104
Жұмыс тобының талдауына сәйкес көлік санының жылына 4% өсуінен
(ағымдағы жол инфрақұрылымы құрылысының қарқыны кезінде) келесі 5-7
жылда қозғалыстың орташа жылдамдығының 20% төмендеуі күтіледі.
Көрсетілген алғышарттарды ескере отырып, 2020 жылға қарай қозғалыс
жылдамдығы сағатына 15 км дейін төмендеуі мүмкін. Сондықтан қалаға көлік
тығыздығын төмендетуге бағытталған шараларды қарастыру қажет.
Қоғамдық көлік
Соңғы жылдары қала қазірдің өзінде көрінетіндей нәтижеге ие көлік
инфрақұрылымын дамытудың бірқатар жобаларын іске асырды. Төменде
қоғамдық көлік саласындағы елеулі инвестициялық жобалар көрсетілді:
Метрополитеннің бірінші желісінің іске қосу кешенінің 2-ші кезегінің
құрылысын аяқтау;
Сығымдалған газбен жұмыс жасайтын автобустардың саны 737;
Заманауи және энерготиімді троллейбустардың саны 175;
Сығымдалған газбен жұмыс істейтін такси саны 400 дана;
3 коммуналдық автобус парктерінің құрылысы;
Моторсыз көлік үшін инфрақұрылымды кайта жаңғырту және ішінара
жаңғырту;
Ақылы тұрақтар жүйесін енгізу.
Пандустармен жабдықталған қалалық көлік үлесі 45% құрайды, оның
ішінде 737 автобус және 175 троллейбус. Бұдан басқа, қала бойынша мүмкіндігі
шектеулі адамдар үшін 8260 жол белгілері мен көрсеткіштері орнатылған.
Метрополитен де мүгедектер үшін жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Қаладағы барлық тұрақтарда мүгедектер автомашиналары үшін орындар
бар.
Алматы қаласының Абай даңғ., Фурманов, Достық даңғ, Алтынсарин
даңғ., сияқты негізгі орталық көшелеріндегі аялдамалар мүмкіндігі шектеулі
адамдар үшін шамамен 150 бірлік пандустармен жабдықталған
Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру, қоғамдық көлік қызметінің
сапасын соның ішінде, инвестициялар салынған бағыттар бойынша жақсартуға
мүмкіндік береді:
Метрополитен құрылысы – жылына 68 млн. жолаушы.км;
Сығымдалған газбен жұмыс істейтін автобустарды сатып алу - жылына 1
млрд. жолаушы.км;
Заманауи және энерготиімді троллейбустар сатып алу – жылына 190 млн.
жолаушы.км;
Сығымдалған газбен жұмыс істейтін таксилерді сатып алу – жылына 80
млн. жолаушы.км.
2.1.4.3.2 кесте. Қоғамдық көлік автопаркінің құрылымы
105
Атауы/жылдар
Өлш. бірл
2014
2015
2016
Қоғамдық көліктің саны
бірлік
2 101
1 848
1421
Оның ішінде:
Автобустар
бірлік
1 855
1 609
1239
Троллейбустар
бірлік
212
215
175
Трамвайлар
бірлік
27
17
0
Метрополитен
бірлік
7
7
7
Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаменті, Алматы қаласы Жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасы
Қоғамдық көлік жобаларының инвестициялық тартымдылығы
Жеке инвесторлар үшін саланың тартымдылығын көтеру шараларының
бірі жобалардың таза табысын қамтамасыз ету болып табылады.
Қоғамдық көліктегі ағымдағы тарифтер салыстырылып отырған
қалалардың деңгейіне қатысты төменгі деңгейде тұр және көп мәрте қолдануға
болатын билеттерді ынталандыру тетіктерін көздемейді.
2.1.4.3.3 сурет. Қоғамдық көліктегі жол жүру тарифтері, 2016 ж.
Дереккөз: қалалардың статистикалық агенттіктері; қалалардың көлік басқармаларының
сайттары, Алматы қаласы Статистика департаменті
Жоғарыда аталған салыстыруларға сүйене отырып, көлік шығынының
үлесі Алматының үй шаруашылығындағы шығындардың жалпы құрылымында
шамамен 5% құрайды, ал салыстырылып отырған қалалардың бұл көрсеткіші
9,8% өңірінде немесе Алматы қаласы бойынша көрсеткіштер 40% жоғары.
Субсидиялаудың болмауы және тарифтер деңгейінің төмендеуі жеке
инвесторлар
үшін
қоғамдық
көлік
жобаларының
инвестициялық
тартымдылығын төмендетеді.
Билет беру жүйесі
2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап, барлық қалалық бағыттарда «ОҢАЙ»
электрондық билет беру жүйесіне толық көшу жүргізілді. Жолаушылардың
106
барлығы міндетті түрде жүрген жолдарын жүйеге «ОҢАЙ» картасы немесе
жол жүру билеті арқылы тіркеуі қажет. Жоғарыда аталған құралдары немесе
жол жүруге мүмкіндіктері болмаған жағдайда, азаматтар бір реттік жүруге
арналған «OҢAЙ» билетін сатып алуға болады.
Алматының қалалық бағыттарында бір жолғы билеттер беретін қосымша
терминалдарды орналастыру жөніндегі жұмыстар аяқталды.
Жолаушылар билеттерін ұмытып кеткенде, толтырмаған кезде немесе
басқа себептермен картаны немесе жол жүру билетін қолданбаған жағдайда,
«OҢAЙ» жолаушылар билеті қосымша енгізіледі.
Бір реттік билетте маршрут нөмірі, көліктің мемлекеттік нөмірі, күні мен
уақыты және «OҢAЙ» логотипі белгіленген болады.
Бір реттік билетті пайдалануды қалайтын жолаушылар жол ақысын көлік
жүргізушісіне беруі тиіс және арнайы жүргізушінің жанында тұрған көлік
құрылғысының көмегімен үлгіде көрсетілген билетті алады.
Көліктік модельдеу
Қаланың көлік жүйесін жақсарту бойынша іс-шараларды өткізуді бағалау
және жолдардың тығыздылық деңгейін төмендету үшін көлік қозғалысына
кешенді зерттеу өткізу қажет. Аталған бағалау көлікті модельдеу
бағдарламасымен жүргізілуі қажет.
Тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету «Алматы қаласындағы тұрақты
көлік стратегиясы» Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы шеңберінде
есептік кезеңде қолға алынды және кейіннен Көлік холдингіне тапсырылды.
Қазіргі уақытта «Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС аталған жүйені
күтіп-ұстаумен айналысады.
Агломерацияның көлік жүйесі
Алматы агломерациясы көлік жүйесінің негізгі түйткілді мәселесі қалалық
және қала маңындағы жүрдек жолаушы көлігінің (LRT, BRT, қала шетіндегі
электричкалар) үлкен тасымал қабілетіне ие заманауи жүйелерінің жоқтығы
болып табылады. Қала маңындағы бағыттарда жолаушылар тасымалдаудың бар
қажеттіліктерін қанағаттандыратын автомобиль көлігінің баламасы жоқ.
Велокөлік
Ірі қалаларда велосипед көлігін дамыту жол жүктемесін төмендету және
көліктің тұрақты түрлерін дамыту бойынша танымал шара болып табылады.
Велокөлікті
дамыту
үдерісінде
маңызды
фактор
велосипед
инфрақұрылымының болуы (веложолдар, велотұрақтар және велосипедті жалға
беру жүйесі) болып табылады.
Веложолдардың жалпы ұзындығы 2016 жылы 42,45 км. құрайды,
веложолдар Рысқұлов даңғ., Момышұлы, Ақын Сара к., Дархан ш.а. бастап
Достарыңызбен бөлісу: |