, осы ретте Бағдарлама мұғалімдерге әріптестерімен бірге 
жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін коучинг пен тәлімгерлік арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік 
беретін  дағдыларды  ұсынады.  Тәлімгер  ретінде  тренерді  қалыптастыру  үдерісі  білім  беру 
тәжірибесін жақсарту мақсатында ынтымақтастықтағы мектеп ортасында жүзеге асырылатын 
болады.
«Тәлімгерлік»  пен  «коучинг»  ұғымдары  ұқсас  қызмет  түрлерін  сипаттау  үшін  әдетте 
синоним ретінде қолданылады, осыған байланысты осы санаттардың мағыналары араласып 
кетуі ықтимал. Олардың әрқайсысына тән айырмашылықтар:
Коучинг - (ағылш. coaching) сөзбе-сөз аудармасы – тәлім ету, дайындау, жаттықтыру
Бұл  –  әріптестердің  (коуч  пен  әріптесі)  құпия,  белсенді  және  жасампаз  өзара  әрекеттестік 
үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен 
алмасу, коуч тарапынан рефлексиялық диалогқа тарту негізінде екінші мұғалім өз жұмысының 
жекелеген  салаларын  жетілдіру,  оларды  тереңірек  дамытып,  анағұрлым  жоғары  сапалық 
деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген 
дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді.
Тәлімгерлік  -  (mentoring)  ұзақ  уақытқа  созылатын,  тәлімгер  (тәжірибелі,  озық  педагог) 
мен тәліп (тәжірибесі аз педагог) арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас 
құру  үдерісі.  Ол  тәліптің  педагог  ретінде  қалыптасуы  мақсатында  өзінің  білімін,  ойлауын, 
тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. 
Тәлімгерлік  ету  барысында  тәлімгер  өзінің  білімімен,  тәжірибесімен  бөліседі,  ал  тәліп 
еңбек  жолында  айтулы  жетістіктерге  жету  мақсатында  өзінің  кәсіби  дағдыларын  дамытып, 
проблемаларды шешу жолдарын іздейді. 
Заманауи түсінік
Мұғалімге өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекетті талдау және ол 
туралы ойлануға арналған құралдарды ұсыну мүмкіндігі коучинг пен тәлімгерліктің барлық 
түрлерін біріктіруші фактор болып табылады.
Тәлімгерліктегі  басты  ұстаным  қызмет  емес,  қарым-қатынас  болып  табылады,  оның 
барысында  тәлімгер  объективті  тыңдаушы  және  бағыттаушы  болады.  Тәлімгер  тәлімгерлік 
үдерісіне өзінің тәжірибесін үлес етіп қоса отырып, бірқатар міндеттерді орындайды:
•  тәліптерге мүмкіндіктер мен проблемаларды қарауға жағдай жасайды;
•  стратегиялық деңгейде өзінің ноу-хауымен алмасады;
•  тәліпке шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға көмектеседі.


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау