148
басқа автобустарға қайта отыруына үлгермеуіне байланысты наразылығын
тудырады. Бұл ретте, ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 8-қарашадағы қаулысымен
бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау ережесінде бұл
жаңалық көзделмеген.
АҚҰО
қызметкерлерінің
автобус
жүргізушілерімен
әңгімелесу
барысында олардан жол жүру үшін қолма-қол ақша қаражатын қабылдау
жөніндегі күн сайынғы жасырын жоспардың талаптары туралы мәлім болды.
Сонымен қатар, бірқатар жағдайларда жол жүру ақысын қолма-қол төлейтін
жолаушыларға билеттер берілмеген. Бұл жағдайлар қоғамдық көліктегі
қаражаттың
көлеңкелі
айналымының
болжамды
азайтылуына
және
айқындылығына қол жеткізуге ықпал етпейді.
Сондай-ақ, азаматтардың хабарламалары бойынша жекелеген бағыттарда
автобустарды күту уақытының аралығы ұлғайған көлік құралдарының
қысқаруы байқалады. Атап айтқанда, 46, 50, 56, 120 бағыттарда. Осыған
байланысты жолаушылардың қайта ауысып отыруына жоғарыда аталған 60
минуттық лимит мағынасынан айрылады.
Автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуына, қозғалыс
жылдамдығын арттыруға, қауіпті маневрлер жасауға, қозғалыс кезінде ұялы
телефонмен сөйлесуіне байланысты және т. б. жиі болған жазатайым жол-көлік
оқиғалар елеулі алаңдаушылық тудырады. Айта кету керек көптеген
жағдайларда өміріне қауіп төнетін қарт адамдар, балалары бар әйелдер,
оқушылар, студенттер, мүгедектігі бар адамдар қоғамдық көлік қызметін
пайдаланады.
Сонымен қатар, жолаушыларға қызмет көрсету кезінде жүргізушілердің
этика нормаларын жиі бұзуы азаматтардың наразылығын тудырады.
Сондай-ақ, көптеген автобустарда маршруттық схемалары мен қозғалыс
кестелері жоқтығы анықталды, аялдамалар үнемі хабарланып отырылмайды,
бұл ең алдымен мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын шектейді. Бұл ретте
аталмыш Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау ережелерінде
көрсетілген қызметтерді Міндетті түрде ұсыну көзделген.
Құрметті Бақыт Тұрлыханұлы!
Жүргізілген мониторингтің қорытындысы қоғамдық көлік саласындағы
жаңашылдықтар имплементаторларының және жалпы қоғамдық көлік
саласындағы жұмысты ұйымдастыру қызметіне әкімдіктің бақылауды күшейту
қажеттілігін тудырады.
Қазіргі уақытта Астана тек қана әкімшілік ғана емес, сондай-ақ көптеген
шетелдік қонақтардың күнделікті келіп отырған Қазақстанның мәдени және
іскерлік орталығы болып табылады.
Соңғы жылдары елордада Мемлекет басшысының тікелей бақылауымен
қалалық инфрақұрылымды жақсарту және қызмет көрсету бойынша барлық
үздік әлемдік тәжірибе енгізілді. Сондықтан да қоғамдық көлік саласындағы
«Smart City» пилоттық жобасы еліміздің басқа өңірлерінде одан әрі тарату
мақсатында елордада сынақтан өткізіледі. Бұл тұрғыда осы қызметтердің
тиісінше жұмыс істеуі және оны ұсыну мәселелері ерекше маңызға ие болуда.
149
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Сізден қажетті шараларды
қабылдау
мақсатында
үндеуде
қозғалған
мәселелерді
қарастыруды
тапсыруыңызды сұраймын.
Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары
жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
Астана қаласының әкімшілігінен жауап
Сіздің Астана қаласында азаматтардың еркін жүріп-тұру және қоғамдық
көлік қызметтерін пайдалану құқығын толық көлемде іске асыруында тежеуші
факторлардың болуы туралы үндеуіңізді қарап, Астана қаласының әкімдігі
(бұдан әрі – Әкімдік) келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-
бабы 2-1 бабына сәйкес атқарылады: «2-1. Тариф республикалық маңызы бар
қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен
маршруттың түріне, жол жүру билетінің түріне, төлем тәсіліне, сондай-ақ
тасымалдау қашықтығына немесе жүріп өткен аялдама пункттерінің
санына қарай сараланады.».
Сонымен қатар, жолаушылардың жол ақысын мобилді телефон көмегімен
автобус ішінде SMS және QR-код арқылыминималды тарифпен (90 теңге, 180
теңге) бір мезетте төлеу мүмкіндігі бар. Іс жүзінде, барлық дерлік автобустарда
кодтармен және инструкциялармен толтырылған жапсырмалар ілінген.
Жапсырмаларды жалпылама орналастыру кезінде жөндеуде болуына
байланысты ілінбей қалған автобустар бойынша автопарктермен бірге тиісті
жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта енгізілген кезден бастап SMS және QR-
код арқылы төлеу жүйесімен 80 мыңнан астам төлем өтелген.
Әрбір маршруттың өзінің паспорты бар, онда іс жүзіндегі қозғалыс
тәжірибесіне жүгінілген қозғалыс кестесі жасалып, бекітілген. Маршруттың
«қарбалас сағаттардағы» және аралық кездердегі айналым уақыттарының
айырмашылығы болмашы ғана. Маршрутты автобустар негізгі магистралды
көшелерде қоғамдық көлік қозғалысына арналған «Bus Lane» жолақтарымен тез
жүріп, кептелістерде жоғалтқан уақыттарын қайтарады.
Қаржы
мәселелерінің
шешілуіне
қатысты,
терминалдар
мен
мамандандырылған кассалар жүйесі кеңейтілетін болады. Бұған қоса, көлік
карталарын толтырудың KASPI.KZ қосымшасы, SMS, QIWI төлем терминалы
немесе
www.transcard.kz
. сайты арқылы баламалы жолдары кеңейтілуде.
Көлік карталарын толтыру кезінде терминалдардың істен шығуына
байланысты жағдайлар орын алады, сондай-ақ терминал арқылы төлем жүргізу
кезінде аталған карталарға ақша қаражаты нақты түспегені анықталды.
Қашықтан толтыру кезінде ақшаның түсуіне қатысты, жүйе офлайн
режимінде атқарылады, ақшалай қаражат автоматты түрде 24 сағат ішінде
Достарыңызбен бөлісу: |