134
Аса көрнекті үздік педагог Н.К.Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп
толғанады: «Ойын – өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене
күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі,
тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық
дағдылары қалыптасып шыңдалады». Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік
мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор.Балаларды қазақ
халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз.
Балабақшада бала ойынына үлкен мән беріледі.Себебі, ойын-баланың негізгі
әрекеті.Бала өмірге келісімен ойын арқылы өзін қоршаған әлемді,табиғатты тани
отыра
дамиды,өседі.Ойын
үстінде
игерген
білім-білік
дағдыларын
қолдануға,жетілдіруге мүмкіндік алады. Балабақшада баланың жан-жақты дамуын
көздейтін,оның тілін жаттықтыратын,қимыл-қозғалысын жетілдіретін,белсенділігін
арттыратын,басқа
адамдармен
қарым-қатынасын
реттеп,құрдастарымен
ұйымшылдығын арттыруға негіз болатын қазақ ұлттық ойындарының алатын орны
ерекше деп білеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Табылдиев Ә.«Халық тағлымы» (қазақтын халық педагогикасы және тәрбие), -
Алматы: «Қазақ университеті» 1992ж.
2.Отбасы балабақша № 5- 2013ж.
3.Бала тәрбиесі журналы.№7-2012ж.
4.Әмірова Ә. «Дәстүрлі тәрбие» әдістемелік құрал..2006ж.
БАЛАБАҚШАДАҒЫ ҮШ ТІЛДІЛІК
Аман А.М., Сыздыкова А.Р.
Ғылыми жетекші: Хасенова Г.А.
ҚМББ «Болашақ» колледжі
Бүгінгі таңда көп тілді білу – заман талабы. Бірнеше тілді меңгеру арқылы жас
ұрпақ білім кеңістігінде еркін самғап, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін
танытуға мүмкіндік алады. Осы орайда балабақшалар мен мектептерде үш тілде
оқытуды қолға алудағы негізгі мақсат – бірнеше тілді меңгерген, жан-жақты білімді,
бәсекеге қабілетті, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Бұл ретте
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді
пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл,
орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға
ойдағыдай кірігу тілі», - деген болатын. Балабақшадан бастап үш тілде оқыту жаңа
заманның талабына, сұранысына сай болмақ.[1]
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – мектеп жасына дейінгі
балалардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып
табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту сәбилердің коммуникативті даму
біліктілігін арттырады, қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде
135
сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын
тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Ағылшын тілінде қатынас
жасау мақсатқа сай болуы тиіс. Баланың шет тіліндегі сөздерді қабылдауының оң
ыңғайын жасау керек. Сол оң жағдай жасаудың бірден-бір тәсілі ойын болып
табылады. Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы.
Мектепке дейінгі жаста ойын әрекеті жетекші әрекет екенін ескере отырып, балалар
өзінің жеткен нәтижесін ертерек көру үшін ұйымдастырылған оқу-іс әрекеттерін
көбіне сөйлеу қабілетін дамытуға бағытталған ойын формасында өткізу өте тиімді.
Ойын тілді әр жаста тез меңгеруге өте жақсы жағдай жасайды әрі көмектеседі.
Ағылшын тілінде ерте жастан оқытудың тілді жақсы әрі еркін меңгеруде тигізер әсері
мол. Ол адамның интеллектуалдық, тәрбиелік және рухани әлеуетін жақсартады.
Ағылшын тіліне ерте жастан оқыту балалардың жалпы және тілдік дамуын реттейді,
балаларды өзге ұлт мәдениетін білуге және құрметтеуге үйретеді. Ғалымдардың
зерттеулері көрсеткендей, ересек адамға қарағанда кішкентай бала ағылшын тілін тез
меңгереді. Баланың ағылшын тілін үйренуге деген қабілеттілігі өсе келе бәсеңдейді.[2]
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілінде, дыбыстарды дұрыс дыбыстауға
үйрету арқылы шет тілінің бастапқы дәні себіледі. Елімізді жаңа саяси жолға
бастайтын Президентіміздің «Қазақстан – 2050» Стратегиялық Жолдауында Қазақстан
азаматтары 2025 жылға дейін үштұғырлы тілді меңгеру керектігі, білім арқылы
интеграциялау үшін ағылшын тілін де жақсы білу қажеттігі айтылған болатын.
Сондықтан Елбасы Жолдауының басымдықтарының бірі – үштұғырлы тілді азаматтар
қалыптастыру. Ағылшын тілін оқытуды мектепке дейінгі мекемелерден басқа, отбасы
ортасында да жүзеге асыруға болады. Бұл үшін педагогикалық білімнің болуы міндетті
емес, жай ғана үй жағдайында балалармен дидактикалық ойындарды ұйымдастырып
өткізу ғана жеткілікті, мысалы ас дайындау, немесе серуен кезінде белгілі бір заттарды
ағылшын тілінде атауын қайталату. Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен
байланыста ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне, ертеңгіліктерге пікір алмасу
мақсатында дөңгелек үстелге шақырылады, сауалнамалар жүргізіледі, ақыл-кеңестер
және үйге жеке тапсырмалар беріледі. Ағылшын тілінде жұмбақтар, сөзжұмбақтар,
лото, лингвистикалық ойындар, бөлмедегі жиһаздарды орнына қою, дүкендерді
аралау, телефонмен сөйлесу, т. б. түрінде де ойналады.[3]
Шет тілін оқыту жан-жақты дамыған, үйлесімді тұлғаның қалыптасуына өте зор
ықпалын тигізуі тиіс. Бұл ең алдымен балалардың бойында шығармашылық
тәуелсіздікті, белсенділік қабілетінің, орындалып жатқан әрекетке деген оң көзқарас
тәрбиесін қалыптастыру болып табылады. Жүйелі және мақсатты ағылшын тілін
оқыту ережеге сай мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балаларға білім беру
үрдісінің негізгі формасы болып табылатын арнайы сабақтарда жүргізіледі.[4]
Ағылшын тілі сабағында барлық тапсырма жалпы тақырыппен байланысты болу
керек. Мысалы, балалар Микки Маустың туған күніне келеді және сабақтың соңына
дейін сол туған күн иесімен ойнайды немесе кішкене тышқан Джерриге көмектесу
үшін бірнеше тапсырмалар жасайды. Осындай жолмен тілді оқыту мақсаты 5-6 жасар
баланың өмір сүретін әлемімен байланысып сай келіп тұрады. Бұл – таза
қызығушылық, жаңаны білу және өзінің қатарлас достарымен ойнауға деген
құштарлық сезімге толы ертегі, қызықты әңгімелер мен өлеңдердің әлемі. Егерде