128
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАМЕН ПСИХО-КОРРЕКЦИЯЛЫҚ
ЖҰМЫСТАР
Алишева Гульжан Саиновна
№36 жалпы білім
беретін орта мектеп
Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі педагог-психологтың жұмысы
түзету – дамыту қызметі бір бөлігі болып табылатын бірнеше бағытта жүзеге асады.
Түзету-дамыту бағытынын мақсаты: баланың әлеуетті мүмкіншіліктерін дамытуы
мен психикалық дамуындағы ауытқушылықты түзетуге мүмкіншілік жасау.
Коррекциялық және дамытушылық жұмысын шектеу үшін мынаны есте ұстаған жөн:
егер түзету жұмысында психолог баланы белгілі бір психологиялық даму эталонына
жақындатқысы келсе, дамыту жұмысында баланың өзіне сай деңгейге көтерілуіне
жағдай жасайды. Бұл деңгей орта есептегі деңгейден төмен де, жоғары да болуы
мүмкін.
Түзету және дамыту жұмысын жоспарлау және нақты МБМ ерекшеліктері мен
балалар коллективі мен жеке баланың спецификасына сәйкес жүргізу керек.
Психолог жұмысы түзету-дамыту бағытында жасалмас бұрын психодиагностика
жүргізілуі тиіс. Балалармен жасалатын келесі түзету және дамыту жұмыстары
кейіннен алынған қорытынды негізінде жасалады.
Психологтың түзету және дамыту жұмыстары топпен де жеке де жасала береді. Қазіргі
таңдағы психолог жұмысында балалармен жасалатын түзету және дамыту
жұмыстарының әртүрлі шешімдері бар. Түзету-дамыту бағыты интеллектуалды
сферада, зейін, ес, қиялмен, эмоционалды мәселелермен жұмыс жасау кезінде қажет
болуы мүмкін.
Берілген мақала теоретикалық сипаттан көрі, практикалық сипатта жүргізіліп,
мектепке дейінгі балалардың танымдық сферасын дамыту бағытындағы түзету –
дамыту сабақтарында педагог-психолгтың жұмысын аша түседі. Баланың дүниені
тануға көмек беретін психикалық процесстері (нақты айтқанда- қабылдау, зейін, ес,
ойлау, қиял және т.б.) бала организмінің өсуіне байланысты дамыса, екінші жағынан
оны нақты бағытталған жаттығулар көмегі арқылы жетілдіруге болады. Кейбір нақты
қабілеттіліктер, психологиялық дағдылар, психикалық жаңа түзілулер белгілі бір орта
пайда болса ғана дамып құрылатынын атап өткен жөн.
Түзету – дамыту жұмысының екі бағытын атап өтуге болады: 1) барлық балаларға
бағытталған, өзі дамытатын және 2) психокоррекциялық, нақты балаларда табылған,
даму жолының анықталған мәселелерін шешуге бағытталған бағыт. Балалармен
жасалатын дамыту және психокоррекциялық жұмысының мазмұны келесі принциптер
төңірегніде жүргізіледі:
1. Дамыту және психокоррекциялық жұмысы қазіргі этапта актуальды болып отырған
дамуудың құраушысына сәйкес болуы керек. Бұл балалармен жұмыс жасауда
психологқа негізгі бағыттарды айқындауға мүмкіндік беретін принципті жүзеге асыру,
берілген жас ерекшелік этапындағы психика дамуының психологиялық
заңдылықтарын білуге негізделеді.
129
2. Дамыту және психокоррекциялық жұмыс, психодиагностикалық зерттеудің
қорытындысына байланысты ұйымдастырылады.
Таңдалған бағыттағы жұмысты ұйымдастыру кезінде педагог-психолоқа психо-
педагогикалық талап ету жүйесін қолдану және жұмыс мазмұнын айқындау керек.
Дамыту және психокоррекциялық жұмысын жүргізу үшін психолог балалар тобына
немесе жеке бір балаға бағдар жасайды. Маманның өз жұмысында пайдаланатын
сабақтары нақты бір авторлардың конспектілері мен программаларына негізделуі де,
немесе жеке жаттығулардан жасалған психологтың жұмыстарына негізделуі мүмкін.
Кез – келген жобадан алынған жаттығуды, оның маңыздылығы мен пайдалылығына
байланысты бағалау керек.
Дамыту және коррекциялық жұмысты құрудың алгоритмін келтірсек:
1. Мәселенің мәнің айқындау (ұйымдастыру сатысы).
2. Дамыту және коррекциялық жұмыстың болжалды нәтижелері туралы ұғымды өңдеу
жұмыстың міндеті).
3. Қойылған міндеттерге сәйкес келетін жұмыс әдістемесі. Коррекциялық жұмыстың
нақты түрлері (жаттығулар, техникалар).
Оң нәтиже мен тиімділікке қол жеткізу үшін сабақты аптасына 1-2 рет өткізу
керек. Топта 6 не одан аз адам. Мектепке дейінгі жастағы балаларда сабақ жүргізу
уақыты 20-30 минут.
Педагог-психолог осындай сабақ жүргізуге кіріскенде сабақты жаңалау мен
түрлендіруді асыра қолдану жүргізілетін жұмыстың тиімділігін азайтатының есте
сақтағаны дұрыс. Осы жағдайды болдырмау үшін, дамыту және коррекциялық
жұмыстың жалпы стуктурасын жасаған жөн:
-сабақ басталуының салт жорасы,
-ширату, өткен сабақты еске түсіру,
-сабақтың негізгі мазмұны,
-сабақ аяқталуының салт жорасы.
Сабақ басталуы мен аяқталуының салт жорасы. Бұл қатысушыларды бірітіретін,
топтық сенім атмосферасын тудырып, нәтижелі жұмыс жасауға мүмкіндік беретін
басты кезең. Салт жораны бірінші сабақтан бастап үнемі жасап отыру керек.
Жаттығу қатысушыларың эмоционалды күйіне, белсеңділік деңгейіне әсер етіп,
топтық нәтижелі жұмысқа бағыттайды. Ол сабақ басында да, жеке жаттығулар
арасында да жасала береді. Жаттығу жұмыстарын жасалатын сабаққа
қатыстылығымен сәйкестендіріп таңдау керек, себебі кейбір жаттығулар баланы
сабаққа бағыттаса, кейбірі эмоционалдық шиеленісті кетіруге бағытталған.
Жұмыстың
негізгі
мазмұны
нақты
мәселені
шешуге
бағытталған
психотехникалық жаттығулар негізінде берілген. Артықшылықты зейінді, ойлауды,
әлеуметтік дағдыларды дамытуға бағытталған көпфункциялы жаттығуларға берген
жөн. Берілген жаттығулардың реті де маңызды, яғни реттілігі мен саны. Жаттығу
реттілігі баланың психофизикалық күінің ауысуын болжайды: жігерліден байсалдыға,
интеллектуалды ойыннан релаксациялық техникаға. Жаттығуларды қиындау ретімен
қою керек, жеңілден қиыңға.