Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет25/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
54
білмеймін. Екі жыл бұрын менің әжем қайтыс 
болды, ол менің қамқоршым еді, енді мен 
жалғыз қалдым. Біз кедей тұрдық, бірақ әжем 
мені қатты жақсы көретін, мен бақытты 
едім. Ол қайтыс болғанда, бүкіл әлем 
құлағандай болды. Мен сол жақ жағалаудағы 
біздің үйде от жағып, жылытуым керек бол-
ды. Бірақ ақшам болмады. Менің тәтем мені 
балалар үйіне жібергісі келді. Бірақ алтын 
жүректі адамдар бар ғой. Олар маған басқа 
ұсыныс жасады. Әуелі бұл маған ұнаған жоқ, 
ол рас. Бірақ олар мені қамқорлыққа алды. 
Мен «Мамкаға» алғыс айтуым керек. Мен 
үйден кеттім, қазір қыздармен бірге пәтерде 
тұрамын...Менің көршім болған, маған осыны 
ұсынған еді. Оның жасы 19-да еді. Біз бала 
кезімізден бірге өстік. Мектепке де бірге ба-
ратынбыз... Олар жай ғана өздерімен бірге 
ақша табуға болатынын түсіндірді. Мен 
үйімді жөндеп, оқуымды жалғастырғым келді.. 
Бұл жайында ойласатын ешкімім болмады... 
Мен ештеңеден үміттенбедім, мен тек жы-
лаумен болдым. Барлығын тұман басқандай 
болды. Қазір менің тығырықтан шығар 
басқа жолым болмағанын түсінемін. (141, 
секс-жұмыскер, жынысы–әйел, 17 жас)
Кейбір балалар/жасөспірімдер олардың ата-
анасы қайтыс болғанда туыстарының үйінде 
тұрғанын, олардың қамқоршы ретінде балаларға 
қажетті сүйіспеншілік пен қолдау көрсетпегенін 
айтып берген. Адам саудасының бір құрбаны бы-
лай деген:
«Мен өзімнің ата-анамды білмеймін, олар менің 
бала кезімде қайтыс болған. Мен әкемнің туы-
старымен тұрдым. Әкемнің ағасының өз бала-
лары көп, сегіз адам. Мен өзімді ылғи да жат 
сезіндім. Мен үнемі үй шаруасындағы ауыр 
жұмыс істеуге мәжбүр болдым. Ал олар маған 
жиі айқайлайтын, ал үйден бір нәрсе жоғалса, 
олардың барлығы мені ұрлады деп ойлай-
тын. Мен ескі киім киіп жүретінмін, мектепке 
баруға ұялатынмын» (457, адам саудасының 
құрбаны, жынысы-ер,16 жас)
Көптеген жағдайларда балаға 16 жас толғанға 
дейін, оны ата-анасы дүние салғаннан кейін 
асырауға алған туыстары оның үйден кетуін 
және өзін-өзі асырауын асыға күтетін болған. 
Олардың университетте оқу ниетіне қарамастан, 
олардың туыстары қолдау көрсеткісі келмеген, 
сондықтан олар өздерін-өздері асырау үшін ерте 
жасында жұмыс істеуді бастауға мәжбүр болған, 
алайда жоғары/кәсіптік білімсіз немесе жұмыс 
тәжірибесінсіз және еңбек дағдыларынсыз және 
шарасыздықтан жұмыс табу ниетімен олар адам 
саудасының құрбандарына айналған.
«Мен әкемді көрген жоқпын, ал анам менің 10 
жасымда қайтыс болды. Менің тәтем мені асы-
рап алды, қарғыс атсын оны! Оның екі баласы 
болды, ал мен оған масыл болдым. Ол мемлекет 
жетім ретінде мен үшін беретін жәрдемақыдан 
ешқашан маған ақша бермейтін. Мен жақсы 
оқыдым, тәтемнен мені колледжге жіберуін 
сұрадым. Ол мені колледжге жібергенде 
қуанды, бірақ «Болды, енді сен маған өмір бойы 
қарыздарсың» деді. Осылайша мен Өскеменге 
келдім...Мен өзімнің Өскеменге бару туралы 
шешімімді тәтеммен ойластым, ол маған 
«менсіз өліп қаласың» деуші еді. Мен ештеңеден 
үміт күтпедім, тіпті қазір де, тіпті өзімнен де... 
Мен тек бір нәрсе туралы ойлайтынмын, сол 
қарғыс атқыр үйден кеткім келді...Мен жұмыс 
таба алатынымды білдім, себебі мен жаспын. 
Менің тәтем мені ұратын. Менің жасым 16-
да болғанда мен Өскеменде тұратын ересек 
еркекке ғашық болдым, сондықтан мен осы 
қалаға келуге бел байладым. Мен өз бетіммен 
өмір сүргім келді, мені «масыл» деген сөздерді 
енді естігім келмеді». (196, адам саудасының 
құрбаны, жынысы–әйел, 18 жас)
«Мен үйден 16 жасымда кетіп қалдым... Мен 
университетке түспедім, себебі мен оқудың 
ақысын төлемедім. Мен бала кезімнен өзімнің 
туыстарыммен [анамның әпкесімен] бірге 
тұратынмын. Өзімнің ата-анам есімде жоқ. 
Олар жол апатынан қаза тапқан. Менің туы-
старым менің жұмыс іздеуімді сұрады... Мен үйден 
кеткенде олар қуанды...Олардың өздерінде бес 
бала, бірақ тек тәтем жұмыс істейтін. Менің 
көкем ішетін, жұмыс істемейтін... Мен бәріне 
жақын арада кететінімді айттым, ал олар 
менің тезірек кеткенім жақсы болар еді деді... 
Мен жақсы жұмысқа тұрамын деп, ақша та-
бамын деп, мектепте жақсы оқығандықтан 
университетке түсемін деп үміттендім. 
Мен өз өмірімді құрғым келді... Мені барлығы 
жәбірлейтін, сирек мақтайтын жанұядағы 
өмір жалықтырды... Басқа үйлердің едендерін 
жуып, мектеп бітіру кешіне ақша жинауы-
ма тура келді. Олар [тәтем мен көкем] маған 
ақша бермеді» (441, адам саудасының құрбаны, 
жынысы–әйел, 17 жас)
Сауалнамаға жауап берген көптеген балалар/
жасөспірімдер тек қана ата-анасынан бала 
кезінде айрылып қана қоймай, сонымен бірге ата-
анасы дүние салғаннан кейін қамқоршыларына 
айналған ата-әжелерінен айрылғанын айтып бер-
ген. Төменде берілген үзіндіде осындай жағдайдың 
кейбір балалар үшін өте ауыр болуы мүмкін екені 
көрінеді, себебі олар жақындарынан көп мәрте 
айрылған және әсіресе өз өмірлеріндегі негізгі 
және тұрақты қамқоршыларынан айрылған. 


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау