ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ
ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
25
ЗЕрТТЕуДің МАҚСАТЫ
БҰЛ ЗЕрТТЕу НЕГіЗГі ТөрТ МАҚСАТҚА
ЖЕТуДі КөЗДЕДі:
•
балалардың/жасөспірімдердің осалдығы ту-
ралы, олардың үйден кетуіне себеп болатын
итермелеуші және қызықтырушы фактор-
лар туралы, адам саудасы мен жыныстық
қанаушылық құрбанына айналу жолдары ту-
ралы көбірек ақпарат алу;
•
жыныстық қанаушылық мақсатымен
балалардың/жасөспірімдердің ішкі саудасы
туралы, сонымен бірге осы сауда жолының
бағыттары туралы көбірек ақпарат алу;
•
жыныстық қанаушылық пен адам сауда-
сына ұшыраған әлеуметтік жағынан осал
балалардың/жасөспірімдердің
тәуекелді
мінез-кұлыққа әуестігі туралы көбірек ақпарат
алу;
•
жыныстық қанаушылық пен адам саудасы-
на ұшыраған әлеуметтік жағынан осал бала-
лар үшін балаларды қорғау жүйесінің және
құрбандарға көмек көрсету қызметтерінің қол
жетімділігі туралы көбірек ақпарат алу, соны-
мен бірге балаларды қорғау жүйесінің және
құрбандарға көмек көрсету қызметтерінің
кемшіліктерін анықтау.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
(Омбудсмен мекемесі) ЮНИСЕФ-тің, АҚШ-
тың халықаралық даму агенттігінің (ЮСАИД),
Норвегияның Сыртқы істер министрлігінің
қаржылық және техникалық қолдауымен,
сондай-ақ Халықаралық көші-қон ұйымының
көмегімен Қазақстанның 7 қаласындағы
балалардың/жасөспірімдердің осал санаттары
туралы осы жан-жақты зерттеуінің өткізілуін
алға тартты. Қазақстан үкіметінің балалық
шақты қорғау жүйесін реформалауға және
жетілдіруге,
тәуекелді мінез-құлық, адам сауда-
сы және жыныстық қанаушылыққа қатысты
балалар осалдығын төмендетуге бағытталған
жұмыстарына қолдау көрсетіп, үкіметке ақпарат
беру және қолдау мақсаты болып алға қойылды.
ЗЕрТТЕу үЛГіСі
Көздеген мақсатқа жету мақсатында белгілі бір
деңгейдегі кешенді зерттеу жобасы әзірленді де,
жоба құрамына 9 және 17 жас аралығындағы
әлеуметтік жағынан осал балалармен, жыныстық
қанаушылыққа ұшыраған қыздармен, 11 және
23 жас аралығындағы секс-жұмыскерлермен,
сондай-ақ барлық жастағы адамдар саудасының
құрбандарымен тереңдетілген сұхбаттар кіреді.
Жыныстық қанаушылыққа ұшыраған және бала-
лар мен жасөспірімдер саудасына салынған осал
балалар тобы бірқатар төмендегідей мекемелер-
ден анықталды:
•
Үкіметтік
емес ұйымдар жанындағы адам-
дар саудасының құрбандарына арналған
паналар;
•
Қазақстан Республикасының білім беру
жүйесіне жататын Кәмелетке толмағандарды
бейімдеу орталықтары;
•
Қазақстан Республикасының білім беру
жүйесіне жататын Девиантты мінез-құлықты
балаларға
арналған арнайы білім беру
ұйымдары;
•
Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау жүйесіне жататын Жыныстық жолмен
берілетін аурулардың алдын алу және дерма-
тология орталықтары;
•
Көше балаларымен, секс-жұмыскерлермен
және
адамдар саудасына тартылған
тұлғалармен жұмыс жасайтын үкіметтік емес
ұйымдар.
Мұндай үлгіні әзірлеу қажеттілігі жыныстық
қанаушылыққа ұшыраған және балалар сауда-
сына салынған осал балалар секілді жасырын
контингентке қол жеткізу және оларды анықтау
қиындықтарына байланысты. Келесі бөлімдерде
мәліметтерді жинау құралдары мен әдістерін
қоса алғанда, зерттеу үлгілері егжей-тегжейлі
көрініс табады.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
26
ЗЕрТТЕу АйМАҒЫ
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың
(Омбудсмен мекемесі) келісімі бойынша осы
зерттеуді Қазақстанның жеті қаласында,
айталық, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды,
Көкшетау, Шымкент және Өскемен қалаларында
өткізу шешімі қабылданды. Мұндай шешім
Қазақстанның
халық демографиясы, әлеуметтік
жағынан осал балалардың/жасөспірімдердің
саны жағынан, сондай-ақ адам саудасы мен
жыныстық қанаушылық жүйесі жағынан
Қазақстанның облыстарында/аудандарында
айтарлықтай ерекшеліктердің болуына орай
қабылданды.
іріКТЕу ТОБЫ
Бұған дейін айтылғандай, жыныстық
қанаушылыққа ұшыраған және саудасына
салынған осал балалар/жасөспірімдерді іріктеу
төмендегі мекемелердің арасынан анықталды:
•
Үкіметтік емес ұйымдар жанындағы адам-
дар саудасының құрбандарына арналған
паналар;
•
Қазақстан Республикасының білім беру
жүйесіне жататын Кәмелетке толмағандарды
бейімдеу орталықтары;
•
Қазақстан Республикасының білім беру
жүйесіне жататын Девиантты мінез-құлықты
балаларға арналған арнайы білім беру
ұйымдары;
•
Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау жүйесіне жататын Жыныстық жолмен
берілетін аурулардың алдын алу және дерма-
тология орталықтары;
•
Көше балаларымен, секс-жұмыскерлермен
және адамдар саудасына тартылған
тұлғалармен жұмыс жасайтын үкіметтік емес
ұйымдар
Мұндай ұйымдардың/мекемелердің
әрқайсысындағы іріктеу топтары келесі
бөлімдерде сипатталады.
үКіМЕТТіК ЕМЕС ҰйЫМДАр ЖАНЫНДАҒЫ
АДАМ САуДАСЫНЫң ҚҰрБАНДАрЫНА
АрНАЛҒАН ПАНАЛАрДАҒЫ іріКТЕу ТОБЫ
Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың
жетекшілігіндегі адам саудасының құрбандарына
арналған үш баспана бар: Астанадағы «Қорғау-
Астана» ЖҚ; Алматыдағы «Родник» ҚҚ;
«Феминистская Лига» ҚҰ жетекшілігіндегі
Көкшетау қаласындағы адам саудасы
құрбандарына арналған баспана. 2011 жылдың
шілде айынан қыркүйек айына дейінгі уақыт
аралығында
адам саудасының құрбандарына
арналған баспаналардың әрқайсысындағы
адам саудасына ұшыраған барынша көп адам-
нан сұхбат алу мақсаты көзделді. Сұхбатқа ер
жынысты, әйел жынысты тұлғалар, балалар мен
ересектер, сондай-ақ ішкі және халықаралық
адам саудасының құрбандары тартылды.
Адам саудасының құрбандарына арналған
баспаналардың әрқайсысындағы адам сауда-
сына ұшыраған 25-30 адамнан сұхбат алу және
үкіметті емес ұйымдардың жетекшілігіндегі адам
саудасының құрбандарына арналған үш баспа-
надан адам саудасына ұшыраған 75-90 адамнан
тұратын іріктеу жүргізу мақсаты көзделді.
Зерттеу тобынан адам саудасының құрбандарына
арналған үкіметтік емес ұйымдардың
әрқайсысымен апта сайын байланыс орна-
тып, адам саудасының құрбандарымен сұхбат
өткізу талап етілді.
Кейбір адам құрбандары ба-
спаналарда тек төрт күнге дейін ғана панала-
са, басқалар апталап және айлап жатқан. Адам
саудасының барлық құрбандарымен сұхбат тек
қана бір рет жүргізілді.
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАрДЫ БЕйіМДЕу
ОрТАЛЫҚТАрЫ МЕН ДЕвИАНТТЫ МіНЕЗ-
ҚҰЛЫҚТЫ БАЛАЛАрҒА АрНАЛҒАН
АрНАйЫ БіЛіМ БЕру ҰйЫМДАрЫНДАҒЫ
іріКТЕу ТОБЫ
Іріктеу тобына алынған жеті қаланың
әрқайсысында да көше балалары, көшіп-
қонушылардың балалары және қыдырыс,
комендаттық сағатты бұзғаны үшін,
құжаттардың болмағаны үшін және тағы басқа
да ұсақ бұзушылықтар үшін полицияның қолына
түскеннен соң қиын өмірлік жағдайларға тап
болған балалар орналастырылатын кәмелетке
толмағандардың бейімделу орталықтары
бар. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу
орталықтарының әрқайсысындағы 35-40 бала-
мен 2011 жылдың шілде айынан қыркүйек айы-
на дейінгі уақыт аралығында сұхбат алу мақсаты
көзделді. Сұхбатқа 9 жастан 17 жасқа дейінгі жас
аралығындағы ұлдар мен қыздар, қазақстандық
және де сондай-ақ
басқа да мемлекет балала-
ры тартылды. Жеті кәмелетке толмағандардың
бейімделу орталықтарынан 245-280 осал ба-
лалардан тұратын іріктеу тобын алу мақсаты
көзделді.
Зерттеу тобынан Кәмелетке толмағандарды
бейімдеу орталықтарының әрқайсысымен апта
сайын байланыс орнатып, сол Орталықтарда
орналастырылған балалармен сұхбат өткізу та-
лап етілді. Кейбір балалар мұндай Орталықтарда
тек төрт күнге дейін ғана паналаса, басқалар