Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет439/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   435   436   437   438   439   440   441   442   ...   472

 

924 


 

отбасында  әкенің  алатын  орны  ерекше.  Әке  –  ұрпақ  иесі,  панасы,  айбары,  үй 

басшысы.[4.75 – б] 

Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Әке – бала үшін шыңы биік асқар тау. Ақылы 

мен  пайымы  терең  аналар  балаларын  үнемі  әкесін  сыйлап,  құрметтеуге  бейімдеп 

отырады. «Әкең ренжіп қалар, әкең жіберсе бар, әкеңе барып сәлем бер, әкеңнің керегін 

дайында», деп әкеге құрмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында 

әрдайым тәртіп бірлік болады. Көп отбасында әйел адамдар, қаншалықты қиын болса 

да, өз қолына  отбасы тізгінін алып, өзі асырап- сақтаушы болып жүр. Бүгінде отбасында 

әке мейірімін, оның ыстық алақанын, қорғанын білмей өсіп жатқан балалар да аз емес.  

Жалғыз  қалған  ана  немесе  жалғыз  қалған  әкенің  қолында  оның  және 

айналасындағы адамдардың көмегімен жақсы өмір сүретін балалар да аз емес. 

Туысқаны  жоқ  қазақты  көрмеген  шығарсыз.  Жас  бала  да  жас  шыбық  сияқты, 

сондықтан  тәрбиеші  мен  ата  –  аналардың  психологиялық  сауаттылығынан  тәрбиелі, 

білімді де білікті, белсенді, өз – өзіне сенімді, өмірлік проблемаларды шешуде өзіндік 

шешім қабылдай алатын, жауапкершілігі мол түлға шығары сөзсіз. 

Бүгінгі  қоғам  алдындағы  мақсат  –  өмірдің  барлық  саласында  белсенді, 

шығармашылық  іс  –  әрекетке  қабілетті,  еркін  тұлғаны  тәрбиелеу.  Осы  себепті 

отбасыларға балабақша тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата – аналардың 

өзара әрекетінің арқасында ған бала тұлғасының мәселелрі табысты шешіледі. 

Адамзаттың өміріндегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. 

Оның  бойындағы  табиғи  қасиеттер,  адамгершілік  құндылықтары  отбасында, 

мектепте,  әлеуметтік  ортада  нәрленеді,  толысып  әрленеді.  «Бала  нені  білсе  жастан, 

ұядан – өле – өлгенше соны таныр қиядан» деген нақылдың астарында қаншама мән 

мағына  жатыр.  «Бала  істеген  жауыздықтың  жазасын  тәрбиешіс  көрсін»  деген  Иран 

мәтелі  де  соны  меңзейді.  Бұл  орайда  балабақшаның  да  атқаратын  рөлі  зор.  Өйткені 

отбасы тәрбиесі мен балабақшадағы тәрбие бір – бірімен тығыз байланысты. Баланың 

басты ұстазы ата – анасы, ата ана баласын танымайынша, іс алға баспайды.Екі жақты 

байланыс нығайғанда ғана, барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі. 

Ежелден  мәлім  қағида  –  адам  бойындағы  жақсы  қасиеттердің  пайда  болып 

қалыптасуына отбасылық ықпалдың алар орны ерекше. Отбасының рухани тірегі – ата 

– анасы. 

Психологиялық тәрбие үш тармақтан тұратын болса, соның бірі өзіңді – өзің тану, 

өзгені бақылау және өз эмоцияңды басқара білу. Әлеуметтік өмірдің негізі әлеуметтік 

иституттар  болып  саналады,  олар  адам  өмірін  қамсыздандырады.  Әлеуметтанудың 

маңызды тармағы – неке және отбасын зерттеу. Ал отбасы – әлеуметтік жұмыстарының 

маңызды  салаларының  бірі  әрі  негізгі  нысаны.Тарихи  дамудың  барысында  алдымен 

қоғамдағы  өндірістің  түріне  өмір  салтына  қарай  және  қоғамдық  қатынастардың 

әсерінен  отбасы  ме  қоғамның,  отбасы  мен  тұлғаның  қатынастары  үнемі  өзгерісте 

болады. 


Отбасы  қоғамның  ұйытқысы  болып  табылады.  Сондықтан  оның  қызметіне 

әлеуметтік  қатынаста  және  мәдениетте  болып  жатқан  барлық  үрдістер  әсер  етеді. 

Отбасына және оның адамгершілік жағдайына қоршаған ортасы мен әлемдік факторлар 

да тікелей әсер етпей қоймайды. Оны біз күнделікті өмірден, еңбек ұйымдарынан және 

тұрғылықты жерлерінен байқаймыз. 



 

925 


 

Неке  –  тарихи  өзгеріс  болатын  әйелдер  мен  еркектер  арасындағы  әлеуметтік 

қатынас    түрі.  Қоғам  өз  тарапынан  олардың  жыныстық  қатынасын  реттеп 

заңдастырады,  ерлі-  зайыптылық  және  туысқандық  құқықтары  мен  міндеттерін 

белгілейді.  Құқықтық  нормалары  мен  некеге  отыру  тәртібін  белгілейді.  Отбасы, 

жұбайлар,  ата-  аналар,  балалар  арасындағы  туыстық  және  мүліктік  қатынастырды 

реттеп отырады. Сондықтан да отбасына жай ғана некелік топ демей, оны әлеуметтік 

институт, байланыстар жүйесі, адамдардың өзара қимылы мен қатынастары белгілі бір 

құндылық пен нормаларға негізделген, ұрпақ жалғастыру қызметін орындаушы ретінде 

қарастырылуы керек. 

Әлеуметтенушылардың пайымдауы бойынша: қазіргі қоғамдағы отбасының негізгі 

қызметі  дүниеге  адам  әкелу,  әлеуметтену,  яғни  балаларды  осы  қоғамда  өмір  сүруге 

әзірлеу, олардың есеюіне дейін жағдай жасау. 

Қазіргі қоғамдағы отбасының осы қызметтері орындауға жақсы бейімделген. Шын 

мәнінде  балаларды  тәрбиелеу  мықты  биологиялық  механизмге,  туыстық  байланысқа 

сүйенеді, дүниеге адам әкелу жұбайлар арасындағы қалыпты қатынас. 

Отбасында 

жинақталған 

нақты 

жағдайларды 



талдау 

оның 


жалпы 

сипаттамаларымен қатар ерлі- зайыптылардың және балалардың өміріндегі  әйелдердің 

орны  мен  рөлін  қарастырудың  қажеттілігін  алға  тартады.  Отбасының  қарым  – 

қатынасына  қоғамдағы  әлеуметтік  топтардың  және  ерлер  мен  әйелдердің  қарым  – 

қатынасы әсері мол.  

Әлеуметтік  тұрғыда  қазіргі  отбасылардың  өте  нәзік  екенін  білдіретін  алғы 

шарттарды түсінуге болады. Алайда, отбасы тек қана еркек пен әйелдің одағы емес, ол 

балаларды  тәрбиелеуге  деген  тікелей  жауапты  екенін  ұмытпауымыз  қажет.  Дәстүрлі 

отбасында әйел көп уақытын еркекке қарағанда бала тәрбиесіне жарататындығы белгілі. 

Қазіргі  отбасы  салтын  өзгертетін,  оған  мүмкіндік  туғызып,  қайшылықтарын 

шешетін  әдістер  өте  көп.  Соның  бірін  дәстүрлі  әдіс  дп  атауға  болады.  Ол  бұрынғы 

отбасылық қатынастарды  реттеу әдістері арқылы дәстүрлі ережелер мен қасиеттерге 

сүйенеді. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер 



1. Әлеументтану. Оқу құралы. Алматы, 1999. 145-146 – б 

2. Социология негіздері Алматы, Ана тілі. 1993 78-б 

3. Жаназарова  З.Ж.  социология  семьи/Учебно  –  методическое  пособие/тАлматы, 

Қазақ Университеті, 2001. 

4. Биекенов К.Ү., Жаназарова Ж.З., Нұрбекова Ж.А. Отбасымен әлеуметтік жұмыс. 

Алматы, 2003 

5. Қалдыбаева Т. Білім социологиясы. Алматы, 1997. 

 

 



 

 

 



 


жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   435   436   437   438   439   440   441   442   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау