Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет34/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
70
мүмкіндігі екенін айтты... Менің дос қызым 
шекарадан өтіп Шымкентке бару үшін маған 
ақша салып жіберді...Мен Шымкентке келген-
нен кейін дос қызым мені күтіп алды. Ол мені 
пәтерге алып келді, сонда мен жол жүругеннен 
соң демалдым. Кешке ол маған қыдырып 
қаланы көруді ұсынды. Содан соң кешке біз 
үйге келдік, сол жерде бізді екі күдікті ер-
кек күтіп отырды. Кейіннен мен олардың 
бір жезөкшелік ұясының күзетшілері екенін 
түсіндім. Олар бізді машинаға отырғызып, 
қожайынға алып келді. Біз күзетілетін үйге 
келгенде бізді ересек еркек күтіп алды, сол 
күннен бастап біз оған жұмыс істейтінімізді 
айтты және біздің оған күніне 5 000 теңге 
(33 АҚШ доллары) беретінімзді айтты. Мен 
қорықтым, біздің жезөкше болып жұмыс 
істеуімізді талап етіп тұрғанын бірден 
түсіндім, бас тарттым. Қожайын [қанаушы] 
күзетшілеріне мені ұрғызды. Мені ұрғаннан 
кейін қожайын [қанаушы] жұмыс істемесем, 
мені өлтіретінін айтып қорқытты. Менің 
басқа амалым болмады. Мені жезөкшелікпен 
айналысуға мәжбүр етті. Бізді басқа 
қыздармен бірге машинамен сауналар мен 
пәтерлерге клиенттердің телефон соғуы 
бойынша әкеліп жүрді. Клиентке қызмет 
көрсеткеннен кейін күзетшілер келіп, мені 
кері алып кетіп жүрді... Мен әрбір клиент-
тен күніне 4 000 – 7 000 теңге (27 – 47 АҚШ 
доллары) алып жүрдім. Мен күніне бес кли-
ентке дейін қызмет көрсетіп жүрдім. Мен 
клиенттердің барлығынан алған ақшаны 
өзіме қалдыратынмын, бірақ күніне 5 000 
теңгені (33 АҚШ доллары) қожайынға 
беретінмін» (307, адам саудасының құрбаны, 
жынысы–әйел, 21 жас)
«Дос қызым екеуміз жұмыс істеп ақша табу 
үшін Бішкектен Алматыға таксимен келдік...
Менің дос қызым бәрін ұйымдастырды, біз 
10 жылдан аса дос болдық. Ол менен үлкен 
еді. Ол мені алдады және сатып кетті...
Ол маған Алматыда жұмыс істеп ақша 
табуды ұсынды. Жұмыс жеңіл деді...Мен 
оның Алматыда жезөкше болып жұмыс 
істегеніне бір жыл болғанын білмедім. Ол 
маған бұл туралы айтқан емес. 2-3 ай бойы 
біз базарда зат саттық, бірақ дос қызым 
маған базардан орын сатып алуды ұсынды, 
мені бір жігітпен таныстырды, ол бізге 
құжаттармен көмектесуі тиіс болды. Мен 
оған ақша мен құжаттарды бердім, содан соң 
азап басталды...Маған құжаттарды ұрлап 
кетті деді... Менің қарызым болды, себебі 
мен ақшаны қарызға алғанмын...Бұл тұзақ 
еді...Маған жезөкше болып оңай жолмен ақша 
тауып, қарызымды қайтаруды ұсынды...Мен 
жезөкшелікпен айналысқым келмеді, бірақ 
мен мәжбүр болдым...Мен екі ай жезөкше бо-
лып жұмыс істедім, бірақ бұл жұмысты да, 
өзімді де жек көремін... Олар мені ешқайда 
жалғыз жібермейді, тіпті дүкенге де...Мен бұл 
жерден қашып кете алмаймын. Олар мені 
өлтіреді...Мен үйден біржола кеткім келмеді...
Енді ұятқа қалдырғаннан кейін олар [менің 
жанұям] мені қабылдай ма, білмеймін» (416, 
адам саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 16 
жас)
Адам саудасының бір құрбаны өзінің «дос адам 
саудагерінің» көршісі болғанын айтып берген. 
Ата-анасымен ұрысып қалғаннан кейін оны 
дос қызы Қазақстанға баруға көндірген. Ата-
анасымен ұрысып қалғандықтан, қыз үйінен 
кетіп қалған және көршісімен Қазақстанға 
барған. Алайда Қазақстанға келгеннен кейін 
көршісі оны басқа әйелге сатып жіберген, әйел 
оны секс қызметтерін көрсету үшін қолданған. 
«Мен ата-анаммен ұрысып қалдым, ал менің 
көршілерім маған Қазақстанға баруды 
ұсынды. Мен өзімнің төлқұжатымды алып, 
кетіп қалдым. Мен жай ғана демалып, қаланы, 
басқа елде адамдар қалай тұратынын көргім 
келді, бірақ жұмыс істегім келмеді... Мен 
көршіммен бірге бардым, ол менің барлық 
шығындарымды және басқа шығындарды 
толығымен төледі, себебі менің ақшам бол-
мады. Менің тек төлқұжатым болды. Біз 
Қазақстанға келгенде, көршім мені жас әйелге 
табыстады, мен оған төлқұжатымды бердім. 
Ол маған мені 30 000 теңгеге (200 АҚШ дол-
ларына) сатқанын айтты және менің секс 
қызметтерін көрсету арқылы қарызымды 
өтеуім керек екенін айтты. Көршім мені та-
стап кетті... Мен шақыру бойынша сауна-
ларда жұмыс істедім. Маған ақша төлеген 
жоқ... Мен 30 000 теңге (200 АҚШ доллары) 
және күніне тамаққа 500 теңге (3 АҚШ дол-
лары) және пәтер үшін күніне 800 теңге (5 
АҚШ доллары) қарыздар болдым. Менімен 
бірге тағы екі қыз жұмыс істеді, 18 және 25 
жаста, олар да мен туған ауданнан келген... 
Оларды да Қазақстанға алдап әкелген және 
дәмханада 15 000 теңгеге (100 АҚШ дол-
лары) жұмыс істеуді уәде еткен» (296, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 20 жас)
Сөз соңында, адам саудасының екі құрбаны 
«дос адам саудагерінің» олардың ата-аналары-
мен дос болғанын айтып берген. Екі оқиғада 
да «дос адам саудагерлері» қыздарға олардың 
Біріккен Араб Әмірліктерінде жұмыс істеп 
көп ақша таба алатынын уәде еткен. «Дос 
адам саудагерлері» қыздардың атына барлық 


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау