Тренинг өткізу бойынша нұсқаулық: аитв-дан немесе басқа да созылмалы



жүктеу 5,3 Mb.
Pdf просмотр
бет23/40
Дата27.12.2019
өлшемі5,3 Mb.
#25174
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40

64
кездесу туралы білуін қамтамасыз етіңіз.
•  Қызметкерлер мен балалар арасында кәсіби шекара болуын айқын түсінуді 
қамтамасыз етіңіз. Мысалы, қызметкерлер балаларға жеке телефон нөмір-
лерін бермеуі тиіс, сіздер жұмыс жасайтын ортада бала қызметкердің үйіне 
барса, орынды бола ма?
Үшінші слайд: Балалардың білімі
Балалар мен жасөспірімдер білуі тиіс, егер ересек оларға әдейі физикалық залал 
келтірсе,  оларға  сексуалдық  зорлық-зомбылық  көрсетсе  немесе  қанаса,  оларға 
тиісінше қамқорлық көрсетуге немқұрайды қараса, эмоциялық тұрғыдан қорласа, 
онда бұл – қатыгездік.
Балалар мен жасөспірімдер білуі тиіс, егер оларға қатыгездік көрсетілсе, олар 
осы туралы біреуге айтуы тиіс және сол адамның қатыгездікті тоқтату үшін әрекет 
жасайтынына сенімді болуы тиіс.
Төртінші слайд: Не істеу керек?
• 
Балаға көңіл мен уақыт бөліңіз.
• 
Балаға бәрін өз сөзімен айтуға мүмкіндік беріңіз, маңызды оқиғаларды өзі 
есіне түсіріп тұрған баланы тоқтатпаңыз.
• 
Алған ақпаратты егжей-тегжейлі жазып алыңыз: уақыты, орны, қатысқан 
адамдар, баланың түрі, ол не айтты.
• 
Жазбаны сақтап қою қажет, себебі, кейін керек болуы мүмкін.
• 
Баланың айтқандарына байыппен қараңыз, оны тыңдап отырғаныңызды 
және көмектесуге тырысатыныңызды жеткізіңіз.
• 
Балаға басынан өткені туралы Сізге айтып бергеніне қуанышты екеніңізді 
айтыңыз және оған қолдау көрсетіңіз. Әділдік,  байсалдылық, бейтараптық 
сақтаңыз.
• 
Сізбен  сөйлесуге  жүрексінбеген  баланың  батылдығына  лайықты  баға 
беріңіз.
• 
Оның қауіпсіздікте болуы үшін қолыңыздан келгеннің барлығын жасайты-
ныңызға сендіріңіз.
• 
Орын алған оқиғада баланың еш кінәсі жоқ екенін жеткізіңіз. Ол ешбір ұят 
қылық жасаған жоқ. Ол оқиғаның орын алуы үшін ештеңе істеген жоқ.
• 
Осы  туралы  кімге  және  неліктен  айтып  беруге  міндетті  екеніңізді  түсін-
діріңіз.
• 
Балаға не істеп жатқаныңызды, әрі қарай не болатынын толығымен айтып 
отырыңыз.
Бесінші слайд: Не істемеу керек? 
• 
Орындай алмайтын уәде бермеңіз (мысалы, ешкімге айтпауға уәде беру).
• 
Балаға  тым  көп  сұрақ  қойып,  титықтатпаңыз.  Сіздің  жұмысыңыз  тергеу 
жүргізу емес, тыңдау.
• 
Баланың  шындығын  айтып  бергеніне  күмән  келтірмеңіз,  Сіз  алаңда-
ушылығыңызды хабарлауға міндеттісіз.
• 
Не болғанына қатысты болжам немесе тұспал жасамаңыз.
• 
Күдіктімен қақтығысқа түспеңіз немесе оған қатысты арыз түскені туралы 
айтпаңыз.
• 
Балаға орын алған оқиғаға өзін жауапты сезіндіретіндей ештеңе айтпаңыз.
• 
Әңгіме барысында ашу сияқты күшті сезімдерге ерік бермеңіз. 
• 
Ықтимал қылмыскерге қатысты жағымсыз пікір немесе пайым айтпаңыз.
• 
Байбалам салмаңыз. Сіз дереу әрекет еткіңіз келуі мүмкін, бірақ, асығыс 


65
әрекеттер залал келтіруі мүмкін.
• 
Оқиғаның жай-жапсары анықталғанша баладан айтқандарын қайталауды 
СҰРАМАҢЫЗ.
Баланы қорғау мәселелеріне ескертпелер 
АИТВ  шалдыққан  балалар  барлық  басқа  балалар  сияқты  ықтимал  залалдан 
қорғау және аман-саулығын қамтамасыз ету үшін ерекше көңіл бөлуді талап етеді. 
Мұндағы қорғау баланы қасақана, кездейсоқ сипатта залал – зорлық-зомбылық пен 
қатыгездік көрсету қатерлерінен қорғауды білдіреді. Балаға тиісінше қарамау – ере-
сектің белгілі бір әрекеті немесе әрекетсіздігі нәтижесінде келтірілетін ауыр физика-
лық және эмоциялық залал. Балалардың қауіпсіздігіне оны кез-келген залал түрінен 
қорғауды және аман-саулығын нығайтуды қамтамасыз етуде қолданылатын барлық 
шаралар кіреді.
Балаларға отбасында немесе қоғамдық орында жақсы танитын адамдар және 
одан бөлек бейтаныс адамдар залал келтіруі мүмкін.
Отбасына  барып  тұратын  қызметкерлер,  білім,  тергеу,  медицина  мекемелерінің 
жауапты тұлғалары балаларға отбасы тарапынан, әрі сырттан төнетін қатерлер ту-
ралы білуі тиіс. Балалармен жұмыс жасайтын мамандар қатігездік белгілерін жақсы 
білуі және тани алуы тиіс. 
Баланың  отбасы  мүшелерімен  қатыгездік  көрсетілетіні  туралы  күдіктер  жайлы 
ашық сөйлесу жақсы әдіс болуы мүмкін. Алайда келесі жағдайларда ата-анамен әң-
гіме жүргізбеген жөн:
• 
сексуалдық зорлық-зомбылық жасалғанынан күдіктену;
• 
көптеген және жоспарланған/ұйымдасқан зорлық-зомбылық жасалғанынан 
күдіктену;
• 
ата-анамен сөйлесу балаға немесе қызметкердің өзіне/басқа адамдарға за-
лал келтіру мүмкін болатын жағдайлар;
• 
адам – отбасы мүшесі немесе отбасының досы.
Балалармен  жұмыс  жасайтын  қызметкерлердің  іс-әрекеттерінің  мақсаты  –  ба-
ланың қауіпсіздігін жылдам қамтамасыз ету. Балалар зорлық-зомбылыққа душар 
болғанын жоба кеңсесінде, көлікте немесе автобуста, көшеде кезіккенде, мектепте 
және т.б. жерлерде, кейбір жағдайларда өз үйінде айтып бере алатынын ескеру ке-
рек. Әңгіме қайда болса да, осы ережелерге сәйкес жүргізілуі керек.
Егер  баламен  жұмыс  жасасаңыз  және  баланың  көңіл-күйі  жоқ  екенін  немесе 
үсті-басы  көгергенін,  жарақаттар  пайда  болғанын  байқасаңыз,  баладан  олардың 
пайда болу себептерін сұраған жөн. Баладан «бұл қалай болды?» деп емес, «мұны 
кім істеді?» деп сұрасаңыз, жазатайым оқиға болмаса, балаға бәрін айтып беру жеңіл 
болады.
iv. Топтық жұмыс: 
Әр өңір үшін АИТВ бар балаларды қорғау кезіндегі шара қолдану  
алгоритмін  жасау
Қатысушыларды  өз  өңірінен  келген  адамдармен  біріктіріп  топтарға  бөліңіз.  Әр 
топтан өз өңірі үшін «Балаға қатыгездік/зорлық-зомбылық көрсетілгені жайлы күдік 
болғанда жасалатын іс-әрекеттер алгоритмін» жасауды өтініңіз.  
Тренерге арналған ескертпелер 
1)  Алаңдаушылық тудыратын деректерді және мән-жайларды қалай құжаттау ке-
рек екенін айтыңыз;
2)   жергілікті мамандардың қайсысымен хабарласу керек, оқиға туралы хабарлау-
дан бұрын не және қашан істеу туралы кім кеңес бере алады;


жүктеу 5,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау