132
қалыптасуынан, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы
адамгершілік қасиеттерге,мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың
әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.
Ұлтымыздың қимыл-қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен көлемі жағынан
тәрбиелік әрекет болып табылады. Ұлттық ойындарды игере отырып, қимыл-
дағдыларды тірек ететін әр алуан ойын қимылдары қолайлы дәлдікпен қалыптасқан
ерекше ептіліктен көрінеді.
Адамгершілік – адамның рухани байлығы,болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне
бөлейтін руханият дәуіріне жаңа қадам.Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық
тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттері мен сапалары,
қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты
белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы,іс-әрекеті, қарым-қатынасы,
көзқарасымен сипатталады.
Қимыл-қозғалыс ойындары тірек-қимыл аппаратын дамыту және жетілдіру
жолымен
ағзаны
күшейтуге
көмектеседі.
Ұлттық
ойындар
балаларда
әдептілікке,ұқыптылыққа,тәртіпке,әрекетті жинақтауға және жоспарлауға үйретеді.
Дәстүрлі таным-түсініктен туындайтын қазақ халқының ұлттық ойындары-
баланы іс-әрекетке, адамгершілік әдептерді игеруге, ақыл-ойын желілдіруге,
отансүйгіштікке баулуда, салауатты өмір сүруге тәрбиелеуде теңдесі жоқ құрал.
Балалар ойындарында жас ерекшелік, физиологиялық дамуына үйлесімді қимыл-
қозғалыс, тіл ұстарту, сөздік қорды молайту жағынан өте бай және педагогикалық
заңдылықтар тапқырлықпен үйлесімді қиыстырылған. Халқымыздың өмірге дені сау,
шыныққан бала әкелуі жөніндегі өз ұрпақтарына қалдырған үлкен де бай мұрасы –
ұлттық ойындар. Ежелден «Адам ақылымен сымбатты, ұрпағымен қымбатты» деп
санаған халқымыз тұрмыс-тіршілігіне байланысты туған ұлттық ойындарды бала
тәрбиесіне лайықтап, шебер пайдалана білген. Балалық кездегі ойынды тәрбие
мәселесінен бөліп қарауға болмайды.
Ұлттық қозғалмалы ойындарымыз баланың ақыл-ойын, қиялын, есте
сақтағыштарын, тапқырлығын дамытуға көмектеседі.
Ұлттық ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, ақсүйек, алакүшік алтыбақан,
ақшамшық, арқан аттау, арқан тартпақ, асық, аттамақ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық,
белбеу соқ, белбеу тартыс, епті жігіт, дауыстап атыңды айтам, қыз қуу, күміс ілу, тепе-
теңдік, тобық, тұтқын алу, шалма, соқыр теке, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, түйілген
орамал, бес асық, сұрақ-жауап, жасырынбақ, орын тап, тақия тастау, ұшты-ұшты, т.б.
түрлері өте көп. Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: әріп таңдау, нөмір, пароль, пошта,
сымсыз телефон, сыңарын табу. Сондай-ақ қазақтың ұлттық ойындарының ішінде
«қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар.
1. «Ақсерек-көксерек» ойыны. Ептілікті қажет ететін қызықты ойындардың бірі.
Ойынның шарты бойынша балалар екі топқа бөлініп, араларын жиырма қадамдай
ашып, тізіліп, қол ұстасып тұрады. Бірінші топ: ақсерек, көксерек, шауып алдым
бәйтерек.
Ақсерек, көксерек,
Бізден сізге кім керек? – деп хормен сұрайды. Келесі топ жауап береді:
Ақсерек, көксерек,
133
Сізден бізге … (баланың аты) керек.
Аты аталған бала жүгірген күйі қарсы топтың ұстасып тұрған қолдарын үзіп өтуі
керек. Үзсе, сол топтың бір баласын өзімен ала келеді, ал үзе алмаса, сол топта қала
береді. Қай топта бала көп болса, сол топ жеңеді. Балалар ептілікке, бірлікке, тобы
үшін намыстанып, жеңіске талпынуға үйренеді. Дене тәрбиесі, сергіту сәттерінде
пайдаланылады. Кейде сабақтарымда бұл ойынның сәл өзгертілген түрі
пайдаланамын. Дәл солай екі топқа бөлінеді. Бірінші топ сөздерін айтады. Аты аталған
бала сол топтың сұрақтарына жауап беруі не тапсырмаларын орындауы тиіс. Орындай
алмаса, сол топқа өтеді не өнерін көрсетеді. Бала тапсырманы қызыға орындайды.
2.«Соқыртеке». Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі
байланған баланы – «Соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойы тұрған балалар
«соқыртекені» түрткілейді. Сол кезде ол түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуы
тиіс. Тыныш тұрғанды да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған бала «соқыртекеге»
айналып, ойын жалғаса береді. Осы ойынды балалар көбірек ойнауға тырысады.
Балаларға қызықты, ал бізге, педагогтарға, ұтымдысы – дене қимыл-қозғалыс ойыны,
сондай-ақ дыбыстарға мән беруге, қимылдарды сезінуге, яғни сенсорлық дағдыларын
қалыптастыруға көмек береді.
3. «Тақия тастау». Ойынға бірнеше бала қатысады. Балалар шеңбер жасап
отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп, бір баланың артына білдіртпей
тастап кетеді. Сезіп қойған бала жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал жүргізуші бала
қуған баланың орнына келіп отыра қалуға тырысады. Жүргізушіге жете алмаған бала
айыбын төлейді, өнер көрсетеді. Өте қызықты әрі жан-жақты ойын. Себебі, бұл ойын
дене бітімін тәрбиелеуге көмектеседі, шапшаңдық, мұқияттылық және ең ұтымдысы
баланың өнерін жан-жақты дамытуға көмек береді.
4. «Арқан тарту».Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен
ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар
тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. Екі
бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса,
құламаған бала жеңіске жетеді.
5. «Сымсыз телефон» ойыны. Балалар тізіліп тұрады. Ойын бастаушы бір сөзді
тез айтады. Келесі бала естігенін көршісіне айтады. Сөйтіп тізбек бойы айтылады.
Соңында қай сөз айтылғаны сұралады. Егер сөз бұзылса, оны бұзған бала айыбын
төлейді, яғни өнерін көрсетеді. Немесе сәл басқаша ойнауға болады. Әр бала көршісіне
әртүрлі сөздер айтады. Кейін жүргізуші әр балаға сұрақтар қояды. Мысалы, «Сен
тамақты немен ішесің?» — дейді. Ол баланың сөзі «қарындаш» болатын. Сонда
«Қарындашпен тамақ ішемін» деп жауап береді. Әрбір қисынсыз шыққан жауапқа
балалар мәз-мейрам болып күледі.
Асықпен ойналатын ойындардың түрі сан алуан. Сабақтың элементі ретінде де
қолдануға болады. Балаларға шапшаң, епті болуды баулиды, сонымен қатар асық
табиғи зат болғандықтан, бала денсаулығына еш зиянын тигізбейді
Сондай-ақ балалар ұлттық ойындар арқылы ата-бабасының тұрмыс-салтынан да
хабардар болады, бойына сіңіріп өседі.
Балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады, көп нәрсені
білуге, зерттеуге талпынады. Яғни, қазіргі заман ағымына қарай белсене қатысады.