Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет53/78
Дата01.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25655
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   78

161
Кəсіптілік біліктілік – педагогикалық қызметкерлердің кəсіптілі-
гінің маңызды сипаттамаларының бірі. Біліктілік – адамның біліміне 
негізделген, зияткерлік жəне жеке шарттасқан əлеуметтік-кəсіптілік 
– тіршілік əрекетінің тəжірибесі [40]. Педагогтардің құзыреттілік пен 
біліктілік мəселелері Ф. Н. Гоноболинның, Р. Р. Джердемалиеваның, 
Э. Ф.Зеердің, А. А. Жайтапованың, И. А. Зимняяның, Н. В. Кузьминаның, 
А. К.Маркованың, Л.М. Митинаның, В.  А. Сластениннің, Н. Н. Ханның, 
Н. Д. Хмельдің жəне көптеген басқалардың еңбектерінде зерделенді. 
Н. В. Кузьмина [52] педагогикалық біліктіліктің негізгі элементтері 
ретінде мыналарды бөліп көрсетеді:
1. Оқытатын пəннің саласындағы арнайы біліктілік;
2. Оқушыларда білімдерді, ептіліктер мен дағдыларды қалыптас-
тыру тəсілдерінің саласындағы əдістемелік біліктілік;
3. Оқыту аясындағы психологиялық-педагогикалық біліктілік;
4. Білім алушылардың уəждері, қабілеттері, бағыттылық 
саласындағы дифференциалдық-психологиялық біліктілігі;
5. Педагогикалық қызметтің рефлексиясымен байланысты аутопси-
хологиялық біліктілік.
А. К.Маркованың, Н. Д.Хмельдің тұжырымдамалары осы ұста-
нымға белгілі дəрежеде жақын екендігін атап кету қажет. Педагог 
тұлғасының интегралдық мінездемелер құрылымына Л. М. Мити-
на келесі 3 құрауышты енгізуде: педагогикалық бағыттылық (балаға 
жəне басқа адамдарға деген бағыттылық; өзіне деген бағыттылық; 
мұғалім кəсібінің пəндік жағына, яғни оқу пəнінің мазмұнына деген 
бағыттылық), педагогикалық біліктілік (əрекетті жəне коммуникатив-
тік), эмоционалдық икемділік (эмоционалдық экспрессивтілік пен 
эмоционалдық тұрақтылықтың үйлесімі ретінде).
Н. В. Кузьминаның пікірі бойынша арнайы біліктілік оқытылатын 
пəннің саласындағы педагогтың білімін, біліктігілігі мен тəжірибесін; 
техникалық, шығармашылық міндеттерді шешу тəсілдерін білуін 
енгізеді. Біздің пікіріміз бойынша, педагогтың заманауи менеджмент 
аясындағы білімі де осы біліктіліктің аса қажетті құраушысы болады.
Əдістемелік біліктілікті оқытудың əртүрлі əдістерін игерумен, 
дидактикалық əдістерді, тəсілдерді білумен жəне оларды оқыту 
үдерісінде пайдалана білу ептілігімен, оқыту үдерісінде білімдер мен 
ептіліктерді игерудің психологиялық механизмдерін білумен бай-
ланыстырады. Біздің ойымызша, педагогтің оқу-тəрбие үдерісінің 
менеджері ретінде функцияларын ескере отырып, осы біліктілікке, 
сондай-ақ басқару саласындағы оның білімдері мен ептіліктері, оның 
ішінде жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау, шешімдерді 
қабылдай білуі жəне т.б. енгізілуі тиіс. 
11–7420


