Қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының даму мәселелері мен келешегі
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
58
Алматы қаласы аумағында 2016 жылы 646,0 мың тонна, 2017 жылы –
600,0 мың тонна ҚТҚ түзілді. ҚТҚ қайта өңдеу үлесі (сұрыптауды қоса алғанда)
2016 жылы 1,83%-ды, 2017 жылы– 10,01%-ды құрады.
ҚТҚ сұрыптау, қайта өңдеу бойынша қызметті жүзеге асыратын
13 кәсіпорын қызмет етеді. ҚТҚ бөлек жинау үшін жергілікті бюджет қаражаты
есебінен 2016 жылы 3500, 2017 жылы 2450 еуроконтейнерсатып алынды. Сондай-
ақ «Тәртіп» АҚ қоқыс шығаратын кәсіпорны өз қаражаты есебінен
еуроконтейнерлермен жұмыс істеу үшін 20, ал 2017 жылы 30 дана арнайы
техника сатып алынды.
Алматы қаласы аумағында қазіргі уақытта қалдықтарды қайта өңдеумен
және кәдеге жаратумен 40-қа жуық кәсіпорын қызмет етеді. «Сынап Плюс» ЖШС
және «Алматыэкологострой» ШЖҚ МКК құрамында сынап бар энергия
үнемдейтін шамдар мен бұйымдарды жинаумен және кәдеге жаратумен
айналысады. «Zeta» ЖШС пластик қалдықтарын қайта өңдеу арқылы халық
тұтынатын тауарларды (шылапшын, шелек, қалақша, үстелдер, ілгіштер, қоқыс
үшін пакеттер және т.б.) шығарады. Компанияның шығаратын өнімді сату үшін
Қазақстанның көп аймақтарында сауда орталықтары бар.
Қалада қалдықтарды басқа түрлерін бөлек жинау ендірілмеген.. Аталған
мәселе бойынша кіші және орта бизнес кәсіпорындарымен ынтымақтастық
сызбасы пысықталуда. «Витана - Макс» ЖШС-мен пластик қалдықтарын бөлек
жинауды ұйымдастыру бойынша кесіссөздер жүргізілуде.
2017 жылғы шілдеде «Тәртіп» АҚ Алматы қаласы Алатау ауданында
қалдықтарды сұрыптау кешенін салу бастады. 2016 жылы ауданы 5 га жер телімін
сатып алынды және рәсімделді. Іске қосу мерзімі – 2018 жылғы сәуір.
Инвесторлар – құрамында АО «Тәртіп» АҚ, «GreenRecycle» ЖШС,
«KazWasteConversion» ЖШС консорциум.
Алматы қаласының кәріз суларларын тазарту ғимараттарының шөгінділерін
өңдеу бойынша қалдықтарды өңдеу зауытын салу бойынша «Тоспа су» ЖШС
және «Kaukointernational» компаниясы арасында «Өзара ынтымақтасу және
биогаз станциясының қуатын келісу туралы» меморандумға қол қойылды.
Жобаның ТЭН-і жасақталды. Қазақстан-Неміс Университетімен бірлесіп
«Алматы қаласы ағынды суларының биошламы негізінде биогаз алу бойынша
эксперименттік негіздемесі және оны жылу энергиясына трансформациялау»
жобасы бойынша зерттеулер жүргізілді.
Қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының даму мәселелері мен келешегі
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
59
3.2 ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
Заманауи экологиялық және экономикалық талаптарға ҚТҚ қайта өңдеу
кешенді технологиясы сәйкес келеді, мұнда сепарация мен сұрыптау үрдісі,
экологиялық биотехнологияның үрдістері, жанатын құраушыларды термиялық
қайта өңдеу және кәдеге жаратылмайтын және экологиялық қауіпсіз
құраушыларды көму қосылған.
Түрлі басқару деңгейлерінде қайталап қайта өңдеу үшін жарамды
фракцияларды бөлетін өндірістік және тұтынушылық ҚТҚ сұрыптауды
қамтамасыз ететін қоқыстарды қайта өңдейтін кешенді салу туралы жиі айтылып
келеді. 40-50% қоқыстарды қайта өңдеу көзделуде, қалған 50-60% қоқыс көму
үшін полигондарға жіберілетін болады.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, кәдеге жарату мен қайта өңдеу
бойынша негізгі мәселелер
Қаржы мәселесі. Бүгінде ҚТҚ шығару мен кәдеге жарату шығындарын
өтейтін қаржы көзі халық төлемдері болып табылады. Және де
тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру үшін белгіденген тарифтер
дәйексіз төмен екендігі айқын және олар қалдықтарды шығару мен
көму шығындарын өтеуге қабілетті емес. Қаражаттың жетіспеушілігі
мемлекеттік бюджеттен алынатын дотациялармен толықтырылады,
бірақ ТКШ органдарында Еуропа елдеріндегідей, бөлек жинау жүйесін
дамытуға қаражат жоқ. Бұдан басқа, ҚТҚ жұмыс жасау үшін тарифтер
дифференциалданбаған – қалдықтарды бөлек жинайсыз ба немесе
жалпы бір контейнерге үйіп саласыз ба маңызды емес – қоқыстарды
кәдеге жарату үшін бірдей төлем төлейсіз.
Құрылымдық мәселе. Қазіргі уақытта қоқыстарды (ҚТҚ) кәдеге жарату
мен қайта өңдеу мәселесі табысты емес кәсіпорындарға артылған.
Сондықтан осы компаниялардың барлық табысы басқа да маңызды
мақсаттарға жұмсалады, ал қалдықтармен жұмыс жасау үшін жаңа
жүйелерді дамытуға қаражат бөлінбейді. Сондықтан қоқыстады
жинаумен және қайта өңдеумен арнайы кәсіпорындар айналасуы керек,
бұл жағдайда ғана табыстар мен шығындарды жоспарлауға,
оңтайландыруға және ҚТҚ жұмыс жасау бойынша ағымдағы жүйені
жетілдіруге болады.
Жүйелік мәселе. Қазіргі уақытта тұрмыстық қалдықтармен жұмыс
жасау саласында басқару қызметін бір-бірімен байланысты емес түрлі
министрліктер атқаратындай жағдай туындап отыр. Мұнда еуропалық
елдерде ҚТҚ басқарумен байланысты барлық қызмет Қоршаған ортаны
қорғау жөніндегі агенттікпен іске асырылады. Біздің елде туындап
отырған жағдай ҚТҚ қайта өңдеу мәселесін тиімді шешуге кедергі
келтіреді.
Корпоративтік мәселе. Еуропа елдерінде ҚТҚ жұмыс жасау
муниципалитеттермен
бірге
жеке
компаниялармен
іске
асырылатындығы белгілі, ал бізде осы саладағы жеке бастама