144
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінен жауап
2018 жылғы 1 қазандағы Ұлттық білім деректер қорының алдын-ала
мәліметтері бойынша бүгінгі күні республикада 10314 мектепке дейінгі ұйым
(880,8 мың бала) жұмыс істейді. Олардың 6567-сі мемлекеттік, 3749-ы
жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар.
Елбасы 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында
мектепке дейінгі білім берудің сапасын түбегейлі жақсарту қажеттігін атап өтті.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес
2020 жылға қарай 3-6 жастағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және
оқытумен 100% қамтылуы тиіс. Бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі
мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының сапалық құрамын
жақсарту, балаларды мектепте оқуға сапалы дайындауға бағдарланған мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту болып табылады.
Қазіргі уақытта Министрлік білім сапасын жақсарту бағытында бірқатар
іс-шараларды іске асыруда:
- нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, жетілдіру жұмыстары
жүргізілуде;
Мектепке дейінгі білім беру қызметін ұсынудың үлгілік шарты әзірленуде.
«Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына»(ҚР
Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысы)(бұдан әрі – Үлгілік
қағидалар) педагогтердің білімдеріне қойылатын талаптар, ата-аналармен өзара
қарым-қатынастарды реттеу бөлігінде,«Еңбек нарығының қажеттіліктерін
ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу
орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу
мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын
орналастыру қағидаларына»(ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29
қаңтардағы № 122 бұйрығы) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
бойынша конкурсқа қатысатын мектепке дейінгі ұйымдардың құжаттары
бөлігінде педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі
туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың көшірмелерін тапсыруы жөнінде
өзгерістер енгізілді.
Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі, оларды материалдық-техникалық
қамтамасыз ету, кадрлармен қамтамасыз ету «Білім туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 6-бабына сай жергілікті атқарушы органдардың (бұдан
әрі - ЖАО) құзыретіне жатады.
Үлгілік қағидаларға сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі міндеті
балалардың өмірін қорғау және денсаулықтарын нығайту болып табылады.
Осыған байланысты мектепке дейінгі ұйымның барлық қызметі, яғни
тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру, жабдықтау, басшының,
қызметкерлердің әрекеттері балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға
бағытталады. Аталған негізгі міндетті іс жүзіне асыру мектепке дейінгі
ұйымның жылдық жоспарында белгіленеді (әдістемелік жұмыс, педагогикалық,
145
әдістемелік кеңестер, ашық сабақтар, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау
және орындау, жауапты тұлғалар, т.б.).
Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық қызметпен айналысуға білімі
және біліктілігінің тиісті деңгейі мемлекеттік үлгідегі құжаттармен расталған,
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар адамдар
жіберіледі.
Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлері жыл сайын
медициналық тексеруден өтеді. Ал медициналық қарсы көрсетілімі бар,
психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрған
адамдар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулер
негізінде мектепке дейінгі ұйымға жіберілмейді. Мектепке дейінгі ұйымда
тәрбиеленушілердің құқықтары мен бостандықтарын,мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын
бұзғаны, тәрбиеленушілердің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен
денсаулығынбұзғаныүшін мектепке дейінгі ұйымның басшысы Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметінде «Мектепке дейінгі ұйымдарға
және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларын»(ҚР Денсаулық сақтау министрінің2017 жылғы 17
тамыздағы № 615 бұйрығы),«Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын,
сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен
жарақтандыру нормаларын»(ҚР Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы
22 қаңтардағы № 70 бұйрығы)да басшылыққа алады.
Министрлік мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың өміріне қауіп
тудыратын, денсаулығына нұқсан келтіретін жағдайларды болдырмас үшін
жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, бірқатар жұмыстарды
атқаруда:
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін реттейтін нормативтік-
құқықтық актілердің жобалары міндетті түрде ЖАО-мен келісіледі және
бекітілгеннен кейін басшылыққа алу үшін өңірлерге хабарланады;
- мектепке дейінгі білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін
арттыру мақсатында біліктілікті арттыру курстары, сонымен бірге
республикалық
деңгейдегі
іс-шаралар
(конференциялар,
семинарлар,
тренингтер, дөңгелек үстелдер)өткізіледі;
- қазіргі уақытта 3589 (57,9%) мектепке дейінгі ұйымда 40452
бейнебақылау камералары (топ бөлмелерінде, ұйықтау бөлмелерінде,
дәліздерде) орнатылған, сондай-ақ 15424 мектепке дейінгі ұйымда сырттай
бақылау жүргізіледі;
- мектепке дейінгі ұйымдар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға
сәйкестігі
туралы
санитариялық-эпидемиологиялық
қорытындысы,
медициналық кабинетке лицензиясының болуы немесе емханамен жасалған
қызмет көрсету туралы шарты, тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік
үлгідегі құжаттары болған жағдайда, яғни балалардың мектепте дейінгі ұйымда
болуы үшін барлық тиісті жағдайлар жасалғанда ғана ашылады;
Достарыңызбен бөлісу: |