164
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
Сабақта табиғи объектілер көрсетілуде. География мұғалімі
«Құрылыс материалы» тақырыбы бойынша сабақ жүргізуде. Зер-
делеу объектілері: гранит, əктас, мəрмəр, цемент, туф, ағаш жəне
басқалары. Мұғалім маңындағы үстелде осы материалдардың үлгілері
орналастырылған. Мұғалім тиісінше түсініктеме беріп, жұқа тақтайда
орналасқан объектілерді оқушыларға көрсетуде. Оқушылар қызыға
қарауда. «Ең əдемісі - мəрмəр», «Туф-пуф — қарапайым ғана сұрып»,
«Цемент! Бір шетін сындырып алшы, сынбайды» – деген кейбір
көтеріңкі дауыстар шығуда....
Оқытушы өзі үстеліне қайтты. Материалды көрсетуге 4 минут
жұмсалды. Мұғалім табиғи құрылыс байлықтарын пайдалану тура-
лы əңгіме жүргізуде. Бұдан соң, оқушыларды құрылыс үшін қажетті
материалдардың біздің еліміздегі сарқылмас қорлары туралы əңгімеге
тартады. Сабақ маңызды жəне қызықты өтеді. Бірақ келесі сабақта
оқушылар кейбір құрылыс материалдардың сиаттамасын бере алмай-
ды. Біз олардың «əдемі мəрмəр», «мықты цемент», «екінші сұрыпты
туф-пуф»...ілікпе сөздерін еске алдық. Оқушылармен экспонаттарды
бір көзбен қарап шыққанда құрастырылған осы сипаттамалар құрылыс
ісіндегі кейбір материалдардың жарамдылығы мен пайдалығы жөнінде
пайымдау үшін жеткілікті негіздемелер бере ме?
Тексеру сауалнамасы көрсеткендей, зерделеу объектілерін көрсету
арқылы қызу да қызықты сабақ маңызды нəтижелерге əкелмегендей
болды. Кейбір құрылыс материалдары туралы түсініктер көмескі жəне
жартылай дұрыс болмады. Сəтсіздіктің себебі анық болды...
Лемберг Р. Г. Дидактические очерки.
Алматы: Мектеп, 1964. – б.85.
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Педагогтің білім үдерісін басқаруға қатысы Н. В. Кузьминамен
ұсынылған педагогикалық қызметтің функционалдық элементтерін
сипаттаңыз.
2. Осы функциялар білім сапасын қамтамасыз етуде қандай рөл
атқарады?
3. А. К.Маркованың педагог құзыреттілігінің жіктеуін қарасты-
рыңыз. Оның ұстанымын Н. В. Кузьминаның жіктеуімен салыс-
тырыңыз.
4. ҚР-ның 2011–2020 жылдарға арналған білімді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасында мұғалім функциялары қалай
қарастырылатыны жөнінде хабарлама жасаңыз.
165
5. ҚОСЫМША МАТЕРИАЛЫНДА белгілі қазақстандық ғалым
Р.Г. Лембергтің кітабынан дəйексөз келтірілген. Сабақты жүргізудегі
сəтсіздік себептері жайлы оның ойларын жалғастырыңыз, педагогтың
оқушылардың танымдық қызметімен басқару бойынша қай əрекеттері
дұрыс орындалмағанын немесе мүлдем орындалмағанын көрсетіңіз.
Мұғалім өзінің негізгі басқару функцияларын сабақтағы
оқушылардың танымдық қызметі жемісті болу үшін қалай жүргізу
керектігін көрсетіңіз.
6. 10-суретте 5 ұпайлық шкала бойынша мектеп мұғалімдерінің
педагогикалық қызметін құраушылардың дамуын бағалауды көрсететін
диаграмма ұсынылған (Н. В. Кузьминаның жіктеуіне сəйкес).
Осы диаграмма бойынша мұғалімдерде қандай құрауыштар ең көп
жəне ең аз дəрежеде дамыған?
Осы құрауыштардың даму дəрежесі мұғалімдермен оқу-
тəрбие үдерісімен басқаруға қалай əсер етеді? Білім сапасына жəне
оқушылардың дамуына қалай əсер етеді?
7. Мектептегі сабаққа (колледждегі/ЖОО-ғы дəріске) қатысыңыз.
Педагогпен менеджменттің негізгі жəне қосалқы функциялары қалай
жүргізілетінін талдаңыз.
Педагогтің басқарушы қызметінде өнімді жəне өнімсіз əдістер мен
тəсілдерді анықтаңыз.
8. Сіз қазіргі таңда басқарудың нақты функцияларымен байланыс-
ты қандай əдістер мен тəсілдерді игергеніңізді көрсетіңіз.
Білім беру үдерісімен басқару саласында өзініздің кəсіби
құзыреттіліктеріңізді өз бетімен жетілдіру бойынша ұсынымдарын
əзірлеңіз.
10-сурет. Педагогикалық қызметтің құрауыштарының даму деңгейлері
гностикалық
коммуникативтік
ұйымдастырушылық
конструктивтік
жобалау
Қатар 1
166
2.3. Білім алушылар оқу (танымдық) қызметпен
басқару субъектісі ретінде
Педагогикалық үдерісті басқару басқарушылар мен
бағынушылардың өзара өзгеру, өзара əрекет етуші субъектілердің жəне
осы өзара əрекет ету үдерісінің өзгеруі ретінде түсіндіріледі.
Ю. К. Бабанский өзінің оқу үдерісінің анықтауында «өзара əрекет
ету байланыстары оның тұтас қызмет етуінде шешуші рөл атқарады,
өйткені білім берушінің жəне білім алушының белсенді өзара
əрекетінде ғана оқу үдерісі тұтас құбылыс ретінде пайда болады. Білім
беру жəне оқу арасындағы өзара əрекет байланысының арақашықтығы
осы үдерісті тұтастығынан айырады, яғни оны негізгі белгілердің жəне
бар болу шарттарының біреуінен айырады, ол оқыту үдерісі ретінде
қызметін тоқтатады. Сабақта мұғалімнің əңгімелеуі қаншалықты
айқын да көркем болмасын, егерде, оқушылардың белсенді қызметі
қамтамасыз етілмесе, осы жағдайда үдерістің қызмет етуі туралы
айтуға болмайды, өйткені оқу оның маңызды элементі, педагогтар мен
оқушылар арасындағы өзара əрекет ету байланысының жоқтығы» деп
көрсеткен еді [11, 23 б.].
Ю. К. Бабанский басқару байланыстарын жүйенің қалыпты
қызмет етуін қамтамасыз ететін, негізгі жүйе құрушы байланыстары
ретінде қарастырды. Осы байланыстар, Ю. К. Бабанский айтқандай,
педагогтардың білім алушылардың қызметін жоспарлау, ұйымдастыру,
реттеу жəне бақылау бойынша қызметінде көрінеді, осы жайт педа-
гогтарды оқытудағы басқарушының рөлін айқындайды. Бірақ оқыту
үдерісі барынша тиімді қызмет ету үшін білім алушыларды басқару
жəне өзіндік қызметінің байланыстары арақатынасының оңтайлы ша-
масын табу қажет. Қызметпен тым қатаң басқару білім алушылардың
бастамасын жəне өзіндік қызметін жояды, сол мезетте педагогтың
оқыту үдерісінде басқару рөлінен шектен тыс шеттету де оқытудың
нəтижелігін төмендетуге əкеп соғады. «Педагогикалық басқару ба-
рынша ықтимал шамасында жеке адамдардың, қоғамдық үдерістердің,
құбылыстардың дамуының заңды барысын есепке алған жағдайда,
олардың оң беталыстарының жедел дамуына ықпал етеді. Дəл осы
жағдай оқу-тəрбие үдерісіндегі функциялардың шектеусіздігін,
абсолюттігін емес, нақтылығын айқындайды» [11, 25 б.].
Басқару функцияларының нақтылығы, басқару байланыстарының
сипаты бірқатар параметрлерге байланысты. Бірінші кезекте, білім
алушылардың жасына байланысты: кіші сыныптардан жоғары
сыныптарға қарай педагогтар тарапынан оқушылардың қызметімен
басқарудың тікелей нысандарынан неғұрлым жанама түрлеріне көшуі
Достарыңызбен бөлісу: |