58
- барлық компанияның жалпы қызметінде;
- компанияның паблик-рилейшнз нәтижелерінде;
- сыртқы коммуникациялар жағдайында;
- персоналдың мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесінде;
- нақты нарықтағы компанияның қызметінде;
- басқарушылық, қызмет көрсетуші және өндірістік қызметте;
- тікелей өндіріс нәтижелерінде;
- материалдық және интеллектуалдық ресурстарды қолдануда.
Студенттің өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Басқару шешімдерінің тиімділігін объективті бағалау мүмкін бе? Жауабыңызды
түсіндіріңіз.
2. Басқару шешімдерін сапалық тұрғыдан қалай бағалауға болады?
3. Басқару шешімдерін сандық тұрғыдан бағалау әдістері қандай?
4. Басқару шешімдерін оңтайландыруға болады?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Юкаева В.С. Принятие управленческих решений: Учебник/ В.С. Юкаева, Е.В.
Зубарева, В.В. Чувикова. - М.: Дашков и К, 2011. - 324 с.
3. Карданская Н.Л. Принятие управленческого решения: Учебник/ Н.Л. Карданская. - М.:
ЮНИТИ, 1999. - 407 с.
4. Ларичев О.И. Теория и методы принятия решений/ О.И. Ларичев. - М.: Логос, 2000. - 294
с.
5. Литвак Б.Г. Разработка управленческого решения: Учебник/ Б.Г. Литвак. - М.: "Дело",
2000. - 392 с.
6. Смирнов Э.А. Разработка управленческих решений: Учебник/ Э.А. Смирнов. - М.:
ЮНИТИ-ДАНА, 2002. - 271 с.
7. Саак А. Э. Разработка управленческого решения: учебник по спец. "Государственное и
муниципальное управление" / А. Э. Саак, В. Н. Тюшняков. - СПб.: Питер, 2007. - 272 с.
8. Разработка управленческих решений : учеб.-метод. комплекс для студентов
специальности 080504 «Государственное и муниципальное управление»/ Сост.: Ф. Г.
Давлятова – Уфа : РИО БАГСУ, 2008. - 77 c.
9. Учебно-методический комплекс по дисциплине «Управленческие решения» для
студентов специальности 080507.65 «Менеджмент организации». – Самара: Изд-во:
СИБиУ, 2010
10. Пирогова Е.В. Управленческие решения:Учебное пособие.- Ульяновск: УлГТУ, 2010. –
176 с.
11. Башкатова Ю.И. Управленческие решения. – Московский международный институт
эконометрики,
информатики, финансов и права. М., 2003. – 89 с.
12.Практика принятия решений в менеджменте. Методические рекомендации для
проведения практических занятий по направлению подготовки 080200 «Менеджмент» /
Сост. М. П. Прохорова. – Н.Новгород: Изд-во ВГИПУ, 2011. – 57 с.
13.Пирогова Е.В. Управленческие решения:Учебное пособие.- Ульяновск: УлГТУ, 2010. –
176 с.
14. Эффективность государственного управления/ Пер. с англ. Общая ред. С.А.Батчикова,
С.Ю.Глазьева. - М.: Фонд "За экономическую грамотность", 1998. - 848 с
59
14 тақырып. Басқару шешімдері және жауапкершілік
Дәріс жоспары:
1. Жауапкершіліктің мәні мен түрлері
2. Жауапкершіліктің технологиялық түрлері
3. Жауапкершіліктің гуманитарлық түрлері
1. Жауапкершілік – бұл біреуге өз әрекеттерін, қылықтарын туралы есеп беру
және тапсырылған істі орындамаудың немесе дұрыс емес орындаудың орнын толтыру
қажеттігі. Жауапкершілік ресми және жеке, еріксіз және ерікті болуы мүмкін. Соңғысы адам
міңезінің сипаты сияқты түсіндіріледі – жауапкершілік сезімі. Міңез-құлықтың дәл осы
ерекшілігі адамды адам құқықтарын бұзуға қарсы тұруға, қоршаған ортаның экологиялық
қауіпсіздігі үшін және т.б. болуға мәжбүр етеді.
1-сурет – Жауапкершіліктің ресми түрлерінің жіктелуі
Жауапкершіліктің ресми түрлері 1-суретте көрсетілгендей екі топқа бөлінеді:
жауапкершіліктің технологиялық және гуманитарлық түрлері.
Жауапкершіліктің технологиялық түрлеріне: кәсіптік, тәртіптік, әкімшілік, құқықтық,
экономикалық және материалдық жауапкершіліктер жатады, ал гуманитарлық түрлеріне:
әлеуметтік, партиялық, этикалық, экологиялық және саяси жауапкершіліктер жатады.
Жауапкершіліктің барлық түрлерін келесілер бойынша жіктеуге болады:
- жауапкершілік деңгейлері (халықаралық, мемлекеттік, компания мен оның
бөлімшелерінің деңгейі және өзінің Мен деңгейі);
- жауапкершілік уақыты (қабылданған шешімдердің бұрынғы, қазіргі және болашақ
нәтижелері үшін);
- қате шешімдер салдарынан болған залалдар (ескіру мерзімі жоқ маңызды залал үшін,
ескіру мерзімі әдетте 3 немесе 5 жыл болатын жауапкершілік бойынша залал).
2. Жауапкершіліктің технологиялық түрлеріне: кәсіптік, тәртіптік, әкімшілік,
құқықтық, экономикалық және материалдық жауапкершіліктер жатады. Компания мен оның
бөлімшелері басшыларының кәсіптік жауапкершілігінің мәні компанияның жарлығында
немесе типтік лауазымдық нұсқауларында көрінеді. Ол өндірістік қызметтің технологиясын
бұзу салдарынан пайда болады. Әдетте мұндай жауапкершілік жергілікті (компания шегінде)
сипатқа ие. Жауапкершілік нысандары: жазалаудан, ескертуден, сөгістен, басқа жұмысқа
аударудан, жұмыстан босатудан тұрады.
Басшының типтік лауазымдық нұсқауы төрт тараудан тұрады: жалпы ережелер,
міндеттер, құқықтар мен жауапкершіліктер.
Кәсіптік
жауапкершілік
бұл
нұсқаудың
алғашқы
үш
тарауларында
тұжырымдалынады.
Жауапкершіліктің ресми түрлері
Жауапкершіл
іктің
технологиял
ық түрлері
Жауапкершіл
іктің
гуманитар
лық түрлері
кәсіптік
тәртіптік
әкімшілік
құқықтық
экономикалық
материалдық
әлеуметтік
партиялық
этикалық
экологиялық
саяси