98
2016 жылы 19 тұрғын үй немесе ғимараттың жалпы алаңы 80,6 мың ш.м²
құрайтын 1 022 пәтерді (пәтерлералаңы 59,8 мың ш.м²) пайдалануға беру
жоспарланды, оның ішінде 2016 жылдың 30 желтоқсанында жалпы алаңы 86,8
мың м² болатын 19 үйді (пәтерлер алаңы 62,0 мың м²) пайдалануға (1 046 пәтер)
беру қамтамасыз етілді.
«ЖАО кезекте тұрғандарға арналған жалдамалы баспана» бағыты
шеңберінде -жалпы алаңы 9,2 мың м² құрайтын 112 пәтер немесе 3 үй (пәтерлер
алаңы 6,3 мың м²);
«Жас отбасыларға арналған жалдамалы баспана» бағыты бойынша -
жалпы алаңы 6,4 мың м² құрайтын 76 пәтер немесе 2 үй (пәтерлер алаңы 4,2
мың м²);
«Халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша -
жалпы алаңы 69,1 мың м² құрайтын 834 пәтер немесе 13 үй (пәтерлер алаңы
49,9 мың м²);
«Облигациялық қарыз есебінен қалалық тұрғын үй» бағыты шеңберінде -
жалпы алаңы 2,1 мың м² құрайтын 24 пәтер немесе 1 үй (пәтерлер алаңы 1,6
мың м²).
2015 жылмен салыстырғанда (үйлердің саны бойынша) 77,6%, жалпы
алаңы бойынша 70,7%, пәтерлер саны бойынша 68,4% төмендеу бар.
Салыстыру үшін: 2015 жылы – 85 үй, 296,3 мың м², 3312 пәтер.
Халықтың баспанамен қамтамасыз етілу деңгейі 2014 жылдан
2016 жылға дейін бір адамға 27,6-дан 27,6 ш. метрге дейін ұлғайды.
Қалада баспана алу үшін есепте тұрған 27 мың отбасын баспанамен
қамтамасыз ету үшін қосымша тұрғын үй салу қажеттілігі сақталып отыр.
2.1.4.2.5. кесте. Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейі
Атауы/жылдар
Өлш. бірл. 2014
2015
2016
Тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейі
ш. м/адам
26,7
27,0
27,6
Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаменті
Күрделі жөндеу
2011 жылдан бастап қалада тұрғын үй құрылысының жалпы санының
20% құрайтын көппәтерлі үйлерді жаңғырту бойынша «Қазақстан
Республикасының 2011-2020 жж. арналған тұрғын-үй коммуналдық
шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы іске асырылуда. Жаңғырту бойынша
аталған жобалар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады.
2014 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 775,5 млн.теңгеге 127
тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жасалды. (қасбеттерін, шатырларын,
кіреберістерін, инженерлік желілерін жөндеу, блокты жылыту пункттерін
орнату, жеделсаты ауыстыру).
2015 жылы қаржы құралы бөлінген жоқ.
99
2016 жылы 24 көп пәтерлі үйде 207,2 млн.теңге сомаға 47 жеделсаты
ауыстырылды.
Жиынтығында 904,1 млн.теңге жалпы сомаға 151 тұрғын ү й жөнделді.
Қайтарылған сомаға мыналар жөнделді:
2014 жылы – 33,6 млн.теңгеге 7 үйге қосымша жұмыстар;
2015 жылы – 58,5 млн.теңгеге 5 үйге;
2016 жылы – 128,6 млн.теңгеге 34 үйге.
Сонымен 220,7 млн.теңге жалпы сомаға 46 үй жөнделді.
Жылдың соңындағы жағдай бойынша қолда бар қаражаттың қалдығы 0,8
млн теңге.
2014 жылдан бері тұрғын үйді күтіп-ұстау Ережесін сақтау үшін, 173
ұйғарымның бұзылуын жоюға берілген нәтижесі бойынша, кондоминиум
объектісіне (ПИК, ПИКП және т.б.) басқарма органдарының тексеруімен 208-
ден астам іс-шара жүргізілді.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде, күрделі жөндеуді талап ететін
кондоминиум объектісінің үлесі едәуір артты.
Кесте 2.1.4.2.6. Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектісі
Атауы/жылдар
Өлшем
бірлігі
2014
2015
2016
Күрделі жөндеуді талап ететін
кондоминиум
объектісінің
үлесінің төмендеуі
%
55
54,9
53,7
Нормативті
эксплутациямен
қамтамасыз
етілген
кондоминиум
объектісінің
үлесі
%
45,6
45,1
44,7
Дереккөз: Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй басқармасының мәліметтері.
Мамандардың алдын ала тұжырымы бойынша, кейіннен салынған
сейсмикаға
төзімді
ірі
панельден
құрастырылған
үйлер
негізінен
қанағаттанарлық немесе жақсы жағдайда.
Таяу жылдары ескі үйлерді бұзу немесе ескі үйлерді жаңа тұрғын үй
құрылысына ауыстыру бағдарламасын іске асыру қажет. Тұрғын үй қорының
белгілі бір бөлігінің ескі және авариялық жағдайға жататын жалпы алаңы 1,2
млн. кв.м., саны 1 800 тұрғын үйді құрайтын жағдайы әлеуметтік маңызды
проблема болып саналады. Үйлердің бұл санатының негізін төменгі нормативті
қызмет мерзімі (жеке, қаңқалы-қамысты, қаңқалы-төсемелі және ағаш)
құрайды.
Студенттік жатақханалар
100
2014-2016 жылдар жағдай бойынша Алматы аумағында 138 мыңға жуық
студент білім алған 38 жоғары оқу орны жұмыс істеді. Студенттердің
жартысынан көбі басқа өңірлерден келгендіктен баспанаға мұқтаж келеді.
Бұл жағдайда, қалада басқа қалалардан келген студенттердің 35-40%
құрайтын 31 мыңға жуық студентті орналастыруға мүмкіндігі бар 93 жатақхана
жұмыс істейді. Осылайша, жоғары оқу орындары мен әкімдіктердің алдында
баспанаға мұқтаж студенттерді орналастыру мәселесін шешу қажеттігі тұр.
Кедергісіз орта
Аталған бағыт бойынша 2015 жылы кейін мүгедектерге қолжетімді
құралдармен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік нысандардың төлқұжатын
жасауға байланысты белсенді жұмыс жүргізіле басталды. Мүгедектерге
қолжетімді болу үшін жасалған әлеуметтік инфрақұрылымдар нысанының үлесі
бүгінгі таңда 5,7% құрайды.
Қалада мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған кедергісіз орта құрудың
алғашқы қадамдары жасалуда. Қажетті талаптарға сәйкес жүргізу үшін, олар
мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қорғау
нысандарын
төлқұжаттандыруды
жүзеге
асырып,
қаланың
барлық
аудандарында жұмыс комиссиялары құрылған. Құжаттандыру қорытындысы
бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарға құралдардың қолжетімділігі үшін
затқа бейімделу жұмыстары жүргізілуде. Мүгедектерге қолжетімді ортаны
сақтау үшін ғимаратты және құрылысты кезеңді түгендеу (төлқұжаттандыру)
жүргізу жоспарына сәйкес, 2013 жылдан бастап, 5 жыл ішінде 3000 нысанды
төлқұжаттандыру жоспарланған. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін 2380 нысан
төлқұжаттандырудан өтті, әлеуметтік және көлік инфрақұрылым 654 нысанына
бейімделу жұмыстары жүргізілді.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қолжетімді болуы үшін, әлеуметтік, көлік
инфрақұрылым нысандарының қоғамдық мониторингін жүргізетін жұмыс тобы
құрылды. Мониторинг жүргізу барысында, әртүрлі саладағы қызмет нысандары
қарастырылды, атап айтқанда: денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау,
дене шынықтыру және спорт, мәдениет және ойын-сауық, мемлекеттік
нысандары және т.б.
Осыған байланысты жеткіліксіз жұмысты жою үшін кәсіпорындарға
ұсыныстар жіберілді.
Тұрғын үй құрылысы кезіндегі түйткілді мәселелер
Құрылыс саласындағы түйткілді мәселелерді мониторингілеу және талдау
Мемлекеттік, үкіметтік және салалық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде
жобалау және құрылыс жұмыстарының сапасы төмен екендігін көрсетеді.
Сапасы төмен жұмыстардың негізгі себептері болып келесілер табылады:
- сертификатталмаған құрылыс өнімдерін пайдалану;
- жұмыс кезінде жобалау технологиясынан қалып қалу;
Достарыңызбен бөлісу: |