162
Педагогикалық қызметтің тиімділігі едəуір дəрежеде мұғалім 
біліктілігінің осы аясына, алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге, 
өзінің басқару функцияларын қаншалықты түрлендіре алатыны-
на, қолданылатын білім беру технологиясына жəне педагогикалық 
жағдайдың басқа құрамдауыштарына байланысты.
Психологиялық-педагогикалық біліктілік педагогикалық диаг-
ностикасымен игеруді, білім алушылармен педагогикалық тиімді 
қатынастарды құра білуді, педагогикалық диагностика нəтижелерінің 
негізінде жеке жұмысты жүргізуді; жасы бойынша психологияны, 
тұлғааралық жəне педагогикалық қатынас психологиясын білуді; білім 
алушыларда таңдалған мамандығына, оқытылатын пəніне тұрақты 
қызығушылықты ояту жəне дамыта білуді көздейді.
Дифференциалдық-психологиялық біліктілік білім алушылардың 
жеке ерекшеліктерін, мақсаттары мен бағыттылығын анықтау, 
адамдардың эмоциялық қалпын анықтау жəне есепке алу ептілігін; 
басшылармен, əріптестерімен, оқушылармен қарым-қатынастарды 
дұрыс құра білу ептілігінен тұрады. 
Аутопсихологиялық біліктілік жеке қызметінің деңгейін, өзінің 
педагогикалық қабілеттері мен мүмкіндіктерін ұғыну алғырлығын; 
кəсіби өзін-өзі жетілдіру тəсілдері жөніндегі білімді; өз жұмысында, 
өзінің жеке мінездемелерінде кемшіліктер себептерін көре білу; өзін-
өзі жетілдіру ынтасын тұспалдайды.
Менеджер ретінде педагог біліктілігінің құрауыштары, оның 
басқарушы функцияларын, оның ішінде қызметін, бақылауын жəне 
өзіндік бақылауын өз бетімен ұйымдастыруын жақсы сипаттауда. 
Əртүрлі білім беру мекемелерінің педагогтарымен жұмыс істеудегі 
біздің тəжірибеміз, Өскемен қаласының білім беру жүйесінде 
жүргізілетін диагностика педагогтар оқушылардың білімдерін, 
ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру үдерістерін неғұрлым 
саналы жүргізетінін көрсетті. Олармен білім алушылардың ойла-
уын, шығармашылық қабілеттерін, сондай-ақ, олардың танымдық 
уəждерін, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамыту үдерістерін 
жүргізу саласында біршама жеткілікті тəжірибе жинақталған. Осы 
салаларда педагогтардың білімдері айтарлықтай жоғары. Сондай-
ақ, олар білім үдерісінің тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік 
беретін оқытудың əртүрлі əдістері, тəсілдері мен құралдарының кең 
аясына ие. Бұл арнайы жəне əдістемелік біліктіліктер педагогикалық 
еңбектің күнделікті талап етілетін жəне көз алдына келтірілетін 
негізін құрайды, оларды жетілдіру маңыздылығын педагогтар жақсы 
түсінеді. Бірақ осы біліктіліктердің жоғары көрсеткіштері, педагог-
тың дəстүрлі оқыту жəне тəрбие қызметінің көп бөлігінде жəне оның 


163
жеке басқарушы қызметінің аз бөлігінде байланысты екендігін атап 
кету қажет. 
Психологиялық-педагогикалық жəне дифференциалды-
психологиялық біліктіліктер өздерінің қамтамасыздығы бойынша 
едəуір «артта қалуда», өйткені педагогтар тəжірибелік психология-
да оқытатын пəн саласына қарағанда, аз дəрежеде жабдықталған, 
сондықтан оларды басқарушы əрекеттер аз сенімділікпен жүргізіледі.
Қандай да тосынды болғанымен, педагогтарда өздігінен дамуымен, 
аутопсихологиялық біліктілігін қалыптастырумен басқару қабілеті 
ең көп дəрежеде артта қалуда. Өз қызметін, онда білініп жатқан 
себептерді ұғыну қажеттілігіне сай педагогтар өзінің «Мен»-ін іштей 
емес, сырттай бағдарлайды. Яғни, себептерді оқушылардың тұлғалық 
ерекшеліктерінде, оларда оқуға деген қызығушылығының жоқтығында, 
білім беру мекемесінің, оны басқарудың ұйымдастырушылық 
мəдениетінің сипаттамаларында жəне т.б. іздестіреді. Осы 
параметрлердің білім беру үдерісінің жəне жекелей педагогикалық 
қызметтің сапасына əсер ету маңыздылығын жоққа шығармай, сол 
мезетте осы ұстаным өнімсіз екендігін, яғни педагогқа жеке өзін-өзі 
жетілдіру жолын ашпайтынын көрсету қажет.
ҚР-ның Үздіксіз педагогикалық білім тұжырымдамасында [5] за-
манауи мұғалімге анықтама берілген: бұл рухани дамыған, рефлексия-
ларға, кəсіби дағдыларға, педагогикалық қабілетке жəне оған деген 
ұмтылысқа ие шығармашылық тұлға. Жаңа формациядағы мұғалімге 
деген талаптар жүйесінің қатарында оның менеджер ретінде функ-
цияларын ашатындары да көрсетілгені жақсы: ол өз пəнін жетік біліп 
қана қоймай, сонымен бірге педагогикалық үдерісте əр қатысушының 
орнын көруге, оқушылардың қызметін тиімді ұйымдастыруға, оның 
нəтижелерін ескеруге, мүмкін болатын ауытқуларды жедел түзетуге 
тиіс.
Тұжырымдама авторлары ескергендей, заманауи мұғалім ойлаудың 
инновациялық, шығармашылық типіне ие болу керек, сондықтан, 
болашақ педагог ретінде өз мүмкіндіктерін объективті түрде бағалауды 
үйренуі, осы кəсіп үшін өзінің əлсіз жəне мықты қасиеттерін (өзін-
өзі реттеу, өзін-өзі бағалау, эмоциялық көріністер, коммуникативтік, 
дидактикалық қасиеттері жəне т.б.) білуі маңызды.
Сонымен, менеджер ретінде педагог функцияларын кеңейту жəне 
жетілдіру, кем дегенде, басқару бойынша оның қызметінің жүзеге 
асырылуының үш бағытына негізделеді:
– білім беру мекемесінің қызметімен;
– оқу-тəрбие үдерісімен, білім алушылардың дамуы мен 
білімімен;
– өзін-өзі дамыту жəне өз кəсіптілігін жетілдірумен.


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау