Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет62/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   83

146 
 
-  аймақтық  Білім  саласын  бақылау  департаменті  жоспарлы  және 
азаматтардан  мектепке  дейінгі  ұйымның  қызметіне  қатысты  шағым  түскен 
жағдайда  жоспардан  тыс  тексеру  жүргізіп,  айғақты  дәлелдер  болған  жағдайда 
тиісті шаралар қолданады; 
-  қазіргі  уақытта  Министрлік  педагогтерге  қойылатын  біліктілік 
талаптарын  қайта  қарастыруда  және  педагогтерді  аттестаттау  қағидаларына 
өзгерістер енгізу, педагогтердің біліктілігін арттыру үшін курстардың білім беру 
бағдарламаларын  әзірлеу,  ұлттық  біліктілік  тестілеуді  өткізуге  дайындық 
жұмыстарын  жүргізуде,  педагогтердің  жалақысын  жоғарылату  мәселесін 
қарастыруда. 
Жоғарыда  аталған  іс-шаралардың  барлығы  педагогтердің  біліктілігін, 
кәсіби құзыреттіліктерінжоғарылатуға, мектепке дейінгі ұйымда баланың өмірі 
мен денсаулығына жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған. 
Астана қаласының әкімі  
Б.Т. Сұлтановқа 
 
Құрметті Бақыт Тұрлыханұлы! 
 
Мемлекет  басшысы  2018  жылғы  5  қазандағы  Қазақстан  халқына 
Жолдауында  әртүрлі  елді  мекендер  үшін  -  ауылдарға  республикалық  маңызы 
бар  қалаларға  дейін,  соның  ішінде  көлік  және  цифрлық  инфрақұрылымды 
ұсынуды  қоса  алғанда,  әлеуметтік  жәрдемақылар  мен  мемлекеттік 
қызметтердің  тізімінің  нақты  көрсеткіштері  мен  қолжетімділігін  қамтамасыз 
ету қажеттілігін атап өтті. 
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізде Smart 
Сity  тұжырымдамасы  белсенді  енгізілуде,  ол  көлік  қызметін  қоса  алғанда, 
барлық қалалық қызметтер жұмысының тиімділігін арттыруды көздейді. 
Осы  бағдарламаға  сәйкес  Астанада  қоғамдық  көлікте  жол  жүру  үшін 
төлемнің  электрондық  жүйесі  енгізілді,  оның  имплементаторы  қалалық 
жолаушылар  көлігі  және  автокөлік  жолдары  басқармасы  жанынан  құрылған 
«Астана  LRT»  компаниясы  болып  табылады.  Іске  асырылып  жатқан  жобаның 
басты мақсаты - жолаушылар тасымалының жайлылығын арттыру.  
Ағымдағы  жылдың  21  шілдесінен  бастап  Астана  қаласында  қалалық 
әкімдігінің  2018  жылғы  28-маусымдағы  қаулысына  сәйкес  қалалық  автокөлік 
тасымалына  сараланған  тариф  қолданысқа  енді,  оған  сәйкес  қолма  –  қол 
ақшасыз есеп айырысу кезінде жол жүру сомасы 90 теңгені, қолма-қол ақшамен 
төлеу кезінде-180 теңгені құрайды. Осылайша, көлік картасы жоқ жолаушы екі 
есе көп төлейді. 
 
Жол жүруге сараланған тарифті енгізу  елорда  тұрғындарын электрондық 
төлем  жүйесін  пайдалануды  ынталандыратын  болады,  бұл  бюджетке  түсетін 
түсімдерді ұлғайтады, қаражаттың көлеңкелі айналымын азайтуға, сапалы көлік 
қызметтері  мен  жолаушылар  тасымалдарын  арттыруға  ықпал  етеді  деп 


147 
 
болжалды.  Қала  әкімдігінің  мәліметіне  қарағанда,  қазіргі  уақытта  93%  -  дан 
астам жолаушы жол жүру ақысын төлеу үшін көлік карталарын пайдаланады. 
 
Сонымен  қатар,  ҚР  Адам  құқықтары  жөніндегі  ұлттық  орталыққа 
(АҚҰО)  келіп  түскен  азаматтардың  өтініштері,  бұқаралық  ақпарат  құралдары 
мен  әлеуметтік  желілердегі  мәліметтер  азаматтардың  еркін  жүріп-тұру  және 
қоғамдық көлік қызметтерін пайдалану құқығын толық көлемде іске асыруында 
тежеуші факторлардың бар екендігін куәландырады. 
 
Азаматтардың көрсетілген шағымдарын талдау, сондай-ақ нақты автобус 
маршруттарына  АҚҰО  қызметкерлерінің  мониторинг  жүргізуі  төмендегілерді 
анықтады. 
 
Көбіне  қолма-қол  ақшасыз  төлеу  кезінде  валидаторлардың  көлік 
карталарынан  қосарланған  тарифті  есептен  шығаруы,  сондай-ақ  «қарбалас 
сағаттарда»  «кептелістер»  салдарынан  олардың  тегін  ауыспалы  тасымалға 
үлгермейтіндігі  жолаушылардың  наразылығын  тударады  (қолданыстағы 
ережелерге  сәйкес,  көлік  картасын  пайдаланушы  бірінші  сапардан  кейін  60 
минут ішінде тегін ауысып отыруға құқылы). 
 
Көлік  карталарын  толықтыру  мәселесі  ерекше  назар  аударуға  тұрарлық. 
Қазіргі  уақытта  қалада  көлік  карталарын  сату  және  толықтырудың  30 
терминалы мен 7 мамандандырылған кассалары жұмыс істейді, алайда олардың 
белгілі  бір  аудандарда  басым  орналасуы  және  сонымен  қатар  қаланың  басқа 
аудандары  мен  қала  маңайында  болмауы  белгілі  бір  мәселелер  туындатады. 
Мәселен  аталған  30  терминалдан  Астананың  сол  жағалауында  барлығы  7 
терминал  орналасқан,  оның  5-і  «Министрліктер  Үйі»  аялдама  аймағында 
шоғырланған.  Бұл  ретте  Сауран,  Ақмешіт,  EXPO,  Ш.  Айтматов  және  басқа  да 
көшелер аудандарында мұндай терминалдар мүлдем жоқ. 
 
Сонымен қатар, көлік карталарын толтыру кезінде терминалдардың істен 
шығуына байланысты жағдайлар орын алды, сондай-ақ терминал арқылы төлем 
жүргізу кезінде аталған карталарға ақша қаражаты нақты түспегені анықталды. 
 
Азаматтардың  бірқатар  шағымдары  Qiwi  немесе  Kaspi  төлем  сервистері 
арқылы  көлік  карталарын  толтырудың  баламалы  тәсілдерін  пайдалану  кезінде 
төлем терминалдардағыдай сияқты дер кезінде түспей, 24 сағат ішінде түсуімен 
байланысты. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қыркүйегінде SMS және QR-кодтар 
арқылы  жол  жүруді  төлеу  тәсілдері  енгізілген  болатын,  алайда  азаматтар  бұл 
төлем жүйесіндегі кемшіліктердің болуына байланысты оларды толық көлемде 
пайдалана алмайды. 
 
Жоғарыда  келтірілген  мән-жайлар  азаматтардың  әділ  сын-қатерлерін 
тудырады  және  олардың  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  саласында  оң 
жаңалыққа объективті баға беруге ықпал етпейді. 
 
Мониторинг  жүргізу  кезінде  сондай-ақ,  автобустарда  жолаушыларды 
отырғызу және түсіру кезінде ережелердің бұзылатыны анықталды. Осылайша, 
жүргізушілер жолаушыларды бірден көліктен түсірмейді, басқа жолаушыларды 
алдыңғы  есік  арқылы  отырғызу  аяқталғаннан  кейін  және  олардың  көлік 
карталарының валидациясын жүргізгеннен кейін ғана түсіруді жүзеге асырады, 
бұл  адамдардың  шығу  алдында  топырлап  жиналуына  және  олардың  әдетте 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау