Аудан әкімінің есебі: елтай ауылдық округі qarasaı aýdandyq aptalyq qoģamdyq-saıası gazeti



жүктеу 14,79 Mb.
Pdf просмотр
бет9/16
Дата30.12.2019
өлшемі14,79 Mb.
#25460
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

ӨМІРДІ  ШЫНАЙЫ  ДА 

БЕДЕРЛІ  БЕЙНЕЛЕП...

ФОТОӨНЕР 

 

№ 4  (8330),  25 января,  2019  год. 



zgazeta@mail.ru //zgazeta.kz

ZAMAN  JARSHYSY

3

Қ А С     Қ А Ғ Ы М     С Ә Т Т І     Қ А Ғ Ы П     А Л Ғ А Н



Берікбай ҚАДЫҚОВ

Алғашқы тырнақалды суреттері 

т у ғ а н   ө л к е с і н е н   а л ы с т а ,   ә с к е р 

қатарында азаматтық борышын 

өтеп жүргенде қорғаныс саласының 

«Красная звезда», «Фрунзевец» 

газеттерінде жарық көріпті. Өйткені, 

оның әскерге алынғанда түскен 

бөлімі  ерекше – топографиямен ай-

налысатын, жердің, судың картасын 

жасайтын бөлім болып шықты. Яғни, 

сол кезде Кеңес одағының талай  

жерін аралап,  табиғат көріністерін, 

жер бедерін, әскери өмір суреттерін 

көп түсірген. 

Елге оралған соң, 1966 жылдан ба-

стап  аудандық газетте фототілшілік 

қызмет атқарған. Ал, 1974 жылы 

Алматы қаласындағы Қазақстан 

Журналистер одағы жанындағы 

«Журналист» көркем фотография 

студиясына алынып, сол жерде ұзақ 

уақыттар бойы елеулі еңбек еткен. 

Айтқандай, оның алдында Алматы 

жоғары партия мектебінің журнали-

стика бөлімін бітіріп, жоғары білім 

алған еді.  

1969 жылдан КСРО Журналистер 

одағының, 1983 жылдан Халықаралық 

Журналистер одағының мүшесі 

б о л ғ а н ,   о д а қ т ы қ   А П Н   а қ п а р а т 

агенттігінің, республикалық Қазақ 

телеграф агенттігінің (Қаз ТАГ)  

тілшісі болған. 

Одақтық, республикалық бірнеше 

фотокөрмелердің жүлдегері. 1985 

ж ы л ы   М ә с к е у д е   ө т к е н   ж а с т а р 

мен студенттердің дүниежүзілік 

фестиваліне қатысқан.

«Қазақфильм» студиясы шығарған  

« А л м а т ы   –   м е н і ң   а с т а н а м » , 

«Алғашқы ұстаз», «Туған жерімнің 

табиғаты» сияқты және тағы басқа 

он диафильмнің  авторы. 

Қалиғұмар аға, сонымен қатар, театр 

өнері десе, шын мәнінде, ішкен асын 

жерге қоятын жан. Әсіресе, Мұхтар  

Әуезов атындағы академиялық драма 

театрында түсірген жүздеген суреті 

бар. Олардың ішінен «СССР халық 

әртістері» (әрине, қазақстандықтар) 

атты кітап  және 50-ден аса  спек-

такльдер бойынша түсірілген су-

реттерден құрастырылған  үш кітап 

және қазақ театр өнерінің тұғыры 

биік тұлғалары Асанәлі Әшімов, 

Ә з і р б а й ж а н   М ә м б е т о в ,   Д о с х а н 

Жолжақсыновтың шығармашылық 

жолы, өнердегі бел-белестері туралы  

көркем безендірілген көлемді кітап-

фотоальбомдар шығарған. 

Ал, 1990 жылы КСРО халық әртісі  

Асанәлі Әшімов қойған екі сери-

ялы «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» 

к и н о ф и л ь м і н і ң   ф о т о с у р е т ш і с і 

ретіндегі еңбегімен де есімі қалың 

қазаққа, халыққа кеңінен белгілі.

Е г е м е н   е л і м і з   –   Қ а з а қ с т а н 

Республикасының Парламентіндегі 

Мәжіліс пен Сенаттан да көптеген 

сурет түсіріп, халыққа қалтқысыз 

қызмет  еткен адал да ардақты аза-

маттарды газет-журналдар арқылы 

таныстырғанын да атап айтқанымыз 

жөн болар.  

–1969 жылдың тамыз айы еді, – 

дейді Қалиғұмар аға өткен күндерді 

жадында қайта жаңғырта отырып. 

– Асқар Алтай жеріне КСРО халық 

әртісі Роза Бағланова гастролдік 

сапармен келді. Сол жолы біздің  

Марқакөлде де өнер көрсеткен. 

Әлемге әйгілі әншіні аудандық пар-

тия комитетінің бірінші хатшысы 

Есләм Кенжин бастаған халық құшақ 

жая қарсы алған. Сонда атақты «Бо-

ран» кеңшарында өткен керемет 

концертінде де (1-сурет) Роза бұлбұл 

елдің айрықша алабөтен құрметіне 

бөленген-ді. 

– 1985 жылы Мәскеудегі жастар 

мен студенттердің дүниежүзілік 

фестиваліне бардым, – дейді тағы 

да Қалекең әңгімесін жайымен 

жалғастырып.  – Оның алдында осыған 

орай республикалық «Лениншіл жас» 

пен «Ленинская смена» газеттері 

әнге, өлеңге, әңгіме, очеркке, фото-

очеркке байқау жариялаған болатын. 

Осы жарыста мен де жақсы танылып, 

дипломант атанғанмын. Сондықтан 

сонау  одақтың бас қаласы Мәскеудегі 

комсомолдың орталық комитеті 

құрметті қонақ ретінде қатысуға  

маған да жолдама берген. 

Сол кезде фотоаппаратымның 

« қ ы р а ғ ы   к ө з і н е »   т ү с і п   қ а л ғ а н 

бұл суретте (2-сурет) Мәскеудегі 

фестивальға барған қазақстандық 

жастардың бір тобы бейнеленген. 

Қолына домбыра ұстаған ақ костюм-

шалбарлы жігіт – артына өшпестей із 

қалдырған қазақтың дүлдүл әншісі, 

марқұм Жәнібек Кәрменов.

– Кешегі Кеңес өкіметі  тұсында 

ү л к е н   м е р е к е л е р д е   б а р л ы қ 

қалалардағы, елді мекендердегі 

орталық алаңдарға мекемелердің,  

жұрттың шеруге шығатын дәстүрі бар 

еді ғой, – деді сөз аяғында Қалиғұмар 

аға. – Мынау сондай кез, Алматы 

қаласындағы 1 Май мейрамындағы 

шерудің бір сәті көрсетілген (3-сурет) 

суреттің бірі.   

Бір  кездері Қалекеңнің үлкен жиын-

дарда, маңызды бас қосуларда түсірген 

суреттері, өнер, мәдениет, әдебиет 

өкілдері бейнеленген суреттері 

р е с п у б л и к а л ы қ     « С о ц и а л и с т і к 

Қазақстан» («Егемен Қазақстан»),  

«Казахстанская правда»,  «Қазақ  

әдебиеті» сияқты газеттерде және 

«Мәдениет және тұрмыс» («Парасат») 

журналында жиі-жиі жарқырай жари-

яланып жататын.  

И ә ,   Қ а л и ғ ұ м а р   а ғ а   Қ а б д е ш о в  

фотосуретшілікті өнер дәрежесіне 

көтерген егемен еліміздегі шын 

шебердің  бірі, деп аяқтаймыз біз өз  

әңгімемізді. 



А у д а н ы м ы з д ы ң   А б а й   а у ы л ы н д а   т ұ р а т ы н   Қ а б д е ш о в   Қ а л и ғ ұ м а р 

а ғ а   1 9 4 0   ж ы л ы   т у ғ а н .   О л   к і с і     1 9 6 6   ж ы л д а н   б а с т а п   с у -

рет түсірумен тиянақты шұғылданып келеді екен. Жасының ұлғайғанына 

қарамастан, әлі күнге дейін, қолынан  фотоаппаратын тастамапты.  

Б ү г і н д е   е л - ж ұ р т   Қ а л и ғ ұ м а р   а ғ а н ы   қ а з а қ   ф о т о ж у р н а л и с т и к а с ы н ы ң 

тәжірибесі өте мол, өз кәсібіне барынша адал, өзгеге көрсетер  үлгі-өнегесі 

көп, тамаша тағлымды шебері деп біледі десек, артық  айтпағанымыз.

2-сурет

3-сурет

1-сурет

Қалиғұмар  Қабдешов


жүктеу 14,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау